Тірек- қимыл жүйесі

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 367
  • Биологиядан ашық сабақтар
  • 23/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20184


Сыныбы: 8
Тақырыбы: Тірек- қимыл жүйесі
Сабақтың мақсаты:1)Оқушылар бассүйек және иық, жамбас белдеулері мен қол-аяқ сүйектері тақырыбын меңгере отырып, тірек-қимыл жүйесі тақырыбы бойынша алған ұғымдарын кеңейте түседі;
2)Оқушылардың жеке көзқарас тудыра алу дағдысы, танымдық әрекеттері артады және адам ағзасы және оны қорғау туралы білімдері дамиды;
3)Тақырыпты меңгеру арқылы оқу мен жазу қабілеттері сыни көзғарас тұрғысынан дами отыра өз ағзасын одан әрі танып –білуге деген құлшыныстары артады;
Сабақтың көрнекілігі: Интертақта ( барлық сурет, схема көрсетіледі)

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, өздік жұмыс, тест жұмысы
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру
І.Үй тапсырмасын сұрау:
№ ия жоқ тапсырмасын орындау
1 Анализатор түсінігін алғаш ұсынған И.П.Павлов.
2 Кез келген анализатор негізгі бес буыннан тұрады
3 Көз алмасы көздің қосымша мүшелеріне жатады.
4 Тамырлы қабықтың алдынғы жағы нұрлы қабыққа айналады.
5 Сыртқы құлақ ортанғы құлақтан дабыл жарғағы арқылы бөлінеді.
6 Есту сүйекшелері ішкі құлақта орналасқан
7 Иіс сезу мүшесі мұрын қуысының үстінгі мұрын қалқанында орналасқан
8 Тілдің орталық артқы бөлігі тәтті дәмді сезеді.
9 9.Теріде ауырсыну рецепторлары көп,1см2- де, шамамен 100 ауырсыну рецепторы бар.
ІІ. Қызығушылықты ояту. Оқушылардың назарына «Тірек-қимыл» жүйесі туралы не білесіңдер? деген сұрақ ұсынылады.
ІІ.Мағынаны тану (Жаңа сабақ)
Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың жоспары:
1. Тірек-қимыл жүйесінің маңызы
2. Адам қаңқасы
 Бас қаңқасы
 Тұлға қаңқасы
 Аяқ-қол қаңқасы
- Бас қаңқасы: ми сауыты,бет сүйегі.
 Ми сауыты өзара берік және қимылсыз байланысқан сүйектерден: төбе, самай, маңдай,шүйде (қарақұс).
 Бас сүйегінің бет бөлімі 15 сүйектен тұрады:астыңғы,үстіңгі жақ, шықшыт, мұрын, көз, кеңсірік, таңдай,тіл асты сүйектерінен, жас сүйегі, соқа тәріздес сүйек, тор сүйек т.б. тұрады. Оның ішінде қозғалатын сүйек- астыңғы жақ.
Тұлға қаңқасы: омыртқа жотасы,қабырғалар және төстік.
 Омыртқа жотасы (бағана)- мойын омыртқасы (7), арқа омыртқасы (12), бел омыртқасы (5), құйымшақ (4-5) бөлімнен тұрады.
 Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан тұрады.
 Омыртқа жотасы 4 иілімнен тұрады:алға қараған 2 иін лордоз (мойын,бел), артқа қараған 2 иін кимфоз (кеуде, сегізкөз).
 Омыртқа жотасы ағзаны өзара теңдестіріп, тепе-теңдік жағдайында ұстауға көмектеседі. Адамның тік жүру нәтижесі пайда болған.
 Омыртқа жотасында бірінші омыртқа ауыз омыртқа (атлант).
Ерекшелігі: денесі және өсіндісі болмайды, пішіні сақина тәрізді.
Екі ойығы (үлкен тесігі) бар,бас сүйегіне жалғасады. Омыртқа жотасының өзегіне жақын орналасқан.Жұлын бас қаңқасындағы мимен жалғасып, жүйке жүйесін құрайды.Жұлынды омыртқа жотасы қорғайды.
Кеуде сүйектері: қабырға және төс.12 жұп қабырға алдыңғы жағынан төс сүйекпен, артқы жағынан 12 арқа омыртқасына бекінеді де кеуде қуысын құрайды. Қабырғалардың тікелей төске байланысатын жоғарғы 7-ін “ нағыз қабырғалар”, VІІІ-ІХ-Х қабырғаларды “жалған қабырғалар” дейді. Ол қабырғалар шеміршектер арқылы өзара бірігіп барып төске жалғанады. ХІ, ХІІ қабырғалары “бос қабырғалар ” дейді. Олар төспен байланыспай алдыңғы ұштары жұмсақ тіндерде бос жатады. Кеуде қуысының сүйектері ішкі мүшелерді қорғайды.
Иық белдеуі: иық, қол сүйектері. Бұғаның бір басы төстікпен, екінші басы жауырынмен буын арқылы жалғасады да иық белдеуін құрайды. Кеуденің сыртқы жағында орналасқан жалпақ, үшбұрышты сүйек жауырын деп аталады. Қол сүйектері: тоқпан, кәрі жілік. Кәрі жілік: шынтақ сүйектен тұрады. Қол басы сүйектері: білезік, алақан, саусақ сүйектері. Жамбас белдеуі: жамбас аяқ сүйектерінен. Екі жамбас сүйегі артқы жағынан сегізкөзбен берік тұтасып, алдыңғы жағынан өзара байланысады да жамбас сүйегін құрайды. Жамбас сүйекке ортан жіліктің жұмыр басы кі?
?іп тұрады.Аяқ сүйектері: ортан жілік, шыбық сүйек, тізе қақпағы, өкеше сүйектен (толарсақ) табан,башпай сүйектен тұрады.
ІІІ. Ой толғаныс (жаңа сабақты бекіту).
1.Сандар сөйлейді.200,33-34,4,7,12,12 жұп,26,5,4-5,
2.Сүйектерді таны.
3.Сүйектің түрлерін анықтау кестесі.Берілген сүйектерге «+» белгісін тиісті бағанаға қойыңыз
Р/с Сүйектер Бас сүйектері Иық белдеуі,
қол сүйектері Жамбас белдеуі, аяқ сүйектері
1 Бұғана
2 Шыбық (садақ) сүйек
3 Шүйде сүйегі
4 Ортан жілік
5 Шынтақ сүйегі
6 Жауырын
7 Асықты жілік
8 Тоқпан жілік
9 Толарсақ сүйектері
10 Білезік сүйектері
11 Жамбас сүйектері
12 Башпай сүйектері
13 Саусақ сүйектері
14 Жақ сүйектері
15 Кәрі жілік

ІҮ. Бағалау
Оқушылар өздерін –өздері бағалайды.

Үйге тапсырма § 21 кесте толтыру Тәрбие.орг сайтынан Тірек- қимыл жүйесі Биологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Каракулова Гулжанат Бакытжановна

БҚО Казталов ауданы Богатырев орта жалпы білім беретін мектебі биология пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar