Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Құстар – біздің досымыз
  • 29.03.2016
  • 378 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18210

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (21.6Kb)

Мұнайлы ауданы
Маңғыстау облысы
Батыр ауылдық округі №10 орта мектеп
Биология пәні мұғалімі Ж.Дилдашева

Құстар – біздің досымыз
Танымдық мақсаты: -оқушыларға құстардың адам өміріндегі маңызын,елімізде,ауылымызда,бүкіл жер шарында кездесетін құстардың сан алуан түрлерін танытып үйрету.
Дамыту мақсаты: -оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру мақсатында қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру,ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: -құстарға ұя жасап,қамқорлық жасауға баулу,табиғатты,қоршаған ортаны қорғауға,аялауға,сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Пәнаралық байланысы: География,әдебиет,музыка,математика.
Сабақтың көрнекілігі: Аялдама картасы,ҚР туы,сөзжұмбақ,викториналық сұрақтар,әртүрлі құстар бейнесі(суреттер),буктеме.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Саяхатқа дайындық кезеңі.
3.Құстар еліне саяхат кезеңі.
4.Оқушылардың білімін бағалау.
Көктем жылдың ең әсем,ең тамаша мезгілі.Бүкіл жұмыр жер бетіндегі тіршілік атауы оянып,өмірге өзгеше сән келтіреді. Бұл кезде көктем жаршысы-құстар жылы жақтан қанат қағып,ұшып келе бастайды.Құстар табиғаттың ажары.Олар табиғаттың сұлулық сәнін,сазды әнін келтіреді.Алайда біз құстар жайлы не білеміз?
Құс табиғат,өмір көркі.Халық шебер әншісін бұлбұлға,ардақты азаматын сұңқарға,хас сұлуын-аққуға теңеген.
Мен қорытынды сабағымды саяхат сабақ түрінде ұйымдастырдым.
Жылы шуағымен гүл өсіріп,
Жыл құстарын ілестіріп,
Көрікті көктем келді.
Саяхат сабақты бастамас бұрын:- Балалар көктем жайлы не білесіңдер? (сұрақтар қойдым)
1- оқушы: Бас иіп « Көктем» келеді. Сәлем достар аманба?
Мынау бейбіт заманда.
Шат шадымен көктеммін,
Қуантамын бәріңді,
Құт мереке күніммен.
2- оқушы: Сәлем елдің көктемі
Әлем енді көктеді
Құрметпенен бас идік
Құстарыңа көктегі
3- оқушы: Сәуір келді,
Тірлікке жан кірді
Кең дала жасарып жаңғырды.
Бар өңір құлпыра бастады
Төсіне құйып ап жаңбырды.
4-оқушы: Жыл құстары келді деп,
Балдырғандар мәз болды
Қос қанаты желпілдеп,
Көлге үйрек қаз қонды.
5-оқушы: Қызыл тал,қызыл тал,
Қызыл талды бүршік бар,
Бүршігін ол жарғаны
Көктем келіп қалғаны.
6-оқушы: Құстар тойын құттықтап,
Қуанамыз қолдаймыз.
Ұя жасап ұқыптап,
Біз оларды қолдаймыз.
7-оқушы: Сағынышпен жеткен
Қуанта бер, көктем
Жайнап нұрлы гүлің
Басқар құстар күнін
Хор: «Келді көктем далаға» әні.
Оқушылардың « Құстар еліне саяхатқа» дайындықтарын білген соң сызбанұсқадан саяхат бағыттарын көрсеттім.
Берейік енді ерік қиялға да,
Қайтайық саяхаттап «Құс» еліне
Сендерден сұрағына жауап күтіп,
Кезекте тұр әрбір аялдама.
1- аялдама. « Сен білесің бе ? » елі. Мұнда мен оқушыларға бірнеше сұрақтар қойдым.
2- аялдама. « Мекенімді тап» елі. Мұнда мен бірнеше құстардың суретін партаға жайып қойдым.Кез келген құсты оқушы қорғайды.Және өз мекенін тауып орналастырады.
3- аялдама. « Сынақ» елі. Әр партадан бір оқушы шығып аяқсыз қалған суретті толықтырып салады.Ол оқушылар суретті салып,яғни аяқтап болғанша басқа оқушылар викториналық сұрақтар шешеді.Сұрақтар шардың ішіне салынады.Шарды кім жылдам үріп жаруына қарай кезекпен сұраққа жауап беру керек.
4- аялдама. «Қара батыр» елі.Мұнда оқушылар сахналық көрініс көрсетеді. ( Қара батыр ертегісінен) Қара батыр еліне адасып « Түркмен еліне» барады.Ол әбден қиналып,қамы-ғып жүргенде құстардың көмегімен еліне оралады.
5- аялдама. « Білім » елі.Мұнда «Құсбегі» сөзжұмбағы шешіледі,оған әрине жылдамдық, тапқырлық керек.Оқушылар кезекпен жұмбақтың шешуін табады.
6- аялдама. « Қыран құстар» елі.Мұнда оқушылар қыран құстарға қандай құстар жатқызылатынын айтып оларға толық мағлұмат береді.
Әрбір оқушы осы сабақта қызығушылықпен ат салысуы тиіс.Әрбір сұраққа жауап берген оқушыға жетон беріліп отырады,ең соңында қай оқушы қанша жетон жинағанына қарай білімі анықталады.Жетонды ең көп жиған оқушы « Құстар елді мекенінің үздігі» деп ата-лып,ерекше сыйлыққа ие болады.
Әрбір аялдамада өткенде ҚР туы желбірейді.
1. Сен білесің бе?» елінің сұрақтары.
1.Ертеде Жаңа Зеландия жерінде қанатсыз құс болған,оның жұмыртқасының салмағы 7 кг. Бұған түйеқұстың бір жұмыртқасы сәйкес келеді екен.Ол қандай құс? ( Мао)
2.Көктемде келісімен ұя жасап,жұмыртқа салуға кіріседі.Осы кезде аналығы жұмыртқа баса бастайды,аталығы ұя жанында ән салып сайрау мен болады.Ол қандай құс? (Қараторғай).
3.Ұшып келе жатқан құсты бір шақырымнан ажырата алатын құс? ( Лашын)
4.Сағатына 170 шақырым қашықтыққа самғай алатын өте ұшқыр және ұшып жүрген бунақденелілерді ұшып жүріп қағып жейтін құс. Қандай құс? (Қарасұрқарлығаш)
5.Шеңбер түзіп ортаға шығып билейтін құс. Ол қандай құс? (Ақбас тырна)
6.Африкадағы Саваннада мекендейтін сырттай қарағанда тырнаға ұқсас, жіліншігі ұзын, саусақтары тұқыл, қысқа және мықты құс. Ол қандай құс? (Хатшы құс)
7.Торғайға орнатылған ескерткіш қай жерде, қай қалада?(Америкадағы Бостон қаласында)
II. «Мекенімді тап» елі. Мұнда «жемін ұшып жүріп аулайтын құс»- «Қарлығаш». Ол озін мынадай өлең сөздерімен қорғап, мекеніне орнығады:
Мен адамнын тұрағы
Мекен етіп тұрамын.
Тазалаймын үй-ішін,
Шыбын деген кеселден.
Ең сұлі құс «Аққу». Ол өзін мынадай өлең жолдарымен қорғайды:
Құс сұлуы аққумын,
Табиғат көркін сыйлаған.
Мылтығын кезеп еш мерген
Атуға көзі қимаған
Міне осындай орман құсы «Тоқыдақ», Әнші құс «Бұлбұл». Өз атын шақыратын құс «Көкек». Мекен жайды төңіректейтін құс «Торғай», Ашық жерде мекендейтін құс «Қараторғай», Ұша алмайтын құс «Пингвин».
Өздерін өлең өздерімен қорғап мекеніне орнықты.
III. «Сынақ» елі. Әр партада бір оқушы шығып, аяқсыз қалған суреттерді толықтырғанша викториналық сұрақтар шешіледі.
1.Балапандарының толысуы бойынша құстар қандай топтарға жіктеледі?
2.Құс жұмыртқасының құрлысы қандай?
3.Құстардың табиғатқа адам өміріне пайдасы қандай?
4.Жануарлар туралы заң қай жылы қабылданды?
5.Құстарды зерттейтін ғылым саласы не деп аталады?
6.Құстардың азаю себебі неде?
IV. «Қара батыр» елі.Мұнда әбден қамығып жылап отырған балаларын 1-ші қарғаларға, одан соң сауысқанға, тырналарға, қаздарға, аққуға, ең соңынан қарлығашқа айтады.
-Әй қарлығаш, тамыр-ай, жауда болдым қалар ай, тұмарымды алсана, елге барып қалсана...
Қарлығаш ұшып баланың қолына қонады. Содан «Қара батыр» Түркімен елінің белгісі салынған тұмарды қарлығаштың мойнына байлап, өзінің қайда жүргенін жазып ұшырады. Адасқан «Қара батыр» қарлығаштың көмегімен еліне оралады.
V. «Білім» елі. Сөзжұмбақ (Құсбегі)
1.Жануар атымен аталатын құс
2.Жыртқыш құс
3.Үйректің түрі
4.Айдарлы ұясы, жағымсыз иіс шығаратын құс.
5.Еті дәмді құс
6.Суда жүзетін құс
7.Аңшылыққа пайдалы ең ірі құс
VI. «Қыран құстар» елі.Қыран құстарды аңға салу үшін баптайтын адамды «Құсбегі» дейміз. Қыран құстарға:
1.Қыран бүркіт. 2.Ителгі. 3.Қаршыға. 4.Қырғи. 5.Лашын. 6.Сұңқар. 7.Тұйғын. 8.Бөктергі. 9.Күшіген жатады.Оларға сипаттама береді.
Қыран бүркіт- қасқырды да алатын,өте күшті,ірі денелі алып құс.Бүркіт биік таудың шыңдары мен қия жартастарда мекендейді.Олар орманда да кездеседі,өзі өте сақ,адам көзіне сирек шалынады.Қанат құлашы екі метрге дейін жетеді..... Тәуелсіздік мерекесінде оқушылар өздері қыран құстай білім деңгейіне самғайтындық- тарын білдіріп,еліміздің көк туын « Қыран құстар» еліне тігіп отыр:
Тіккен туы қазақтың,
Күнге сәлем жолдасын.
Қыран құсы қалықтап,
Көк аспанды шарласын.
Көк байрағым желбіреп,
Атақ даңқың өрлесін!
Бейбіт аспанда қалықтаңдар,
Шаттана шалықтаңдар,
Қанатты достар!
Ең соңғы аялдамаға жетіп,ондағы тапсырмаларды оқушылар толық орындап,әрбір оқушының білімі жиған жетонына қарай бағаланды. « Ақ көгершін » әнін хормен айтып сабақты аяқтадық. Тәрбие.орг сайтынан Құстар – біздің досымыз Биологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Дилдашева Жамила Исмагуловна

БҚО.Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №10 орта мектеп Биология пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Биологиядан ашық сабақтар
Көрсетілім: 378 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar