ҚАҢҚА БӨЛІМДЕРІ, МАҢЫЗЫ ҚҰРЫЛЫСЫ

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 601
  • Биологиядан ашық сабақтар
  • 09/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19466


Ақтөбе облысы,Мәртөк ауданы,Хлебодаровка орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі: Каметия Буршак
Сабақтың тақырыбы: Қаңқа бөлімдері,маңызы,құрылысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қаңқаның жеке бөліктері және тірек - қимыл жүйесімен танысып, маңызын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың тірек - қимыл жүйесі бойынша білімдерін өз бетімен іздене меңгеріп, одан әрі дамытуы.
Тәрбиелік: Ұжыммен жұмыс істей білу, тиянақтылыққа, салауатты өмір салтына тәрбиелеу;
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: СТО
Сабақтың көрнекілігі: оқулықтағы суреттер, кестелер, бас сүйегі, адам
қаңқасы мен бұлшық еттері тақырыбында жасанды үлгілер, слайд, т. б.
Сабақтың барысы:
І .Ұйымдастыру (сәлемдесу,топқа бөлу,)
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. «Сұрақ бізден ,жауап сізден»
1.Анализатор дегеніміз не?
2.Анализаторлар нешеге бөлінеді?
3.Көрудің маңызы қандай?
4.Көздің қосымша мүшелерін атаңдар?
5.Есту мүшесінің құрылысы нешеге бөлінеді? Атап беріңдер№
6.Есту мүшесінің гигиенасын қалай сақтауға болады?
7.Сипап сезу қандай рецепторлар арқылы іске асырылады? Олар адам ағзасының қай жүйесінде болады?
ІІІ. Жаңа сабақ
Жоспар
• Тірек-қимыл жүйесінің маңызы.
• Бас қаңқасы.
• Тұлға қаңқасы.
• Кеуде қуысы.
• Иық белдеуі.
• Қолдың еркін қозғалатын сүйектері.
• Жамбас белдеуі.
Аяқтың еркін қозғалатын сүйектері
1.Мағаны тану (мәтінмен жұмыс)
І-топ . Бассүйек қаңқасы
ІІ-топ. Тұлға қаңқасы
ІІІ-топ. Аяқ-қол қаңқасы
2 .Сергіту сәті . «Қаражорға биі»
І V.Жаңа сабақты бекіту.
Суреттер бойынша сүйектерді тауып атайды
«Сандар сөйледі» ойыны

V. Жаңа сабақты қорытындылау.
А)«5 жолды өлең стратегиясы»
Ә)Сөзжұмбақ «Тірек-қимыл»

Сұрақтары:
1.Мойын омыртқасы нешеу (жеті)
2.Қол басы сүйегі қалай аталады? (Білезік)
3.Пішіні үш бұрышты, үш қырлы жалпақ сүйек (жауырын)
4.Омыртқа жотасының бөлімі (сегіз көз)
5.Денені ұстап тұрады (сүйектері)
6.Қаңқаға нелер бекінеді (бұлшықеттер)
7.Бір-бірімен тұтасып,қозғалмайтындай болып байланысқан (қимылсыз)
8.Сүйектердің байланысы (қозғалмалы)
9.Сүйектердің байланыс түрі (қосылу)
10.Аяқ сүйектеріне жатады (толарсақ)
VІ.Үйге тапсырма: а)Қаңқа бөлімдері тақырыбын оқу
ә)Тақырып соңында кесте толтыру.
VІІ. Бағалау Тәрбие.орг сайтынан ҚАҢҚА БӨЛІМДЕРІ, МАҢЫЗЫ ҚҰРЫЛЫСЫ Биологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Каметия Буршак

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Хлебодаровка орта мектебі биология пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar