ЛАЛАГҮЛДЕР ТҰҚЫМДАСЫ

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 403
  • Биологиядан ашық сабақтар
  • 15/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20030


Сабақтың тақырыбы: Лалагүл тұқымдастар
Сабақтың мақсаты: Лалагүл тұқымдастарына жататын өсімдіктердің ерекшеліктерін білу
Сабақтың міндеті:
а) Білімділігі: Оқушылар лалагүл тұқымдасы өсімдіктерінің ерекшеліктерін біледі
ә)Дамытушылығы: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыланады. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттырады.
б) Тәрбиелігі: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетіне тәрбиеленеді.
Күтілетін нәтиже: Лалагүл тұқымдастарының ортақ белгілерімен танысады. Жабайы өсетін, мәдени, дәрілік , маңызды халық шаруашылығының өсімдіктері жайлы танымдық-шығармашылық біліктіліктерін дамытады.
 Сынып: 6
 Әдіс-тәсілдер: жеке, жұптық, топтық жұмыс, микрофон әдісі, сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары
 Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, флипчарттар,
 Дидактикалық материалдар: оқулық, слайд, электронды оқулық, кестелер, тест түрлері
Жұмыс кезеңі Мазмұны Оқушылардың қызметі Уақыт (мин) Ресурстар

Қызығу
шылықты ояту

Мақсаты: Өткен тақырыпты пысықтай отырып, жаңа тақырыпқа қызығушы
лықтары артады Ұйымдастыру
1.Оқушыларды топқа бөлу

2.Үй тапсырмасын қайталау
«Күрделігүлділер» тақырыбы бойынша биологиялық диктант белгіленеді, соңынан дұрыс жауабы беріледі.
Топ басшысында бағалау парағы болады
3.Бүгінгі сабақтың тақырыбы айтылады, әр топтың атының «Гүл формуласы», «Жемістер», «Тұқымдастар», « Тіршілік формалары» бүгінгі сабақпен қандай байланысы бары сұралады. 1.Тірек сөздер арқылы «Гүл формуласы», «Жемістер», «Тұқымдастар», « Тіршілік формалары» болып 4 топқа бөлінеді.
2.Берілген биологиялық диктант шешеді, орындап болған соң басқа топпен алмасады, бір-бірінің тапсырмасын тексереді. Әр дұрыс жауап 1 ұпай (суммативті бағалау).
Топ басшысы тобындағы оқушыларды бағалайды
3. Өз ойларын айтады 2

8

Қағаз қиындылары

Интерактивті тақта, слайд
Бағалау парағы
Мағына
ны ажырату

Мақсаты:
Оқушылар лалагүл тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысын біледі Жаңа тақырыпты меңгерту.
1.Әр топқа мәтін беріледі.
Уақыт береді.

2.Оқыған соң бір-біріне түсіндіру керектігі айтылады
3. Басқа топқа түсіндіру шараларын жасау, жұмыстарын қорғау керектігі айтылады

1.Әр топ мәтін алады. Берілген мәтінді оқиды.
І- топ. Даражарнақтылар класына жататын өсімдіктердің ортақ бегілерін түсіндіреді
ІІ-топ. Лалагүл тұқымдастарына жататын өсімдіктердің гүлінің құрылысымен таныстырады
ІІІ- топ. Лапыз өсімдігі туралы түсіндіреді
ІҮ-топ. Лалагүл тұқымдастарына жататын өсімдіктердің көптүрлілігі туралы түсіндіреді, мысал келтіреді
2. Мәтінді оқып болған соң бір-біріне түсіндіреді

3.Өздері меңгерген мәтін бойынша постер жасап, қоғайды.


6

4

15
Оқулық

Интернет ресурсы, интерактив
ті тақта
флипчарт, маркер, скотч, клей

Ой-толғаныс
Мақсаты:
Лалагүлділер-ді ажырата алады

1.Сабақтан алған білімдерін бекіту.
ВЕНН диаграммасы

2.Кері байланыс:
Сабақтан алған әсерлерін шығу парағына стикер ілу арқылы білдіреді
Сабақ қызықты өтті және мен үшін пайдалы болды. Қанағаттанарлық сабақ болды, бірақ мен сабақта белсенділік танытпадым. Мен үшін сабақтың пайдасы аз болды.


ВЕНН диаграммасын толтырады «Күрделігүлділер мен лалагүлділердің айырмашылығы мен ұқастығы»

2.Сабақ қызықты өтті және мен үшін пайдалы болды деген бөлікке жасыл түсті жабыстырады

Қанағаттанарлық сабақ болды, бірақ мен сабақта белсенділік танытпадым деген бөлікке қызыл түсті жабыстырады.

Мен үшін сабақтың пайдасы аз болды деген бөлікке сары түсті жабыстырады.



5

2


Слайд

Шығу парағы, стикер

Бағалау Топ жетекшілері тобындағы оқушыларды қалай бағалағанын, себебін айтады 2 Бағалау парағы
Үйге тапсырма «5» алған оқушы сөзжұмбақ құрастыру, «4», «3» алған оқушы §47.Лалагүл тұқымдастар оқу. 1 Тәрбие.орг сайтынан ЛАЛАГҮЛДЕР ТҰҚЫМДАСЫ Биологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Исина Арайлым Сиязбековна

ШҚО Семей қаласы Т.Аманов атындағы № 16 жалпы орта білім беретін КММ биология пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar