«Армысың, - Әз-Наурыз!» Қазақтың ұлттық ойындарынан өтетін эстафеталық жарыс

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 695
  • Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
  • 24/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22696


Орал қаласы, Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық
арнайы мектеп-интернатының дене шынықтыру пәні мұғалімі
Альмуханов Елтай Куанышевич

«Армысың, - Әз-Наурыз!» Қазақтың ұлттық ойындарынан өтетін эстафеталық жарыс.
Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық ойындарын насихаттау. Оқушыларды шапшаңдыққа, дәлдікке баулу, денсаулықтарының шымыр да мықты болына ықпал ету, салауатты өмір салтына, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Түрі: Көңілді старт. Эстафеталық ойын.
Көрнекілігі: Шарлар, плакаттар, жалаушылар.
Қажетті құралдар: Асықтар, күртешелер, арқан, гір тасы, секіртпе жіп.
Жүру барысы:
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті көрермен қауым! Баршаңызды «Наурыз мерекесімен» құттықтаймыз. «Наурыз құт береке, бірлік әкелсін»!
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» мерекесіне арналған «Көнілді спорт» ойынына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Олай болса біз бүгінгі ата-дәстүрімізден мұра боп қалған ұлттық ойындармызды бстаймыз.
2-жүргізуші: Уа, халқым назар аудар денсалыққа,
Өмірде бақыттысың дені сауда,
Денсаулық терең бақыт деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда!
1-жүргізуші: Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың!
2-жүргізуші: Спорт біздің досымыз,
Күш, қайрат сыналған.
Спорт біздің досымыз,
Бала кезден шыңдалған.
1-жүргізуші: Әр таңды бақытпенен атырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз!
Сайысқа қатысуға келді, міне
Жарысқа «Қыран» тобын шақырамыз!
2-жүргізуші: Салауатты өмір салтын сақтайтын,
Жаттығудан ешқашанда қашпайтын.
Достық тобы келді сайысқа,
Өз топтарын ғана жақтайтын.
1-жүргізуші:Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып ешқашанда мйымайын.
Мектептің спортшылары ортамызда,
Қол соғып қарсы алайық «Тұлпар» тобын.
2-жүргізуші: Ал, құрметті халайық
Жарысты енді көріңдер!
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
1-жүргізуші: Бүгінгі сайысымызға әділ баға беретін әділқазы алқасымен танысайық:
1.Тулешов Ш.А.
2.Шейк В.Ю
3. Ахметов А.Г.
2-жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз 8-кезеңнен тұрады.
1. Сайысқа қатысушы топтармен танысу
2. «Асық ату»
3. «Теңге алу»
4. «Қазақ күресі»
5. «Жамбы ату»
6. «Жүйрік ат»
7. «Мерген»
8. «Кім мықты» капитандар сайысы
9. Арқан тарту
Құрметті сайыскерлер сіздерге сәт сапар!
1.Таныстыру
а) «Қыран» тобы б)»Достық» тобы
Ұраны: Ұраны:
в) «Тұлпар» тобы
Ұраны№.
2) «Асық ату»
Ойын шарты: Шеңбер ішінде асықтар тізіліп қойылған, Асықты құлатып, шеңберден шығару.
3) «Теңге алу»
Ойын шарты: 1 м сайын еденде жатқаны, «теңгені» тез жинап, екінші сайыскерге береді. Ол «теңгелерді» орнына апарып тігеді. Ойынды сапалы әрі тез аяқтаған команда жеңіске жетеді.
4) «Қазақ күресі»
Ойын шарты: Күрес күртешесінен ұстасқан 2 сайыскер, бір-бірін арнайы шеңберден шығарып жіберу.
5) «Жамба ату»
Ойын шарты: Арнайы тақтайшаға ілінген шарларды 3м қашықтан дротикпен шарларды жару.
6) «Жүйрік ат»
Ойын шарты: Үлкен доп үстіне отырып, шеңберді айналып секіріп орнына келу.
7) «Мерген»
Ойын шарты: Кіші допты арнайы кіші шеңбер ішіне 5м жерден лақтырып түсіру.
8) «Кім мықты» Капитандар сайысы
Ойын шарты: Шеңбер ішіндегі 2 сайыскер оң аяқтарын оң қолдарымен көтеріп ұстайды да, сол аяқтарымен секіре, иықтарымен қағыса бастайды. Қарсыластар бір-бірін шеңберден шығаруы керек.
9) Арқан тарту.
1-жүргіуші: Жарыс Заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей,
Тараса бізге жарады.
2-жүргізуші: Балалар мінекей спорттық жарысымызда өз мәресіне жетті, қай команданың жарысқа жеткені білу үшін әділ қазылар алқасына сөз кезегін береміз.
(Әділқазылар әр команданы жеке мадақтау, марапаттау)
1-жүргізуші: Өмірлеріңіздің әр күні осындай жеңістер мен сәттіліктерге толы болсын! Келесі жарысқа дейін сау-саламат болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан «Армысың, - Әз-Наурыз!» Қазақтың ұлттық ойындарынан өтетін эстафеталық жарыс Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Альмуханов Елтай Куанышевич

Пікірлер: 0

avatar