Организмнің эмбриондық және постэмбриондық дамуындағы қоршаған орта факторларының рөлі.

  • Жүктеулер: 41
  • Көрсетілім: 1803
  • Биологиядан ашық сабақтар
  • 07/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18504


Пәні: биология №41. Күні 11.02.15. 10 «А» сынып
Сабақтың тақырыбы Организмнің эмбриондық және постэмбриондық дамуындағы қоршаған орта факторларының рөлі
Мақсаты Организмнің эмбриондық және постэмбриондық дамуындағы қоршаған орта факторларының рөлі, токсиндік заттардың әсері туралы түсінік қалыптастыру.
Жұмыс нәтижесі Организмнің эмбриондық және постэмбриондық дамуындағы қоршаған орта факторларының рөлі, токсин дік заттардың әсері туралы түсінік қалыптасады. Топта өзара, жеке жұмыс жасайды.
Ресурстар Оқулық, интерактивті тақта, бейнежазбалар, суреттер, тест, биологиялық диктант, сәйкестендіру тапсырмасы
Қолданылған модульдер Диалогтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ қолдану, бағалау
Сабақтың жоспары Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша
Ұйымдастыру: сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару, жемістерді таңдату арқылы 3 топқа бөлу.
Рефлексия «Білім ағашы» 3мин.
Үйге тапсырма §20. оқып мазмұнын түсіну. Ауыл шаруашылығының зинкес бунақденелілерге шашатын дәрілердің жүкті әйел денсаулығына әсері бар ма?

Сабақтың барысы:
Ойлауды Блум
бойынша жіктеу Мақсат Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Күтілетін нәтиже
Білу

Үй тапсырмасы, Онтогенез тақырыбы бойынша білімін пысықтау. 1 – топ. Биологиялық диктант
2 – топ. Сәйкестендіру тапсырмасы
3 – топ. Сурет бойынша жұмыс.
Онтогенез дегеніміз не? Кезеңдерін атаңдар.
10 мин І. Топта бірге берілген тапсырманы орындайды.
Топтар өзара тексереді.
Онтогенез тақырыбы бойынша білімі пысықталады.
Түсіну

Бейнежазба көрсету арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашу. Бейнежазба көрсету арқылы тақырыпты ашу
6 мин
Бейнежазбаны бақылап көру арқылы сабақтың тақырыбын түсінеді. Ойларын ортаға салады. Өз ойларын еркін жеткізеді, көзқарастарын білдіреді.
Қолдану
Талдау
Оқулықпен өз беттерінше жұмыс Оқулықтағы мәтінмен жұмыс.
1 – топ. Эмбриотоксинді фактор деген не?
2 – топ. Жүктіліктің 1 – ші және 2 – ші «сынақтық кезеңін» сипаттаңдар.
3 – топ. Ішімдіктің, есірткінің және басқа уландырғыш заттардың бала дамуына әсерін сипаттаңдар.
16 мин
Өз беттерінше оқып, сосын бір – бірімен өзара пікір алмасады. Топтық диалогке түседі. Өз бетінше ізденеді
Жинақтау

Білімдерін бекіту. ҰБТ – да кездесетін сұрақтар.
Тест тапсырмасын орындау.
8 мин Ойларын жинақтап, сұраққа жауап іздейді Ойлау арқылы білімдерін саралайды.
Бағалау
Білімдерін бағалау Оқушыларды бағалау, күнделіктеріне баға қою. 2 мин Әр топ бір-бірлерін смайликтермен бағалайды. Бірін-бірі бағалауды үйренеді

1. Арақ ішіп, темекі шеккен –
Денсаулықтың түбіне жеткен.
2. Ұзартқың келсе ғұмырды,
Таста арақ, шылымды.
3. Шылымшы -өзін көрге тығушы.
4. Темекі тартқан бір кісі
Уланған бүкіл үй - іші.
5. Шылымқор өзін ғана емес,
Өзгелерді де улайды.
6. Шылымды әр тартқаның-
Табытқа темір шеге қаққаның.
7. Шылым шеккеннің іші де күйеді, пұлы да күйеді.
8. Жасында темекісін будақтатқан.
Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан.


1. Арақ ішіп, темекі шеккен -
.................. түбіне жеткен.
2. Ұзартқың келсе ғұмырды,
Таста ................. , ................ .
3. Шылымшы –өзін................тығушы.
4. Темекі тартқан бір кісі
...................... бүкіл үй – іші.
5. Шылымқор өзін ғана емес,
Өзгелерді де ........................ .
6. Шылымды әр тартқаның-
Табытқа .......... ........... қаққаның.
7. Шылым шеккеннің іші де күйеді,
................ да күйеді.
8. Жасында темекісін будақтатқан,
................ .................. сұлап жатқан.





Көріп пе едің тіршіліксіз даланы,
Дауасы жоқ, жазылмайтын жараны.
Бұған кімдер берер екен жауапты,
Өз жерінде еңіреткен бала менен Ананы.
Семей жері жарылыстан тулады,
Тұншықтырып айналаны улады.
Қасіретінен қайғы шеккен қалың жұрт.
Мұңын айтып, ұлар құстай шулады.

Ә. Молдағұлова атындағы №28 орта мектеп

Тақырыбы:
Организмнің эмбриондық және постэмбриондық
дамуындағы қоршаған орта факторларының рөлі

Сыныбы: 10 «А»
Пәні: биология
Пән мұғалімі: А. О. Карибаева Тәрбие.орг сайтынан Организмнің эмбриондық және постэмбриондық дамуындағы қоршаған орта факторларының рөлі. Биологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Карибаева Акбота Оразалиевна

Тараз қаласы №28 орта мектеп химия және биология пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar