"Еліміздегі мәдени өсімдіктерді қорғау"

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 866
  • Биологиядан ашық сабақтар
  • 06/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18473


Тақырыбы:Еліміздегі мәдени өсімдіктерді қорғау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға мәдени өсімдіктер туралы,мәдени өсімдіктердің маңызы туралы түсінік беру.
Дамытушылық:Оқушылардың ойын,білімін дамыта отырып оқыту.
Тәрбиелік:Еліміздегі мәдени өсімдік түрлерін қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Мәдени өсiмдiктердiң шығу тегi.
Мәдени өсiмдiктер жабайы өсiмдiктердiң түрлерiнен шыққан. Алғашқы адамдар өсiмдiктердiң жеуге келетiн жемiстерi мен тамырларын тауып қолданған. Жабайы өсiмдiктердi жинап алып, оларды өздерi тұрған жердiң айналасына егiп, өсiре бастаған. Адамадар топырақты қопсытқанда, арамшөптерiн өлтiргенде, суғарғанда өсiмдiктiң жақсы өсетiнiн бiлген. Олардың жемiстерiнiң, тұқымдарының, тамыржемiстерiнiң әрi үлкен, әрi дәмдi болып қалыптасатынын байқаған.
Мәдени өсiмдiктердiң көпшiлiгiнiң тарихы еретеден басталады, бiрақ олардың бiрқатары кейiнгi кезде себiле бастады. Мысалы, бидай бiздiң эрамызға дейiнгi VII мыңжылдықта, картоп, қызанақ (сурет), күнбағыс XVI ғасырда, ал қант қызлшасы XIX ғасырдың бас кезiнен өсiрiледi. Табиғи өсiмдiктердi мәденилендiру қазiр де жүрiп жатыр. Ғалымдар жабайы өсiмдiктердiң құндыларын зерттеп, ең жақсыларын таңдап алады.Оларды өсiрудiң агротехникасын жолға қояды. Өсiмдiктердi өсiрудiң тәжiрибесi ұрпақтан ұрпаққа берiлiп келедi. Адам қай кезде де өз қажетi үшiн, сапасы ең жоғары өсiмдiктердi таңдай бiлген.
Мәдени өсiмдiктердiң көпшiлiгiнiң көп өзгергенi сондай, олар өздерiнiң жабайы туыстарына мүлдем ұқсамайды. Сондықтан көп жағдайда мәдени өсiмдiктердiң шығу тегiн анықтау оңайға түспейдi.
Агрономия ғылымының дамуына байланысты адамның өсiмдiкке әсер ету қабiлетi өсiп келедi. Мәдени өсiмдiктердiң әр түрлi сорттары шығарылады. Сорт дегенiмiз- өзiне тән белгiлерi мен қасиеттерi бар бiртектес өсiмдiктердiң тобы. Егiн шаруашылығында дәндi дақылдар мен көкөнiстiк өсiмдiктер негiзiнен тұқымдары арқылы өндiрiледi. Бұл жағдайда сорттың белгiлерi мен қасиеттерi сақталып отырады.
Жемiс-жидек өсiмдiктерiн өсiру шаруашылығында сорт деп айқын байқалатын белгiлерi (бөрiкбасының пiшiнi, жемiсiнiң үлкендiгi, түсi, дәмi, т.б.) мен қасиеттерi (түсiмдiлiгi, ұзақ өмiр сүруi, суыққа төзiмдiлiгi, әртүрлi зиянкес жәндiктер мен ауруларға төзiмдiлiгi, т.б.) бар вегетативтiк жолмен көбейетiн өсiмдiктi айтады. Тұқымнан өсiрiлген жемiс- жидектi өсiмдiктер, аналық өсiмдiктiң қасиетiн қайталамайды. Сортты ұзақ жылдар бойы әр түрлi жағдайда өсiру (олардың көпшiлiгi жүздеген ылдар бойы өсiрiледi) жаңа белгiлер мен қасиеттердiң пайда болуына әкелiп соқтырады. Бiр сорттан оның бiрнеше түрi шығады. Егер өсiмдiктiң белгiлерi мен қасиеттерiнiң аналық өсiмдiктен айырмашылығы көп болса, жеке сорт ретiнде бөлiп шығарады.
Өсiмдiктiң сорттарын шығарудың жаңа жолдары мен тәсiлдерiн ойлап табумен селекция ғылымы (латынша «селекцио» — таңдау, сұрыптау) айналысады. Селекционерлер адамға қажеттi қасиеттерi мол (өнiмдiлiгi жоғары, ауруға көп шалдықпайтын, әр түрлi ортада өсуге бейiмделгiш) жаңа сорттарды шығарумен шұғылданады.
Селекционерлердiң жұмыстарының арқасында көптеген ауыл шаруашылық дақылдарының өнiмдiлiгiн бiршама арттырудың мүмкiндiгi туды. Мысалы, П.П. Лукьяненко шығарған (Безостая 1, Аврора, Кавказ); В.Н. Ремесло шығарған (Мироновская юбилейная, Мироновская 808, Ильичевка және басқалары) бидайдың сорттары өндiрiстiк мақсатта сепкеннiң өзiнде гектарына 50-70 центнерден өнiм бердi. Селекционер ғалым Н.Л. Удольская шығарған жаздық бидайдың Қазақстан – 126 сорты өндiрiстiк мақсатта сепкенде гектарына 54 центнерден өнiм берген. Суғармалы жерге негiздеген Қазақстан- 3 сорты гектарына 66, ал суғарылмайтын жерге шығарған Қазақстан- 4 сорты гектарына 38 центнерден өнiм бередi. Осы сорттардың себiлетiн жер көлемi миллиондаған гектарға жетедi. В.С. Пустовойт селекциясынан шыққан күнбағыс сортының тұқымшасында 57%- ке дейiн май болады. Жүгерiнiң түсiмдiлiгi жоғары сорттары суғармалы жерлерде гектарына 150 центнерден дән бередi.
Республиканың азық- түлiк өнiмдерiн арттыруға арналған бағдарламада селекциялық жұмыстарды бұрыңғыдан да күшейту мәселесi тұр. Сонымен бiрге ауыл шаруашылық дақылдарының жаңа сорттарын өндiрiске енгiзу мiндетi қойылып отыр. Бұл сорттар осы кездегi ауыл шаруашылығы сұранысына сай келуге тиiстi. Олар қолайсыз жағдайларға төзiмдi және сапасы мен өнiмдiлiгi жоғары болуы тиiс. Мысалы, күздiк бидайлардың өнiмдiлiгi гектарына 80-90, ал жаздық бидайлардың өнiмдiлiгi 45-60 центнерден төмен болмауы қажет.
Бiздiң республикамызда әр түрлi ғылыми — зерттеу институттары мен өсiмдiктердiң селекциялық орталықтары бар.
Барлық жаңа сорттар мiндеттi түрде мемлекеттiк сынақтан өтедi. Сынақтан табысты өткен, бұрын егiлiп жүрген сорттардан, артықшылығы байқалған сорттарды келешекте себуге рұқсат берiледi. Қазiргi кезде бұрыңғы колхоздар мен совхоздардың орнында шағын шаруа қожалықтары пайда болды. Осы шаруа қожалықтарының егiстiк алқаптарында, мәуелi бауларында 5000- нан астам өсiмдiктердiң аудандастырылған сорттары егiледi. Өндiрiске енгiзiлген сорттардың 500-ден астамынан астық өнiмдерi алынады. Сонымен бiрге 100- ден астам картоп, 30- дай күнбағыс, 750- дей көкөнiстiк және 15000- дай жемiс – жидектiк сорттарынан өнiм жиналады. Өндiрiстiң сұранысына сай келмейтiн сорттар, арнайы комиссияның шешiмiмен өндiрiстен алынып тасталынады.
Осы аталған дәндi дақылдардың барлығының тағамдық мәнi зор. Олардың бiрқатары аса құнды малазықтық өсiмдiктер. Бұлардың iшiнде тағамдық өсiмдiк ретiнде ең маңыздысына бидай жатады. Бидай – өте ертеде мәденилендiрiлген өсiмдiк. Оны адам баласы 10 мың жылдан аса уақыттан берi сеуiп келедi. Бидай дәндерi адамның алғашқы қоныстанған жерлерiн қазып, зерттегенде табылып жүрдi. Египет пирамидаларынан да қазiргi кездегi бидай дәндерiне ұқсас дәндер табылған.
Ауылшаруашылық өсiмдiктерiнiң iшiнде бидай аса маңызды дәндi дақыл ретiнде бiрiншi орында тұрады. Оны 40- тан астам елде себедi.
Ауыл шаруашылығының алдында тұрған басты мiндет, тез арада астық өнiмдерiн молайту болып табылады. Бидай өнiмдерi республикада өндiрiлетiн астықтың жартысынан көбiн құрайды. Себебi бидайдан сапалы нан пiсiрiледi, макарондар, жармалар, т.б. алынады. Соған байланысты бидайдың құнды сорттарын өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруға көп көңiл бөлiнiп отыр. Сонымен бiрге, дәндi бастыру, қамбада сақтау кездерiнде, ысырапқа жол бермеу мәселесi де қолға алынуда.
Нан – бiздiң баға жетпес байлығымыз. Нан – диқандар қауымының, механизаторлардың, ауыл шаруашылық мамандарының, ғалымдардың ересен еңбегiнiң жемiсi.
Жер бетiнде бидайдың 20-дай түрi кездеседi, әрбiр түрдiң көптеген сорттары бар. Олардың өздерiне тән тұрақталған белгiлерi болады.
Бидайдың сабағы – сабан. Оның буындары мен буынаралықтары айқын көрiнедi. Бiр өсiмдiк 2-4 – тен 12-ге дейiн, кейде одан да көп сабақтар бередi.Бидай жапырақтары ұзын, жiңiшке таспа тәрiздi болып келедi және параллель жүйкеленедi. Сонымен бiрге жақсы жетiлген жапырақ қынапшасы болады. Гүлшоғыры- күрделi масақ, ол көптеген масақшалардан тұрады. Әрбiр масақтың осiнде екiден масақтық қабыршақтар орналасады. Осы қабыршақтардың қолтығында 2- ден 7-ден гүлдер жетiледi (41-сурет).
Бидай гүлiнiң құрылысы, астық тұқымдасына тән болып келедi: 2 гүл қабыршығы, 3 аталығы 1 аналығы болады. Аналығының сыртын түктер жауып тұрады, оның аузы қостелiмдi болып келедi, мойны болмайды. Әле толық ашылмаған бидай гүлдерiнде өзiн-өзi тозаңдаңдыру жүредi. Жемiсi — дән.
Ең маңыздылары қатты және жұмсақ бидайлар. Қатты бидайдың эндоспермi тығыз болады. Қатты бидайды ерте көктемде себедi. Ол топырақ және климат талғайды. Қатты бидай ауа райы жылы, жарығы мол, топырағы құнарлы Оңтүстiк және Оңтүстк шығыс аудандарда себiледi. Қатты бидайдың сортарын Қазақстанның солтүстiк аймақтарының астықты аудандарында көптеп себедi.
Қатты бидай эндоспермiнiң төрттен бiрiн ақуыз (белок) түзедi. Ақуыз (белок) — сапаның көрсеткiшi. Егер эндоспермдегi ақуыздың мөлшерi 14-15% жетсе, онда бұл дәннiң сапасының жоғары болғаны. Эндоспермнiң маңызды бөлiгiнiң бiрi желiмтек (клейковина). Желiмтектiң көп болуы нан пiсiргенде, әсiресе макарон дайындағанда аса қажет. Жоғары сортты ақ нанды және макарондарды қатты бидайдың дәндерiнен алады.
Жұмсақ бидайдың эндоспермi борпылдақ, ұнтақ тәрiздi келедi әрi ақуызға (белокка) онша бай болмайды. Жұмсақ бидай топырақ пен жылылықты таңдамайтындықтан барлық жерлерде кеңiнен таралған.
Қазақстанда күздiк және жаздық бидайлар себiледi. Жаздық бидайды ерте көктемде себедi, және сол жылы жазда одан өнiм алады. Күздiк бидайды күзде себедi, ал өнiмдi одан келесi жылы жазда жинайды.
Сабақты бекіту сұрақтары:
-мәдени өсімдіктерге сипаттама
-мәдени өсімдіктердің маңызы
-еліміздегі мәдени өсімдіктерді ата
-мәдени өсімдіктерді қорғау шаралары
Қорытынды
Үйге тапсырма:Еліміздегі мәдени өсімдіктер туралы ақпарат құралдарынан мәліметтер қарастыру Тәрбие.орг сайтынан "Еліміздегі мәдени өсімдіктерді қорғау" Биологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Есенбаева Ләйлә Амангелдіқызы

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ұланбел ауылы М.Әуезов атындағы орта мектебі биология пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar