Бунақденелілердің көбеюі және дамуы. Даму типтері

  • Жүктеулер: 24
  • Көрсетілім: 3448
  • Биологиядан ашық сабақтар
  • 18/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19060


Пәні Биология Сыныбы 7 «В»
Күні 16. 01. 2016ж. Уақыты: 14.00 Өтілетін орны: 210
Пән мұғалімі: С.С.Нұрбаева Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілердің көбеюі және дамуы. Даму типтері
Сабақтың мақсаты:
білімділігі – бунақденелілердің көбеюі және даму ерекшеліктерін түсіндіру;
дамытушылығы – оқушылардың бунақденелілердің көбеюі мен даму типтеріне қызығушылығын арттыру, дүниетанымын кеңейту тәрбиелілігі – табиғатты сүюге және қорғауға, адамгершілікке, еңбектенуге, ұқыптылыққа, тәрбиелеу
Сабақтың типі: аралас сабақ Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, СТО әдісі, сызбанұсқа
Көрнекілігі: бунақденелілердің көбеюі мен дамуының кестесі, интер.тақта, слайд, стикерлер
Пәнаралық байланыс: әдебиет, еңбек
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: а)оқушылармен амандасу, түгелдеу; б) психологиялық ахуал туғызу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
« Сұрақ – жауап» арқылы көбелектің қимасын құрастыру
1. Бунақденелілер қалай тыныс алады? 2. Бунақденелілерде неше жұп аяқ болады? 3. Бунақденелілердің қанаттары қайда бекінген?
4. Бунақденелілердің қанайналым жүйесі қандай?
5. Бунақденелілер неше класс тармағына жіктеледі, олар қалай аталады? 6.Бунақденелілердің ауыз мүшелерінің құрылысы қандай? 7. Бунақденелілердің басқа буынаяқтылардан ерекшелігі қандай?
ІІІ.Үй тапсырмасын қорытындылау
Мұғалім сөзі
ІV. Жаңа сабақты меңгерту 1. Бунақденелілердің дамуы
а) тура даму
б) шала түрленіп даму
в) толық түрленіп даму 2. Слайд арқылы тақырыпты түсіндіру 3. Бейнефильм арқылы толықтыру


Бунақденелілердің дамуы үш түрлі жолмен өтеді.Олар: тура даму,(қанатсыз бунақденелілер)шала түрленіп даму,(инелік,дәуіт, шегіртке,бұзаубас, бит, қандала) және толық түрленіп даму(қоңыз, көбелек, бүрге, шыбын, маса, құмырсқа, балара).
Ұрықтанған жұмыртқадан ересек жәндікке ұқсас жас жәндіктер шығып, тек денесі өссе және жыныстық жағынан ғана толысып дамыса, дамудың бұл түрі тура даму деп аталады.
Төменгі сатылы туақанатсыз буданақденелілер пішінін көп өзгертпей тура дамиды.
Қанатты буданақденелілер шала түрленіп және толық түрленіп дамиды.Шала түрленіп даму,(инелік,дәуіт, шегіртке,бұзаубас, бит, қандала)Кейбіреуінің дернәсілі жұмыртқадан ересек жәндігіне ұқсас боп шығады Шала түрленіп даму деп -дамуы 3 сатыдан тұратын және дернәсілі ересегіне ұқсайтын бунақденелілерді айтамыз.Шала түрленіп дамудың сызбанұсқасы: жұмыртқа- дернәсіл -имаго. Шала түрленіп даму(шегірткені мысалға ала отырып түсіндіру). Шегірткеде тек дене мөлшері мен қанаттары ғана кішірек болады . Бұл дернәсілдер өсіп - есею барысында бірнеше рет түлейді . Әр түлеген сайын ересек бунақденеліге ұқсастығы арта түседі.
Толық түрленіп даму 4 сатыдан тұратын және дернәсілі ересегіне ұқсамайтын бунақденелілерді айтамыз. Толық түрленіп даму(қоңыз, көбелек, бүрге, шыбын, маса, құмырсқа, балара) Толық түрленіп дамудың сызбанұсқасы: жұмыртқа- дернәсіл- қуыршақ - имаго. Бунақдененің ересек күйге ауысу сатысы имаго деп аталады.Толық түрленіп даму (көбелектің дамуын мысалға алып түсіндіру). Ағаш жапырағында жорғалап жүрген құртқа ұқсас жәндікті көреміз.Бұл көбелектің дернәсілі жұлдызқұрт. Көбелектің дернәсілін жұлдызқұрт деп атайды. Жұлдызқұрт өсімдіктің жапырақтары мен қоректенеді және тез өседі, бірнеше рет түлейді,ең соңғы түлеудің алдында ағаш діңіне өрмелеп шығып қуыршаққа айналады.Ол бұл кезде ешбір қозғалыссыз қалады,қоректенбейді.Дегенмен хитинмен қапталған қуыршақта өте күрделі өзгерістер жүріп жатады. Онда ересек көбелектің дене мүшелері қалыптасады. Қыстап шыққан қуыршақтан көктемде бірден көбелек шығады. Көбелектің даму сатыларын тізіп көрсетелік: жұмыртқа – дернәсіл – қуыршақ - ересек көбелек. Жұмыртқа салу мерізімі,орны, даму мерізімі әр түрлі бунақденелілердің түріне қарай әрқалай болады. Мысалы зауза қоңызы жұмыртқаларын топыраққа,шыбын ластанған жерлерге, көбелектер өсімдік жапырақтарына,ағаш жемісіне т.б.жерлерге салады. Зауза қоңыз дернәсілінің дамуы 4 жылға,шыбын дернәсілінің дамуы бірнеше тәулікке созылады.Түрленіп дамудың маңызы бунақденелілердің табиғатта кеңінен таралып,өз түрлерін сақтауға едәуір мүмкіндігі бар. Дернәсілі ересек жәндіктің қорегіне «ортақтаспайды»,әрі тұрағы да басқа болады. Мысалы,зауза не картоп қоңызының дернәсілі топырақта тіршілік етеді,өсімдік тамырларын,жер асты бөліктерін жеп қоректенеді.Ал,ересек қоңыздар ағаш жапырақтарын қорек етеді.Химикаттан жер бетіндегі бунақденелілер қырылады да,топырақ арасында жүрген немесе әлі қуыршақ күйінде жатқан дернәсілдер аман қалады.Сонымен түрленіп даму тәсілі де-бунақденелілерді жойылып кетуден сақтайтын бейімділіктің бірі. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым –энтомология (гректің «ентома»-бунақдене+ «логос»-ғылым). Ол зоология ғылымының бір саласы.


Бейнефильм көрсету(Көбелектің қуыршақ сатысынан шығуы)


V.Жаңа сабақты бекіту.
1- тапсырма. Семантикалық карта
Бунақденелілер Тура даму Шала түрленіп даму Толық түрленіп даму
дәуіт +
шегіртке +
құмырсқа +
бұзаубас +
шыбындар +
қандала +
баларалар +
масалар +
компадия +

2- тапсырма. Дәптермен жұмыс. 131- суретте құмырсқаның илеуі бейнеленген, құмырсқаның даму жолын жазу.

VI.Жаңа сабақты қорытындылау
«Зымыран» сұрақтар 1.Бунақденелілерді зерттейтін ғылым қалай аталады? 2.Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы қалай аталады? 3. Бунақденелілердің көбею мүшесі қай бөлігінде орналасқан? 4. Көбелектің белсенді тіршілік ететін дернәсілі қалай аталады? 5.Толық түрленіп даму неше сатыдан тұрады? 6.Шала түрленіп даму неше сатыдан тұрады? 7. Шыбынның дамуы неше сатыдан тұрады?
8. Зауза қоңызы дернәсілін қайда салады?
Сонымен, балалар біз бүгін бунақденелілердің көбеюі мен даму жолдарымен таныстық. Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының өсіп – өнер мекені. Онда бізбен бірге жәндіктерде мекендейді. Олардың табиғат үшін де, адамзат баласы үшінде пайдасы көп.
Егер Жер бетінде барлық жәндік жойылып кетсе не болар еді?
Барлық жәндіктер мейлі ол жаман болсын, жақсы болсын, тіршілігін жоймасын. Өйткені Жер бетіндегі барлық жәндік атауы жойылып кетсе, табиғат адам танымастай өзгереді. Сөйтіп барлық өсімдік атаулы жойылады. Көптеген құстар жоғалып, орман-тоғай өлі, құлазыған шөл далаға айналар еді. Ал адам болса, қуанышсыз, мардымсыз, өмір кешері анық. Сондықтан, әрбір жәндікті қорғау біздің міндетіміз.
VII.Үйге тапсырма.Бунақденелілердің көбеюі және дамуы . Даму типтері . Оқу, мазмұндау. Дәптерге бунақденелілерге сөзжұмбақ құрастыру VIII.Бағалау Тәрбие.орг сайтынан Бунақденелілердің көбеюі және дамуы. Даму типтері Биологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Салтанат Сазанбаевна Нурбаева

Байқоңыр қаласы №274 орта мектебі Биология пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar