Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Зең саңырауқұлақтары
  • 26.04.2016
  • 1482 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18836

6–сынып биологиядан ашық сабақ

Күні:__22 сәуір___________ Сыныбы: 6 Пәні: Биология
Сабақтың тақырыбы: Зең саңырауқұлақтар.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Табиғаттың сырларын аша отырып, саңырауқұлақтардың түрлерi туралы бiлiмдерін кеңейтiп, ұштастыру. Зең саңырауқұлақтар жайлы түсінік беру.Олардың ерекшелігін,құрылысын түсіндіру.
2.Дамытушылық: Оқушыларды ой өрісін дамыту,зең саңырауқұлақтарының шарауашылықтағы және табиғаттағы маңызын айқындау.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты сүюге тәрбиелеу,ұқыптылыққа,жауапкершілікке,тазалыққа, пәнге деген қызығушылығын арттыруға баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: Слайд,суреттер, карточка,кесте
Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, түгендеу. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Сабағымызды бастамас бұрын «Шаттық шеңберіне » шақырамын. Бүгінгі күнге, бүгінгі сабаққа деген бір –бірімізге тілек білдіріп, жақсы көңіл күй сыйлайық.
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге,
Басымызды иіп бәріміз
Шаттық шеңбер
Психологиялық сәт (бір-біріне тілектер айту)



Айналаға алақанмен
Жылулықты шашайық!
Сәттілік тілеп, күлімсіреп,
Біз сабақты бастайық!

II Үй тапсырмасын сұрау:
Карточкалар,тест жұмыстары,сәйкестендіру, биологиялық диктант.

1. «Қаламсап ортада» әдісі.
2. Биологиялық диктант.
3. «Орманға саяхат»
(Улы және жеуге жарамды саңырауқұлақтарды ажырату)

III Жаңа сабақ.
.
І. Қызығушылықты ояту
«Саңырауқұлақтар» туралы бейнефильм көрсетеді.
Сабақты слайд арқылы түсіндіру.

Саңырауқұлақтар – бiрклеткалы (микроскопиялық) немесе көпклеткалы, көлемi мен құрылысы жағынан әртүрлi организмдер: гетеротрофтар, аэробтар. Саңырауқұлақтарды зерттеумен, алғашында ботаниканың бiр саласы болған – микология (грекше “микес” – саңырауқұлақ және “логос” – “iлiм”, “ой”) ғылымы айналысады. Микологияның негiзiн салушы деп саңырауқұлақтардың классификациясын жасаған және олардың көбею механизмiн зерттеп сипаттаған немiс биологы Генрих Антон де Баридi (1831 -–1888) атауға болады. Өсiмдiктердiң ауруын қоздыратын саңырауқұлақтарды зерттеуде Бари қыналар саңырауқұлақтар клеткалары мен балдырлардан тұратынын дәлелдеген.
Зең саңырауқұлақтары да төменгі сатыдағы өсімдіктер.Оларды ашытқы саңырауқұлақтары сияқты микроскоппен көруге болады.Олар күнделікті тұрмысымызда кездестіреміз.Пеницилдің жіпшумақтарының шоғыры – көкшіл-жасыл түсті, ал аспергилдің жіпшумақтарының шоғыры сарғыш жасыл түсті болады. Медицинада пеницилдің 2 түрінен пенициллин дәрісін алады. Оны өкпенің қабынуы, ревматизм (құздама), дифтерия (күл ауруы), скарлатина, басқа да ауруларды емдеуге пайдаланады. Пенициллин іріңдеген ауруларды тез жазады. Зең саңырауқұлақтарының зияны да бар. Олар картоп, жеміс, дәнді дақылдарды шірітеді.

Сергіту сәті.

IV. Бекіту.
№32 зертханалық жұмыс.

V. Қорытынды: Сабақты қортындылай келе оқушыларға сұрақ қойылады.

1. Медицинада пеницилдің түрінен қандай дәрі алады? (пенициллин)
2. Спора қайда жетіледі? (спорангий)
3. Пенициллин дәрісі қандай аурулардың алдын алады? (Оны өкпенің қабынуы, ревматизм (құздама), дифтерия (күл ауруы), скарлатина, басқа да ауруларды емдеуге пайдаланады. Пенициллин іріңдеген ауруларды тез жазады)
4. Аспергилдің бір түрінен не алынады? (лимон қышқылы)
5. Зең саңырауқұлақтарының қандай түрлері бар? (пеницилл,аспергилл)
6. Зең саңырауқұлақтарынан қалай сақтануға болады? (түрлі жеміс-жидектерді, дәнді дақылдарды, картопты, сәбізді қоймаға сақтау алдында кептіріп алу және оларға химиялық препараттар шашу, қоймада ауа мен жылу мөлшерін қалыпты жағдайда ұстау.)
7. Пеницилл жіпшумағының шоғыры қандай түсті? (Пеницилдің жіпшумақтарының шоғыры – көкшіл-жасыл түсті)

Рефлексия бүгінгі сабақта
нені білемін
Нені білдім
Нені білгім келеді. Блоб көпіріне стикер жапсырады.

Үйге тапсырма: §59 сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау.

«Шағын жинақталған Саржыра негізгі орта мектебі»кмм



Тақырыбы: Зең саңырауқұлақтары


Пән мұғалімі: Табысбаева Н Тәрбие.орг сайтынан Зең саңырауқұлақтары Биологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Табысбаева Назым Ермековна

ШҚО Зайсан ауданы Саржыра негізгі орта мектебі Биология пән мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Биологиядан ашық сабақтар
Көрсетілім: 1482 | Жүктеулер: 7
Барлық пікірлер: 0
avatar