Мутациялық өзгергіштік

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 788
  • Биологиядан ашық сабақтар
  • 18/Июн/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19232


Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларға мутациялық өзгергіштік түрлері, олардың себептері, организмге әсері туралы білім беру. Өзгергіштіктің түрлерін жіктеу, оларды салыстыру, мутациялық өзгергіштіктің органикалық дүниенің дамуы мен жұмыстары үшін маңызды екендігін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың биология ғылымына қызығушылығын тудырып, дүниетанымын, жеке тұлғасын, коммуникативтік біліктілігін дамыту.
Тәрбиелік: Ұжымшылдыққа, өз ойларын айта білуге, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың әдісі: CТО стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: проектор, үлестірмелер, сурет - плакаттар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: Сынып оқушыларын түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрақ - жауап арқылы тексеру
ІІІ Жаңа сабақ.

«Тірек мәтін»
1. Мутация дегеніміз не? Бұл ұғымды қалыптастырған кім?

Мутация дегеніміз - организм генотипінің, яғни хромосомалар мен олардың құрамды бөліктері - гендердің өзгеруіне байланысты кездейсоқ пайда болатын, тұқым қуалайтын өзгергіштік. Бұл ұғымды ең алғаш рет голландиялық ботаник Х. Де Фриз қалыптастырды.
2. Мутагендер дегеніміз не, олардың қандай түрлері бар?
Мутация сыртқы орта факторларының әсерінен пайда болады, оларды
Мутагендер деп атаймыз. Мутагендердің 3 түрі бар: физикалық, химиялық, биологиялық.
3. Генотиптің өзгеру сипатына қарай мутацияның қандай түрлері бар?
Генотиптің өзгеру сипатына қарай мутациялар: гендік, хромосомалық, геномдық, цитоплазмалық
4. Гендік мутация дегеніміз не?
ДНҚ құрамындағы генде өзгеріс болады. ДНҚ-дағы нуклеотидтердің орны өзгереді, ДНҚ молекуласындағы бір нуклеотидтің түсіп қалуы мүмкін, немесе бір нуклеотидтің орнына басқа нуклеотид орналасады.
5. Хромосомалық мутация
Хромосомалық мутация түрлі хромосомалық өзгерістерге байланысты болады. Бұл жағдайда хромосомаларды құрылымы өзгереді. Ондай өзгерістер хромосомаішілік және хромосомааралық болып келеді.
6. Хромосомаішілік мутацияның қандай топтары бар?

Хромосомаішілік өзгерістерге мыналар жатады: дефешенсия - хромосома ұштарының жетіспеушілігі; делеция - хромосоманың бір бөлігінің үзіліп түсіп қалуы; инверсия - хромосомабөлігінің 180 - қа бұрылуына байланысты гендердің орналасу ретінің өзгеруі; дупликация - хромосоманың белгілі бір бөлігінің екі еселенуі.
7. Хромосома аралық мутацияның қандай топтары бар?
Хромосомааралық өзгерістерге хромосоманың бір бөлігінің ғана ұқсас емес басқа бір хромосомамен ауысып кетуі жатады, оны транслокация дейді.
8. Геномдық мутация дегеніміз не?
Геномдық мутация дегеніміз - жасушадағы хромосомалар санының өзгеруіне байланысты болатын өзгергіштік.
9. Геномдық мутацияның қандай түрлері бар?
Митоз бен мейоз кезінде хромосома саны теңдей бөлінбей, не көбейеді, не азаяды. Көбейсе полиплоидия, азайса анеуплоидия немесе гетероплоидия деп атайды.
10. Полиплоидия
Гаплоидты хромосома санының еселеніп көбеюін полиплоидия деп атайды. Полиплоидия құбылысы табиғатта кеңінен тараған, олар табиғи жағдайлардың әсерінен пайда болатындығы дәлелденді. Мәдени өсімдіктердің көпшілігі табиғи полиплоидты формалар. Хромосома санының еселену дәрежесіне қарай 3n - триплоидты, 4n - тетраплоидті, 5n - пентаплоидті болыпкеледі.
11. Анеуплоидия
Анеуплоидия немесе гетероплоидия хромосома санының гаплоидті жиынтыққа еселенбей өзгеруінің нәтижесінде пайда болады. Бұлқұбылысты ең алғашК. Брид жес дрозофила шыбынындағы жыныспен тіркесіп тұқымқуалау заңдылығын зерттеу барысында байқаған болатын.
12. Цитоплазмалық мутация.
Цитоплазмалық тұқымқуалауды зерттеудің негізін 1908 - 1909 жылдары неміс ғалымдары К. Корренс пен Э. Баур салған. Цитоплазмалық тұқымқуалау негізінен аналық жол мен жүреді, өйткені аналық жасушада цитоплазманың мөлшері көп, алаталық жасушада цитоплазма мөлшері аз. Сонымен цитоплазмалық мутация плазмогендердің өзгеруі нәтижесінде организм белгілерінің өзгеруі болып табылады. Плазмогендер тек пластидтер мен митохондрияларда ғана болады.
(Электрондық оқулықтан мутациядық өзгергіштік туралы көрсету)
ІІІ кезең
Кері байланыс. Деңгейлік тапсырмалар.
І. деңгей (5 ұпай)
1. Мутациялық және модификациялық өзгергіштікті салыстырыңдар
2. Мутациялық өзгергіштіктің мәні неде?
3. Полиплоидтар дегеніміз не, оның маңызы қандай?
ІІ. деңгей(4 ұпай)
Өзгергіштік Мутацияның типтері Мутацияның пайда болу себептері
Мутация
1.
2. Мына сөйлемдерді толықтырыңдар:
А. Мутагендердің ————– түрі бар, оларға ———— мутагендер жатады.
Ә. Хромосомалардың белгілі бір бөлігінің екі еселенуін ———, ал хромосоманың бір бөлігінің үзіліп түсуін ——— деп атайды.
Б. Хромосомалар санының екі еселенуін ———, үш еселенуін ——, ал төрт еселенуін ——– деп атайды.
ІІІ. деңгей (3 ұпай)
«Сәйкестендіру тесті
1. Генот1. Генотип

а. Вирус; бактериялар
2. Химиялық мутаген ә. 44 ХУ
3. Биологиялық мутаген Б. Өз ата аналарынан қабылданған гендер жиынтығы
4. Әйел адамның хромосомалар жиынтығы В. Темекі, алколоид, колхицин
5. Мутация Г. 44 ХХ
6. Синдромдар Ғ. Қараңғыда көру қабілетінен айырылу
7. ер адамдарда хромосома жиынтығы Д. Тұқым қуалайтын өзгерістер
8. Гемофилия Е. 2О 3О жас аралығында бұлшықет құрылымының және қызметінің өзгеруі
9. Дальтонизм. Ымырт жабылғанда көрмеу Ж. Қанның ұйымауы
10. Бұлшықет дистрофиясы З. Бірнеше мүшенің қызметін бұзатын ауру.

Жауаптары:
1. Б 6. З 2. В 7. Ә 3. А 8. Ж 4. Г 9. Ғ 5. Д 10. Е
ІҮ. деңгей (Шығармашылық деңгей)
Есеп. Полиплоидия.
Қызылша өсімдігінің хромосома жиынтығының диплоидты саны 2n=18. Негізгі санды – х - ты қолданып, мынадай өсімдік түрлерінің: а) үшплоидты; ә) тетраплоидты; б) пентаплоидты, гексаплоидты хромосома жиынтығын анықтаңдар.
Шешуі: Егер қызылша өсімдігінің диплоидты саны 2n=18 - ге тең болса, алгаплоидты жиынтығы, жыныс жасушаларының мейоздық жолмен бөлінуіне байланысты гаплоидты саны: n=9 - ға тең.
Жауабы: а) үшплоидты 3*х=3*9=27
ә) тетраплоидты 4*х=4*9=36
б) пентаплоидты 5*х=5*9=45
гексаплоидты 6*х=6*9=54
Үйтапсырмасы:
1.§49 Мутациялық өзгергіштік
2. Деңгейлік тапсырмаларды аяқтау.
3. Өзбеттік тапсырмалар:
А) Мутациялар
Ә) Геномды мутация
Б) Хромосомалық мутация
В) Гендік мутация
Г) Цитоплазмалық мутация
Д) Мутагендердің зиянды әсерінің қалай алдын алуға болады.
Қосымша тапсырмалар
Тест жұмысы
1. Мутация тудыратын факторлар
А) мутагендер В) анеуплоидия
С) гетероплоидия Д) токсиндер Е) полиплоидия
2. Сыртқы орта жағдайларының әсерінен организм генотипінің өзгеруі
А) генотиптік өзгергіштік В) тұқымқуалайтын өзгергіштік
С) Модификациялық өзгергіштік Д) мутациялық өзгергіштік
Е) модификациялық, мутациялық өзгергіштік
3. Әртүрлі жұпқа жататын пішініне қарай ажыратылатын хромосома
А) гаплоидты В) гомологтыемес С) гомологты Д) аллельді Е) соматикалық
4. Хромосомалардың қызметі
А) органикалық заттарды тасымалдау В) тұқымқуалау
С) бөліну, ақпараттарды тасымалдау Д) көмірсуларды тасымалдау
Е) нәруыздарды синтездеу
5. Цитоплазмалық тұқымқуалауды зерттеудің негізін салған
А) К. Коренс, Э. Баур В) Э. Чермак - Зейзенаг
С) С. С. Четвериков Д) И. Н. Вавилов Е) К. де Фриз
Жауаптары:
1. А; 2. С; 3. В; 4. В; 5. А; Тәрбие.орг сайтынан Мутациялық өзгергіштік Биологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Турсунбаева Анара Садыковна

Маңғыстау обл. Жаңаөзен қаласы №6 орта мектеп биология пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar