Күрделігүлділер

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 72
  • Биологиядан ашық сабақтар
  • 08/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23290


Рубежин ЖОББМ-балабақшасы
«Бекітемін»
___________________
ДОІМ: Э.С.Таксымбаева

Ашық сабақ
Тақырыбы: «Күрделігүлділер тұқымдасы»

Пән мұғалімі:А.Ж.Губайдуллина
Сыныбы:6 «а»

2017-2018 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы:Күрделігүлділер тұқымдасы
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға шақыра отырып,күрделігүлділер тұқымдастарына жататын өсімдіктердің сан-алуан түрлері мен ерекшеліктеріне сипаттама беру арқылы, олардың адам өміріндегі пайда-зиянын түсіндіру,өткен сабақпен байланыстырып ерекшеліктерімен айырмашылықтарын ұғындыру, білімдерін толықтыру.
Күтілетін нәтежие:Оқушылар сабақ барысында күрделігүлділер өкілдерімен таныса отырып,күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдік өкілдері мен олардың маңызды ерекшеліктерін сонымен қатар шаруашылыққа тиімді жақтарын талдап жаңа ақпарат алады.
Не арқылы бағаланады:Жаңа сабақтағы белсенділіктері мен үй тапсырмасы,қосымша сұрақтарға жауап беру,көрнекіліктермен жұмыстану шеберлігі ескеріліп бағаланады.
Сабақ түрі:дәстүрлі емес
Көрнекіліктер:ватман,кестелер,кеппе шөптер,гүлдердің моделі,түрлі-түсті маркерлер,стикерлер,видеоролик
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
І.Қызығушылықты ояту
ІІ.Мағынаны тану
ІІІ.Толғаныс
ІV.Рефлексия
V.Үйге тапсырма беру
VІ. Бағалау
Ұйымдастыру.
-Амандасу
-Кезекшімен сұхбат
-Сабаққа дайындау
Тренинг:«Ұйымшылдық ұраным» сыныпта психологиялық ахуалды орнату арқылы оқушылар бойына сенімділік қалыптастыру.
Үй тапсырмасы:Венн диаграммасы және сәйкестікті табу арқылы тексеріледі
А)

Б)
Азықтық Малазықтық Сәндік Дәрілік

1.бұршақ 5.жоңышқа
2.жантақ
3.түйежоңышқа
4.боз қараған 6.мия

І.Қызығушылықты ояту. Жаңа тақырыпты жұмбақ жасыру арқылы ашу

Бүрі,бүрі,бүрі бар,
Күн келбетті түрі бар. (Күнбағыс)

Жүзiн орап гүлменен,
Күнге қарап телмiрер.
Тiспен шағып,
Тiлменен,
Дәмiн татқан ел бiлер. (Күнбағыс)
Кеппе шөптерден күрделігүлділердің жинақтамасын табу.
Суретке қарап өсімдіктің атауын табыңыз. Бұл өсімдік туралы не білеміз? Тағы осыған ұқсас қандай өсімдіктерді білесіздер?
Жаңа сабақтың тақырыбы ашылып, оқушылар оқулықпен жұмыс істейді.
ІІ.Мағынаны тану
 Күрделігүлді тұқымдас өсімдіктер
 Күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің ортақ белгілері
 Маңызы
 Түрлері
тақырыбы аясында оқулықпен жұмыстана отырып постер жобасын көрнекіліктерді қолдана отырып қорғайды.
ІІІ.Толғаныс.№26 зертханалық жұмысты орындау арқылы бекітеді
Жаңа тақырып пен өткен тақырыпты байланыстырады.
Мұғалім толықтырып өтеді
Биологиялық диктант орындау
Биологиялық диктант
1.Гүлдердің құрылысы әртүрлі және пішіні мен құрылысына байланысты себетгүлде тілше,түтікшелі,қосерінді, жалған тілше,гүлдер орналасады.2.Міне сондықтан осы топқа жататын өсімдіктер күрделігүлілер деп аталады. 3.Күрделігүлділердің жемісі тұқымша деп аталады.4.Гүлшоғыры себетгүл.5.Май алынатын түрлері күнбағыс,мақсыр.6.Дәрілік шөптер өкілі түймедағы,бақбақ,итошаған.7.Сәндік түрлері бақытгүл,нарғызгүл.8.Формуласы Т0К(5)А(5)Ж(2).
ІV.Рефлексия
“Бес саусақ ”
Бас бармақ- басты мәселе. /Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?/
Балалы үйрек-бірлесу. /Мен топта, жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?/
Ортан терек-ойлану. /Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?/
Шылдыр шүмек- шынайылық. /Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?/
Кішкентай бөбек-көңіл-күй ахуалы. /Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?/
Өзін-өзі бағалау. «Блоб ағашы»
V.Үйге тапсырма беру:§29 оқу,қосымша мәлімет жинау
VІ. Бағалау.
Азықтық Малазықтық Сәндік Дәрілік


1.бұршақ
2.жантақ
3.түйежоңышқа
4.боз қараған
5.жоңышқа
6.мия

Биологиялық диктант
1.Гүлдердің құрылысы әртүрлі және пішіні мен құрылысына байланысты себетгүлде тілше,түтікшелі,қосерінді, жалған тілше,гүлдер орналасады.2.Міне сондықтан осы топқа жататын өсімдіктер күрделігүлілер деп аталады. 3.Күрделігүлділердің жемісі тұқымша деп аталады.4.Гүлшоғыры себетгүл.5.Май алынатын түрлері күнбағыс,мақсыр.6.Дәрілік шөптер өкілі түймедағы,бақбақ,итошаған.7.Сәндік түрлері бақытгүл,нарғызгүл.8.Формуласы Т0К(5)А(5)Ж(2). Тәрбие.орг сайтынан Күрделігүлділер Биологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Губайдуллина Анаргуль Жумажановна

БҚО Зеленов ауданы Рубежин жалпы орта білім беретін "мектеп-балабақша" кешені Биология пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar