Көп жасушалы ағзалардың мұхиттар мен теңіздерде таралуы.

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 786
  • Биологиядан ашық сабақтар
  • 19/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20584


Пәні: Биология және география Күні: 29.11.2016 Сыныбы: 7 «А»сынып
Пән мұғалімдері :Даулеткалиева Миргуль Каршигаевна.Акжолова Лаззат Жуматаевна
Сабақтың
тақырыбы Көп жасушалы ағзалардың мұхиттар мен теңіздерде таралуы.
Сілтеме Биология 7 класс.
Мақсаты
Оқушыларға көп жасушалы ағзалардың мұхиттармен теңіздерде таралуы.
Олардың ерекшеліктеріне тоқталу.
Күтілетін
нәтижелер
Көп жасушалы ағзалардың мұхиттар мен теңіздерде таралуын біледі.
Тақырыпқа байланысты материал жинақтау.
Сабақтың түрі Кіріктірілген сабақ
Пәнаралық байланыс Биология,география
Қолданылатын әдістер «Кір жаятын жіп»,Ой шақыру ,Жұмбақтар,Мағынаны тану,Сызықты диктант,тест жұмыстары,
Керекті жабдықтар
Оқулық, кеспеқағаздар, ватман, стикер, маркер т.б
Сабақтың барысы:
Сабақ
кезеңдері Уақыт Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті ресурс бағалау
Ұйымдастыру болімі.

Психологиялық тренинг

Топқа бөлу

Кіріспе

1 мин

2мин

5мин

Оқушылармен амандасу.Оқушыларды түгендеу.
Оқушылар 3шеңберге тұрып.Әр шеңбер медуза,актиния,теңіздің іс қимылын жасай отырып оқушылар бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Медуза,теңіз,актиния суреттері арқылы топқа бөлінеді.
Кір жаятын жіп әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыптарды қорытындылай отырып сұрақтар қоямыз.
1.Ұйқы ,нагана ауруын қан сорғыш шыбын –цеце таратады.
2.Паразиттік жолмен тіршілік ететін құртамыш қандай ауруға душар етеді?(кокцидоз)
3Адам үшін қауіпті аурудың бірі-безгек паразиті.
4.Бір жасушалы .(амеба,эвглена,кебісше)
5.Денесінен жарық бөліп,түнге қарай нұрға бөлейді?(түншырақ)
6.Гидросфераның негізгі бөлігі(дүниежүзілік мұхит)
7.Дүние жүзілік мұхит суының ауданы(361,1млн км2)
8.Мұхит суының басты қасиеттері(температура мен тұздылығы)
9.Мұздықтар нешеге бөлінеді(бір жыл,көп жыл,қозғ,қалқыма)
10.1литр мұхит суындағы еріген тұздардың мөлшерін не деп атайды?(тұздылығы)
Оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы киімдерді кір жуғышқа іледі.Сол кезде жаңа тақырып шығады

Қыстырғыш,жіп


Смайликтер
арқылы


Тұсаукесер

Ой шақыру
3 мин

3 Бейне көрініс(мұхит тіршілігі).

Тұщы суда мекен етіп тұрады
Өзі жыртқыш .жемін аулар қырағы
Табаны бар-бұл белгісі келесі,
Іші қуыс,қос қабатты денесі(Гидра,гидра-
2.Тас денйін десең ,тас емес,
Онсыз асың ас емес(тұз,соль,солц)
3.Пішіні оның қол шатырға ұқсаған
Еркін жүзу тән қасиет дәл соған
Жиегінде бар көптеген шашағы
Қуыстағы суын артқа шашады.(медуза-
4.Суға батпайды
Отқа жанбайды(мұз,лед,айс)
5.Ұқсайды ол бұталы көп ағашқа
Көрінеді көзге ерекше оғаш та
Бірақ-тағы ағаш емес,жануар
Ойлан-дағы,шешуін сен тауып ал.(маржан полиптері)
6.Аяғы жоқ,қолы жоқ
Бірақ тыныш тұрмайды
Сақтамасаң-қорын тек
Барша тірлік құрайды(су-вода-отэ)

Бейнекөріністі оқушылар тамашалайды.

Оқушылар жұмбақтарды шешу арқылы картаға орналастыру.

Үш шапалақ
Негізгі бөлім

15
мин

Мұхиттағы тіршілік иелері.(планктон,нектон,бентос)
1 топ.Планктон.Планктон ағыстардың әсерінен еркін қозғалатын алуан түрлі қарапайымдылардан ,ұсақ шаяндардан,теңіз құрттарынан,ішекқуыстылардан және бақалшақтан тұрады.Өсімдіктер планктоны-жануар планктоны негізгі қорек көзі.Мұхиттағы аса ірі сүтқоректілер(кит тәрізділер мен ескек аяқтылар )планктонды азық етеді.
Оқушылар аквариумге орналастырады.оларды қорғайды. Суреттер, Топтың жұмысын стикер арқылы бағалау.
Бағалау критерийлері:
1.мазмұнының ашылуы.
2.баяндаушының шеберлігі.
3.Әсемдігі,презинтация деңгейі,постер.
Жоғары
Орташа
Төмен




Ішікқуыстылар деп аталу себебі:олар екі қабаттан тұрады.денесінде бір қуыс болады.екі қабат.1.эктодерма,энтодерма.Жалпы 9000ға жуық түрі бар.Ішекқуысты жәндіктердің типі 3класқа жіктелген;1гидра тәрізділер,2табақша тәрізділер,3көп қармалауыштар.медузалар дене пішіні қол шатырға ұқсаған.Ішекқуыстылар жекеде,шоғырланып тіршілік етедіМедузалар денесінің табан бөлігі болмайды.Қуыстағы пайда болған су сығылады да,қолшатырдың дөңес жағымен медузалар алға қарай жылжиды.
Нектон.Мұхит сулары мен оның беткі бөлігінде еркін жүзетін балықтар,теңіз сүт қоректілері,теңіз жыландары,тасбақалар,ірі моллюскалар(сегіз аяқ,кальмар)Нектон неғұрлым ірі жануардан тұрғанмен ,олардың жалпы биомассасы бентостың жиынтық массасынан 23есе аз.
Сегіз аяқ.Су түбінде баяу қозғалады.Өзге басаяқтылар тәрізді сегізаяқ жауынан сиялы сұйықтығын шашып,құтылып кетеді.Бір қызығы сегіз аяқты «Сиқырлап»ұйықтатуға болады.Ол үшін сегізаяқтың аузын жоғары қаратып,қармалауыштарын төмен салбыратса болды.Ол дереу ұйқыға батады.Енді оған не жасаса да сезбей ,ұйықтай береді.Кейбір елдерде тағам ретінде пайдаланады.Басаяқты ұлулардың бір өкілі-кальмар.Шеміршекті бассүйегінде ми орналасады.Бұл оның басы.Бастың екі жағында үлкен көздері бар.Оның құрылысы адам көзінің құрылысына ұқсас.Бір қызығы :Көздің біреуі бір затты,екіншісі екінші затты жеке-жеке көре алады.Кальмар су тереңінде сағатына 50шақырымдық жылдамдықпен жүзіп,қорегін аулайды.Басаяқтылар деп аталуы аяғы басында болғандықтан.800ге жуық түрі бар.
Бентосты мұхит түбінде бекініп тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі құрайды.Олар мұхит түбінде тіршілік етуге бейімделген әр түрлі балдырлардан,теңіз шөптерінен,тікен терілерден,шаян тәрізділерден,маржан полиптерден тұрады.Бентостағы тіршілік дүниесі селбесіп өмір сүруге бейімделген.Дүние жүзілік мұхит суларында жануарлардың 150 мыңға жуық,өсімдіктердің 15 мыңнан астам түрі кездеседі.Олар саны жағынан өте көп болуымен ерекшеленеді.Теңізде ғана өмір сүретін отырықшы жәндіктер-маржандар.шоғырлы жәндік-қызыл маржан,теңіз қауырсыны.Көп қармалауышты маржандар-теңіздерде көп тараған.Олардың әктен түзілген қаңқаларынан тропиктік теңіздерде су астында үйінді пайда болады.Қаңқалар үйіндісінен жартас-риф және шеңберлі жартас –аттолл түзіледі.Бұлардың үш түрі бар:1.тосқауыл риф,жағалық риф,шеңберлі риф немесе атолл.Әк алуға көбінесе маржандардың қаңқаларын пайдаланады.

Слайд құрастырып,қорғайды.

Постер қорғайды.



Бекіту.

7 мин 1Семантикалық карта .
Планктон нектон Бентос
Медуза +
сегізаяқ +
маржан +
Ұсақ шаян+
тікетерілер +
Қалқыма +
Кальмар
Теңіз сүтқоректілері
Теңіз жыландары
Тасбақалар +

+
+

+

2.Географиялық диктант

3.Сызықты диктант.
Мұхиттағы тіршілік таралуы географиялық ендікке байланысты.дұрыс.
2.Актиния теңіз гулі емес.бұрыс
3.Құлақты медуза –дара жынысты.дұрыс
4.Мұхиттағы тіршілік ұзақ геологиялық уақыт аралығындағы су массаларының қасиеттерін өзгертіп отырады.дұрыс
5.Мұхитты жер шарындағы тіршілік бесігі деп атайды.дұрыс
6.нектон грек тілінен аударғанда қалқыма деп аталады.бұрыс Оқушылар семантикалық карта орындау.

Сызықты диктант орындайды. Бағалау парағы
Семантикалық карта
9-10-«5»
7-8-«4»
4-6-«3»

Геогрфиялық диктант
6-5-«5»
5-4-«4»
3-4-«3»

Сызықты диктант
6-5-«5»
5-4-«4»
3-4-«3»
қорытынды

5мин Тест.
1.Ішекқуыстылардың түрі?
А)9000 б)8000 в)5000
2.Маржандар неше түрлі риф түзеді?
А)2 б)4 в)3
3.Ішек қуыстыларда қандай құбылыс жақсы дамыған-регенерация
4.Жағаға ұласып жатса?
А)жағалық б)шеңберлі в)тосқауыл
5.Теңіз гүлі?
А)актиния б)медуза В)маржан
6)160тоннаға дейін жететін тіршілік иесі?
А)кит б)акула в)сазан
7)Грек тілінен аударғанда «қалқыма »деген мағынаны береді?
А)нектон б)планктон с)Бентос
8)Дүниежүзілік мұхиттың қай кездігі ең бай аудан?
А)қоңыржай Б)экватор С)субтропиктік
9)Бентос грек тілінен аударғанда ?
А)тереңдік б)қалқыма в)жүзгіш
10)Дүниежүзілік мұхит суларында жануарлардың неше түрі бар?
А)180мың б)150мың в)120мың Оқушылар жеке болып жұмыс жасайды. Интер тақта. 9-10-«5»
7-8-«4»
4-6-«3»

Үйге тапсырма

Рефлексия 1мин

2мин Көп жасушалы ағзалардың теңіздерде және мұхиттарда таралуы.

*Мен тақырыпты жақсы түсіндім және тапсырманы оңай орындаймын.(планктон)
*Мен тақырыпты дұрыс түсінген жоқпын және тапсырманы орындауда қиналамын.(нектон)

*Мен тақырыпты мүлдем түсінген жоқпын және тапсырма маған қиындық тудырады.(бентос) Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

Оқушылар берілген кері байланысқа қарай жауап береді.
Бағалау 2 мин Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.
[hide] Тәрбие.орг сайтынан Көп жасушалы ағзалардың мұхиттар мен теңіздерде таралуы. Биологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Даулеткалиева М.К. Акжолова Л.Ж

Ембі қалалық №1орта мектеп биология және география

Пікірлер: 0

avatar