Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Бұлшықеттер, Бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы
  • 07.04.2016
  • 541 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18508

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (227.0Kb)

Пән аты: Биология
Сынып: 8 «Ә»
Тақырыбы:
Бұлшықеттер, Бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Бұлшықеттердің маңызы мен құрылысы туралы білім беру;
2. Дамытушылық: Оқушылардың заман талабына сай сапалы биологиялық білім дағдыларын, дүниетанымын қалыптастыру, табиғаттың біртұтастылығы туралы көзқарастарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
3. Тәрбиелік: Адам ағзасының құрылыс ерекшеліктерін меңгере отырып, салауатты өмір сүруге, денсаулықты қадірлеуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: СТО технологиясының элементтері
Көрнекілігі: кестелер, суреттер, электрондық оқулық

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезең
1.Оқушылармен сәлемдесу;
2.Сынып тазалығын тексеру;
3.Оқушыларды түгелдеу;
4.Психологиялық қалыптастыру (топқа бөлу).

ІІ. Үй тапсырмасы сұрау
І. Шыңға шығу ойыны (дұрыс жауапқа 1 ұпай)
Қызыл жұлдызша тобы
1. Кеуде қуысында қандай мүшелер болады ?
2. Ең үлкен табан сүйегі
3. Иық белдеуін түзетін сүйектер
4. Сүйектің құрамы
5. Сүйектің өсуі, жуандауы қандай бездің гормонына байланысты ?
6. Қандай дәрумен мөлшері көп болса, сүйектің өсуі бұзылады ?
Жасыл жұлдызша тобы
1. Қаңқадағы жалпақ сүйектер ?
2. Қозғалмалы сүйектер ?
3. Сүйек қандай ұлпаға жатады ?
4. Қаңқа мен бұлшықеттен құралған жүйе ?
5. Қаңқаның толық сүйектенуінеше жасқа дейін қалыптасады ?
6. Қарт адамның сүйегі неге тез сынады ?
Сары жұлдызша тобы
1.Сүйектердің шеміршек арқылы қозғалмалы жалғасуы қалай аталады ?
2.Қысқа сүйектер?
3. Омыртқа жотасы қанша жерден иіледі ?
4. Арқа омыртқаға қабырғаның қанша жұбы бекиді ?
5. Сүйектің сырты немен қапталған ?
6. Омыртқа жотасының бірінші омыртқасы

Сурет сайысы (Алғашқы жәрдем)
1. Қызыл жұлдызша тобы
Сіңірдің созылуы
2. Жасыл жұлдызша тобы
Буын шыққанда көрсетілетін алғашқы жәрдем
3. Сары жұлдызша тобы
Сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем

Графикалық тест алу ( І топ)
1.Адам қанқасы қанша сүйектен тұрады ?
а) 160 ә) 206 б) 200
2. Садақ сүйек қай жерде орналасқан
а) аяқта ә) мойын омыртқа б) қолда
3. Омыртқа жотасы қанша омыртқадан тұрады ?
а) 40-45 ә) 25-30 б) 33-34
4. Жалпақ үшбұрышты сүйек қалай аталады?
а) бұғана ә) жауырын б) қабырға
5. Сүйектің қозғалмалы байланысы қалай аталады?
а) буын ә) омыртқа б) тобық


Графикалық тест алу ( ІІ топ)
1. Омыртқа жотасы неше бөліктен тұрады ?
а) 6 ә) 8 б) 5
2. Шүйде бөлігі қай жерде орналасқан ?
а) бас сүйекте ә) тұлға сүйегінде б) төс сүйегінде
3. Сүйектің құрамында қанша пайыз органикалық заттар бар ?
а) 20 % ә) 10 % б) 30 %
4. Сүйекті зерттейтін ғылым қалай аталады?
а) эндокринология ә) ортопедия б) орнитология
5. Сүйек сынуына қарай нешеге бөлінеді ?
а) 2 ә) 5 б) 7

Графикалық тест алу (ІІІ топ)
1. Сүйектердің өзара байланысуы?
а) қозғалатын ә) ұзын, қысқа б) қозғалмайтын, қозғалатын, жартылай қозғалатын
2. Адам қаңқасының сүйектері нешеге бөлінеді ?
а) 3 ә) 6 б) 8
3. Қысқа сүйектерге нелер жатады ?
а) жауырын ә) жіліктер б) омыртқа, алақан
4. Сүйек құрамында неше пайыз минералды заттар болады ?
а) 30 ә) 60 б) 10
5. Қаңқаның қандай бөлігі қозғалмайтын болып байланысқан ?
а) құйымшақ, сегізкөз ә) омыртқа б) буын


Сергіту сәтті

«Болжау әдісі»
Бұлшық ет деген сөзді естігенде ойымызға не түседі?

«Күні бойы бір күле алмасаң,
Онда оны зая кеткен күнім деп есепте»
Виктор Мари Гюгю
Адам күлгенде 17 бұлшық еті қимылдайды.
♦ Күлкі адам ғұмырының ұзақ болуына ықпал жасайды;
♦ Иммунитетті күшейтеді;
♦ Жиі күлген адам стресс пен депрессияға сирек шалдығады;
♦ Қан айналым жүйесін жақсартады;
♦ Күлкі адам ағзасын тазартады;
♦ Сұлу болам десеңіз әрдайым күліп жүріңіз!
Жаңа сабақ
Бұлшықеттер, Бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы
МИКОЛОГИЯ- бұлшықеттер жүйесі туралы ілім.
БҰЛШЫҚЕТ- адамда, омыртқалы жануарларда және көптеген омыртқасыздарда денені қозғалысқа келтіретін мүше. Оның негізін бұлшық ет талшықтары құрайды.

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

Екі жақты түсіндірмелі күнделік
Миология
Миозин
Көкет
Бицепс
Трицепс
Миофибрилл

Сематикалық карта

Бұлшықеттің түрлері
Көлденең жолақты
Бірыңғай салалы
Жүректің бұлшықеттері

Талшықтары көлденең орналасқан
+

Ішкі мүшелердің ішкі жағын астарлап жатады
+
Талшықтарының пішіні цилиндр тәрізді
+
Жүректің жиырылуын қамтамасыз етеді
+
Денені қозғалысқа келтіретін бұлшықеттер
+
Ішек, қарын, қантамырлар, несепағар, т.б.
+
Талшықтарының пішіні ұршық тәрізді
+

«Доп лақтыру ойыны» Оқушылардың деректері
Бұлшық ет туралы қызықты деректер
1. Сүйектерді қозғалысқа келтіретін, мықты да нәзік бұлшық ет жайлы
қызықты деректерді біліп жүріңіздер.
2. Мамандардың айтуынша адам денесінде 400-ден 680-ге дейін бұлшық ет түрлері бар. Бірақ олардың нақты санын айту мүмкін емес.
3. Сіздің салмағыңыздың 40%-ы, яғни 20-30 кг бұлшық еттерге тиісті.
4.Адам денесіндегі ең үлкен бұлшық ет – сан бұлшық еті. Ол денедегі ең үлкен жамбас сүйегін қозғалысқа келтіреді.
5. Бұлшық еттердің ең көп шоғырланған жері – адамның беті. Осы себепті біздің мимикамыз сан алуан түрлі бола алады.
6. Адам денесіндегі ең мықты бұлшық ет жақтың бұлшық еті екен. Сіз тамақ шайнағанда ол 190 кг күшпен қыса алады.
7. Аяқты қозғалысқа келтіретін бұлшық еттердің саны 19 екен. Олар бір-бірімен байланысқан жұмыс нәтижесінде табаныңызды қозғалтады.
8. Ал бір қадам жасау үшін сіздің 200 бұлшық етіңіз іске қосылады. Күнделікті орташа бір адам 10 000 қадам жасайтынын есепке алсақ, аяқ бұлшық еттері өте мықты екенін айта аламыз.
9. Жүрек адам денесіндегі мықты бұлшық еттердің бірі. Өз күшімен ғана ол адам ағзасындағы бар қанды 4 қабатты үйдің биіктігіне көтере алады.
10. Сіздің денеңіздегі бұлшық еттің 50%-ы аяқ бұлшық еттері, 30% қолға, 20%-ы бас және басқа бөліктерге тиесілі.
11. Қарапайым күлкі адам бетінің 40 бұлшық етін іске қосады.
12. 10 жылда адам өзінің бұлшық етінің 3%-ын жоғалтады.
13. Бұлшық еттердің саулығы адам өмірінің ұзақтығына тікелей әсер етеді екен. Сондықтан бұлшық еттерді жаттықтырып, шымыр қылу өте маңызды.

Үйге тапсырма беру.

Білімдерін бағалау Тәрбие.орг сайтынан Бұлшықеттер, Бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы Биологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шаргын Замира Бактыбековна

№11 Ә.Хасенов орта мектебі Биология пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Биологиядан ашық сабақтар
Көрсетілім: 541 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar