Өзгергіштік /мутациялық өзгергіштік/

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 721
  • Биологиядан ашық сабақтар
  • 18/Июн/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19238


Сабақтың мақсаты: а) білімділік. Мутация ұғымы туралы негізгі білімді
қалыптастыру. Мутацияның болу себептерін түсіндіру;
ә) дамытушылық. Мутацияның түрлеріне тоқтала
отырып, әрқайсысына талдау жасау;
б) тәрбиелік. Жер бетіндегі және қазақ жеріндегі
қолайсыз қоршаған орта жағдайынан пайда болған
мутация түрлеріне тоқтала отырып, оны жою,
бәсеңдету, халықтың генетикалық тазалығын сақтау
бағытында тәрбие беру, имандылыққа, туған жерді
сүюге баулу.
Сабақтың әдісі: Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлау
Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақ эпиграфы: «Оқ ату кезінде жанды нәрсені нысана ғып
қоймаңдар»
(Мұхамбет пайғамбардың хадистерінен).
Сабақ көрнекіліктері: Интерактивті тақта (хромосомалық ауытқулар слайдтары,«Мутация түрлері» схемасы, видеоматериалдар),Қаз.Физ.Картасы.

Сабақ жоспары: І. Қызығушылықты ояту
ІІ.Мағынаны ашу.
ІІІ. Рефлексия
І. Қызығушылықты ояту.
Оқытушы тақтаны 3 үлкен бағанға бөледі:

Білемін Білгім келеді Білдім



ІІ. Мағынаны ашу. (Мәтіннің мазмұнын оқып, «Білемін» бағанын толтыру, «Білгім келеді» бағанындағы сұрақтарға жауап іздеу, «Білдім» бағанына жаңадан алған ақпараттарды жазу).
Алдымен «мутация» сөзіне түсінік берейік. «Мутация» деген атауды голландиялық ботаник Гуго де Фриз кенеттен пайда болған тұқым қуатын өзгерістерді сипаттау үшін қолданды. Негізінде бұл сөздің шығу тегі әріректе жатыр. Көне Рим империясында Август патшаның билік ету заманында сауда орталықтары мен қалалар арасындағы байланысты ұйымдастыру үшін жаяу және атты шабармандар қолданған. Жол бойында жолаушыларға демалатын «мансио» деп аталатын сарайлар болған. Осы мансиолардың араларында «мутацио» деп аталатын шаршаған аттарды ауыстыратын бекеттер болған. Міне, мутация деген сөздің мағынасы – ауыстыру, өзгерту.
Мутациялық өзгергіштік – ата – тегінде болмаған кейбір жаңа ерекшеліктердің кенеттен ұрпақтың жекелеген ағзасында пайда болуы.Мутация жануарлар, микроағзалар, әсіресе өсімдіктер селекциясында көптеген пайдалы өзгерістер береді. Сонымен қатар көптеген апаттың себебі болып табылады: әртүрлі аурулардың, қоздырғыштарының эпидемиясы, қатерлі ісіктер, тұқым қуалайтын аурулар т.б.
Мутагенез - әртүрлі физикалық, химиялық әсерлерден мутацияның пайда болу процесі.
Мутация – жасушадағы геннің табиғи не жасанды жолмен өзгеруі. Жыныс жасушаларында болған мутациялар тұқым қуалайды. Дене жасушаларында болған мутация тұқым қуаламайды. (Мозаик, химер, алапес).
Мутагендер – мутацияның пайда болуына әсер етуші факторлар.
Мутант - мутация нәтижесінде алғашқы типіне ұқсамайтын, тұқым қуалайтын, өзгеше қасиеттері бар ағза.
Спонтанды - өздігінен пайда болған,
индукциялық – жасанды мутанттар.

Мутация генотиптегі өзгеру сипатына қарай 4 топқа бөлінеді.
1. Геномдық
2. Хромосомалық
3. Гендік
4. Цитоплазмалық

Цитоплазмалық , гендік, хромосомалық мутацияларға қысқаша сипат беру.
Геномды мутация – жасушадағы хромосоманың өзгеруіне байланысты пайда болады. Әртүрлі өзіне тән хромосома саны, формасы бар. Кариотиптің негізгі бірлігі – хромосомалардың гаплоидты жиынтығын n – деп белгілейміз.
Мутация: адамда 2n +ХХ, 2n +ХУ.
Митоз бен мейозда жасушалардағы хромосомалар полюстерге әркелкі ажырауынан немесе ажырамауынан, хромосомалардың бөлінбей екі еселенуінен бұл механизм бұзылады. 2n ± n пайда болады.
Гаплоидты жиынтық тұтас көбейсе – полиплоидтар деп аталады. Хромосома саны гаплоидты жиынтыққа еселі болмаса гетероплоидтар. Полиплоидия кезінде 3 n, 4 n, 5 n кездесуі мүмкін. Барлық мәдени өсімдіктердің 1/3 – і полиплоидтар. Гетероплоидияның полиплоидиядан айырмашылығы еселенбей 1,2 хромосома санының артық не кем болуы.
2n +1 трисомик
2n +2 тетросомик
2n -1 моносомик
2n -2 нулисомик – бұл жағдайда ұрпақ өлі туады. Трисомия, моносомия құбылысы көп кездеседі. Бұндай ұрпақтың дене бітімінде, ақыл – есінде кемістік болады.
М: 13 – хромосомасындағы трисомиктердің көздері жетілмейді, аузы бүрілген, таңдайы да дұрыс жетілмейді.
4- хромосомадағы трисомияда бет – бейнесі бульдог итке ұқсайды, көз алмасы дұрыс жетілмеген, ақыл – есі кем.
5- хромосомадағы моносомия «мысықша мияулау» синдромы
17- хромосомадағы трисомиктердің аузы 3 бұрышты, мойны жоқ.
21 - хромосомадағы тетросомик беті жалпақ, аузы ауызға шығыңқы,
ақыл – есі кем.
21 хромосомадағы моносомия.

Жыныс хромосомасындағы ауытқулар.
2n +ХО Тернер синдромы
2n +ХХХУ Клаинфельтер синдромы.

Осындай ауытқулар бұрын да болды ма?
Болған, бірақ қазіргі кезбен салыстырғанда сирек кездескен. Әрине, оның сыр – сипатынан бейхабар жұрт әрқилы алыпқашпа әңгімелерді гулейтіп жұртқа үрей туғызған. Құбыжық ұрпақты дүниеге келтіруші ананы жын – перімен жақын болған деп кінәлаған.
ХХ ғасырдың 30-40 жылдары генетика ғылымы бұл құбылыстың табиғатын, себептерін ашты.
Қазіргі кезде жиілеп бара жатқан мутациялық өзгергіштіктің ең басты себебі – радияциялық сәулелер болып отыр. Жер бетінде ядролық сынақтар тұңғыш рет Хиросима мен Нагасакиде болғанмен қазір жер бетін түгел қамтуда. Соның ішінде Қазақ жері ең көп зардап шегуші ел. Совет өкіметі жылдарындағы Кеңес Одағындағы ядролық жарылыстың 92% Қазақстанда болыпты.Оны жасырын түрде жүргізгендіктен тіпті сезбепті.
Картамен жұмыс
(Қазақстандағы радиациялық нүктелерге шолу)
Бұдан біз Ресейдің өз қарамағына алған отар елдерге жасаған зор «қамқорлығын» көреміз. Қазақстанның радиациялық картасы әлі жасалған жоқ.
Басының бір жағы өсіп кеткен бала, бет - әлпеті адам пішінінен едәуір ауытқыған тірі жан, бір – бірімен жабысып туған қос нәресте тағы – тағылар көбейіп кетті. Кейінірек көпшілік бұл ненің зардабы екенін түсіндіре бастады. Семей полигоны жабылды. Бірақ оның зардабын жабу оңай болмай тұр. Қазір Қазақстанда 2,5 мың адам ұзақ уақыт радиациялық сәулеленудің арқасында мутагенезден зардап шегеді. Соңғы 45 жыл ішінде Қазақстан тек қана ядролық сынақ полигоны емес, сонымен қоса уран шығаратын орталыққа, ядролық технология қалдықтарын көметін көмбеге айналды.
Радиация аймақтарында 2010-2020 ж. Дүниеге келген әрбір 2 бала гендік ауытқуларының иесі болады. Ал оның зардаптары ұрпақтан – ұрпақққа күшейтілген түрде жалғасып отырады. Оны жасырудың реті жоқ. Дүние жүзінде ешбір территория, ешбір халық мұндай қасірет шеккен емес.
Ядролық жарылыстардан жараланған жерлерді емдеу, радиоактивтілікпен ластанған жерасты суын тазарту, радиациялық сәулеленуден бұзылған түзеудің жолдары бар ма?
Жапонияда атом бомбасы түскен қалаларды ерекше қамқорлық пен бақылауға алудың нәтижесінде дүниежүзілік бойынша өмір сүру көрсеткіші жоғарғы деңгейге жетті. 1993 жылдан бастап Алтай өлкесі тұрғындарына Семей полигонына жақын орналасқан деп Ресей өкіметі арнайы жәрдемақы бөлді. Олар полигоннан 300-600 км жерде орналасқан. Ал полигон іргесінде елдер елеусіз қалуда. Біздің елімізде мутациялық ауытқуларға қандай әрекет, көмек, зерттеулер жүргізіп жатқанын білу мақсатында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық Академиясында қызмет жасайтын биология ғылымдары, кандидаты, ғылыми – жаратылыстану кафедрасы доценті Мансеитова Светлана Рахметтуллаевнаға жолығып пікірлескен едім. (видеотаспасын тыңдау).
Ғалымның айтуы бойынша өзінің зерттеп жүрген обьектісі Ақтөбе хром қосындылары зауытының адам ағзасыны зиянды мутагенді әсерінің зор екенін айтты. Қазір елімізде антимутагенді препараттар аз мөлшерде шыға бастады. Гендік ауытқуларға ұшыраған адамдарға тек хирургиялық әдістер арқылы ғана көмектесе аламыз. Генетика жетістіктері Жапония, АҚШ – та жоғары деңгейде. Қаншалықты медициналық жағдай жасалғанмен қоршаған ортаның радиациялық әсері тоқталмаса мутациялық өзгергіштік жалғаса береді, - деп аяқтады сөзін.
Ең үлкен мәселе мутагенді факторларды қалай жоюға болады? Бұл көптеген ғалымдардың басын қатырған мәселенің бірі. Соңғы деректер бойынша ядролық қалдықтарды айға немесе ғарыш кеңістігіне шығарып тастамаса оның тірі ағзаға әсері тоқталмайды екен.
ІІІ. Рефлексия. Венн диаграммасы.

Модификациялық Мутациялық
өзгергіштік өзгергіштік

Мұғалім сөзі:Жас ұрпақтың алдында тұрған міндет осы тығырықтан шығар жолды табу. «Асыл – тастан, ақыл - жастан» шығады дегендей еліміздің жарқын болашағы жаңаша тәрбиеленіп жатқан жастар қолында.

Үйге тапсырма. 1. «Мутациялық өзгергіштік» тақырыбын оқып келу.
2. Жер бетіндегі мутациялық жағдай туралы хабарлама.
3. Қазақстандағы мутациялық өзгерістер туралы
хабарлама.
4. Қазақстандағы мутациялық өзгерістер туралы деректер
жинау. Тәрбие.орг сайтынан Өзгергіштік /мутациялық өзгергіштік/ Биологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Турсунбаева Анара Садыковна

Маңғыстау обл.Жаңаөзен қаласы №6 орта мектеп Биология пәні пұғалімі

Пікірлер: 0

avatar