Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
:«Гүл –таңғажайып дүние » биология пәнінен кластан тыс шара.
  • 29.03.2016
  • 523 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18213

Мақсаты: Оқушылардың білімдерінің деңгейін анықтау, биология пәніне деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сақтауға, бірін-бірі құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
І.Кіріспе
Барысы: Құрметті оқушылар бүгін біз «Гүл- таңғажайып дүние » атты танымдық сайыс өткізгелі тұрмыз, бұл жерде сіздер биология пәнінен алған білімдеріңізді, кімнің ойы жүйрік, қиялы ұшқыр, ізденімпаз, жігерлі де қайратты екеніне көз жеткіземіз.
Табиғаттың бөлінбес болшегінің бірі — өсімдік. Өсімдік адам баласы үшін, ішсе тамақ, кисе киім, жақса отын, малына өріс, езіне қоныс болған. Сондықтан «Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын», «Көкті жұлма көктей соларсың» деген даналық сөздері осы өсімдікті қадірлеп, қастерлеуден туған.«Гүл — дүние көркі» десек қателеспейміз. Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі. Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады. Мерекелерде, туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау - үлкен құрметтің белгісі. Сондықтан бүгінгі сабағымыз осы гүлдер әлеміне арналады
Сайысқа 3 топ қатысады.
Сайыс 5 кезеңнен тұрады:
І. Таныстыру/ топтың аты, газет, эмблеманы қорғау/
ІІ. Деңгейлік сұрақтар
ІІІ. Гүл макетін жасау.
ІV. Гүлге байланысты мақал- мәтелдердің жалғасын табу.
V. Бейнесұрақ

І кезең. Таныстыру. Екі топ бірін - бірі таныстырып өтеді. Ең жоғарғы ұпай 10 балл
І топ
ІІ топ.
ІІІ топ
ІІ кезең. Деңгейлік сұрақтар
10 20 30
10 20 30
10 20 30
10 /1/ Гүл серігі дегеніміз не?
10 /2/- Аналықтың құрылысы
10/3/- Аталықтың құрылысы

20 /2/- Тозаңдану және оның түрлері
20 /2/ - Қосарланып ұрықтану дегеніміз не, оны кім ашты
20 /3/ - жеміс неден, тұқым неден пайда болады?

30 /1/ -Ең алып гүлді ата
30 /2/ - Ең көріксіз гүлдер қандай өсімдіктерде кездеседі
30 /3/ - Барлық мүшесі 7 санынан тұратын өсімдікті ата

ІІІ. Гүл макетін құрастыру . 10 ұпаймен есептеледі / түрлі түсті қағаздар, клей, қайшы/

ІҮ. Гүлге байланысты мақал- мәтелдердің жалғасын табу.

1. Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі
2. Күлкісіз болса ел мұңды, гүлсіз болса жер мұңды
3. Ана көркі ұл, дала көркі гүл
4. Көбелек гүлді саағынар
5. Әр атаның өз ұлы бар, әр бұтаның өз гүлі бар
6. Үкісіз қыз болмас , тікенсіз гүл болмас

Ү. Бейнесұрақ
1 Раффлезия гүлінен неліктен сасыған еттің иісі шығады?
Жауабы : себебі оргаикалық заттары ыдыраған кезде күкіртті газдың және аммиактың бөлуіне байланысты

2. Аналықтың мойыны өте ұзын гул қай өсімдікте?
Жауабы: Жүгеріде

3. Гүлдердің әр түрлі болуы неге байланысты ?
Жауабы: Хромопластидтерге
Сауалнама. (сабаққа қатысып отырған сынып ата-аналарымен, ұстаздармен сауалнама жүргізілді). Гүлдің қандай түсті болғанын қалайсыз?
Қызыл — белсеңділік пен өмірлік күш қуаттың белгісі. Бұл түсті батыл, табанды, ерік-жігерлі адамдар ұнатады. Олар қызба, әсершіл, қызуқанды келеді. Негізінен олар жетекшілер.

Қызғылт — жалынның түсі, негізінен ол адамдар ыстық қанды келеді. Олар жарқын, айырықша адамдар. Көптің ішіңде ерекшеленіп тұрады. Жұрттың назарын өзіне аударып алады. Алға қойған мақсаттарына жету жолында өмірлерін қиюға әзір.
Сары - жылу мен жарықтың түсі. Бұл адамдар көпшіл, достыкқа берік, еркіңдікке талпынғыш. Ол бәрінен де өз еркіңдігін биік қойып, әр түрлі шектеулерді жек көреді. Көңіл күйі тез өзгергіш, оптимист адам.
Алқызыл — нәзік жанды ұяң жандардың түсі. Осындай адамдар туралы жұрт өмірдің тек жақсы, жарқын жақтарын ғана елеп ескеріп, қараңғы тұстарын ескергісі келмейді. Аузын ашса жүрегі көрінетін, кіршіксіз, табиғи болмысты биязы және әдемі заттармен жайлылықты сүйетін адам. Оған сезімталдық, нық сенімділік қасиеттері де тән.

Ақ — шаттықтың түсі. Ақ түсті ұнататындар өте әсершіл, қызба келеді, тез еліктегіш. Мұндай адамдар кейде өзінің ықпалында қалады, кейде ол өзгенің ықпалында да кетеді. Оларға өздерін демеп, бағыттап отыратын сенімді достар ауадай қажет.
Көк — адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты ең жоғары бағалайтын адамдар. Олар достықты бағалап, ал махаббатты бәрінен жоғары қояды. Олар зұлымдықты, салқын Сонымен балалар, біздер бүгін гүлдер әлеміне саяхат жасадық. Табиғатта гүлдердің түрі ете кеп, олар сан алуан. Олар туралы бір ғана тәрбие сағатында айтып жеткізу мүмкін емес. Гүлдер бізді әсемдікке, ізгілікке тәрбиелейді. Елбасының халыққа жолдаған «Жасыл ел» бағдарламасын орындау жолында өз үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін сыныптағы бөлме өсімдіктерін күтіп баптап, аялап отыруымыз керек. Мектеп, өз үйіміздің айналасын көғалдандыру, жасыл желекке айналдыруға ат салысу бәріміздің парызымыз.

Осындай эстетикалық бағыттағы тәрбие сағаттары балалардың қоршаған ортаға деген оң көзқарастарын қалыптастырады, ізгілікке тәрбиелейді
дықты, араздықты ұнатпайтын ақ тілекті жандар.
Қорытынды Ұпай сандары есептеліп, Жеңімпаздар марапаталады. Тәрбие.орг сайтынан :«Гүл –таңғажайып дүние » биология пәнінен кластан тыс шара. Биологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Акыпова Жанар Советбековна

Қаскелең қаласының зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты Биология пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Биологиядан ашық сабақтар | Логин: akipova_zhanar78
Көрсетілім: 523 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar