Тістің құрылысы және гигиенасы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 241
  • Биологиядан ашық сабақтар
  • 11/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22779


Күні: 23.02.2017ж.
Пәні: биология
Сыныбы: 8 «В»
Пән мұғалімі: С.С. Нурбаева
Өтілетін орны: 210 к
Уақыты: 15.45
Сабақтың тақырыбы:Тістің құрылысы және гигиенасы
Сабақтың мақсаты:тістің құрылысымен таныстыру, тістің гигиенасы туралы түсінік беру
Күтілетін нәтиже: тістің құрылысымен танысады, оны күту жағдайын біледі
Сабақтың типі аралас сабақ
Сабақтың әдісі баяндау, сұрақ- жауап, оқытылым,топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кесте, тістің моделі, тест парақшалары
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
1.Сәлемдесу, сыныпты түгелдеу,оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
2. Психологиялық ахуал
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1.Сұрақ жауап арқылы
1.Өңеш қандай мүше, қайда орналасады, құрылысы қандай?
2.Ашішек пен тоқішек қай жерде орналасқан, олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
3.Асқорыту жүйесіне қандай мүшелер жатады?
4.Ауыз қуысының құрылысы қандай?
5.Асқазан қайда орналасқан және құрылысы қандай?
6.Тоқішектің құрылысы мен атқаратын қызметі қандай?
7.Ашішектің сілемейлі қабықшасының ерекшеліктері қандай?
8.Тіл қандай қызмет атқарады?
9.Жұтқыншақ қандай мүше?
10.Организмге түскен тағамдар қандай химиялық өзгеріске ұшырайды?
Механикалық өңдеу дегеніміз не?
2.Кестеден мүшелерді ретімен айту
Бауыр, қарын, ұйқы безі, өңеш, өт қабы, ұйқы без өзегі, ұлтабар, өт өзегі.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
Сандар сөйлейді.
11-13 см 8-10 метр 8-9 см-дей 5-6 метр

Асқорыту мүшелері
25 см 25-30 см
1,3 метр
8-10 метр - асқорыту жолының ұзындығы
11-13 см - ересек адамның жұтқыншақтын ұзындығы.
25 см - өңештің ұзындығы іші қуыс бұлшықетті мүше.
5 - 6 метр - бұл адамның аш ішектің ұзындығы.
25-30 см - аш ішектің асқазаннан басталған бөлімі -ұлтабар.
1,3 метр - тоқ ішектің ұзындығы аш ішектең екі еседей жуан.
8-9 см-дей - құрт пішінді тұйық өскін соқыр ішек болады.
ІV. Жаңа сабақты меңгерту
Электронды оқулықтан көрсетілім көрсету
Әрбір жеке тістің сауыты, мойны және түбірі болады. Тіс сауытының сырты жылтыр кіреукемен ( эмаль) қапталған. Кіреуке адам денесіндегі ең қатты ұлпа. Оның бір шаршы милиметр ауданы 400 кг-дай салмаққа төтеп береді. Кіреукенің бұл қасиеті, оның құрамындағы бейорганикалық заттарға тікелей байланысты. Тіс кіреукесінің 95% кальций фосфатының қосылысынан тұрады. Бұдан басқа оның құрамында Ғ- фтор,Си-мыс, Zn-мырыш,Ғе-темір,Si-кремний және т.б. заттар кездеседі. Тістің қызылиектен шығып тұрған бөлігі -тіс сауыты. Тістің келесі бөлімі-мойны. Тіс мойны арқылы тіс ұяшықтарына цемент заты арқылы бекиді. Тістің үшінші бөлімі-түбірі. Тістің түбірі жақ сүйектеріндегі арнайы ұяшықтарда орналасқан.Астыңғы жақ сүйектегі үлкен азу тістердің екі түбірі, ал астыңғы жақ сүйекте – үш түбірі, қалған тістерде бір түбірі болады.Ауыз қуысына түскен тағам алдымен тістердің көмегі арқылы шайналып ұсақталады да, сілекеймен араласады. Ауызда толық шайналған, әрі сілекеймен шыланған тағам ағзада жеңіл қорытылып, тез сіңеді. Адамның да тістері басқа сүтқоректі жануарларға ұқсас жеке топтарға бөлінеді. Олар пішіні мен қызметіне қарай күрек тіс, сойдақ тіс, кіші және үлкен азу тістер.Ересек адамдарда 28-32 тұрақты тіс болады. Олар үстіңгі және астыңғы жақ сүйектеріндегі арнайы тіс ұяшықтарында орналасқан. Әрбір жақ сүйектерінде 16 тіс бар.
Сәби дүниеге тіссіз келеді.Сәбидің 6-9 айлығында алғаш рет күрек тістері шыға бастайды. Сәбиде 2 жасқа дейін барлығы 20 тіс шығады. Бұл тістер сүт тістер. 6-7 жастан бастап сүт тістері түсіп, орнына тұрақты тістер шығады.12-14 жаста толық тұрақты тістер шығып бітеді. Ең соңғы үлкен тістер 18-20 жаста шығады. Оларды кеш шықандықтан « ақыл тістер» деп атайды.
Топтық жұмыс. Оқушыларды 3 топқа бөлемін. Жаңа тақырып бойынша әр топқа тапсырмаларды бөліп беремін.
І топ Тістің құрылысы
ІІ топ Тіс гигиенасы
ІІІ топ Тістің құрылысын тірек сызбамен сызып, кестеден көрсету
Оқытылым – оқушылар әр топқа берілген тапсырманы орындарында отырып оқиды. Топ болып талқылап, флипчартқа түсіреді.
V. Жаңа тақырыпты бекіту
Постер қорғау.Әр топтан бір оқушыдан шығып постер қорғайды.
VІ.Жаңа сабақты қорытындылау
Тест тапсырмасы арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын
1.Ересек адамның тісінің саны қанша? А)32 Б)30 В)28
2.Астыңғы жақ сүйекте неше ит тістер болады? А)4 Б)2 В)3
3.Астыңғы жақ сүйекте неше кіші азу тістер болады? А)2 Б)5 В)4
4.Астыңғы жақ сүйекте неше үлкен азу тістер болады? А)6 Б)3 В)2
5.Астыңғы жақ сүйектегі үлкен азу тістердің неше түбірі болады?А)2 Б)5 В)4
6.Үстіңгі жақ сүйектегі үлкен азу тістердің неше түбірі болады? А)5 Б)3 В)6
7.Тістің құрылысы қандай ? А)мойыны,түбірі Б)қаптамасы түбірі В)қаптамасы, мойыны, түбірі
8.Тістің сүйекке ұқсас тығыз затын не дейді ? А)дентин Б)эмаль В)цемент
9. Тістің қандай ауруларын білесің? А)тіс қуысы Б)тісжегі В)тіс түбірі
VІІ. Бағалау

VІІІ. Үйге тапсырма: § 43 оқу Тәрбие.орг сайтынан Тістің құрылысы және гигиенасы Биологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нурбаева Салтанат Сазанбаевна

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Байқоңыр қаласы №274 орта мектебі биология пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar