Жасушасыз тіршілік құрылымы

  • Жүктеулер: 8
  • Көрсетілім: 1238
  • Биологиядан ашық сабақтар
  • 26/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18151


Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы « Қаратұрық орта мектебі»кмм
Биология пәні мұғалімі Амилова Бостангуль Махаметовна
Пәні: биология
6 сынып
Тақырыбы: Жасушасыз тіршілік құрылымы
Мақсаты: 1.Тірі табиғатта вирустар өз алдына дербес вирустар дүниесін құрайтыны туралы мәлімет беру.
2.Вирустар туғызатын аурулар, олардан сақтану жолдары туралы білімін дамыту.
3.Вирусты аурулардың алдын алуға, салауатты өмір сүрүге тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар:флипчарт, вирустардың суреттері, ауру туғызатын вирустар суреттері, электронды көрсетілімдер
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
амандасу, түгендеу.
Тренинг«Күншуақ» өткізу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Ағзалық әлем деген не?
2. Тірі табиғат дүниесі туралы не білесін?
3.Тірі табиғат десек көз алдыңа не елестейді?

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіруге дайындық кезеңі:
Жоспар:
1.Вирустарға жалпы сипаттама
2. Ауру туғызытын вирустар
3. Иммунитет
4.Қорытынды
Термин сөздер: «вирус»- лат. «у» деген мағына білдіреді.
«бактериофаг»- грек.таяқша, жою.

ІV.Жаңа тақырыбты түсіндіру:
Вирус- жасушасы жоқ өте ұсақ бөлшекті зат. Ол екі түрлі нуклеин қышқылынан және сыртында нәруызды қабығы бар заттардан құралады. Мөлшері 0,0000002 см.
Бактерия жасушасына енетін вирус – фаг немесе бактериофаг деп аталады.. Вирус ағзаның жасушасына еніп, тіршілігін бұзады, ауру тудырады.
Олар: тұмау, балалардың сал ауруы, қызылша, сары ауру, шешек, ИТИС. Иммунитет- ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті.
Вирус сыртқы орта факторларына шыдамды емес.Олар 100 градуста, 1минутта кейінтіршілігін тоқтатады.

V. Бекіту: Тірі табиғатта вирустар өз алдына дербес вирустар дүниесін құрайды. Олар бактериядан да кіші, жай көзге көрінбейді.

VІ. Қорытынды: Вирус – жасуша ішінде тіршілік етеін паразит. Олар ауру туғызады.

VІІ. Бағалау

VІІІ. Үйге тапсырма: ИТИС жөнінде реферат дайындау Тәрбие.орг сайтынан Жасушасыз тіршілік құрылымы Биологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Амилова Бостангуль Махаметовна

Алматы обл. Достық ауылы "Қаратұрық орта мектебі" КММ Биология пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar