Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Кенелер
  • 29.03.2016
  • 529 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18200

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (37.5Kb)

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Достық ауылы «Қаратұрық орта мектебі» КММ
Жарияланды 28.03.2016жыл Категориясы: Биология
биология пәні мұғалімі Амилова Бостангуль Махаметовна

Сабақтың тақырыбы: Кенелер
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға кенелер, олардың құрылысы туралы түсінік беру.
2.Кенелердің пайда болу жолдары, адамға ауру туғызатын түрлері туралы білімін дамыту.
3.Ауыл шаруашылығына тигізетін зияны жөнінде айта келе, алдын ала шараларын өткізуге, өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі сұрақ – жауап,билингвальды, тест, постер қорғау
Сабақтың көрнекілігі: түрлі - түсті суреттер, видеоресурс, тірек-сызбалар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, түгендеу.Оқушылардың сабаққа дайындығын көру..

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
1) Паразитология нені зерттейді?
2) Жалпақ құрттар типінің қанша түрі кездеседі?
3) Жалпақ құрттар типі неше классқа бөлінеді?
Оқушылар сұрақтарға кластер сызу арқылы жауап береді.
ІІІ.Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
Жоспары;
1.Өрмекшітәрізділерге жалпы түсінік беру
2.Кенелердің дене құрылысы.
3.Кенелердің ағзалық жүйесінің ерекшеліктері.
4.Ауылшаруашылығына және адам денсаулығына келтіретін зияны.
5.Қорытынды.
ІV.Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқушыларды 3 топқа бөліп,
1топ- Өрмекшітәрізділерге жалпы түсінік беру, кенелердің дене құрылысы.
2топ- Кенелердің ағзалық жүйесінің ерекшеліктері
3топ-.Ауылшаруашылығына және адам денсаулығына келтіретін зияны
Оқулықпен жұмыс өз алдына жасайды, постер жасап қорғайды.

1 топтың жауабы:Өрмекшітәрізділердің кейбіреулерінің дене бөліктері бірігіп 2 бөлімге баскөкірек, құрсаққа – бөлінген, екіншілерінің барлық бөліктері өзара біріккен, бөлімдерге бөлінбеген, мысалы, кенелер. Бұлардың 6 жұп аяқтары, оның ішінде 4 жұп жүру аяқтары болады.
2топтың жауабы:
Ас қорыту жүйесінің құрлысы түрліше, бірақ барлық өрмекшітәрізділердің қоректену ерекшелігі – сұйық, жартылай қорытылған асты сорып қоректенеді. Ол үшін жұтқыншақ мықты дамыған бұлшықеттерден құрылған. Алдыңғы ішекке жұп сілекей бездері ашылады және ортаңғы ішекте жұп өскін – бауыр дамыған.
Зәр шығару жүйесі түрөзгерген метанефридиялардан не мальпигий тамырларынан, тыныс алу жүйесі жапырақ тәрізді өкпеден не трахеядан тұрады.
Жүйке жүйесі жұтқыншақ маңындағы сақинадан және құрсақ жүйке тізбектерінен тұрады.
Өрмекшітәрізділер өкілдерінен тек кенелер отрядының медициналық маңызы белгілі.
Тыныс алу мүшесі – трахея, зәр шығару мүшесі – мальпигий түтіктері.
Кенелер дара жынысты насекомдар.
Тіршілік циклі. Өрмекшітәрізділер толық түрленіп дамиды – жұмыртқа, дернәсіл, нимфа және имаго. Дернәсілдерінің 3 жұп жүру аяқтары болады және бүкіл денесімен тыныс алады. Олар түлеп нимфаға айналады.
Нимфалардың 4 жұп жүру аяқтары, тыныс алу мүшесі – трахеялары болады, бірақ жыныс мүшелері әлі қалыптаспаған. Нимфа түлеп имагоға айналады.
Кенелер таратушылар, паразиттер және табиғи резервуарлар болуы мүмкін.

3 топтың жауабы:
Жайылым кенелері адам терісінде, жабайы жануарлар мен ауыл шаруашылық малдарында паразиттік тіршілік етеді. Кене және оның дернәсілі даму барысында әр түрлі жануарларды иеленеді. Соған байланысты бір иелі, екі иелі және үш иелі кенелер болады. Дернәсіл ересек кене болғанға дейін бір жануарды иемденсе - бір иелі; ал дернәсіл мен нимфа бір жануарда, ересек кене басқа жануарда паразиттік етсе - екі иелі; дернәсіл кезінде бір жануарда, нимфаға айналған соң екінші жануарда және ересек кенеге айналған соң үшінші жануарда паразиттік етсе - үш иелі кенелер тобына жатады. Мысалы, ит кенесі - үш иелі жәндік. Оның дернәсілі қанға тойып алып, жерге түседі, түлейді де нимфаға айналады. Лимфа қорегін басқа жануардан табады. Бұдан соң нимфа ол иесінде тіршілігін тоқтатып, жерге түседі. Жыныстық жүйесі жетілген, ересек кенеге айналады. Ересек кене тағы бір жануарға жабысады. Сөйтіп кене даму барысында үш жануарды иемденеді. Тайгалық кене адамға ең қауіпті ауру - энцефалит (ми ауруы) ауруын жұқтырады.
V.Жаңа сабақта алған білімдерін тексеру:
1.Сұрақ-жауап.
2.Тест (ҰБТға дайындық мақсатында)
VІ.Қорытынды: Жұппен жұмыс- әр түрлі өрмекшітәрізділер бар сүреттер беріледі,бір адам оны сипаттайды, екішісі оны сүрет салып көрсетеді.
VІІ.Бағалау
VІІІ. Үйге тапсырма Тәрбие.орг сайтынан Кенелер Биологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Амилова Бостангуль Махаметовна

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұрық орта мектебі кмм Достық ауылы Биология пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Биологиядан ашық сабақтар
Көрсетілім: 529 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar