Айгөлек,Қызыл жалау ойыны

  • Жүктеулер: 11
  • Көрсетілім: 1245
  • Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
  • 12/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20986


Абдулжанов Диляр Ахметжанович
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
«М.Таипов атындағы орта мектебі МДШО» КММ
Алматы облысы Ұйғыр ауданы Кіші Дихан ауылы

Сабақ жоспары
Пәні: дене шынықтыру
Күні: .......................
Сыныбы:3 А 3Ә
Сабақтың өткізілетін орны: спорт зал
Сабақтың тақырыбы : Айгөлек, Қызыл жалау ойыны
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Ұлттық ойын дамыту
2. Дамытушылық : Күш икемділігін дамыту
3. Тәрбиелік: Достық , жолдастық сезімдерге тәрбиелеу
Көрнекілік құралдар :
Сабақ жүргізуші: Абдулжанов Диляр

Мазмұны Орындалу
мөлшері Әдістемелік нұсқаулар
І Кіріспе бөлім (15 минут)
Сапқа тұрғызу Сапта түзу тұру
Кезекшінің міндеті Бұйрықтарды дұрыс беру
Сәлемдесу , түгендеу, сабақ мақсатын түсіндіру Хормен сәлемдесу, формасын қадағалау
Сап жаттығулары:Оңға, солға бұрыл Дұрыс бұрылуын қадағалау
Жүру: 1. Аяқтың ұшымен жүру Қол тік жоғарыда
2. Өкшемен жүру Қолды желкеге ұстау
3. Табанының сыртқы қырымен жүру Басты, денені тік ұстау
4. Жартылай отырып жүру Денені түзу ұстау
5. Толық отырып жүру Қол желкеде
6. Жылдам жүру, жорғалау Денені тік ұстау
Жүгіру: 1. Жай жеңіл жүгіру Арақашықтық сақтау
2. Тізені алға жоғары көтеріп жүгіру Тізені көтеріп, денені тік ұстау
3. Өкшені артқа лақтырып жүгіру Барынша артқа созу
4. Тік аяққа жүгіру Аяқты тік ұстау
5.Оң жақ, сол жақ қырмен жанымен жүгіру Биікке секіру
6. Арқамен алға қарай жүгіру Сол иықтан бақылау
7. Терең тыныс алып , демді басу Қолды жоғары көтергенде терең тыныс алып, төмен түсіргенде демді сыртқа шығару
Жалпы дамыту жаттығулары:
1. Б.қ. аяқ көлемінде , қол белде 3-4 рет Денені тік ұстау
1-4 санына басты оңға айландырамыз Басты барынша айландыру
5-8 санына солға айландырамыз
2. Б.қ. аяқ деңгейінде, екі қол бас иықта 3-4 рет
1-4 санына қолды алдыға айландырамыз Алға, артқа иықты барынша айландыру
5-8 санына қолды артқа айландырамыз
3. Б.қ. аяқты сәл кең қойып, қол мықында 3-4 рет Тізені бүкпей
1-2 санына оң қолды тік көтеріп солға иілу Қолды тік ұстап төмен басу
3-4 санына сол қолды тік көтеріп оңға иілу
4.Б.қ. аяқ иық деңгейынде қол кеуде алдында 3-4 рет Қол иық деңгейінде
1-2 санына қолды артқа сермеу
3-4 оңға бұрылып қолды жазып сермеу
5-6 солға бұрылып, қолды жазып сермеу

5.Б.қ.аяқ иық деңгейынде қол мықында 3-4 рет
1-4 санына белді оңға айландыру
5-8 санына белді солға айландыру Басты мықын деңгейінде
6. Б.қ.аяқ иық деңгейынде қол тік алдыға созу әр санақта қолдың ұшын аяқтың басына тигізу 3-4 рет Тізені бүкпей қолды тигізу
7. Б.қ.аяқ кең, қол мықында 3-4 рет Денені тік ұстау
1санына оң аяққа отыру
2 санына Б.қ.
3 санына сол аяққа отыру
4 санына Б.қ.
8. Б.қ.аяқ кең, қол мықында 3-4 рет Алдығ еңкеймеу
1 санына оң аяққа отыру
2 санына орыннан көтерілмей келесі аяққа ауысу
9. Б.қ. аяқ бірге қол тізеде 3-4 рет Жаттығуды дурыс орындау
1-4 санына тізені солға қарай айландыру
5-8 санына оңға қарай айландыру
ІІ Негізгі бөлім (25 минут)
Жаңа сабақ

“Айгөлек” ойыны.
Балалар екі топқа бөлінеді. Екі топтың ойыншылары бір-бірінен арасы 15-20 (он бес,жиырма) метрдей қашықтыққа орналасады. Әр топ өзіне “капитан” сайлап алады. Санамақ арқылы ойынды бастайтын топты анықтап алады.
Бірінші топ капитаны:
“Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Қанжығадан қан керек,
Тебінгіден тер керек” деп бастайды.
Екінші топтың ойын бастаушысы:
“Айгөлек-ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Қанжығадан қан керек,
Тебінгіден тер керек
Сіздерге сонда кім керек? деп сұрайды.
Бірінші топтың капитаны: әлгі өлең шумағын қайтадан келіп, ең соңында “Бізге Данияр деген ер керек” деп бір баланың атын атап, шақырады. Мұнан кейін шақырылған бала ортаға шығып:
“Айгөлек-ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Сайысқанда саспайтын,
Самала күнге бастайтын,
Данияр деген ер шыққан,
Топ бұзуға мен шыққам!деп түра жүгіріп келіп,
қарсы топты жарып өтуге тиіс. Бұл баланың күшіне, шапшаңдығына байланысты. Егер үзе алмаса сол топта қалып қояды. Ендігі кезек екінші командаға беріледі.
ІІІ Қортынды бөлім (3-5 минут)
Сабақты қорытындылау:
Бағалау
Үйге тапсырма: Арқан тартыс
Тексерілді: О.і.м. Тәрбие.орг сайтынан Айгөлек,Қызыл жалау ойыны Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абдрасулова Гульчихра Абушовна

"М.Таипов атындағы орта мектебі МДШО" КММ химия және биология пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar