Жануарларды қолға үйрету селекциясының бастапқы кезеңі екендігі. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары. Жануарларды қолға үйрету аймақтары.

  • Жүктеулер: 26
  • Көрсетілім: 1693
  • Биологиядан ашық сабақтар
  • 27/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20231


Сабақ№_______Сыныбы____9____Күні_________
Тақырыбы:Жануарларды қолға үйрету селекциясының бастапқы кезеңі екендігі. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары. Жануарларды қолға үйрету аймақтары. Үй жануарларның шығу тегі.
Сабақ мақсаты:Жануарларды қолға үйрету селекциясының бастапқы кезеңі екендігі. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары. Жануарларды қолға үйрету аймақтары. Үй жануарларның шығу тегімен тааныстыру.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап, «сен маған,мен саған », миға шабуыл, әңгіме,АКТ, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, слайд, оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-Сәлеметсіздер ме?
-Топқа бөлу(Түстер арқылы 4 топқа бөлу). Топ басшысын сайлау.
-Сыныпта кім кезекші ?
-Сыныпта кім жоқ?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.«Сен маған,мен саған ».
1. Тұқымқуалаушлық деген не?
2. Өзгергіштік деген не?
3. Өзгергіштік нешеге бөлінеді?
4. Модиикациялық өзгергіштік деген не?
5. Генотип дегеніміз?
6. Фенотип дегеніміз?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Миға шабуыл. Шағын видео көрсету.
Мұғалім: Балалар осы видеода не көрдіңіздір?Генетика деген не?
Селекция дегенде нені түсінесіздер?
Генетика — бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Ағзалардың тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылымды генетика деп атайды (грекше “genetіkos” — шығу тегіне тән). Бұл атауды 1906 жылы ағылшын биологы У.Бэтсон ұсынды.
Ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыруда селекция және тұқым шаруашылығының маңызы өте зор. Жергілікті жағдайда бейімделген жоғары өнімді сорттар мен будандарды өсірудің нәтижесінде өндіретін дақылдардың өнімділігі 40-50 және одан да жоғары пайызға көтеруге болады. Селекция(латын тілінен аударғанда selection- сұрыптау немесе іріктеу) – жаңа сорттар мен будандарды шығарумен айналысатын ғылым. Алғашқы кезде жаңа сорттар шығаруда тек сұрыптау әдісі қолданылған. Қазіргі кезде селекцияда сұрыптаумен қатар, будандастыру, полиплодия, мутагенез, биотехнология сияқты басқада әдістер кеңінен қолданылуда. Селекционерлердің жоғары мамандануын қажет ететін генді инженерия, гаплоидты селекция сияқты әдістерді пайдалану қазіргі күні басты бағытқа айналуда. Сондықтан селекционерлер жасушаның ішкі құрлысын, тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті, өсімдікте болатын ішкі құбылыстарды, аурулар мен зиянкестерді, өнімді сақта, өңдеу технологиясын жақсы білумен қатар, математиканы, химияны, өндіріс экономикасы мен ұйымдастыру негіздерін білулері қажет. Селекция жұмысының ғылыми–теориялық негізгі тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым генетика болғанымен, селекция өз алдына дербес ғылым. Ол жаңа ағзалар шығаруға негіз болатын ерекше әдістерге сүйенеді.
Топтық жұмыс.
І топ. Жауарларды қолға үйрету селекциясы.
Адамның қатысуымен жүретін сұрыптауды қолдан сұрыптау деп атайды. Чарлз Дарвин өзінің қолдан сұрыптау туралы ілімінде оның екі түрін анықтаған: мақсатсыз және мақсатты сұрыптау. Адамдар жануарларды үй жағдайына қолға үйретудің алғашқы кезеңінде мақсатсыз сұрыптауды пайдаланды.
Саналы сұрыптау.
Үй жағдайында жануарлар мен өсімдіктерді өсіру кезінде, адамдар бағалы, пайдалы белгілері бар ата-аналық даралар өздеріне ұқсас, жетілген ұрпақ әкелетінін байқаған. Оларды бірнеше ұрпақ бойы қадағалап, көбейтіп, өсіріп отырған. Адам саналы сұрыптау барысында белгілі бір мақсат қойып, қандай нәтиже шығатынын да болжай алады. Осы сұрыптаудың нәтижесінде жануарлардың белгілері өзгеріп, адам қажетіне керек, жабайы ата тегінен өзгеше, жаңа түрлері пайда болады. Сұрыптаудың шығармашылық маңызы осында. Қолдан сұрыптаудың екі түрі бар. Ол — жаппай және жеке сұрыптау.
Жаппай сұрыптау деп фенотипі (сыртқы белгілері, қасиеттері) бойынша сұрыптауды айтады. Мұнда генотип есепке алынбайды, фенотип жағынан бірдей даралардың тобын іріктейді.
Жеке сұрыптау кезінде жекеленген өсімдіктің немесе жануарлардың біреуін іріктеп, оның ұрпақтарының генотипін зерттейді. Ұрпақтарына бағалы, қажетті қасиеттер мен белгілерін тұрақты беретін дараларды сұрыптайды. Жеке сұрыптаудың маңызы генотипі жағынан бағалы бір дарадан көп ұрпақ алуға болатынында. Мысалы, қолдан ұрықтандырудың тәсілдерін пайдалана отырып, бір бұқадан, қошқардан ондаған, жүздеген ұрпақ алуға болады. Жеке сұрыптаудың жаппай сұрыптаумен салыстырғанда маңыздылығы жоғары. Өсімдіктерде жеке сұрыптауды кеңінен қолданады. Кез келген өсімдікті оның ұрпағы бойынша бағалау жүргізу үшін жеке-жеке көбейтіп, таза сорттармақ жағдайына жеткізеді. Таза сорттармақ, дегеніміз — бір жұп ата-анадан тараған белгілері бойынша гомозиготалы ұрпақтар. Адам қолдан сұрыптаудың әдістері арқылы популяцияда қажетті, бағалы белгілері бар дараларды көбейтеді.
Будандастыру әдісі.
Өсімдіктердің сорттарын, жануарлардың жаңа тұқымын шығару үшін будандастыру әдісін қолданады. Олар туыстық будандастыру (инбридинг) және туыстық емес будандастыру (аутбридинг) болып бөлінеді. Туыстық будандастыру немесе инбридинг будандастыруда туылған ұрпақта гендердің гомозиготалы күйге ауысуына байланысты гомозиготалы даралардың үлесі арта түседі.
Етті бағыттағы қолтұқымдар. Бұл бағытта Қазақстанда кеңінен таралған қолтұқымға қазақтың ақбас сиыры жатады. Қолтұқым жергілікті қазақ, қалмақ сиырларын Англиядан әкелінген герефорд бұқаларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Түгі қызыл, басы ақ, бүкіл денесінде ақ түсті дақтар бар. Жазда жүні қысқа және біртегіс жалтылдап тұрады. Қыста жүні ұзын, әрі тығыз болып өседі. Бұқаларының салмағы 850–1000 кг, сиырлары 500–550 кг тартады. Күтімі жақсы болса, 1,5 жастағы тайыншаларының салмағы 450– 470 килограмға дейін жетеді. Сиырдың бұл қолтұқымы Батыс Қазақстан өңірінде көбірек өсіріледі.


Қазақтың ақбас сиырының бұқасы


ІІ топ. Мәдени өсімдіктедің шығу орталықтары.
Ол мәдени өсімдіктердің таралу орталығын 8 аймаққа бөлген, олар: Қытай,Үнді, Үнді-Малая,Орта, Алдыңғы Азия, Жерорта теңізі, Батыс, Орталық Мексика, Оңтүстік Америка және Чили Андысы. Орыс ғалымы П.М. Жуковский (1888 – 1975) мәдени өсімдіктердің таралу орталығын 12 аймаққа бөлді. Олар: Қытай, Жапония, Индонезия, Үндіқытай, Австралия, Үндістан, Орта, Алдыңғы Азия, Жерорта теңізі маңы, Африка, Еуропа,Сібір, Орталық, Оңтүстік, Солтүстік Америка. Мәдени өсімдіктердің таралу орталығының пайда болуы адамзат мәдениетінің қалыптасуымен тығыз байланысты. Қытай, Жапониядан күріш, қонақ тары, қытай капустасы, бұршақ түрлері, құрма, апельсин, мандарин, шай, т.б. өсімдік түрлері; Индонезия, Үндіқытайдан нан ағашы, манго, лимон, бананның бірнеше түрі, қант пальмасы, эвкалипт, темекі, мақта; Австралиядан қант қамысы, қияр, кенеп, кокос пальмасы, күріш түрлері, қара бұрыш; Орта Үндістаннан қара бидай түрлері, бұршақтың бірнеше түрі, зығыр, мақсары, қарбыз, сәбіз, алма, алмұрт, өрік, шие, банан жеміс ағашы; Орта Азиядан бидай, қара бидай, арпа, сұлы, бұршақ, жоңышқа, қант қызылшасы, алма, жүзім, анар; Алдыңғы Азиядан зәйтүн, лавр, жеміс ағаштары, т.б. мәдени өсімдіктер таралған. Дүниежүз. мәдени өсімдік тобына Африка орталығынан мақтаның бірнеше түрі, қарбыз, кофе; Америка орт-нан жүгері, картоп, қызанақ, асқабақтың бірнеше түрі, какао, жержаңғақ, жер алмұрты қосылды.
Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары
Осы заманғы адам мәдени өсімдіктерсіз өмір сүре алмаған болар еді. Мәдени өсімдіктер адамды ең қажетті заттармен қамтамасыз етедіндігі рас. Мәдени өсімдіктер - астық, көкөніс, жеміс-жидек, мата тоқуға қажетті шикізат. Мәдени өсімдіктерсіз қант, май, мал азығы да болмас еді. Үй жиһазы, қағаз, дәрі, үй ішін сәндейтін әр түрлі заттардан өзге де қажеттіліктерді тек мәдени өсімдіктерден аламыз. Мәдени өсімдіктердің сан алуан түрлері мен іріктемелерін алу үшін қаншама жылдар өтті емес пе?
Алғашқы адамдар тек жабайы өсімдіктердің тұқымы, жемісі, пиязшығы және басқа бөліктерін пайдаланды. Өсімдіктерді қолда өсіру әдісін меңгере алмағандықтан, табиғаттың бергенін ғана місе тұтты. Сондықтан бұл кезең жинаушы кезең деп аталды. Адамзат тарихындағы бұл кезең сан ғасырларға созылды. Адамдар біртіндеп кейбір өсімдіктерді тұқымынан өсіру жолын тапты. Ондай адамдар құнарлы топыраққа өсімдікті өсірумен ғана шектелмей, ол өсімдіктің сапасын өзгертуді де меңгерді. Өсімдіктің өзіне қажетті өнім беруін реттеу үшін сұрыптал, іріктеу қажет болды. Адам сұрыптау жолымен қолдан шығарған бір тұр дарақтарының жиынтығы іріктеме деп аталады. Сөйтіп өмірге селекция ғылымы келді. Жануарлардың қолдан шығарылған түрін цолтщым дейді. Өсімдіктердің жаңа іріктемелерін, жануарлардың жаңа қолтұқымдарын шығарумен ұғылданатын ғылым - селекция деп аталады (латынша «селекция» - іріктеу, сұрыптау).
Мәдени өсімдіктердің сан алуандығы және шығу орталығын орыс ғалымы Н. И. Вавилов зерттеді. Ол бес континентті айналып шығып, дүние жүзінің 52 елдерінде болды. Н. И. Вавилов өсімдіктердің 400-ге жуық түрінің Оңтүстік Азияда, 200-ге жуық түрінің Оңтүстік Америкада мәденилендірілгенін дәлелдеді. Ол осы сапарында мәдени өсімдіктердің 1 000-ға жуық түрін зерттеді. Сөйтіп өсімдіктер сан алуандығының орталықтарын белгіледі.
Қазақстанда қант қызылшашы мен кендірді биологиялық сұрыптау жағынан ғылыми тұрғыда сипаттаған алғашқы ғалым - Кәрім Мыңбаев. Ол көксағыздың биологиялық ерекшеліктерін зерттеп, оны сұрыптау әдістерін тапты. Кандидаттық және докторлық диссер- тациясын Ленинградта академик Н. И. Вавиловтың жетекшілігімен қорғаған Кәрім Мыңбаевтың негізгі ғылыми еңбектер! өсімдіктер генетикасы мен селекция- сына арналған. К. Мыңбаевтың армандаған іс-жоспарларының бірқатары кейін жүзеге асты. Сөйтіп, Қазақстанды астықты өңірге айналдыру, Бетпақдаланы мал шаруашылығы үшін пайдалану, сондай-ақ Орталық және Оңтүстік Қазақстан аймақтарын суландыру, құмкөшкінін тежеу мақсатында жаңа жерлерге сексеуіл отырғызу жобалары халық игілігіне айналды.

Өсімдік шаруашылығының өнімін алуда мәдени өсімдіктерді егудің маңызы зор. Бұл - ауыл шаруашылығы негізгі саласының бірі. Егістік дақылдар тобы дәнді дақылдар, түйнекжемісті және тамыржемісті дақылдар, майлы дақылдар, малазықтық дақылдар, тоқыма дақылдары, бақша дақылдары болып бөлінеді. Ал жемісті дақылдар: шекілдеуікті дақылдар, сүйекті, жидекті, жаңғақжемісті, цитрусты дақылдарға жіктеледі. Демек мәдени өсімдіктер жергілікті халықты - азық-түлік өнімдерімен, мал шаруашылығын - малазықпен, адамзатқа қажетті шикізаттармен қамтамасыз етеді. Мәдени өсімдіктер мен олардың іріктемелерін адамзат қаншама жылдар табиғатты4 бергенін жинақтап, жинаушы кезеңді бастан өткізді. Сөйте-сөйте өсімдіктерді өсірумен ғана емес, оны өзіне қажетті өнім беруге сұрыптал, іріктеуді меңгерді. Өсімдіктерден - іріктеме, жануарлардан қолтұқым шы- ғарумен шұғылданады. Әйгілі ғалым Н. И. Вавилов мәдени өсімдіктердің шығу орталығын зерттеді. Ғалым-селекңионер Кәрім Мыңбаев Қазақстанда өсімдіктер генетикасы мен селекңиясын зерттеуді өркендетті.
ІІІ топ. Үй жануарларының шығу тегі.
Үй жануарлары хордалылар типінің омыртқалылар тармағына жатады. Осы тармаққа алты класс жатады: жақсүйексіздер, шеміршекті балықтар, сүйекті балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер. Қолға үйретіп, үй жануарларына айналдыру процесі соңғы аталған, жерде өмір сүретін неғұрлым жоғары ұйымдастырылған екі жоғары классты қамтыған (құстар және сүтқоректілер). Үй жануарларының көпшілік бөлігі ауылшаруашылық малдары. Ауылшаруашылық малдары деп, оларды өсіру ауылшаруашылығының саласы болып енетін, осы жануарлардан немесе басқада өнім алуға бағытталған үй жануарларын атайды.
Ірі қара мал. Шығу түріне қарай ірі қара малды екі туысқа бөледі; бұқа тәрізділер (Вos) және енекелер (Вubalis dаdе lus). Бұқа тәрізділердің өзі төрт түрге бөлінеді: ірі қара мал (Воs tamhis indicus), үнділік маңдайлы бұқалар - бантенг, гаур, гаял, (Воs bidos), қодас (Воs роерһоgus), бизондар (Вos bisоn). Осы жануарлардың көпшілігі жабайы және үй жануары түрінде кездеседі.
Жеке ірі қара мал (Воs tauhis туысы). Бұл ауылшаруашылық малдарының ішіндегі ең көп топтар.
Ірі қара малдың жабайы ата тегін ғалымдар көбінесе - тур деп есептейді. Оның көп таралған жері Европа болған. Турдың бірен-сараң түрін Сібірден, Қытайдан, Солтүстік Африкадан, Сириядан, Палестинадан кездестіруге болады. Тур аздаған табын болып сазды, сардалада, өзендердің жағалауында өмір сүрді. Жорж Кювьенің айтуы бойынша мұз дәуірінде жер бетінде мүйізі ұзын, мүйізді - өте денелі жануарлар — тур өмір сүрген. Турдың соңғы аналығы 1627 жылы Польшада өлген. Тур - өте ірі (салмағы 800-1200 кг, шоқтығындағы биіктігі 200 см), өте жақсы жетілген ұзын мүйізді, қара түсті жануар (сурет 1). Оның қуатының және күші көптігі соншалықты, ол туралы ежелгі заман эпостарында, аңыз-жырларында және мақалдарында айтылған. Халық батырларын орыс елінде турлар деп атаған. Осы жануарлардың күші, шапшаңдығы, шыдамдылығы туралы Юлий Цезарь, Владимир Мономах, Ұлы Карл жазған. Ғалымдар турды үш түрге бөледі: европалық, азиялық және африкалық деп.
Осы ірі қара малдың шығу тегін біліп, оқып үйрену үшін ресейлық академик Е.Ф. Лискун және швед ғалымы Л. Рютимейер ұсынған краниологиялық әдісті қолдануға болады. Осы әдіске сәйкес ірі қара малды мынадай келесі типтерге бөледі:
I. Жабайы (қушық шеке) (Воs primgenius). Осы ірі қара малдың жабайы ата тегін азиаттық тур деп есептейді. Қушық шекелі түрге украиналық сұр, холмогор, голландық, қара-қошқыл түрлерді жатқызады.
II. Кеңмаңдайлы (маңдайлы) (Воs frontosus). Маңдай сүйектерінің жақсы дамуымен, кең және ұзын бас сүйегімен ерекшеленеді. Кең маңдайлы ірі қара малдың жабайы ата-тегі азиаттық тур. Бұл түрдің өкілі болып симментал малы енеді.
ІV. Жануарларды қолға үйрету аймақтары.Үй жануарлары, доместикация — жануарлардың қолға үйретілген түрлері.
Сондықтан кейде бұларды қолға үйретілген жануарлар деп атайды. Мүйізді ірі қара, түйе, жылқы, есек, қой-ешкі, ит, шошқа, мысық,үй қояны, теңіз тышқаны; құстардан тауық, үйрек, қаз, күркетауық, кептер; тоғандарда өсірілетін балықтар үй жануарларына жатады.Өркениет дамуының барысында адам жәндіктердің 2 түрін (бал арасы мен жібек көбелегі), құстардың 10 — 12 жәнесүтқоректілердің 60-қа жуық түрлерін қолға үйреткен. Зертханалық жануарлар — егеуқұйрықтар мен тышқандар, сайрағыш жәнеәсем құстар, тоты, шымшық, т.б., аквариум балықтары да өсіріледі. Үй жануарларын қолға үйрету алғашқы адамдар мекендерін қазып зерттеу нәтижесінде, бұдан 15 — 10 мың жыл бұрын басталған. Аңшылық тәсілі жетілген сайын жабайы, тағы жануарлар саны азайып, адам баласының күнделікті тұрмыс қажетін қанағаттандыру үшін үй жануарлары қолға үйретіле бастады.

Қазіргі кезде:
• 170 млн-ға жуық қой — Австралияда;
• 197 млн-нан астам ірі қара мал — Үндістанда;
• 7 млн-дай түйелер — Сомалиде өсіріледі деп саналады.
Үй жануарлары тек материалдық байлық көзі ғана емес, сонымен бірге, рухани қазына болып есептелінеді. Жаңа ортаның әсері және қолдан іріктеу, жұп таңдау нәтижесінде бұларда адамға пайдалы жабайы жануардан өзгеше қасиеттер пайда болды. Осы кездегі мал тұқымдары өзінің жабайы ата тегінен едәуір ірі, етті, аяқтары қысқа, тұрқында да өзгерістер байқалады. Мысалы, ең ірі ит тұқымы — сенбернар, оның салмағы 77 кг-дай болса, ең кішкентай ит — чихуахуа, оның салмағы 450 г-нан аспайды. Ең кішкентай сингапур мысығының салмағы — 1 кг 81 г болса, ал ең ірі мысық — рэгдолл, ол 9 кг-дай салмақ тартады. Тегіне қарағанда үй жануарларының сүйегі жеңіл, омыртқа саны аз, бас сүйегі кіші, сондай-ақ мүйізі, ішкі органдары да өзгеріске ұшырады. Бұлардың өкпесі, жүрегі, бүйрегіжабайы ата тегіне қарағанда кемірек дамыған, жыныс ерекшеліктерінде де көптеген өзгерістер байқалады. Ата тегімен салыстырғанда үй жануарларының жүйке жүйесінде де өзгерістер пайда болды. Мысалы, қолдағы мал миының көлемі кішірейіп, салмағы азайған, көру, есту, иіс сезу органдарының қызметі төмендеген. Оның есесіне үй жануарларынан алынатын ет, сүт, жұмыртқа, жүн, т.б. мөлшері көбейді. Атап айтқанда, ең жақсы жүн меринос қойларынан алынады.
V. Жаңа сабақты бекіту. Ыстық орындық ойынын ойнау. Балаларға сұрақтар қойылады
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма. Тәрбие.орг сайтынан Жануарларды қолға үйрету селекциясының бастапқы кезеңі екендігі. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары. Жануарларды қолға үйрету аймақтары. Биологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кулданова Жадыра Шавкаткызы

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы № 8 орта мектебі биология пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar