Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Биология сабағында ойын элементтерін жаңа технологияны инновациялық пайдалану
  • 22.04.2016
  • 952 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18776

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (23.6Kb)

Биология сабағында ойын элементтерін
жаңа технологияны инновациялық пайдалану

Қызылорда облысы
«Болашақ» медициналық колледжінің
биология пәнінің мұғалімі
Байхожаева Гүлжаухар Мажитовна

Тәуелсіз еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан колледж оқушыларының сапалы білім мен саналы тәрбие алуы ең басты мәселе. Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған ғасырында жас ұрпақты ізденімпаздыққа,білімділікке және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру үшін заман талабына сай сапалы білім беру мұғалімнің ең басты міндеті. Қандай пәнді оқыса да оқушы білімі сапалы, нәтижелі болуы керек. Ендеше оқушы білімін бүгінгі күн талабына сай дамыту,тереңдету ғылыми түрде құзіреттілік деп түсіндіріледі.
Егер ол пән оқушыны қызықтырмаса, не істеу қажет? Міне осындай әр түрлі ойлардан кейін бала жүрегіне жол тауып, білімге жетелеу үшін мұғалім оқушыларды қызықтыратындай әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолдануы тиіс.
Қазіргі кезде дүние жүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасына, ойлау деңгейіне байланысты болып отыр. Осы тұрғыда жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып, қоршаған ортаны қорғау арқылы экологиялық тәрбие беру ұстаздардың басты міндеті болмақ. Ол үшін әрбір ұстаз үнемі шеберлігін арттырып отырмаса, бала деңгейінің дамуы төмендейді. Осының бәрі бір күннің іс-әрекеті емес, оған уақыт керек. «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп ұлы Абай атамыз айтқандай «білім беру жүйесінің басты міндеті оқытудың жаңа технологияларын енгізу білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау». (Н.Назарбаев Жолдауынан)
ХІХ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру мақсаты. Барлық сала компьютерлендіріле бастады. Сонымен бірге еліміздің ертеңі болар жас ұрпақ компьютерді терең меңгеруі тиіс.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдар заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.
Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялық қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Интеративті әдістерге мыналар жатады:
Презентациялар пікірталастар;
Топпен жұмыс;
Миға шабуыл әдісі;
Сын тұрғысынан ойлау әдісі;
Викториналар;
Зерттеулер;
Іскерлік ойындар;
Рөлдік ойындар;
Білім берудегі интеративті технология сабақ барысында оқушылардың сабаққа қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалана отырып өткізген сабақтар мұғалімнің оқу процесінде уақытын үнемдей отырып оқушыларға көптеген ақпараттарды беруге көмектеседі. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері оқушыларды таңғалдырады, шабыттандырады, қызықтандырды. Оқушылар ойнап отырмыз деп ойлайды, шындығында олар қызығып,таңқалып, шабыттанын отырып білім алады деп ойлаймыз.
Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялар байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет деп елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында интерактивті технологияны оқу үрдісінде оңайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндік береді. Сондай – ақ оқушының танымдық іс – әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндігін арттырады.
Өз мамандығын шын сүйетін, өзі оқытатын пәнін жақсы көретін мұғалім әрбір сабағын ерекше дайындықпен және үнемі ізденіс үстінде жүргізеді. Оқушылардың ынтасын арттыру, пәнге қызығушылығын дамыту, білімді берік те саналы жеткізу жолында жаңаша әдіс - тәсілдерді ізденіп қолданады.
Сабақта оқушы қызығушылығын арттыру үшін ойын - сабақтарын жүргізу өте тиімді. Ойын жөнінде белгілі педагог В. А. Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген болатын. Сондықтан да ойын түрлерін кірістіре отырып өтілген сабақ оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыра түседі. Яғни, мұғалім оқушымен сабақ барысында үздіксіз жұмыс істеуі керек. Сонымен бірге оқушының сабақ барысындағы ролін арттыра түсу қажет. Сонда ғана оқушының дарындылық қабілеті шыңдала түседі.
Оқытып тәрбиелеудегі негізгі мақсат – оларды ұйымшылдыққа, еңбек етуге даярлау, олардың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту. Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын түрлері оқушының ойлау белсенділігін қажет етеді. Сабақтарда «Жәрмеңке сабақ», пресс - конференция, «Сот сабағы», «Сахналау сабағы», «Биологиялық КВН сабағы», т. б. ойын түрлерін орнымен қолданып оны қызықты ету арқылы білімге ынта - ықыласын, пәнге сүйіспеншілігін қалыптастыруын көздейді. Ойын арқылы оқушы өз бетімен жұмыс істеуге, өздігінен қорытынды жасауға үйренеді.
Биологиялық білім нәтижесінде – ойлай алу,сөйлей алу дағдылары,-эмоционалдық ерік-жігер,-шығармашыл әрекет ету дағдылары қалыптасады,дами түседі. Осылайша білім алу нәтижесінде оқушы талдауға (анализдеуге),жинақтауға(синтездеуге),білімді жүйелеуге, бақылауға, қоры-тынды жасауға, нәтижені тексеруге үйренеді және(немесе)осы білік-дағдыларын шыңдайды.Практикада осындай салаларды қалыптастыруға болатындығына көз жеткіздік. Бұның айғақ ретінде келесідей жағымды өзгерістер динамикасын атай аламыз.
1.Оқушылар тапсырмаларды жүйелі орындауға үйренеді;
2.Біртіндеп күрделендірілген тапсырмаларды орындауға дағдыланады.Демек,өмірде кездескен танымдық тосқауылдарды,қиындықтарды жеңуге үйренеді;
3.Олар БДД-ны игерудің жоспарын құрып,қорытынды шығарып,негізгі ойды бөліп алуға тырысатын болады;
4.Оқытуда пайдаланылатын проблемалық сұрақтар өмірден алынатындықтан,осындай мәліметтерді тәжірибеде қолдану дағдылары қалыптасады;
5.Оқушылар өз білімдерін өздері бағалап,өз деңгейлерін анықтауға мүмкіндік алатындықтан,білім алуға деген жауапкершілікті сезінеді;
6.Әр түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады;
7.Айтылғанның барлығы оқушыларды өзіндік ой қорытуға,ойын жүйелеуге,нәтижесін шығарып,сыни бағалауға үйретеді.
Сонымен жалпылап айтқанда оқу үрдісінде оқушының тұлғасының дамуына, ықпал жасайтын жаңа технология түріндегі сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:
Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:
• Компьютерде еркін жұмыс жасайды;
• Оқыту процесінде жаңатехнологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды;
• Жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;
• Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;
• Ақпараттық сауаттылығымен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасы білімінің мемлекеттік стандарты
2.Б.А.Әлмұхамбетова, М.А.Ғалымжанова, «Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолданылуы». Информатика негіздері, №5, 2008, 17 б.
3.Ақпараттық-компьютерлік технологиялардың болашақ мұғалімдерді даярлаудағы рөлі. //Қазақстан жоғары мектебі. – Алматы, 2010.
4. «ХХІ ғасыр оқытудың жаңа технологиясы» М.Жанпейісова
5.М.А.Ғалымжанова «Педагогтардың ақпараттық –коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру бағыттары», Информатика негіздері, 48 б. Тәрбие.орг сайтынан Биология сабағында ойын элементтерін жаңа технологияны инновациялық пайдалану Биологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Байхожаева Гүлжаухар Мажитовна

Қызылорда облысы, "Болашақ" медициналық колледжі Биология пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Биологиядан ашық сабақтар
Көрсетілім: 952 | Жүктеулер: 6
Барлық пікірлер: 0
avatar