топырақтан суды және минералды заттарды сіңіру. Органикалық және минералдық тыңайтқыштар. Фотосинтез.

  • Жүктеулер: 23
  • Көрсетілім: 1673
  • Биологиядан ашық сабақтар
  • 27/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20230


Сабақ: сыныбы: күні:
Сабақ тақырыбы: топырақтан суды және минералды заттарды сіңіру. Органикалық және минералдық тыңайтқыштар. Фотосинтез.
Сабақ мақсаты: топырақтан суды және минералды заттарды сіңіруін түсіндіру. Органикалық және минералдық тыңайтқыштар. Фотосинтез туралы түсінік қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
1. Судың маңызын біледі.
2. Тыңайтқыштар туралы түсініктері қалыптасады.
3. Фотосинтез процесінің маңызы туралы біледі.
Сабақта қолданылатын әдістер: карточкамен жұмыс, сұрақ-жауап, тірек-сызбалармен жұмыс.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- сәлеметсіздер ме?
- сыныпта кім кезекші?
- сыныпта кім жоқ?
Іі. Үй тапсырмасын тексеру. «сен- маған, мен саған». Карточкамен жұмыс.
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс.
1-карточка.
1. Жемістер нешеге бөлінеді?
2. Құрғақ жемістерге қандай жемістер жатады:
3. Дәнекті жемістерге мысал келтір.
2-карточка.
1. Шырынды жемістер деп қандай жемістерді айтады?мысал келтір.
2. Тұқымшалы жемістерге мысал келтір.
3. Бақбақ, күнбағыс, қалуен, кекіре қандай жемістерге жатады?
3-карточка.
1. Су арқылы таралатын өсімдіктерге мысал келтір.
2. Жел арқылы таралатын өсімдіктер қандай болып келеді?
3. Қандай жемістерді шырынды және құрғақ жемістер деп атайды?
Үй жұмысын бекіту. «сен- маған, мен саған» әдісі арқылы оқушылар бір-бірлеріне сұрақ қояды.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Ой қозғау.
мұғалім: балалар қалай ойлайсыздар өсімдіктер кейбір мүшелері жақсы дамымайды немесе жапырақтары сарғайып түсіп қалады? Жапырақтарды көрсету.
Өсімдіктің қоректенуі – өсімдіктердің қоршаған ортадан бейорганикалық қосылыстарды қабылдап, бойына сіңіруі және олардың өсімдік бөліктерінің қалыптасуы мен жаңаруына, функцияларының энергиямен қамтамасыз етілуіне қолданылатын органик. Заттарға айналуы.
Минералды қоректену деп - өсімдіктің тамыр арқылы керекті элементтерді топырақтан сіңіру. Қоректік заттар өсімдіктің жер үсті мүшелеріне минералды тұздардың ерітіндісі ретінде жеткізіледі. Топырақтан қоректенуде азоттың алатын орны ерекше. Егер өсімдікте азот жетіспесе, өте баяу өсіп, жапырақтары бозара бастайды. Ағаштардың жанама бұтақтарды дамымай қалады. Бидайдың түптенуі баяулап, төменгі жапырақтары сарғайып, қызарады да, ақырында қурап түседі. Фосфор жасуша қабықшасын түзеді. Өсімдікте фосфор жетіспесе жемістің түзілуі баяулап, салмағы кемиді. Калий жеткіліксіз болса өсімдік өте аласа болып өседі. Жапырақтары мен сабақтары нашар дамып, тірек ұлпасы жетілмейді. Өсімдіктің сабақтары әлсіз болып, жатып қалады. Калий тамыр мен түйнек жақсы дамып, қоректік заттардың қорға жиналуы үшін керек.
Азот тыңайтқышы.
Құрамында қоректік элемент — азот бар тыңайтқышты азот тыңайтқышы дейді. Азот — тіршілік үшін маңызы өте зор элемент, ол жетіспеген жағдайда өсімдіктің жапырағы бозғылт жасыл болып (мысалы, орамжапырак пен жүгерінің), бойы еспей, жапырағы жұқа және шырыны аз, гүлі майда болады. Өсімдікке азот тыңайтқышын берсе, есімдіктің өсуі мен дамуы жақсарып, өнім беруі жоғарылайды. Топырақ арқылы азотты әсімдік аммоний ионы нһ4+ және нитрат ионы н0^ түрінде сіңіреді.
Фосфор тыңайтқыштары.
Фосфор — барлық тірі организмнің құрамына кіретін маңызды элемент. Фосфор ферменттердің, дәрумендердің кұрамында болады.
Фосфорсыз хлорофилл түзілмейді, онда өсімдік жапырағы көмірқышқыл газын сіңіре алмайды. Өсімдікте фосфор жетіспесе, жапырақта қара қошқыл жасыл, қара дақ пайда болып, өсімдіктің гүлденуі мен пісуі баяулайды. Фосфор тыңайтқышын топыраққа енгізу арқылы алынатын жемістің сапасы жақсарып, өнімі артады.
Калий тыңайтқыштары.
Кез келген есімдікке калий өте қажет. Калий жетіспесе, фотосинтез қарқыны төмендейді. Калий жеткілікті болса, өсімдікте крахмал, қантты зат, май түзілуі жоғарылайды және картоп, күнбағыс, жоңышқа, қызылша сияқты есімдіктердің өнімділігі едәуір артады. Топырақта болатын калий, көбінесе органикалық тыңайтқыштар — қи, өсімдік күлі арқылы топыраққа түседі.
Мұғалім: Балалар қалай ойлайсыздар? Өсімдіктерге күннің жарығының қандай әсері бар?Күннің жарығы өсімдіктерге не үшін қажет?
Фотосинтез – (гр.фотос - жарық және синтез) - жасыл жапырақ органоидтері, яғни хлоропласт арқылы Күн сәулесі энергиясының химиялық байланыс энергиясына айналу процесі.Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 млрд т-дан астам органикалық заттар түзеді (мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері түзеді) және бұлкезде олар 200 млрд-тай СО2 сіңіреді, оттегін бөледі.
Фотосинтезді алғаш зерттеушілер Швейцария ғалымдары Ж.Сенебье, Н.Соссюр және неміс химигі Ю.Майер болды. 19 ғасырдың 2-жартысында К.А.Тимирязев күн сәулесі энергиясы фотосинтез процесінде хлорофилл арқылы сіңірілетінін анықтады. 20 ғасырдың басында фотосинтездің физиологиясы мен экологиясына арналған маңызды зерттеулер жүргізіледі (В.В.Сапожников, С.П.Костычев, В.Н.Любименко, А.А.Ничипорович т.б.). 20 ғасырдың орта кезінен бастап фотосинтезді зерттеуде жаңа әдістер (газ анализі, радиоизотопты әдіс спектроскопмя. Электрондық микроскоп т.б.) дамыды.
Жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктер, балдырлар (көп жасушалы жасыл, қоңыр, қызыл, сондай-ақ бір жасушалы эвглена, динофлагеллят, диатом балдырлар) фотосинтезінде сутек доноры және шығарылатын оттек көзі су, ал сутек атомның негізгі акцепторы және көміртек көзі – көмірқышқыл газ. Фотосинтезге тек СО2 мен Н2О пайдаланылса углевод түзіледі.
Фотосинтез аппаратының негізі – жасуша ішіндегі органелла-хлоропластар (көк жапырақ жасушасында 20-100 болады). Балдырлардың көпшілігінде фотосинтездік аппарат – жасуша ішіндегі арнайы органелла-хроматофорлар, ал фотосинтездеуші бактериялар мен көк-жасыл балдырларда тилакоидтер. өсімдік фотосинтез процесінің негізі – тотығу-тотықсыздану. Мұнда квант энергиясы әсерінен 4 электрон мен протон су дәрежесінен (оның тотығуы) углевод дәрежесіне дейін көтеріледі. (СО2-ның тотықсыздануы). Сөйтіп углеводтар фотосинтезі былай өтеді: СО2+Н2О С(Н2О)+О2+120 ккал/моль яғни СО2-ның бір молекуласының углевод дәрежесіне дейін тотықсыздануының бос энергиясы 120 ккал/моль болады. Демек, өсімдік фотосинтезі кезінде кем дегенде 3 квант («қызыл» кванттар энергиясы 40 ккал/моль) сіңірілуі қажет. әр түрлі жағдайда жасалған тәжірибе СО2-ның әр молекуласының тотықсыздануына 8–10 квант қажет екенін көрсетті. Көмірқышқыл газ да, су да, жарықты тікелей сіңірмейді, бұл қосылыстардың квантпен байланысқа түсуін хлоропласт не хроматофор структурасындағы хлорофилл а қамтамасыз етеді. Фотосинтездің биосферадағы маңызы да үлкен. Жер жүзіндеге, мысалы, көміртек, суттек, оттек, сондай-ақ Н, С, П, Мг, Ца т.б. элементтер айналымы процесіне қатысы бар. Жер қалыптасқаннан бері фотосинтез нәтижесінде маңызды элементтер мен заттар бірнеше мың рет толық цикл айналымынан өткен. өсімдік өнімін арттырудың бір жолы - өсімдіктің фотосинтездік әрекетін үдету. Бұл үшін жапырақ көлемін үлкейту, жапырақ тіршілігін ұзарту, егістіктегі өсімдік жиілігін реттеу керек. СО2, ауа, су, топырақтағы қоректік элементтер жеткілікті болуы қажет. Фотосинтез аппаратының активтілігі жапырақтың анатомиялық құрылысына, фермент жүйесі активтілігіне, көміртек метабализмі типіне байланысты болады. өсімдік селекциясының, яғни СО2 ассимиляциясы тез жүретін өсімдік сорттарын шығарудыңда үлкен маңызы бар.
IV. Жаңа сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі. Жаңа терминдерге анықтама беру.
1. Өсімдіктердің қоректенуі деген не?
2. Тыңайтқыштар деген не?
3. Егер өсімдікке фосфор жетіспесе не болады?
4. Калий және азот жетіспесе өсімдіктерге не болады?
5. Фотосинтез деген не?
6. Күннің көзінің әсерінен қандай заттарды сіңіреді және нәтижесінде қандай заттарды түзеді?
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма. §25-26 оқу. 91 беттегі сұрақтарға жауап беру. Тәрбие.орг сайтынан топырақтан суды және минералды заттарды сіңіру. Органикалық және минералдық тыңайтқыштар. Фотосинтез. Биологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кулданова Жадыра Шавкаткызы

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы № 8 орта мектебі биология пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar