«Экология және Қазақстан»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 421
  • Биологиядан ашық сабақтар
  • 08/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20890


Оразкуль Поштаева, Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназияның биология пәнінің мұғалімі.
Тараз қаласы

Пәні: Экология
Сыныбы: 7 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: «Экология және Қазақстан»
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның экологиялық проблемаларымен таныса отырып оның шығу жолын анықтау.
Міндеті:
1.Экологиялық проблемалар жайлы алған білімдерін бір жүйеге келтіру.
2. Экологиялық проблемалардың шығуы және туындау жолдарын анықтау.
3. Қоршаған ортаны қорғап , сақтауға, табиғатты ластамауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру.
Сабақта қолданылатын әдістер: СТО, Сергіту сәті, ББҮ кестесі, «Егер де мен..»
Сабаққа қажетті материалдар: Оқулық, презентация, бейнефильм, суреттер, кесте, интерактивті тақта т.б.
Күтілетін нәтиже:
- Оқушылар өз бетімен жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырады;
- Қазақстанның экологиялық проблемаларын бір – бірімен салыстырып, сипаттай алады;
- Экология туралы алған білімдерін жүйелей алады;
- Қазақстанның экологиясы туралы ойын, пікірін ашық айта алады;
- Сабаққа деген қызығушылығы артады.
Пәнаралық байланыс: Биология, география, экология, қазақ тілі.
Сын тұрғысынан ойлауға қолайлы орта туғызу:
1.Ойлануға уақыт беру.
2.Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
3.Жәрдем беру.
4.Сын тұрғысынан ойлауды бағалау
Сабақты жүргізудің формалары:
1. Жеке жұмыс
2. Топтық
3. Ұжымдық
Сабақ мынадай бөлімдерден тұрады:
1. Сергіту сәті
2. ББҮ кестесі.
3. «Егер де мен...».
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа ынтасын, назарын аудару, топқа бөлу. 5-минут
Оқушылар мына стикерлерді таңдап алып, түс бойынша топқа бөлініп отырсаңыздар
1. Қызыл түс
2. Сары түс
3. Жасыл түс
ІІ Үй тапсырмасын сұрау: «Қазақстанның қорықтары» тақырыбы бойынша тест жұмысы. (І, ІІ нұсқа) (5-минут)

Сергіту сәті: Есімдерге байланысты тілек айту.
ІІІ Жаңа сабақ: 15 минут
Құрметті оқушылар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
“Экология және Қазақстан”.
Олай болса сабақтың мақсатын анықтап алайық. Сабақ мақсаты анықталады.
Презентация
Адамдардың күнделік¬ті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл-қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып бара¬ды. Еліміздегі бүгінге дейін жиналған 22 млрд. тонна қалдықтың 96 миллион тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар. Бұл арнайы есепке алынған күл-қоқыс алаң¬дарына төгілгені ғана.
Республикада тұрмыстық қалдықтардың 97 % -ы сұрыпталмастан санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін ашық қоқыс алаңдарына апарылады. Кәдеге жаратылатыны, өртелетіні 5 % ғана, тұрмыстық қалдық ашық аспан астында шіріп бұзылады.
Мұндай жағдай болатын болса :
- Шыны еш уақытта бұзылысқа ұшырамайды;
- темір қалбырлардың бұзылып шіруіне 100 жыл;
- қағазға 1 ай;
- ал пластиктер ешқашанда бұзылмайды. Пластиктер табиғаттың қас жауына айналуда. Елордамыз Астанадағы қоқыстардың 15 % пластиктер құрайды.
Көптеген елдер қоқысты қайта өңдеу индустриясын жолға қойып, кәдеге жаратып жатыр. Мысалы: Тұр¬мыстық қалдықтарын әртүр¬лі әдістермен қайта өңдейді:
1. Қазіргі күнде ең көп қолда¬ны¬латын әдіс – полигонда қай¬та көму әдісі.
2. Қо¬қыс¬тарды сұрыптау зауыттары.
3. ҚТҚ-ны жағып, одан электр мен жылу энергиясын алу және пайдалану.
Бейнефильм 5 мин
ІV Жаңа сабақты бекіту:
ББҮ кестесі: Топпен талқылау. 10 мин.
Оқушылар өтілген тақырып бойынша экологиялық проблемелардың шешу жолдарын қарастырады.
Әр топ 3 мысалдан. Бірінші бағанды толтырады. Қазақстанның экологиялық проблемалары туралы біз көп білеміз, бірақ тағы да көбірек білгіміз келеді. Тағы не білгіміз келеді? Екінші бағанды толтырылады. Әр топтан 3 сұрақтан.
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Мәтінді оқуға уақыт беріліп, «Білгім келеді» бағанындағы сұрақтарға мән бере отырып, 3-ші «Үйрендім» кестесін толтырады.

1. «Егер де мен...» эссе жазу. (5 минут)
V Қорытынды. Табиғат — бәріміздің ортақ үйіміз. Қазіргі кезде табиғат бізден үлкен көмек күтуде. Өз туған ауылымыздың, ауданымыздың экологиялық жағдайын сауықтыру үшін жерді дұрыс пайдаланып, жасыл өсімдіктерді молайтып, суымызды ластамай, қоқыс тастамай табиғатымызды аялайық, сақтайық, оны таза күйінде болашақ ұрпаққа табыс ету – біздің парызымыз.
VI Бағалау. Ынталандыру (3 минут)
VII Үйге тапсырма: «Қалдық заттардың екінші ғұмыры» тақырыбында бұйым жасау.(2 минут) Тәрбие.орг сайтынан «Экология және Қазақстан» Биологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Оразкуль Поштаева

Пікірлер: 0

avatar