Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
ЖЕМІСТЕР.ЖЕМІСТЕР МЕН ТҰҚЫМДАРДЫҢ ТАРАЛУЫ
  • 24.10.2016
  • 252 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19788

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (129.4Kb)

Сабақтың тақырыбы Жемістер. Жемістер мен тұқымдардың таралуы. Сабақтың мақсаты Білімділік Оқушыларға жемістердің түрлерін, құрылысын, пішінін бір –бірінен айырмашылықтарын айту, түсіндіру сипаттама беру арқылы білімін шыңдау. Дамытушылық Оқушыларға түрлі тапсырмалар беру арқылы ой өрісін дамыту, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік Оқушыларды өз бетінше жұмыс жасай білуге, бірін – бірі тыңдауға және ұқыптылықпен тазалыққа , жеміс ағаштарын және қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игеру
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Плакат, суреттер, жеміс муляждары,үлестірмелі қағаздар,интерактивті тақта слайдтар флипчаттар.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.кезеңі :
- оқушылармен амандасу
- сыныптың кезекшілігін анықтау
- оқушыларды түгендеу
- сабаққа дайындықтарын тексеру
2.Үй тапсырмасын сұрау. I.Шығармашылық тапсырма. 1. Тозаңдары майда. 2. Бітеу гүлдің тозаңдануы. 3. Гүлі ашық реңді. 4. Аталық жіпшесі ұзын, тербеліп тұрады. 5. Шірнеліктері бар. 6. Тозаңдану бір гүлдің ішінде болады. 7. Тозаңдарі ірі. 8. Аналығының аузы үлпек қауырсынды. 9. Гүлдері хош иісті. 10 Гүлдері реңсіз. / 1.Ж, 2.Ө.т 3. Б, 4. Ж, 5.Б, 6.Ө.т 7. Б, 8.Ж, 9.Б, 10. Ж/ II. Биологиялық пошта. Топтық жұмыс. Бунақденелілер арқылы айқас тозаңдану. Жел арқылы айқастозаңдану. /шие,шай, асқабақ, лимон, алма ағашы, жүгері, қант қызылшасы, қара бидай, қайың, емен./ III. Ғажайып жетілік. Үй тапсырмасын актуальдау. Жетілік жетістікке жетелейді. 1. Өсімдіктердің гүлдеуі дегеніміз... 2. Тозаңдану дегеніміз.... 3. Тозаңданудың түрлері. 4. Өздігінен тозаңдану дегеніміз.... 5. Айқас тозаңдану дегеніміз.... 6. Ұрықтанудегеніміз... 7. Ұрықтанған соң тұқым бүршігінен..... жатыннан...... дамиды. Жұмбақ. «Жұлдызды сәт» 1. Ортасында қазығы, Бұтағында азығы. /Алма/ 2. Уылжыған албырт дәмі ғажап....... / Алмұрт/ 3. Тәтті, тәттінің іші қатты, қаттының іші тәтті. /Өрік/ 4. Доп- дөңгелек ілінген, Күннен көмек тілеген. / Күнбағыс/ 5. Жезге ұқсас сабағы, дәні – халық тағамы. / Бидай/ Жаңа сабаққа кіру. Қатар бойынша тапсырма беру. I. Шырынды жемістер. II. Құрғақ жемістер. III.Жемістер мен тұқымдардың таралуы. /7 минут / Мәтінмен жұмыс. Оқушылар тапсырма бойынша мәтінді айтады. /10мин/ Сергіту сәті. Ерте-ертеде бір атай мен әжейдің Жүзім атты қызы мен Алмабек атты немерелері болыпты болыпты. Олар бір күні орманға балармен жеміс –жидек теріп келуге сұраныпты, атай мен әжей әрең-әрең рұхсатын беріпті. Бірақ орманда балалардан қалмауын қатаң тапсырыпты. Сонан олар балалармен бірге орманға барады. Балалар енді орманнан қандай жеміс-жидек теретінін айта бастайды. Олар жемістер туралы бір-біріне мынандай сұрақтар қойыпты жауап . Қане біздер осы сұрақтарға жауап беріп көрейік. Сұрақ-жауап. 1.Жеміс гүлдің қай бөлігінен түзіледі? (Гүлдің аналығының жатынынан) 2.Жеміс қандай болып бөлінеді? ( шырынды, құрғақ) 3.Шырынды жеміс деген не? (Шырыны мол, жұмсақ жеміс) 4.Неліктен құрғақ жеміс деп аталған? (қабығы қатты, сүректенген, құрғақ) 5.Шырынды жемістер нешеге бөлінеді? (жидек, сүйекті шырынды, жидек тәрізді) 6.Жидек деген не? 7.Сүйекті шырынды жеміс қандай болады? 8.Күнбағыстың жемісі қалай аталады? 9.Құлпынай шырынды жеміске жатама? 10.Құрғақ жемістерге қандай жемістер жатады? 11.Шырынды жемістерге қандай жемістер жатады? 12.Ананас қандай жеміс? (біріккен жеміс) 13. Жемістер мен тұқымдардың таралу жолдары қандай? 14. Қамыс, жалбыз, қоға, тұңғиық тұқымдары қалай таралады. 15. Шоңайна, итошаған, қәріқыз, долана тұқымдары не арқылы таралады. Жүзім мен Алмабек жеміс жинаудың қызығымен кешке дейін жүріп, қалған балалардан адасып қалды. «Ау-ау» деп айқайлағанмен ешкімді таба алмады. Енді өздері ауылды таппақшы болып, орман ішімен алға жылжыды. Жүріп келе жатып үлкен бір үйге тап болды. Ол үй аюдың үйі екен. Ол балаларды көріп ұстап алды. Балалар жалынып жеп қоймауын, қандай тапсырма болсада орындайтынын айтты. Сонда аю оларға мынандай тапсырма береді. «Сендер маған, мына үюлі жатқан жемістерді ретімен шырынды және құрғақ жеміс қылып жеке-жеке орналастырып берсеңдер жіберемін» дейді. Жүзім мен Алмабек тездетіп аюдың айтқан тапсырмасын орындай бастайды. Ендеше біздер де балаларға көмектесіп жіберейік. Салыстыру кестемен жұмыс. Тізімдегі өсімдіктерді жеміс түріне қарай тиісті бағанаға жаз.
Сүйекті жеміс Жидек жеміс Көптұқым-ды жидек
тәрізді Қауашақ Дәнек Жаңғақ Бұршаққын Бұршаққап Тұқымша Шырынды

1.Бұршақ. 2.Қызанақ. 3.Алма. 4.Бидай. 5.Жержаңғақ, 6.Үрмебұршақ. 7.Ши., 8.Күнбағыс. 9.Көкнәр. 10.Алхоры. 11. Жүзім. 12.Апельсин. 13.Қырыққабат. 14.Жүгері.
Аюдың тапсырмасын орындап құтылған Жүзім мен Алмабек енді тағы да алға жылжи бастады. Жолында олар Жеміс жинап жүрген тиын мен қоянды кездестірді. Олардан ауылдарына жететін жолды сұрайды. Олар болса «сендер бізге жемістерді себетке жинап, кептіруге көмектессеңдер» айтамыз деп шарт қойды. Жүзім мен Алмабек қоян мен тиіннің шартын орындауға кірісті. Кеш болса түсіп келеді, ендеше біздерде тағы да Жүзім мен Алмабекке көмеке келейік.
Ойын түрінде интерактивті тақтадағы кестеден шырынды жемістер мен құрғақ жемістерді ажыратып, себетке салу тапсырылады.


Жүзім мен Алмабек ол тапсырманыда орындап жолдың бағытын біліп алға қарай тағы да жүрді. Бір кезде орман ішінде аяқтарын басқан сайын шытырлаған дыбыстарды естиді бұл не деп аңтарыла қалады байыппен қараса жемістер кепкен кезде олардың жақтаулары ширатылып , шарт етіп ашылады екен. Міне қызық үй маңына келгеде киімдеріне ілмешек арқылы жабысқан өсімдіктердің жемістерін, тікенектерді көреді. Атасы дауыстап балаларым жүріңдер үй маңына алма , шие ағаштарын отырғызайық дейді. Жемістер мен тұқымдарды адамдар да саналы түрде таратады.
Анкета. « Сендер қандай жеміс жидектерді ұнатасыңдар?» 1. Сенің сүйікті жемістерің? Сәбіз, орамжапырақ, қызанақ, тәтті бұрыш т.б 2. Шикі жемістерді жейсің бе? Иә, жоқ 3. Қандай шикі жемістерді жейсің? Сәбіз, салат, түсті орамжарырақ. Тәтті бұрыш т.б 4. Ас ішу аралықтарында сен жемістер жисін бе? Иә, жоқ 5. Жемістерді күніне неше рет жейсің? 0,1,2,3,4, одан да көп 6. Сен көкөністерді жақсы көресің бе? Иә,жоқ 7. Сенің сүйікті көкөністерің? Алма, банан, алмұрт, апельсин 8. Таңғы аста көкөністер жейсің бе? Иә,жоқ 9. Түскі аста көкөніс жейсің бе? Иә,жоқ 10. Күніне неше рет көкөністер жейсің? 0,1,2,3,4, одан да көп 11. Қандай көкөністердің шырынын ішесің? 12. Сен жеміс- жидек, көкөністерді жиі пайдаланған дұрыс деп ойлайсын ба? Иә,жоқ
Аңыз әңгімелер 1.Картоп -өсімдігін ұзақ уақыт ботаникалық бақтарда өсірген. Гүлдерін ханымдар әдемілік үшін шаштарына таққан. 200 жылдан кейін ғана шаруалар өздерінің бақшаларына егіп азық ретінде пайдалана бастаған. Бұл өсімдікті Ресейге ең алғашқы рет Петр I әкелген. 2. 1811 жылы Наполен -қант қызылшасы өнімінің сапасын жоғарлатқандарғасыйлық берген.Өйткені тамыр жемісінің құрамында жасунық, қант, минералды заттар, С витамині бар, Алабота тұқымдасына жатады. Асқазан, жыныс мүшелері, жүрек – қан тамырларының жұмыстарын жақсартады. 3. Лимон- Абхазия. Грузия, Өзбекстан, Түркменстанда өсіріледі. Оны қарашаның ортасынан бастап, желтоқсанның ортасына дейін жинайды. Оның құрамында әртүрлі органикалық қышқылдар қант, С, В, В2, РР витаминдері қабығында 140 мг жуық С витамині бар.
Бағалау. Үйге тапсырма 23,24 оқу Кестемен жұмыс. Тәрбие.орг сайтынан ЖЕМІСТЕР.ЖЕМІСТЕР МЕН ТҰҚЫМДАРДЫҢ ТАРАЛУЫ Биологиядан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: ВАлиева Айдана Сатыбалдиевна

Батыс Қазақстан Облысы Орал қаласы №30 орта жалпы білім беретін мектеп биология пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Биологиядан ашық сабақтар | Логин: baurfati
Көрсетілім: 252 | Жүктеулер: 4
Барлық пікірлер: 0
avatar