Астың ауыз қуысында қорытылуы.Тістің құрылысы мен қызметі.Тіс аурулары.Тіс күтімі.

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1410
  • Биологиядан ашық сабақтар
  • 31/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18299


Қостанай облысы,Таран ауданы,Евгенов негізгі мектебінің
биология-химия пәнінің мұғалімі Алина Бақыткұл Қалиқызы
8 -сынып биология
Сабақтың тақырыбы: Астың ауыз қуысында қорытылуы.Тістің құрылысы мен қызметі.Тіс аурулары.Тіс күтімі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: астың ауыз қуысында қорытылуы,тістің құрылысы,қызметі,күтімі ,тісті бұзатын аурулармен,емделу жолдары, жайлы білім беру
Дамытушылық: оқушыны өздігінен оқып,ой-өрістерін тереңдету,ізденісін арттырып,шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: ауыз қуысының гигиеналық талабы,тіс күтіміне көбірек көңіл бөлу,тісті бұзатын аурулардан сақтана отырып өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс: биология-химия,медицина
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тест,зертханалық жұмыс,биологиялық диктант эссе
Сабақтың көрнекілігі:Тістің құрылысы,тістің түрлері,тіс ауруларының түрлері,зертханалық жұмыс
Жаңа тақырыптың жоспары:
1.Астың ауыз қуысында қорытылуы.
2.Тістің құрылысы мен қызметі
3.Тіс құрамындағы кальций
4.Тіс аурулары,оларды емдеу әдістері.
5.Тіске арналған тағамдар.Тіс гигенасы

Эпиграф: «Аузыңды таза ұстасаң,тіс ауруының көбінен құтыласың.Тамақ жеген сайын тісіңді тіс тазалағышпен жақсылап тазала.Ішкен-жеген сайын және ертеңінде,кешінде аузыңды тазалап шайып отыр»
Халел Досмұхемедұлы
Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі
1.Сәлемдесу 2.түгендеу.
3.психологиялық ахуал
4.Сабаққа дайындықтарын тексеру
II.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
1-тапсырма
1.«Сандар сыры» жазылған карточка беріледі:
1. 1,5-2м 2.5-7 м 3.11-13 см 4. 60-65%
5. 25 см 6.2-3 л 7.8-10 м 8.1,5-2,5 л.
Жауаптары:
1.Тоқ ішектің ұзындығы2.Аш ішектің ұзындығы 3.Жұтқыншақтың ұзындығы
4.Адам денесіндегі судың орташа мөлшері5. Өңештің ұзындығы
6. Асқазан сыйымдылығы 7. Асқорыту жолының ұзындығы
8. Тәулігіне қажет су мөлшері
2-тапсырма
2.«Биологиялық диктант»
1.Ағзаның құрылыс материалы... 2. Асқазанның ортаңғы бөлігінде... болады
3.Ағзаның энергия көзі... 4.Жұтқыншақтан кейінгі мүше... 5.Тамақтың асқазаннан ішекке өтуін... реттейді.6....-ең ірі без. 7....бүрлері болмайды.8....асқорыту жолының ұзын бөлігі.
Жауаптары:
1.Ақуыз. 2.Бездер 3.Көмірсулар 4.Өңеш. 5. Сфинктер 6.Бауыр 7.Тоқ ішектің 8.Аш ішек
3-тапсырма
«Мәтіндегі қатені табыңыздар.»
Ауыз қуысынан кейінгі мүше –асқазан.Асқазан көкет арқылы өтіп,XI кеуде омыртқасы деңгейінде орналасады.Тағам асқазаннан тоқ ішекке түседі.Тік ішектің өсіндісі аппендиксі болады.Ұйқы безі бөлетін секреті-өт.Бауырдағы көмірсулар қоры амилаза деп аталады.Асқорыту жолының қабырғасы екі бөліктен тұрады.Бауырдың массасы 150 г.
Жауаптары:
Жұтқыншақ,өңеш,аш ішек,тоқ ішек,бауыр,гликоген,үш ,1500г.
III.Жаңа сабақ
Оқушыларға бағалау парағы таратылады
«Ой шақыру»
1.32 қайрақ
Бірін-бірі шыңдайды (тіс)
Оқушыларға өз рөльдері бойынша алдын-ала тапсырмалар берілген.
Биолог :
Ауыз қуысында астың қорытылуы
Астың өңделуі ауыз қуысынан басталады.Ауыз қуысы үстіңгі және астыңғы жақсүйектерде орналасқан тістерден басталып,соңғы жағы аранмен (зев) шектеледі.Ауыз қуысының үстіңгі жағындағы қатты таңдай сүйегі жұмсақ таңдайға жалғасып,таңдай мен мен жұмсақ таңдай ауыз қуысын кеңсірікітен бөліп тұрады.
Ауыз қуысына үш жұп сілекей бездері(екі шықшыт,екі жақ асты,екі тіл асты бездері) ашылады.Шықшыт бездерінің өзегі ұрттың сілемейлі қабығына ашылады.Жақ асты және тіл асты бездері кішкентай олардың өзектері тіл астына ашылады.Сілекейдің құрамы 98-99 % судан,1,5 % тығыз қалдық болатын,әлсіз сілтілік реакция көрсететін сұйықтық.Тығыз қалдықтың құрамының 2/3 і нәруыз бен ферменттерден тұрады.Сілекейде екі фермент: крахмалды мальтозаға дейін ыдырататын птиалин(амилаза) және дисахаридтерді глюкозаға дейін ыдрататын мальтаза бар.Сілекей нәруызы- муцин сілекейді жабысқақ етеді, зиянсызданыратын нәруызды зат – лизоцим болады. Тіл-сілемейлі қабықпен жабылған,тамырлары мен жүйкелері көп,қозғалмалы бұлшықетті мүше.Тіл шайнау үрдісінде асты қозғалтады,сөйлеу және дәм сезу болып табылады
Ауыз қуысына түскен тағамды тістер майдалайды,ұнтақтайды,сілекеймен дымдайды,тіл арқылы қозғайды.Тағам тіл түбіріне ауысқанда жұту рефлексі пайда болады.
Тістің құрылысы мен қызметі
1.Адамда қанша тіс болады?
2.Тістер қалай аталады?
Тіс –қоректі ұстап шайнайтын және дыбыстың шығуына қатысатын мүше.Әр тіс сауыт,мойын және бір немесе бірнеше түбірден тұрады.Тістің сыртқы бөлігі-тіс сауыты.Тіс сауытының сыртын эмальмен қапталған.Эмальдың құрамында 95 % кальций фосфаты бар.Мойын мен түбірі цемент затымен қапталған.Тістің іші қуыс,ол борпылдақ ұлпадан құралған,оның арасынан қан тамырлары мен жүйке талшықтары өтеді.
Тістер пішіні мен қызметіне байланысты күректіс,ит тіс,үлкен және кіші азу тістер деп ажыратылады.Ересек адамда 28—32 тұрақты тістер болады.Үстіңгі және астыңғы жақ сүйектің әрбір жартысында 2 күректіс барлығы-8,1 ит тіс барлық саны-4, 2 кішкентай барлығы-8 және 3 үлкен барлығы-12 азу тістер орналасады.Астыңғы жақ сүйектегі үлкен азу тістердің екі түбірі,ал үстіңгі жақсүйекте-үш түбірі,қалған тістерде бір түбірі болады.Адам күрек және ит тістердің көмегімен тағамды жұлып алып жейді,азу тістердің көмегімен тағамды ұсақтап шайнайды.Әрбір тістің ауыз қуысына қызыл иектен шығып тұратын қаптамасы,тіс мойыны және жақ сүйектің тіс қуысына кіріп тұратын тіс түбірі болады.Ауыз қуысында тістердің орналасуы көрсетіледі
Сәби өмірге тіссіз келеді.Сәбидің 6-9 айлығында алғаш рет күрек тістер шыға бастайды.Сәбиде 2 жасқа дейін барлығы 20 тіс шығады.Бұл тістер сүт тістер деп аталады.6-7 жастан бастап сүт тістер түсіп, 12-14 жаста тұрақты тістер шығып,ең соңғы үлкен азу тістер 18-20 (одан да кешірек)жаста шығады.
2.Үй тапсырмасы.(алдын ала топтарға тапсырма беріледі) .
Химик: Тіс құрамындағы кальций
1.Кальций қандай элементке жатады?
2.Кальций қайда кездеседі?
Кальций белсенді элементтер қатарына жатады және сілтілік-жер металы тобына кіреді.Салыстырмалы атомдық массасы 40,электрон саны -20,тығыздығы 1,6г/см3.Кальций оттекпен қосылысқанда кальций оксидін түзеді 2Са+О2=2СаО сумен сілті түзеді Са+2Н2О=Са(ОН)2+Н2.
Кальций оксидіне (сөндірілмеген әк) су қосқанда сөндірілген әк алады.СаО+2Н2О=Са(ОН)2
Жер қыртысында таралуы бойынша бесінші -орын алады.
Ең кең таралған қосылыстары СаСО3-бор,мрамор,әктас,коралл,жемжугтар –асыл заттар болып есептеледі.Құрылыс материалы –гипсте болады.
Адам ағзасындағы кальцийдің пайдасы орасан зор.Бұл элементтің 99 % сүйек пен қаңқада апатит Са3(РО4)2)ретінде қолданылады.Тек 1 % ғана қан құрамының айналымында жүреді.Кальций жетіспеушілігінің бірінші белгісі –тістің босауы.Тістің құрылымында кальций ерекше роль атқарады.Балаларға қажетті тәуліктік мөлшері 1500мг,ересектерге 800мг кем емес кальций қабылдауы керек.Тістің қатты қабатының негізін гидроксиаппатит құрайды.Тіс құрамында да үнемі зат алмасу болып жатады.Ескі тұздар орнын үнемі жаңасы басып отыруы керек.Әсіресе зат алмасу тістің беткі қабаты-эмаль шінде тез жүреді..Ол үздіксіз иондарды алмастырып отырады.Сондықтан ондағы кальций иондарының болуы маңызды.Ол тістің сыртқы қабатын қалыңдатады.Тістің бүтіндігін қамтамасыз етеді.кальций жетіспесе,кіреуке бостау қосымшаларды ала бастайды да,тіс әлсірейді.Осы әлсіреудің арты тісжегінің пайда болуына апарады.Сондықтан қандағы кальций мөлшері де маңызды.Ал оны дұрыс тамақтанумен реттеп отырады.
Дәрігер. Тіс аурулары .Тіс ауруларын емдеу әдістері
1.Стоматит-ауыз қуысының шырышты қабатының қабынуы.
2.Тісжегі(кариес)-тістің қатты қатпарларын бұзатын өршімелі дерт
3.Пародонт-қызыл еттің қызаруымен қанауға бейімділігі,ауыздан жағымсыз иістің шығып тұруы,тіс түптерінің жалаңаштанып қалуы
4.Парадонтоз-бұл парадонттың барлық ұлпаларының зақымдануы

Кариес ауруының басталуы

Тісті бұзатын аурулар көбіне асқорыту жолдарының дерттерін қоздырады.
Стоматит кезінде:бір ас қасық лимон шырынын, бір ас қасық балды бір стақан қайнаған суда езіп осы тұнбамен ауызды шаяды.
Тісжегіні болдырмау үшін асқабақты көбірек жеген пайдалы ,себебі онда фтор өте көп
Парадонтозды жойып,тістің қызылиектерін нығайту үшін:қара нанның ұнтағын алып сарымсақ тілімімен бірге шайнап,пайда болған кілегейлі
массаны ауырған тіс пен қызылиектің айналасына жағады,сонымен қатар сарымсақтың бөліктерімен сүртуге де болады.
Егер күнделікті бір грейпрут жесе,қызылиектің қанауы тоқтайды.Ауыз қуысында қабынулары сирек болады
Аптасына үш рет лимонның қабығымен тістерді сүртіп тұрса,тісті бактериялардан тазартады,тістерді ағартады.
Дәрігер : Тіске арналған тағамдар.
Сұлулық пен сымбат үшін сау тістің маңыздылығы айтпаса да түсінікті. Өкінішке орай,қазіргі кезде бала күннен тіс тез бұзылатын болды.Себебі дұрыс тамақтанбаудан, тәттілерді шектен тыс көп жеуден,тағамды жақсылап шайнамағаннан ,тісті уақытымен тазаламаудан т.с
Күніне 1-2 шикі жеміс пен көкөніс жеу қажет..Сонда тісте қалатын қалдықтар аз болады.Бөлінетін сілекей ауыз қуысын тазалап кетеді,сондықтан ауру тарататын микробтар аз болады.
Ірімшік тісжегінің дамуына жол бермейді,сүзбе сүйекті мықты етеді,себебі бұларда кальций көп.
Бұдан да пайдалы тағам-ол көк шөптер. Оны көп жеген сайын тіс мықты бола түседі.Оның үстіне көк шөп тамырларды жақсартады.Балдыркөк,ақжелкек,аскөк,пияз,сарымсақ,салаттар бактерияларды өлтіреді.Тісті ағартып,қызылиекті нығайтады.
Сонымен қатар жаңғақ та өте пайдалы,құрамындағы заттар бактерияларды тез өлтіреді,қызылиекті жақсартады.
Балықта фосфор,йод,кальций көп.Сондықтан тіс үшін олардың пайдасы өте зор.
Теңіз өнімдері де өте пайдалы.Диетологтардың айтуынша –ең керекті тағам болып есептеледі.Олардың құрамында тіске қажетті минерал мен дәрумендердің бәрі бар.Фтор,фосфор,кальциий,В тобының дәрумендері және Д дәрумені бар.
Тіс гигиенасы
Тісті қалпында сақтау үшін әрбір тамақтанғаннан кейін ауызды шайып,тісті тазалап отыру екені белгілі.Күн сайын тісті тәңертең және кешке мұқият тазалап отыру керек. Тісті тазалаудың басты құралы-тіс тазалағыш құралы.Тіс тазалағыш құралы әркімнің өзінде жеке болуы шарт және әрбір 2-3 айда жаңартып отырылуы керек.Тісті және ауыз қуысын мұқият тазалау-ұзақ өмір сүрудің басты кепілі.
Сергіту сәті
Зертханалық жұмыс №13 Крахмалға сілекей ферменті птиалиннің әсері
Мақсаты: сілекейде крахмалды ыдырататын фермент бар екеніне көз жеткізу
Керекті құрал-жабдықтар: крахмалданған құрғақ дәке,йодтың әлсіз ертіндісі бар ыдыс,басына мақта оралған шырпы.
Барысы:
1.Сіріңке шиінің басына азғантай мақта орап,түкірікпен шылаңдарда крахмалданған дәкенің ортасына әріп жазыңдар.
2.Дәкені алақандарыңа алып,2-3 минут қысып, содан кейін йод ертіндісіне салыңдар
3.Йод ертіндісінен алып қарағанда дәкенің крахмалданған жері көк түске,сілекей тиген (белгі салынған) жері боялмай сол күйі қалғандығы байқалады.
Тәжірибе нәтижесін және қортындысын жазыңдар
III. Қортындылау кезеңі 1-тапсырма. «Дұрыс жауабын табыңыз».
Тістердің аттарын рет-ретімен атап,олардың саны,атқаратын қызметтерін айту
Күрек тіс -8, ит тістер-4 -тағамды жұлып алып жейді, кіші азу тістер-8, үлкен азу тістер-12 -тағамды ұсақтап шайнайды.
2-тапсырма «Нақыл сөздің мағынасын табыңыз...»
Ақын М.Әлімбаевтың «апыл-ғұпыл ішкен ас,асқазанға түскен тас»деген нақыл сөзінің мағынасын түсіндіріңдер.
3-тапсырма . «Тез ойла»
1.Тістің құрамындағы маңызды элемент ол-...
2.Кальцийдің қосылыстары қалай аталады..
3.Кальций сумен реакцияласқанда не түзіледі?
4.Апатиттің формуласы қалай аталады?
5.Жер қыртысында таралуы бойынша кальцийдің алатын орны
6.Кальцийдің балаларға тәуліктік мөлшері қанша?
Жауаптары:
1.кальций 2.бор,мрамор,гипс,апатит т.б 3.кальций гидроксиді-сілті 4. Са3(РО4)2)5.бесінші 6.1500г
4-тапсырма: «Миға шабуыл»
1.Сілекей құрамындағы су мөлшері
А) 40- 50% В)65-75 % С)98-99 % Д)20-25% Д)10-11%
2.Сүт тістердің алмасуының басталуы
А)6-7 жаста В)10-12 жаста С)3-4 жаста Д)2-5 жаста Е) 10 жаста
3.Сілемейлі қабықпен жабылған,тамырлары мен жүйкелері көп,қозғалмалы бұлшықетті мүше.
А)ауыз В)тіс С)тіл Д) без Е)сілекей
4.Апатиттің формуласы
А) Са(ОН)2 В)СаF2 С) СаО Д)СаСО3 Е) Са3(РО4)2)
5.Тіл астына ашылады
А)бір шықшыт,екі тіл асты безі В) екі шықшыт,бір жақ асты безі С)екі жақ асты,екі тіл асты бездері Д) екі жақ асты,екі шықшыт бездері Е)екі жақ асты,бір тіл асты бездері
6.Сілекейді жабысқақ етеді
А) амилаза В)муцин С) лизоцим Д)пентоза Е) глюкоза
7. СаСО3 қай заттың құрам бөлігі
А) гипс В)алебастр С) сөндірілген әк Д)бор Е)апатит
8.Үш түбірлі тіс
А) күрек тіс в) астыңғы жақ сүйек азу тістері с) ит тіс д) үстіңгі жақ сүйек азу тістері
9.Тіске арналған тағамдар
А) балық,жұмыртқа,печенье В)теңіз өнімдері ,шоколад,күнбағыс дәні С) бауыр,пияз,ет Д) балмұздақ, балдыркөк,сарымсақ Е) жаңғақ,аскөк,балық
10.Тіс эмалінің құрамындағы кальций фосфаты
А) 89% В)92% С)95% Д)98% Е)79%
Үй тапсырмасы: «Егер сіз тіс дәрігері болсаңыз, не істер едіңіз?» атты тақырыпта эссе жазып келу.
Рефлексия.
Бағалау: оқушылардың үй тапсырмасы,зертханалық жұмысы,жаңа сабақтан алған білімдері ескеріліп өз-өздерін бағалау парақтары арқылы қортынды бағаларын қояды. Тәрбие.орг сайтынан Астың ауыз қуысында қорытылуы.Тістің құрылысы мен қызметі.Тіс аурулары.Тіс күтімі. Биологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Алина Бақыткұл Қалиқызы

Пікірлер: 0

avatar