Шұбалшаңның биогеоценоздағы, табиғаттағы және жануарлар дүниесінің даму тарихындағы орны мен маңызы.

  • Жүктеулер: 32
  • Көрсетілім: 1897
  • Биологиядан ашық сабақтар
  • 30/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18279


Пән мұғалімі:Төреханова Жанна
Күні :13.11.2015ж
Сабақтың тақырыбы: Шұбалшаңның биогеоценоздағы, табиғаттағы және жануарлар дүниесінің даму тарихындағы орны мен маңызы.
Мақсаты: Шұбалшаңның асқорытуы, қан айналымы, зәр шығаруы, тыныс алуы, көбеюі және дамуы туралы түсінік беру.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Буылтық құрттарда жүретін физиологиялық процесстердің маңызын түсіну, көбею және даму ерекшеліктерін білу.
Негізгі идеялар Шұбалшаңның ішкі мүшелерін біле отырып, оның табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын түсіну.
Сабақта қолданылатын материалдар: электронды оқулық , стикерлер, жұмыр құрттардың суреттері,
Оқыту әдістері: СТО

1.Топтық жұмыс
2. Жеке жұмыс
Дерек көздері Паразит құрттардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы тақырыбында берілген материалдар.Биология жұмыс дәптері. Оқушы анықтамалығы. Интернет материалдары
Тапсырмалар Сұрақтарға жауап беру,
1.Электронды оқулықтан шұбалшаңның көбеюі туралы сурет көрсету және оған сипаттама бергізу арқылы тақырыпқа шығу.
1. Миға шабуыл
2. Суретке шұбалшаң мүшелерін белгілеу 4.Биологиялық диктант
3. Ситуациялық сұрақтар 5.Қорытынды: Сөзжұмбақ
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
I.Оқушылар
ға психология-лық ахуал туғызу. (3 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Тренинг: Көз қысты
Мұғалім ортадағы орындақта отырады да оқушылардың біріне көзін қысады, оқушы жүгіріп келіп отырады. Оқушылар ортадағы оқушының кімге көз қысқанын білсе оны ұcтап қалу керек. Тренинг осылайша жалғасады.
Сірқабық, мезодерма, гиподерма, целом nоптарына бөлінеді. Бағалау бетшесін топ басшыларға тарату. Сірқабық, мезодерма, гиподерма, целом топтарына бірігеді
Топ басшысын сайлау. Топ басшылары топ оқушыларының бағаларын бағалау
бетшесіне белгілеуі керек

Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
II.Үй тапсырмасын сұрау (7 мин) 1.Неліктер буылтық құрттар деп аталған?
2. Буылтық құрттар қандай кластарға жіктеледі?
3.Алғаш рет оларда қандай жүйе пайда болған?
4.Целом дегеніміз не? Берілген сұрақтарға топ болып жауап беру, тапсырманы топ болып орындау.
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
III.Жаңа тақырып
(20 мин). 1.тапсырма: Зейінді жинақтау
Буылтық құрттар туралы электронды оқулықты пайдаланып суреттер көрсету. Оқушылар сұрақтарға жауап береді
1.Суреттен не көрдіңдер?
2. Шұбалшаң туралы не білеміз?
3.Ол қайда өмір сүреді?
4.Оның қандай маңызы бар?
2 тапсырма: Суретке шұбалшаң мүшелерін белгілеу

№ Ішкі мүшелері Қызметі
1 ауыз қоректену
2 жүйке түйіні тітіркенгіштерге жауап беру
3 жұтқыншақ қоректі ауыздан өңешке өткізу
4 жүрекше қанды айдау
5 өңеш қоректі жұтқыншақтан жемсауға өткізу
6 жемсау қоректі жұмсартады
7 қарын қоректі араластырады
8 арқа қан тамыры қанайналым
9 ішек қоректі қорытып, сіңіреді
10 құрсақ жүйке тізбекшесі ішкі мүшелер жұмысын реттеу
11 құрсақ қан тамыры ішкі мүшелерге оттекті және қоректік заттарды тасымалдау

3 тапсырма: Ситуациялық сұрақтар
1.Шұбалшаң неге жаңбырдан кейін топырақтың бетіне шығады?
2. Егістіктегі жауынқұртты балалар өлтіріп жүрсе сен не істер едің?
3. Шұбалшаң бөлініп жатқан болса сен не істер едің? Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша жұмыстанады.
1.Тыныс алу үшін
2.Пайдасын түсіндіру
3.Регенерацияға қабілетті
Сергіту сәті: Әуенмен би
4 тапсырма: Биологиялық диктант
1.Жауынқұрт .... құрттар класының өкілі.
2.Жауынқұрттың аузы денесінің ... жағында орналасқан.
3.Қанайналым жүйесі ....
4.Жауынқұрт ..... қабілетті Оқушылар жұптасып орындайды
1.Жауынқұрт азқылтанды құрттар класының өкілі
2.Жауынқұрттың аузы денесінің алдыңғы жағында орналасқан.
3.Қанайналым жүйесі тұйық
4.Жауынқұрт регенерацияға қабілетті
IV.Қорытынды
лау(5 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
«Шұбалшаң» сөзжұмбағын шешу
Топтар біріге отырып тапсырманы орындайды
V.Үйге тапсырма беру (2мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Шұбалшаң туралы мәлімет жинау Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
VI.Бағалау (5мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Формативті, суммативті, топтық, жұптық бағалау Өзін-өзі бағалау, топ басшысының бағалауы, бағалау парағына бағаларды түсіріп отырады Тәрбие.орг сайтынан Шұбалшаңның биогеоценоздағы, табиғаттағы және жануарлар дүниесінің даму тарихындағы орны мен маңызы. Биологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Төреханова Жанна Болатбекқызы

Қызылорда облысы,Қармақшы ауданыА.Жанпейісов атындағы №105 орта мектебі биология пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar