Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Елбасы-елдің мақтанышы!»
  • 11.04.2016
  • 401 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18585

Тақырыбы: «Елбасы-елдің мақтанышы!» Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру, оқушылардың өз Отанын, туған жерін сүюге қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: салтанатты жиын Жүру барысы: І.Ұйымдастыру Көптен күткен көк байрақ желбіреді Күннің көзі көктемдей елжіреді Мұннан ыстық жалын-от барма сірә, Әнұранмен жүрегім тербеледі. а) ҚР-ның Мемлекеттік Туына қарап сап түзеу ә) ҚР Мемлекеттік Гимні орындалсын ІІ. Салтанатты жиын Құрметті кеш қонақтары, ұстаздар және мектеп оқушылары! «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықтың өз ішінен шықты» дегенде, мұны поэтикалық - асқақ мәнде де, тура мағынасында да түсінген абзал. Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым ауыл отбасында туып - өсті. Оның балалық шағы ауыртпалығы мол соғыс және соғыстан соңғы жылдармен тұстас келді. Ел алапат соғыстан кейін қайта еңсе тіктеп жатқан еді, ең қажетті нәрселер жетіспеді, адамдар үнемі ашқұрсақ болатын.Жас Назарбаев соның бәрін басынан өткеріп, бәрін жеңе білді, өте жақсы білім алып, «от - жалынды» мамандықты игеріп, азамат қатарына қосылды. Елмен жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болды.Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевты тек «халық арасынан шықты» деп айту аз. Ол халықтың өз қанынан жаралған бір бөлшегі болатын және солай болып қала береді, сонымен қатар ол бұрын - соңды қазақ жерінде туған ең дара ұлдарының бірі екені сөзсіз.Халықпен осынау тұрақты, айнымас рухани және тікелей байланыс көп жағдайда оның бүкіл ғұмырының бағыты мен мұрат - мақсатын айқындап берді. Мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры Наурызбек Ерсайынұлына береміз. Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Елбасымен кім мақтанбас бүгінде?!
Сөз кезегі Шортанбай селолық округінің әкімі Сарсекей Набидоллаұлына беріледі. Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта Қалар анық өшпес алтын әріппен.
Құттықтау сөзді кәсіподақ ұйымының төрайымы Жаңыл Жоламанқызына береміз. Біздің Қазақстан
Анамыздай тілеуі ақ.
Отан бізге біреу – ақ
Ол – біздің Қазақстан!
Жастан сүйе аңсаған
Тәтті күй мен кәусар ән-дей келе кезекті әнге берейік. Ән: «Астана» 8 – сынып оқушысы Бегжанова Гүлназым. Тәуелсіздік жылдары Президенттің барлық қызметі, барлық әлеуметтік - экономикалық реформалар тек халықтың игілігі үшін жасалды деп батыл айтуға болады. Қазақстанда барлық деңгейдегі жаңа оқу орындары, ауруханалар салу жалғасуда, қазақстандықтардың өмірі сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асуда. Жүйелі түрде халықпен кездесулер өткізіп, алуан түрлі адамдармен жүздесе жүріп, Нұрсұлтан Назарбаев үнемі «ел тамырының бүлкілін» тап басып, танып отырады. Қазақстанның бірде - бір өңірін, бірде - бір ірі кәсіпорнын назарынан тыс қалдырмайды, республиканың барлық түйткілді мәселелері туралы біледі.Оның халық қамын ойлауы жалпыхалықтық құрмет пен сүйіспеншілік ретінде өзіне қайтты деуге болады. Тәуелсіздік жылдарында еліміздің азаматтары Мемлекетіміздің басшысына терең құрметі мен берік сенімін көрсетті. Сөйтіп, 2011 жылғы Қазақстан Президентінің сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылар даусының 95%- дан астамына ие болып, айқын жеңіске жетті. Ән: «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» 5- сынып оқушысы Темірхан Сабина.
Ендігі кезекте Ұландар ұйымының сәлемдемесін қабыл алыңыздар! Жолбарыстай азуды айға біледік,
Күллі әлем таныған біз ел едік.
Өзге ұлтқа үлгі болған елімнің
Болашағы жарқынына сенелік.
Ән: «Нұр аға» 9- сынып оқушысы Ляззатова Диана. Бойымда жігер, тұрғанда сенім,
Жалындап өтем, жолыңда сенің.
Өзіңсің мәңгі бақытым барым
Аяулы отан, ардақты елім.
Бойымда қайрат, тұрғанда сенім
Құрбаның болам жолыңда сенің,
Құлпырып мәңгі жасай бер, жаса
Сүйікті отан, сүйікті елім! Би: «Үкілі қыз» 4-сынып оқушылары. Тәуелсіздік оңаймен келген емес,
Оны ешкім ала ғой деп берген емес.
Қанша адамның басына пәле төніп,
Бұл сұмдықтың болғаны елес емес.
Ресейге де тәуелді болды емес пе,
Тәуелсіздік арман боп келді емес пе?!
Теңдік үшін үзілді Қайрат, Ләззат,
Қыршын өмір жауқазындай солды емес пе,
Бақыт құсы қазаққа қонды емес пе?!
Әр елдің жүрегіне жол тапқан,
Елбасымыз кемеңгер, дана емес пе! Хор: «Атамекен» 6-сынып оқушылары.
Қорытынды: Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып, жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» - деген сөзін әрбір азамат жүрегінің терең түрпіріне сақтап, қашанда жадында ұстау керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай?
Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста!
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата – баба рухына.
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертең
Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбірей бергей! Дайындалыңыздар! ҚР Туына қарап сап түзеңдер! ҚР Гимні орындалсын! бүгінгі 1 желтоқсан ҚР-ның Тұңғыш президент күніне арналған «Елбасы-елімнің мақтанышы» атты салтанатты рәсімін жабық деп жариялаймыз. Тәрбие.орг сайтынан «Елбасы-елдің мақтанышы!» Биологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бақтыгереева Саягуль

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Биологиядан ашық сабақтар | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 401 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar