АШЫҚТҰҚЫМДЫ ӨСІМДІКТЕРГЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 625
  • Биологиядан ашық сабақтар
  • 06/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22528

[c][r]Сынып: 6
Пәні: биология
Сабақтың тақырыбы: Ашықтұқымды өсімдіктерге жалпы сипаттама.
Сабақтың мақсаты: Ашықтұқымды өсімдіктердің сыртқы құрылысы, ерекшелігі, түрлері, қолданысы жайында мәлімет алу.
Дамытушылығы:
Ашық тұқымды өсімдіктерге жататын өсімдіктер жайлы дамыта оқыту.
Тәрбиелік :
Оқушыларды өсімдіктерді күтуге, алғырлыққа, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ - жауап, топтық жұмыс, тақырыпқа байланысты тестерді шешу, талқылау.
Сабақтың көрнекілігі: слаид, үлестірмелі материалдар

Сабақты жүргізу жоспары
1. Ұйымдастыру (Оқушыларды 1 ден 3ке дейін санау арқылы 3 топқа бөлу
2. Зейін және ынталандыру сатысы(Оқушылар топтың атауы бойынша өткен тақырыпқа сызба арқылы сипаттама береді, осылайша үй тапсырмасы тексеріледі)
3. Таным және іскерлік сатысы (Берілген мәтінмен танысып, оқушылар әр түрлі тапсырмаларды орындайды)
4. Ой тұжырым сатысы (Біз нені үйрендік? Және Біз нені үйренгіміз келеді?)
5. Қорытынды. Үй тапсырмасы.

І.Зейін және ынталандыру сатысы
Мақсаты: Оқушылар топтың атауымен өткен тақырыппен байланысты алынған, сіздерден топтың атына сызба түрінде сипаттама берулеріңіз арқылы үй тапсырмасын тексеремін.

Топтардың атауы
1 Қырықжапырақ тәріздес өсімдіктер
2 Плаунтірізді өсімдіктер
3 Қырықбуын тәрізді өсімдіктер
ІІ. Таным және іскерлік сатысы
Мақсаты: Оқушылар үлестірілген мәтін бойынша
1 топ: “Қылқанжапырақты ағаштарға сипаттама”
2 топ: “Қылқанжапырақты ағаштардың түрлері қандай?”
3 топ: Берілген кесте бойынша жұмыс жүргізесіздер.
Жоғары сатылы өсімдіктер екі жолмен көбейеді дедік, яғни спора және тұқым арқылы . Спора бір жасушалы , тұқым көп жасушалы өсімдіктер.Тұқым арқылы дамитын өсімдіктер ашық және жабық тұқымды өсімдіктер.
Ашық тұқымдылар-өсімдіктердің ежелгі тобы 220 млн жыл бұрын тіршілік еткен. Тұқымдары қорғанышсыз,қабыршақ- та, бүрде ашық орналасатындықтан ашық тұқымды өсімдіктер деп атайды. 700-ге жуық түрі бар. Ашық тұқымдылар бөліміне жататын өсімдіктердің барлығы- сүректі өсімдіктер, яғни ағаштар, бұталар. «Сүрек» деген- ағаш діңінің су өткізгіш бөлігі. Ашық тұқымдылардың басым бөлігі мәңгі жасыл түсті. Ашық тұқымды өсімдіктердің гүлі жоқ, сондықтан жеміс түзбейді. Бұл бөлімдегі ең көп таралған қылқан жа-пырақты өсімдіктер қарағай, шырша,, арша, самырсын. Қылқан жапырақты дейтін себебі жапырақтары ине тәрізді жіңішке, ұшы үшкір болады.
Кәдімгі қарағай- бірүйлі өсімдік, жарық сүйгіш. Ағаш сабағы «дің» деп аталады. Діңнің қабығы, сүрегі және нашар білінетін өзегі болады.
Секвоя-жапырағы жалпақ, сызықты-қандауырша тәрізді.
Қылқанжапырақты өсімдіктердің ежелгі тобы 220 млн жыл бұрын тіршілік еткен. 700-ге жуық түрі бар. Қылқанжапырақты өсімдіктерге жататын өсімдіктердің барлығы- сүректі өсімдіктер, яғни ағаштар, бұталар. «Сүрек» деген- ағаш діңінің су өткізгіш бөлігі. Қылқанжапырақты өсімдіктердің басым бөлігі мәңгі жасыл түсті. Қылқанжапырақты өсімдіктердің гүлі жоқ, сондықтан жеміс түзбейді. Бұл бөлімдегі ең көп таралған қылқан жапырақты өсімдіктер қарағай, шырша,, арша, самырсын. Қылқан жапырақты дейтін себебі жапырақтары ине тәрізді жіңішке, ұшы үшкір болады.

Қазақстандағы адам денсаулығына ең пайдалы өсімдіктің бірі - ағаш тектес немесе бұтақ тұрпатты арша. Арша – ағаш-фармацевт. Осы өсімдік бөлетін фитоноцидтер адам денсаулығына ем болатын таза ауа тудырады. Мәселен, ғалымдардың мәліметіне сүйенсек, арша жылына орта есеппен 1 тоннадан аса шаңды жұтып, айналасына 1,5 мың литр оттегі бөліп шығарады екен Арша орманының 1 гектары жылына 18 миллион ауаны көміртегі газынан тазартып,
50-65 тоннаға дейін шаң-тозаңды зиянды газдардан арылтып, сүзіп отыратын көрінеді. Қазақ халқы аршаны "денсаулық ағашы" деп атайды. Аршалар кейде 4 мың жылға дейін өсе береді. Ал, 500-600 жыл арша үшін қарапайым жастың бірі саналады.
Шырша – қарағай тұқымдасына жататын биіктігі 30-50 м, баяу өсетін қылқанжапырақты ағаш. Өсе келе жан-жағына жайыла түсетіндіктен, олардың бір-бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кемінде 6 м болғаны дұрыс. Осы себепті де оны тар аулалардан гөрі, арнайы бақтарға, кең ауласы бар балабақша, мектеп алаңқайларына еккен жөн. Шыршаны ауа тазартатын ерекше қасиетіне қарай, аурухана, шипажайлардың маңына көптеп еккен дұрыс. Қазақстанның таулы аймақтарында бірнеше шыршадан құралған ормандар бар, ал көгалдандыруда он шақты түрі қолданылады.. Ботаника бағында олардың орны ерекше. Сондықтан сұрыпты, қылқаны көк немесе ашық жасыл түрлерін отырғызған абзал. Шыршаның ағашы жұмсақ, жеңіл және мықты емес. Сондықтан құрылыста, ағашты қайта өңдеуде қолданылады. Шыршадан жасалған музыкалық аспаптардың дауысы керемет болады
Самырсын қарағай тұқымдасына жататын көп жылдық мәңгі жасыл ағаш. Қазіргі кезде 40-тан астам түрі белгілі, негізінен Солтүстік жарты шарда өседі, Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) мен Талас Алатауында, Батыс. Самырсын 200 жылдай өмір сүреді. Самырсынның діңі жұмсақ, жеңіл, ол целлюлоза өндірісінде, құрылыста қолданылады. Тұқымының құрамында лак, бояу өндіру үшін қолданылатын май болады. Қабығынан шайыр алынады, сағызы (живица) желім ретінде, қылқаны медицинада майқарағай майын алу үшін пайдаланылады.
Балқарағай қарағай тұқымдасына жататын қылқан жапырақты биік ағаш. Қазақстанда Алтайда, Тарбағатай және Сауыр тауларында өседі Ағашы шірімейтін мықты болғандықтан құрылыста, химиялық өндірістерде кеңінен қолданылады. Кәрі балқарағайдың діңінен шайырды көруге болады. Оны кір жуғанда сабын ретінде қолданған. Ежелгі рим мен араб медицинасында таптырмас дәрі ретінде пайдаланған. Шайыр-сағызы ауыз қуысын, тісті тазартып, қызыл иекті нығайтады. Ағаштың қабығы да бағалы шикізат. Одан тері илегіш, эфир майын және тоқыма бояуларын алған.
ІІІ. Ой тұжырым сатысы
Мақсаты: Тақырыпты қорытындылау мақсатында ойларын жинақтау
Оқушылар бірін-бірі бағалай отырып, «Біз нені үйрендік? Біз нені үйренгіміз келеді?» деген екі сұрақ бойынша оқушылар өз ойларыңызды білдіріңіздер.

Бағалау:
Оқушыларды бағалау парағы бойынша қорытынды ұпайларын есептеп, бағалау.

Аты - жөні Үй тапсырмасының орындалуы Жаңа тақырыпты меңгеру Тест тапсырмалары Ой тұжырым
1
2
3
4
5
6

Үйге тапсырма: §39 129 – бет 130 беттегі сұрақтарға жауап
Сынып: 6

Үйге тапсырма: §39 129 – бет 130 беттегі сұрақтарға жауап Тәрбие.орг сайтынан АШЫҚТҰҚЫМДЫ ӨСІМДІКТЕРГЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА Биологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Еженхан Шынарбек

Целиноград ауданы Шалқар орта мектебі Биология пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar