Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Қыналардың сыртқы және ішкі құрылысы, көбеюі. Қыналар – селбесуші организмдер. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің экожүйедегі рөлі, олардың би
  • 20.12.2016
  • 160 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20589

Сынып : 7
Пәні : Биология
Тақырыбы: Қыналардың сыртқы және ішкі құрылысы, көбеюі. Қыналар – селбесуші организмдер. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің экожүйедегі рөлі, олардың биотехнологияда , өндірісте және медицинада қолданылуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Оқушыларға қыналардың ерекшелігі , табиғаттағы тіршілігі жөнінде мағлұмат,түсінік беру.
Дамытушылық : Оқушылардың жалпы қабілеттіліктерін дамыту, негізгі ұғымдарын тани білуге үйрету.
Тәрбиелік : Оқыту барысында өз бетінше жұмыс істеуді қалыптастыру, тапсырылған жұмысты жылдам орындауға, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларман амандасып , түгендеу. Керекті оқу-құралдарын тексеру.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау
(Оқушыларға үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қоямын.)
- Саңырауқұлақтардың құрамында қандай заттар бар?
Саңырауқұлақтарды неге «паразит» деп атайды?
Діңқұлақ саңырауқұлағының зияны?
Қандай улы саңырауқұлақтарды білесіңдар?

2. Үй тапсырмасын бекіту
Оқушыларға таратпа материалдар таратамын
№ 1 тапсырма Кесте
Саңырауқұлақтың адам өміріндегі маңызы Саңырауқұлақтың табиғаттағы маңызы


№ 2 тапсырма Биологиялық диктант
Сөйлемдер Қажетті жауаптар
Саңырауқұлақтың қоректік заты ---------------------- .
Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым -------------------.
----------------- шаң түріндегі спора.
Медицинада пеницилдің ----- түрінен ----------------------- дәрісін алады..
-------------------------------------- жемісті денесінің салмағы ----- кг ------- г , қалпақшасының диаметрі ------- см-ге дейін болады..
Улы саңырауқұлақтар - ------------------------- , сырттай қарағанда ,қозықұйрыққа ұқсас.
Боз арамқұлақ – улы саңырауқұлақ . Оның уының әсері ------ - ------ сағаттан соң байқалады.
--------------------------- дәнді дақылдарды, қамысты және басқа да өсімдіктерді зақымдайды. Конидий

Гликоген

Микология
2 , пенициллин

Ақ саңырауқұлақтың , 2 , 720 , 57

Тат саңырауқұлағы

10-12

8. Боз арамқұлақ

№ 3 тапсырма . Саңырауқұлақтардың аттарын тап.

ІІІ Жаңа сабаққа кіріспе кезеңі






Жаңа сабақтың тақырыбын айту
Бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы қына ерекше тірі ағза. Қыналар
Жаңа сабақтың мақсаты мен міндетін айту
Бүгін біз қыналар туралы туралы мағұлымат аламыз. Олардың тіршілігі , дамуы , құрылысы, пайда зиянымен танысамыз. Жеке және жұптасып жұмыс жасаймыз.
ІV Жаңа сабақты түсіндіру
Қыналар көбінесе тірі табиғаттың жеке дүниесі ретінде қарастырылады.Бұлар сырттай қарағанда бір ғана өсімдік болып байқалғанмен, екі ағзаның селбесуінен құралған.Қынаның денесі саңырауқұлақтан және балдырдан түзілген.Қына түсінің жасыл болуы құрамындағы көк- жасыл балдырлардың түсіне байланысты.Қынаны төсемікке саңырауқұлақ орнықтырады.Қазіргі кезде қыналардың 26 мыңға жуық түрі белглі.Қынаны зерттеушілер лихенологтар (грекше “лихен”-қына, - “логос” – ілім) деп аталады.
Қыналар табиғатта басқа өсімдіктерге қолайсыз, құнарсыз жерлерде өседі.Тастың үстінде , шөлді –шөлейтті жерлерде, тундырада және ормандарда тіршілік етеді. Антрактидадан 350 түрі, Оңтүстік полюске жақын жерде 7 түрі табылған.
Қыналар пішіндеріне қарай үш топқа бөлінеді.


Қыналар өсімді жолмен көбейеді. Оның денесінде көптеген балдырлар мен саңырауқұлақ жіпшелерінің бөліктері қынаның қабықшасын жарып сыртқа шашылады.
Қына құрамындағы жасушаларда жарықта фотосинтез жүреді.Сондықтан қыналар тек жарық жерде өседі, қараңғы жерде денесі ыдырап кетеді. Қынаның ең қажетті жағдай – оттегіне бай таза ауа.
Бұғы қынасы солтүстік өңірде, қарағайлы орманда өседі. Оның қатпаршағы (таллом) – тақта , біз, бокал тәрізді , тік өседі. Кейде бұта тәрізді түрі де кездеседі.
Қыналардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы. Қыналардың топырақта қоректенуі нашар жүреді.Тастардың бетіне,суыған жанартау қалдықтарының бетіне алғаш “қоныстанатын” да осы қыналар.
Қыналардың шаруашылықтағы маңызы өте зор.Бұғы қынасы деп аталатын қынаның бірнеше түрі тундыра , тайгада, қыс кезінде бұғылардың негізгі азығы болып табылады.
Қынаның емдік қасиеті де бар. Ағаштың діңінде өсетін жерқынаны қайнатып, дизентерия (сатқақ) ауруын емдеуге пайдаланады. Сонымен брге асқазан, тыныс жолдары ауыруларына дәрілер жасалады.
Қынадан қант, спирт, бояу, лакмус алынады. Қынаның кейбір түрлерін тәтті тағамдар өнеркәсібінде қолданады.


V Жаңа тақырып бойынша алғашқы түсінігін тексеру

Қыналар қайда өседі ?
Қыналардың құрылысы қандай?
Қыналар қалай қоректенеді ?
Қыналардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы қандай ?
Қынаны зерттеушілерді кім деп атаймыз?
Қынаның түрлерін ата

VІ Жаңа сабақты бекіту кезеңі
Оқушылардың барлығына ортақ биологиялық диктант беремін.

1.Қыналардың ----------------------- 350 түрі , ------------------- полюске жақын жерден ------------- түрі табылған.
2. Ағаштың діңіне , тасқа жабысып өсетін ----------------------- қына.
3.Қыналар ------------------------------------------- көбейеді.
4. Қыналардың ----- ---------- түрі бар.
5.Қыналардың ----------------- қасиеті бар.
6. Қынадан -------------, ---------------, ----------, ------------ алынады.
7.-------------------- тайгада ,тундрада өседі.










VІІІ Бағалау
Оқушыларды кесте арқылы бағалаймын

Оқушылардың аты жөні Үй жұмысын сұрау (сұрақ-жауап) Үй жұмысын бекіту (Өзіндік жұмыс) Жаңа сабақты бекіту Бағалау
Мадина
Эрлан
Айбану
Қайсар
Назерке

ІХ Сабақты қорытындылау Тәрбие.орг сайтынан Қыналардың сыртқы және ішкі құрылысы, көбеюі. Қыналар – селбесуші организмдер. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің экожүйедегі рөлі, олардың би Биологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кенжебекова Самал

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Абай ауылы "Абай атындағы негізгі орта мектебі"КММ биология пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Биологиядан ашық сабақтар
Көрсетілім: 160 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar