Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Организмдердің негізгі қасиеттері
  • 28.03.2016
  • 659 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18195

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,Достық ауылы,»Қаратұрық орта мектебі»КММ
Биология пәні мұғалімі Амилова Бостангуль Махаметовна
Биология 9-сынып

Cабақтытың тақырыбы: Организмдердің негізгі қасиеттері.
Мақсаты:
1. Оқушыларға организмдердің негізгі қасиеттері туралы түсінік беру .
2.Зат алмасу бойынша білімін кеңейту
3.Организмдердің негізгі қасиеттеріне сүйеніп отырып, салауатты өмір сүрүге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап,баяндау,тірек-сызба, термин сөздермен жұмыс
Қолданылған білім технологиялары: сыни тұрғыдан ойлау,сатылай кешенді талдау

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Амандасу, түгендеу.Оқушылардың сабаққа қызығушылығын тренинг арқылы арттыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Биологиялык жүйелердің өлі табигат зерзаттарынан айырмашылығы неде?
2. Жасушаның негізгі кұрылымдық бірлігін атаңдар.
3.Тіршіліктің негізгі жаратылым деңгейлерін атаңдар.
4. Тірі материя жаратылымының барлык деңгейлеріне кандай касиеттер тән?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқушыларға проблемалық сұрақ қоюдан басталады:
Тірі ағзалардың негізгі қасиеттері Метаболизм нені білдіреді? О л қандай фазалардан турады? Пластикалық алмасу тағы қалай аталады?
Катаболизм мен анаболизм; диссимиляция мен ассимиляция туралы не білесіңдер?
Тірі ағзалардың негізгі қасиеттері. Тіршіліктің өлі табиғаттан айырмашылығы - материяның сапалы өмір сүру формасы, яғни биологиялык форма болуында. Жасушалардың барлық органоидтарының құрылысы күрделі, бірімен-бірі өзара әсерлеседі және белгілі мүлтіксіз кызмет аткарады. Тірі ағзалар органикалық және бейорганикалық заттардан түзіледі. Жасушадағы заттарының негізгі массасы нәруыздардан, майлардан, көмірсулардан, нуклеин кышкылдарынан, АТФ мен өзге заттардан құралады.
1.Зат және энергия алмасу - Тірі ағзалар қ/о белгілі заттарды сіңіре алады, оларды басқа түрге айналдырады да, солардын өзгеруі есебінен энергия алып осы заттардың қажетсіз калдықтарын қоршаған ортаға бөледі.
Зат алмасудың энергетикалың(катаболизм, диссимиляция – заттардың ыдырауы) және икемді (анаболизм, ассимиляция - синтез, қор заттары)
2.Өзін-өзі реттеу - Мәселен, инсулин гормоны кебейіп кетсе, қандағы глюкоза мелшері төмендейді, ал глюкоза жеткіліксіз болса, глюкагон және адреналин оның мөлшерін арттырады.
3. тітіркендіргіштік-сыртқы ортаға жауап беру
4. қозғыштық –тітіркенгішке жауап беру.
5. қозғалыс –орынын ауыстыру.
6.көбею –ата-анасының қасиетін мен белгілері
ІV. Бекіту:
1.Сұрақ-жауап
2.Тест тапсырмалары
V.Қорытынды
Венн диаграммасы арқылы катаболизм және анаболизм процестерін салыстыру.VІ.Бағалау
VІІ.Үйге тапсырма Тәрбие.орг сайтынан Организмдердің негізгі қасиеттері Биологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Амилова Бостангуль Махаметовна

Алматы обл. Достық ауылы "Қаратұрық орта мектебі" КММ Биология пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Биологиядан ашық сабақтар
Көрсетілім: 659 | Жүктеулер: 4
Барлық пікірлер: 0
avatar