ЛАЛАГУЛДЕР ТҰҚЫМДАСЫ

  • Жүктеулер: 47
  • Көрсетілім: 2918
  • Биологиядан ашық сабақтар
  • 14/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 17928


С.Н.Имашев орта мектебі

Ашық сабақ

Лалагүлділер тұқымдасы.
6-сынып

Дайындаған. Биология пәнінің мұғалімі.
Кубашева Г.Б.

2014-2015 оқу жылы.

Күні: 10.03.2015ж 6-сынып.
С/тақырыбы. Лалагүл тұқымдастары.
С/мақсаты. 1.Лалагүлділер тұқымдасының құрылысының ерекшелігі,көбеюі жайында жан-жақты түснік беру.
2.Лалагүлділер тұқымдасының тіршілік жағдайы,көбеюі және құрылыс ерекшелігі жайында білімін толықтыру.
3.Оқушыларды лалагүл тұқымдастарында тағамдық түрінде қолдануға және дәрілік өсімдіктердің көпшілігі улы ажырата білуге қорғауға тәрбиелеу.
С/тип: жаңа сабақ.
С/түрі: аралас сабақ.
С/әдісі.сұрақ-жауап,топпен жұмыс
С/көр. суреттер, слайдтар. т.б
Пәнаралық байланыс. Жаратылыстану пәні,математика.
І.Ұйымдастыру.
Қызығушылықты ояту.
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау.
«Ойлан-тап жауап бер.» «Қағып ал да,жауап бер»
1.Тұқымдастар неліктен күрделі гүлділер деп аталады?
2.Күрделігүлділер тұқымдастарына жататын өсімдіктердің ортақ белгілері.
3.Мақсыр қанай өсімдік?
4.Масқыр өсімдігінің пайдасы жөнінде не білеміз?
5.Өгей шөптің басқа шөптекті өсімдіктерден ерекшелігі неде?
6.Алқа тұқымдасына жататын өсімдіктерді ата.
7.Баклажан қандай өсімдік.
ІІІ.Жаңа сабақ.
1.Лалагүлділер тұқымдастары.
2.Лапыз.
3.Пияз
4. Басты пияз.Сарымсақ.
1.Даражарнақты,шөптекті,көпжылдық өсімдіктер.Тамырсабақ,түйнекті пиязшығы немесе пиязшық кандауыр немесе кандауыр немесе таспа пішінді жапырақтары болады.Гүлі қосжынысты,шашақ гүлшоғырынан жиналады,ірі гүлдері жеке орналасды.Жемісі-қауашақ немесе жидек.Гүлінің формуласы: Гс3+3 А3+3Ж/3/.Ғаламшарларымызда лалагүлілер тұқымдасының 1300-ге жуық түрі өседі.Қазақстанда 57 түрі кездеседі.Лалагүлділердің шаруашылық, медициналық маңызы зор.Лапыз,тамырдәрі,қырлышөп,секпілгүл,қызғалдақ ауламызда көздің жауын алады.Дәрілік өсімдіктердің көпшілігі улы өсімдіктер.
2.Лапыз.Көпжылдық, шөптекті,биіктігі 15 см-ге жететін дәрілік немесе улы өсімдік.Күздік лапыздың қапыршақты пиязшығы топыраққа терең сіңіп орналасады.Қабыршақ оның тіршілігін сақтайды.Күздік лапыз күзде қошқыл күлгін түсті гүл жарады.Қазақстанда лапыздың сары лапыз,кессерьринг лапызы деген екі түрі өседі.Лапыздың тұқымы медицинада дәрі ретінде пайдаланылады.Тұқымнан қан ауруларын,подогро,қатерлі ісікті емдейтін дәрі алынады.Тұқымы өте улы.Ауыл шаруашылығында мұның маңызы зор.
3.Пияз тұқымдастар-даражарнақтылар класы лалагүлділер қатарына жататын даражарнақты өсімдіктер.Бұлар пиязшықты, кейде түйнек-пиязшықты және тамырсабақты,көпжылдық өсімдіктер болып табылады.Таспа тәрізді немесе сопақша жапырақтары жалпақ және түтікшелі болып келеді.Пиязшығы мен жапырағы сүтті шырынды болады.Гүлдері –ұсақ,жай шатырша гүлге жиналады.Пияз тұқымдастарды бунақденелілер тозаңдандырады.Жемісі-қауашақ.Пияз тұқымдастарды тұқымынан да,өсімді мүшесінен де көбейтуге болады.Тұқымдары жел,құмырысқалар,жануарлар арқылы таралады.Ғаламшарымызда пияз тұқымдастардың 650-ге жуық түрі таралған.Қазақстанда олардың 110-ға жуық түрі өседі.Пияз тұқымдастар-азықтық,мал азықтық,дәрілік және сәндік бағалы өсімдіктер.
4.Басты пияз-даражарнақты,көпжылдық өсімдік,көкөністік дақылдар.Диаметрі 15см-ге дейін жететін қабыршақты пиязшығы болады.Пияз өсіру ғаламшарымызда кеңінен қолға алынған.Дүние жүзінде 1,5 млн гектарға жуық егістік жерге басты пияз егіледі.Әлемде 15 млн тоннаға жуық пиязшық өндіріледі.Басты пияздың дүние жүзінде 1000-ға жуық іріктемелері бар.
Сарымсақ-пияз туысты,даражарнақты,көпжылдық өсімдік.Оның пиязшығы өте көп пиязшықтардан – «тілшелерден» құралады.Сабағының биіктігі 1 м дейін жетеді.сабағы-жалпақ,қатар жүйкелі.Гүлсидамы 1,5м биіктікке дейін өседі.Сарымсақтың өзіне тән иесі болады. Сарымсақ пиязшығының құрамында 20-27 полисахарид,нәруыз,7-28 мг С витамині бар.Бактерияларды жойып жіберетін эфир майы медицинада қолданылады.Пияз бен сарымсақта болатын ерекше ұшпа заттар фитоцидтер деп аталады. Сарымсақ –тағамдық,көкөністік өсімдік.

ІУ.Кластер әдісі арқылы топтастырады.

Лалагүлдер тұқымдасы. Пияз тұқымдасы

У.Сәйкестендіру тест.
1.қызғалдақ.
2.Кессельринг
3.лалагүл тұқымдасы
4.лалагүл тұқымдасының формуласы.
5.лапыз
6.сарымсақ
7.інжугүл
1.Биіктігі 15-20 см улы өсімдік.
2.Ғаламшарымызда 1300 түрі бар.
3.Көпжылдық шөптекті улы өсімдік.
4.Сәндік өсімдіктер
5.Қазақстандағы лапыздың түрі
6.ГС3+3 А3+3 Ж /3/
7.Пиязшығының құрамында 20-27
полисахарид, нәруыз, 7-28мг
С витамині бар.

Жауабы: 17,23,35,41,52,64 ,76

УІ. Сандар сөлейді.

14, 57, 15см, 110, 15 млн, 1м, 1,5млн, 15-20 см

Жауабы. Қазақстан қызыл кітабына лалагүлділердің 14 түрі тіркелген.
Лалагүл тұқымдасынның Қазақстанда 57 түрі кездеседі.
Лапыз-көпжылдық,шөптекті,биіктігі 15см жететін дәрілік және улы өсімдік.
Пияз тұқымдастардың Қазақстанда 110-ға жуық түрі өседі.
Әлемде 15 млн ға жуық пиязшық өндіріледі.
Сарымсақтың сабағының биіктігі 1м дейін жетеді.
Дүние жүзінде 1,5 млн гектарға жуық егістік жерге басты пияз егеді.
Інжугүл-биіктігі 15-20 см улы өсімдік.
УІІ. Сергіту сәті. «Қызғалдақ болып ашылып»
УІІІ. «Жасыл дәріхана» Дәрілік өсімдіктер жайлы мәліметтер жинап айтуларыңыз керек.
Қосымша сұрақтар.
1.Бұл шөппен қай ауруды емдейді және бұл өсімдікті мысық жақсы көреді.Бұл қандай шөп және қандай ауруға ем? /Валериана /шүйіншөп/,жүрек ауруы/
2.Қай өсімдіктің тамыры мен тамырсабағы дәрілік шикізат болып табылады?
/Валериана, мия,адамтамыр/
3.Қай өсімдіктің гүлі мен гүлшоғыры дәрілік шикізат болады? /түймедақ,қырмызыгүл,түймешетен/
4.Қай өсімдіктің жемісі дәрілік шикізат болады? /Итмұрын,шырғанақ,таңқурай,құлпынай,шетен/
5.Қандай улы өсімдіктерді бір мезгілде емдік қасиеті үшін пайдаланады? /Сасық меңдуана,інжугүл,адыраспан/
6.Неліктен моншада қайыңның сыпырғышымен парланады? /Қайыңның жапырағынан фитонцидтер бөлінеді.Олар микробтарды өлтіреді./
7.Бұл өсімдіктің шырынымен жуынуға болады және басты жууға болады.Иод орнына пайдаланылады. /Сүйелшөп/
8.Бұл өсімдіктің жапырағы мен тамырын құлағанда қатты ауырған жерге жапсырады. Бұл қай өсімдік? /Жолжелкен/
9.Бұл өсімдіктің тұнбасымен басты жуғанда шаш жылтырайды, терісі жұмсарады.Бұл қай өсімдік? /түймедақ гүлі/
10.Қандай жемістерді қызуды түсіруге пайдаланады? /лимон,құлпынай/
11.Қандай өсімдіктерді қан тоқтатуға пайдалануға болады?
/қалақай,мыңжапырақ/
12.Масадан қалай сақтануға болады? /түймедақ пен қалампыр өсімдіктерін түтіндету арқылы/
ІХ.сөзжұмбақ шешу.


т

1.Сәресіні атқарған,орылып алып бақтардан. /тары/
2.Өзі шырын,үйіреді адамның тілі. /қауын/
3.Дәні алтын,асырайды халқын. /бидай/
4.Қызыл қалпақ киеді,піскенде басын жерге иеді. /шие/
5.Төтеп берер дауылға,өсіріндер ауылға. /қарағай/
6.Қабақ-қабақ тоны бар,арасынан жемістердің танып ал. /капуста/
7.Тау-тау үйілген ақ алтын,табады оның атын кім? /мақта/
8.Қып-қызыл боп дөңгелек,бақшаларға өң береді. /томат/
9.Таңертең де,түсте де,күнге бетін бұрады.Тостағанын кішкене,тосады да тұрады. /күнбағыс/
10.Сырты қатты ұстасаң,шырынын ала алмассың қыспасаң. /анар/
11.Тұздықпен жүреді,жауабын кім береді. /пияз/
12.Өсіп тұрған талда,қып-қызыл ол /алма/
13.Еті қызыл дөңгелек,күзде жейміз күнде кеп. /қарбыз./
Х. Оқушыларды бағалау.
ХІ.Үйге тапсырма. Қызыл кітапқа тіркелген лалагүлдердің аттарын жазып әр топ сөзжұмбақ Тәрбие.орг сайтынан ЛАЛАГУЛДЕР ТҰҚЫМДАСЫ Биологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кубашева Гулсим Балтабековна

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Бірлік селосы С.Н:Имашев мектебі химия-биология пәннің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar