Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
СҮЙЕКТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, АУРУЛАРЫ, ЕМДЕУ ТӘСІЛДЕРІ
  • 15.04.2016
  • 1014 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18643

Қызылорда облысы
«Болашақ» медициналық колледжінің
клиникаға кіріспе пәнінің мұғалімі
Жетпісәлиева Назерке Нұрбайқызы

Тақырыбы : Сүйектің құрылысы, ерекшеліктері, аурулары, емдеу тәсілдері
Сабақтың мақсаты:
І курс студенттеріне сүйек жүйесі бойынша жаңа мәліметтермен таныстыру, ал ІІ, ІІІ курс студенттеріне еске түсіріп, қайталау мақсатында алған білімдерін тереңдетіп меңгеру.
білімділік Студенттерге сүйектің құрылысы, ерекшеліктері, аурулары, емдеу тәсілдерін, науқастарға медбикелік күтім шараларын ұйымдастыруын үйретіп, білімдерін жетілдіру.
тәрбиелік Студенттердің алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануына
үйрету. Студенттерді адалдыққа, ұқыптылыққа және адал қызмет етуге
тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.
дамытушылық Студенттердің ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Жан
жақты білім алуын дамыту.
Сабақтың түрі: интеграциялық
Сабақтың әдісі: репродуктивті, иллюстративті түсіндіру, сұрақ - жауап
Пәнаралық байланыс:
1.Анатомия - Сүйек жүйесінің анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері.
2.Балалар аурулары - Ерте жастағы балалардың аурулары.
3.Фармакология – Д витамині, кальций глюконаты,эргокальциферол, глицерофосфаты, панангин, ферменттер, антигистаминді препараттар.
4.Хирургия – Сынықтар.
5.Клиникаға кіріспе – науқастарды медбикелік күту ерекшеліктері.
Сабақтың жабдықталуы: интербелсенді тақта, муляждар, планшеттер, манекен, дәрілік препараттар

Сабақтың барысы:

І. Анатомия, Балалар аурулары: Сүйектің құрылысы, балалардағы ерекшеліктері
ІІ. Хирургия: Жарақаттарда кездесетін сынықтардың статистикалық мәліметі
ІІІ. Балалар аурулары: Балаларда кездесетін мешел ауруы
ІV. Фармакология: Мешел ауруының алдын – алу және емдеу тәсілдері
V. Тақырыпты бекіту

Жаңа тақырыпты түсіндіру
Тақырыпты түсіндіру интербелсенді тақтаға көрсету арқылы жүргізіліп, әңгімелеп айтып береді. Берілген мәліметті студенттер дәптерлеріне жазып алады.

Анатомия тірек-қимыл аппаратын терең зерттеу үшін оларды үлкен екі салаға бөліп оқытады. Сүйек саласын остеология деп атайды.Сүйек латынша - os деп аталады.
Қаңқа кұрылысы. Қаңка-sceleton негізінде екі жүзден аса сүйектен түзілген. Көбі жүп келеді. Денеңің жалпы салмағымен салыстырғанда сүйек 10 % ғана болады. Бүл жағдай жалпы сүйек қүрылысының жеңілдігін дәлелдейді.
Сүйек адам денесіндегі негізгі жанды мүше. Ол өзінің қаттылық қасиетінің арқасында денені қимылға келтірумен бірге тіректік қызмет аткарады. Сүйекте негізгі сүйек тінінен басқа жүйке жоне дәнекер тіндері де болады. Ол сүііек
кұрылысында қан, лимфа тамырларын және жүйке талшық-тарын түзеді.
Сүйектің химиялық құрамы Сүйек қүрамына органикалық және минеральды заттар кіреді. Минеральды заттарға негізінен кальций, фосфор түздары мен магнезия, көмір қышқылды хлорлы натрий жатады. Олар сүйектің 2/3 бөлі-гін, органикалық (оссейн) заттар 1/3 бөлігін алады. Сүйектің осындай химиялық қүрамы оған қаттылық қасиетімен бірге серпінділік қасиетін де береді. Мәселен, екі метр биіктіктен тасталған бас сүйегі серпінділігінің нәтижесінде сынбай, майысып барып, қайта калпына келуі мүмкін. Жалпы, сүйек беріктігі жағынан темірбетонға тең келеді^
Сүйек қүрамындағы органикалық және минеральды заттардың барлығын мынадай тәжірибелермен анықгауға болады. Егер сүйекті отқа салып жақсақ, органикалық заттары жанып кетіп, минеральды заттары қалады. Ондай сүйек пішінін кдппында сақгағанымен, серпіндіяік кдсиетін жой-ып, уатылғыш, сынғыш келеді. Ал сүйекті түз қышқылының ерітіндісіне біраз уақыт салып қойсақ, минеальды заттары еріп, органикалық заттары ғана калады. Мүндай сүйек қаттылық қасиетінен айырылып, өте жүмсақ, майысқақ келеді.
Сүйектегі органикалық заттар мен минеральды заттардың молшсрі ордайым бірдей бола бермейді. Жасөспірім балалардың сүйегінде органикалық заттар көбірек, ондық-тан да өте майысқак, өрі ссрпінді болады. Олардың дүрыс қалыптасып, жетілуінс кдтты назар аудару керек. Ол үшін балаларды фосфор қышқылы түздарының сйекте пайда болуына, сүйектің қатаюына жағдай жасайтын қүрамында Д витминдері бар тағадармен көбірек қоектендірген жен. Жас үлғайған сайын сүйек қүрамындағы минеальды зат-тардың мөлшері артып, сүйектің серпінділік қасиеті төмендейді. Сондықган кәрі адамның сүйектері морт сын-ғыш келеді.
Балалардағы ерекшелігі:
Балалардың сүйек тінінде су және органикалық заттар көп, минералды тұздар аз болады. Сол себепті балалардың сүйектері жұмсақ, иілгіш, деформацияға тез ұшырайды. Ал, сынықтар аз болады. Сүйек қабығы қалың болғандықтан, сүйектер балаларда «жас шыбық» тәрізді сынады.
Сүйек бетінде қорек каналына апаратын бір немесе бірнеше қоректік тесіктері болады, ол арқылы сүйекке қан тамырлары және жүйкелер өтеді. Балаларда сүйектің қанмен қамтамасыз етілуі ересектерге қарағанда жоғарылауы, ол балалар арасында метафиздегі және эпифиздегі гематогенді ірінді остеомиелиттің таралуының негізгі жолы болып табылады. Дені сау баланың сүйектік жасын шамамен сүйектену ядросы көмегімен анықтауға болады, сүйектенудің бірінші ядросы 6 айда, екінші-1 жаста, сонан кейін жыл сайын бір-бір ядродан қалыптасады.
Адам қаңқасы дене мүшелеріне сәйкес топтасып, түлға, қол-аяқ және бас
сүйектеріне бөлінеді.
Балаларда кездесетін мешел ауруы
Рахит (мешел ауруы) – жоғарғы қажеттілікпен өсіп келе жатқан сәбилердің ерте жастағы ауруы, оның негізінде «Д» витаминінің жетіспеушілігіне байланысты дамитын фосфорлы-кальций зат алмасуының, сүйектің даму және сүйектердің минералдануы процестерінің бұзылуы жатады.
Себептері. Мешел дамуының негізгі факторы тағаммен бірге түсетін Д витаминінің жетіспеушілігі немесе ультракүлгін сәулелердің әсерімен теріде Д витамині түзілуінің бұзылуы нәтижесіндегі Д витаминінің жетіспеушілігі, яғни Д гиповитаминозы болып табылады
Клиникалық белгілері. Клиникалық ағымының өтуіне сәйкес мешел ауруының 3 ауырлық дәрежесі болады.оғарылайды, ацидоз анықталынады.
1-ші дәрежесі (жеңіл түрі) жүйке жүйесі қызметінің өзгеруіне байланысты сүйек түзілуінің өте аз өзгерістерімен сипатталады. Аурудың алғашқы белгілері нәресте өмірінің 2-3 айлығында пайда болады. Бас сүйектерін сипау кезінде оның ауыратындығы байқалады. Үлкен еңбек пен бас жіктерінің шеттері жұмсарып, иілгіш келеді. Желке сүйегі жұмсарады (краниотабес) және оның жалпайғандығы байқалады. Бас сүйек терінің жұмсақтығы оның пішінінің жеңіл өзгеруіне әкеліп соқтырады, желкесі нығыздалып жаншылады, басы бір жағына қарай сопайған пішінге келеді. Нәресте тынышсызданады, тітіркенгіш, терлегіш келеді, ұйықтап жатқанда жиі шошып оянады, шаштың түсуі, мазасыздық , үрейлену, қорқу сияқты өзгерістер байқалады. Терлеген кездегі терінің иісі жағымсыз, ащы болады, теріні тітіркендіріп, қышыма туғызады. Нәресте тынышсызданып, жастыққа басын үйкей бергендіктен шашы түсіп, желкесінің таздануы байқалады.

2-ші дәрежесі (орташа ауырлықтағы түрі). Сүйек жүйесі жағынан біршама анық өзгерістер байқалады. Үлкен еңбектің шеттері жұмсарады, оның мезгілінде (ерте немесе кеш) жабылмауы байқалады. «Мешелдік таспиқ» «мешелдік білезік» (білек және балтыр сүйектерінің бас жағының-эпифизінің қалыңдауы), «саусақ ұштарындағы інжу жіптер» қалыптасады. Қабырғалары жұмсақ, иілгіш келеді, көкірек клеткасы бүйірінен жалпайған, бұғана ойығы ұлғая түседі. Көкірек клеткасының төменгі апертурасы ұлғаяды, жоғарғысы тарыла түседі. Көкеттің бекінген деңгейінде «Гаррисон сайы» деп аталатын қабырғаның ішке қарай майысуы сияқты өзгерістер пайда болады. Тістердің шығу тәртібі және мерзімі бұзылады.
3-ші дәрежесінде ( ауыр түрі) сүйек жүйесі жағынан ауыр түрдегі өзгерістер айқын білінеді. Бас сүйектің түбі жұмсарады, кеңсірік батыңқырайды, «олимпиялық маңдай» пайда болады. Көкірек клеткасының алдынғы бөлігі төспен бірге алға қарай «тауық төсі» түрінде майысып тұрады, «етікші кеудесі»пішіндес болады. Бала отыра бастағанда бел омыртқасында кифоз-«мешелдік бүкірлік», ал кеш кезендерінде патологиялық лордоз-қайқаю немесе сколиоз-қисаю пайда болады. Ұзын түтікше тәрізді сүйектердің қисаюы нәтижесінде аяқтарында О немесе Х әрпі тәріздес өзгерістер байқалады.
Мешел ауруының емдеу тәсілдері.
Рахитты емдеу кешенді түрде жүргізілу керек.
Алдымен «Д» дәруменін қабылдап, сәби ағзасында зат алмасуды, яғни кальций мен фтор алмасуын реттеу қажет және ауруға қарсы төзімділігін көтеруге бағытталған іс-шаралар жүргізілуі тиіс.
Баламен таза ауада көбірек серуендеген жөн. КҮН СӘУЛЕСІ – рахитті емдеп жазудың және оның алдын алып, сақтандырудың ең жақсы құралы болып саналады.
Баланы кем дегенде 6 айға дейін емізу.
Сонымен қатар ең маңыздысы тамақты толыққанды түзету болып табылады, қосымша тамақтандыру міндетті түрде көкөністі болуы керек, ол әдеттегі берілетін мерзімнен 1 айға бұрын енгізіледі. Екіншілік қосымша тамақтандыруға көкөніс қайнатпасында дайындарған қарақұмық немесе сұлы ботқасы ұсынылады. Әдеттегі берілетін мерзімнен бұрын сары уыз және ірімшік беріледі. Тағам рационы бағалы белоктардың жеткілікті мөлшерінен тұруы қажет, осыған байланысты өте ерте, 5 айлықтан бастап ет және бауыр пюресін (тартпасы) косады. Ішуге сұйықтан көкөніс және жеміс-жидек қайнатпалары мен шырындарын береді.
Мешелдің арнайы емі үшін Д витамині қолданылады.
D дәрумені (кальциферол) адамның терісінде күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол кальций мен фосфордың ішектен бөлінуін жылдамдатып, сүйек ұлпасының мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасы D дәруменін тағамның құрамынан да қабылдайды.
D дәрумені балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, жануарлардың бауырында, сүт өнімдерінде мол. D дәруменінің қажетті тәуліктік мөлшері 2,5 мг.
Шығарылу түрлері:
-10 мл флакондағы Д3 –видехол (Вигантол) 0,125% майлы ерітінді. (1мл-де 25000 ХБ, 1 тамшыда 500 ХБ),
- 0,0625%-ті майлы ерітінді Д2 эргокальциферол (1мл-де 25000 ХБ, 1 тамшыда 500- 625 ХБ)
- 0,5%-ті спиртті ерітінді . (1мл-де 200 000 ХБ, 1 тамшыда 5000 ХБ)
Сулы ерітіндісі «Аквадетрим» препараты түрінде шығарылады
лмайды.
Дәріханадан жіберу
Рецепт бойынша
Рецепт үлгісі
Recipe: Solutionis Ergocalciferoli oleosae 10 ml
Da.
Signa: По 1 тамшыдан күніне 1 мезгіл

Д витаминімен емдеуді кальций, фосфор препараттарын (глицерофосфат немесе кальций глюконат) және магний, калий препараттары, В,С дәрумендерімен бірге қабылдау тиімді болады

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.А.Рақышев. Адам анатомиясы.
2.Жандар Керімбектің Ермаханы. Тәнтану
3.Ежова В.Н. «Педиатрия»
4.Жакиева Ш.С, Кульдеева Г.А. Терекова Г.Е. «Балалар аурулары пәнінен дәрістер жинағы» 5. Д.А.Харкевич«Фармакология с общей рецептурой»
6.Кузнецова А.В. Сестринское дело в хирургии.-М, 2000.
7.Шевченко А.А. Клинический уход за хирургическими больными. Учебное пособие.-М., 2008.-412 б.
8.Денсаулық журналы №1,2013ж
9.Денсаулық сыры №6,2014ж Тәрбие.орг сайтынан СҮЙЕКТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, АУРУЛАРЫ, ЕМДЕУ ТӘСІЛДЕРІ Биологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жетпісәлиева Назерке Нұрбайқызы

Қызылорда қаласы,"Болашақ" медициналық колледжі Клиникаға кіріспе пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Биологиядан ашық сабақтар
Көрсетілім: 1014 | Жүктеулер: 3
Барлық пікірлер: 0
avatar