Топырақтан суды және минералды заттарды сіңіру. Органикалық және минералдық тыңайтқыштар. Фотосинтез, күннің жарығы және хлорофиллдің осы пр

  • Жүктеулер: 14
  • Көрсетілім: 654
  • Биологиядан ашық сабақтар
  • 19/Сен/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23104


Сабақ жоспары
Күні айы сынып
Сабақтың тақырыбы: Топырақтан суды және минералды заттарды сіңіру. Органикалық және минералдық тыңайтқыштар. Фотосинтез, күннің жарығы және хлорофиллдің осы процестегі рөлі. Күн энергиясын органикалық заттардың химиялық байланыстарында қорға жинақтайтын автотрофтылар ретінде жасыл өсімдіктердің рөлі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Органикалық заттардың маңызын, фотосинтез процесінің жүруін түсіндіру
Дамытушылық: Оқушылардың шапшаңдығын, тез ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, табандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа
Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, әңгімелесу, баяндау.
1.Ұйымдастыру
2.Үй тапсырмасын тексеру
3.Жаңа сабақ түсіндіру
4.Бекіту жұмыстары
5.Қорытынды
6.Бағалау
7.Қорытынды. Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа назар аудару
II. Үй тапсырмасын қайталау.
1. Өсімдік мүшелері қандай бөліктерден тұрады?
2. Жынысты көбеюге гүлдің қай бөлімдері қатысады?
ІІІ.Жаңа сабақ:
Жапыраққа күн сәулесі түскенде хлоропластар ауадан көмірқышқыл газын сіңіреді. Жарықтың әсерінен хлоропластарда күрделі процесс жүреді. Көмірқышқыл газы мен тамырдан келген су қосылып, алдымен қант (глюкоза) түзіледі. Бөлінген оттегі өңдегі жанаспалы жасушалардың саңылауы арқылы ауаға таралады. Қант хлоропластарда өзгеріп крахмалға айналады. Қараңғыда крахмал қайтадан қантқа айналып, суда еріп, басқа мүшелерге тарайды. Өсімдіктердегі қанттың түзілуі жарық, су, көмірқышқыл газының қатысуымен тек хлоропластарда болады. Ауаны көмірқышқыл газынан тазартып, оттегімен байытады. күн энергиясының қатысуымен болатын құбылысты фотосинтез дейді.
Фотосинтездің ашылу тарихы 1630 жылдан басталады. Голландиялық Ван Гельмонт өсімдіктер органикалық заттарды топырақтан алмай өздері түзетінін дәлелдеген. Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған атақты орыс ғалымы Климент Аркадьевич Тимирязев (1843-1920).
Жарықта қанттың жапырақта түзілуін тәжірибе арқылы дәлелдеуге болады (29-сурет). Кез келген бөлме өсімдігін (жапырақтары қалың, жылтыр болса тәжірибе шықпайды) әбден суарып, екі тәулік қараңғы жерге қояды. Жапырақта бұрыннан түзілген крахмалдар тамырға кетіп, жапырақтар крахмалсызданады. Екі тәуліктен соң өсімдікті қараңғы жерден алады. Екі-үш жапырағының біраз бөлігін жарық өтпестей етіп қара қағазбен екі жағынан жабады (жапырақ тақтасы қара қағазбен тұтас жабылмай, біраз бөлігі ашық қалуы керек). Бір тәулік жарық жерге қояды. Бір тәулік өткен соң жапырақты кесіп алады. Қара қағаздан босатып, алдымен ыстық суға бір минуттай салу (қайнату) керек (крахмал дәндері ісінеді). Судан алып жапырақ түссізденгенше спиртте қайнатылады (спирт құйылған ыдысты суы бар ыдысқа орналастыру қажет, (су ваннасы) ыдыстағы су қайнаған кезде спирт те қайнайды). Түссізденген жапырақты алып, суық сумен шайып, жайпақ ыдысқа салады. Бүктелген жерлерін сапты инемен түзетіп үстіне йодтың әлсіз ерітіндісін тамызады. Бір-екі минуттан кейін жапырақтың жарық түскен жері (жабылмай қалған) көгереді. Қараңғыланып жабылған жері өзгеріссіз қалады. Демек, қант жапырақта тек жарық түскенде ғана түзіледі.



1. Пеларгония герань (қазтамақ) бөлме өсімдігі.
2. Жапырақ жұмсағының көлденең кесіндісіндегі хлорофилл дәндері.
3. Хлорофилл дәндерінің бірнеше мың есе үлкейтілгендегі жеке көрінісі.
4. Жарық түскендегі жасыл түсті жапырақ.
5. Тәжірибе үшін жапырақтың біраз жерін ғана қара қағазбен жабу.
6. Жапырақты түгелдей (ашық жерін қалдырмай) қара қағазбен жапқандағы көрінісі.
7. Қара қағазбен түгел жабылмаған жапырақты кесіп алып қайнаған ыстық суға 1 минутқа салу.
8. Ыстық судан алып спиртте қайнату (қауіпсіздікті сақтау үшін спирт бар ыдысты су ваннасына орналастыру).
9. Спирттегі түссізденген жапырақты сумен шайып йодтың әлсіз ертіндісін тамызу. Крахмал бар жер көк түске боялады.

Фотосинтез кезінде оттегі бөлінеді. Оны дәлелдеу үшін мына тәжірибені жасап көруге болады: бөлме өсімдігі традесканцияның кішкене 2 өркенін алып, ішіне аздап су құйылған шыны ыдысқа салады. Екі ыдыстың ішіне жанған май шамды сөнгенше ұстайды. Майшам сөнген кезде ыдыстың бетін әйнекпен жабады. Біреуін жарық жерге, екіншісін қараңғы жерге қояды. Бір аптадан соң тағы да ыдыстың ішіне жанған шырақты ұстайды. Жарыққа қойған ыдыста шырақ жануын тоқтатпайды. Қараңғыға қойылған ыдыстағы шырақ тез сөніп қалады. Жасыл өсімдік оттегін тек жарықта ғана бөлетіні белгілі болды.


Қорытынды.
А
1. Фотосинтез қандай процесс? 2. Қант жапырақтың қай бөлімінде түзіледі?
В
1. Фотосинтез кезінде ең алғаш қандай зат түзіледі, содан соң қандай затқа өзгереді? 2. Қанттың жарықта түзілуін қандай тәжірибемен дәлелдейсіңдер? Жапырақтың фотосинтез жүретін бөлімі қандай ұлпаға жатады?
С
1. Фотосинтез кезінде оттегі бөлінетінін дәлелдейтін тәжірибені түсіндіріңдер. 2. Фотосинтездің тәжірибесін сызбамен түсіңдіріңдер (ретін сақтаңдар). 29-суретте тәжірибе аяқталмаған, оны өздерің аяқтауға тырысыңдар!
Үйге тапсырма: §26 Тәрбие.орг сайтынан Топырақтан суды және минералды заттарды сіңіру. Органикалық және минералдық тыңайтқыштар. Фотосинтез, күннің жарығы және хлорофиллдің осы пр Биологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Болысова Салтанат Амантайқызы

Арқалық қаласы № 6 жалпы білім беретін орта мектеп биология

Пікірлер: 0

avatar