Ағаш аттан аяқты ашып секіру

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 1098
  • Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
  • 15/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18645


Гулнар Хайретденова
БҚО, Орал қаласы, №40 жалпы орта білім беретін мектебінің І санатты дене тәрбиесінің мұғалімі

Гулнар дене тәрбиесінен көптен бері сабақ беріп келе жатқан тәжірибелі маман. Ол аталған мектептегі баскетбол үйірмесінің жаттықтырушысы. 2007 жылдан бері «Үздік жаттықтырушы» номинациясының иегері. Гулнар Газимовна тек сабақта ғана емес, өз шәкірттерін спорттың өздері қалаған түріне түріне баулуда тер төгіп келе жатқан саңылақ жаттықтырушы.

Сабақтың тақырыбы: «Ағаш аттан аяқты ашып секіру.»
Сабақтың мақсаты:
1.Ағзаның жалпы саулығын қамтамасыз ету.
2.Оқушылардың ырғақ сезімін арттыру,қимыл қозғалыс жаттығулармен музыканы үйлестіру шеберлігін дамыту.
3.Дене бітімін дұрыс әрі әсем,сымбатты, күштілікке,әсемділікке , төзімділікке тәрбиелеу.
Құрал – жабдықтар: төсеніш,ағашат,секіргіш,үн таспа.
Сыныбы: 11а
Мұғалім:Хайретденова Г.Г
Сабақ мазмұны Жүктеме
мөлшері Әдістемелік нұсқау
Дайындық бөлімі Сапқа тұрғызу.
Сәлемдесу
Сабақтың мақсатын оқушыларға айту
Оқушыларды түгендеу
І. Саптағы жүгіру жаттығулар:
Залды айналып жүгіру
б) Змейка жасап жүгіру
в) Сегіз жасап жүгіру
г) Оң жақ,сол жақ иықпен жүніру
ғ) Тізені көтеріп жүгіру
е) Өкшені көтеріп жүгіру.
2. Демалу жаттығулар.
Ортадан үш тізбек құрал .
3.Музыкалық ілеспенен дене қыздыруға арналған жаттығулар.
1. Б.Қ . екі қол белімізде,аяқтар қосылған
а) « Бір» -басымызды алға еңкейтеміз , аяқтар бүгілген.
б) «екі» -Б.Қ
в) «үш» -басымызды артқа шалқайтамыз.
«төрт» Б.Қ.
«Бір» -басымызды оңға қисайтамыз а.б.
«Екі» Б.Қ
«Үш» белді солға қисайтамыз. а.б
«Төрт» -Б.Қ
2. Иыққа арналған жаттығулар.
Б.Қ –қол белде , аяқ иық көлемінде.
« 1-2-3-4» -иықты артқа айналдырамыз.
«1-2-3-4» -иықты алға айналдырамыз.
«1-2-3-4»-иықтарды кезек-кезек артқа айналдырамыз.
«1-2-3-4»-иықтарды кезек-кезек алға айналдырамыз.
«1-2» оң иықты айналдырып,оң жаққа жүреміз.
«3-4» сол иықты айналдырып,сол жаққа жүреміз.
Иықтарды артқа айналдыру арқылы жат-р қайталанады.
3.Қолға арналған жаттығулар.
Б.Қ. – аяқ иық көлемде.
Қолды алға созып 4 рет ішке,4 рет сыртқа айналдырамыз.
Иығымыздан бастап 8 рет артқа айналдырамыз.
4 . Белге арналған жаттығулар .
Б.Қ. аяқ иық деңгейінде , қол төс деңгейінде.
а) 4 рет оңға айналдыру,4рет солға айналдыруу.
б) сегіздік жасау.
в) екі жанға жүру арқылы белді айналдыру.
г) Аяқты айқара ашып , тізе бүкпестен қолымызды денемізді алға созу, артқа шалқаю екі жаққа қисаю.
д) Тіземізді бүкпестен қолды 3 рет жерге тигізіп,4 дегенде қолды жоғары созып,жартылай отыру.
5. Аяққа арналған жаттығулар.
а)аяғымызды кезек-кезек екі жаққа кере отырып,керілген аяққа шалқаю.
6. Секіру,жүгіру жаттығулары.
7. Демалу жаттығулары.
8. Төсеніш үстінде отырып жасалатын жаттығулар.
а) Башпай созу және қысқарту.
б) Сыртқа , ішке айналдыру .
в) «Бақа» қимылын жасау.Аяқ табандарын тізеден бастап екі жаққа кезек-кезек теңселу.Кейін қолымызбен табанды ұстап,жіберместен аяқтарын алға созу.
г)Аяқтарды екі жаққа алып кезек-кезек аяққа қарай керілу.
д)Бір бүйірмен жатып,оң аяғымызды жоғарыға кейін сол аяғымызды жоғары көтеру.
ж) Арқамен жартылай жатып «велосипед» қимылын жасау.
Қауіп ережесін айту.
Сабақ айналмалы түрде өтеді.
Ағаш «аттан аяқты бүгіп секіру»
Ағаш «аттан аяқты ашып секіру»
Ағаш аттан секіру кезінде
1)жүгіру 2) секіру, ашу, қону жаттығулары орындалады.Ағаш «аттан аяқты бүгіп секіру кезінде,екі қолын ағаш атқа қойып , аяқты екі қолдың арасынан өткізіп жерге түседі.
Түскен кезде тізесін бүгіп екі қолын көтереді.
Ағаш «аттан аяқты ашып» секірген , кезде екі қолын ағаш атқа бірге қойып,аяқтарын екі жаққа созып өтеді.Жерге түскен уақытта тізесін жартылай бүгіп, қолын жоғары көтеріп, тіземен тік тұрады.
2- топ Төменгі кермеде қолды бүгіп жазады.
3-топ Төсемшенің үстінде қол желкеде шалқалап денені көтереді.
Құрал жабдықтар жинау.
Қорытынды бөлім.
Сапқа тұрғызу.Сабақты қорытындылау.
Оқушыларды бағалау.Үйге тапсырма. 5 мин

5 мин

5 мин

3 мин

2 мин

2 мин

8 рет
8 рет

2 мин

1 мин

3 мин

3 мин

12-20 рет
3 мин
3 мин
3 мин
Оқушылардың сапта тұруын,спорттық киімін қадағалау.

Саптағы жаттығуды қадағалау.

Оқушылардың жаттығуды дұрыс.

Жасауым бақылау,оларға қателіктерін айту.

Жаттығулардың жасауын қадағалау,
ескертулер айту.

Сабақ барысында оқушыларға қауіп ережесін сақтауын қадағалау.
Оқушылардың берілген тапсырмаларын орындалуын қарап,қателіктерін айтып тексеріп,қателіктерін түзету.

Оқушылардың тұруын,оларға қателіктерін айту және үйге тапсырма беру. Тәрбие.орг сайтынан Ағаш аттан аяқты ашып секіру Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Хайретденова Гулнар Газимовна

БҚО Орал қаласы №40 жалпы орта білім беретін мектебі дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar