"АШ ҚАСҚЫР" ОЙЫНЫ

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 668
  • Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
  • 09/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19961


Дайындық бөлімі:
Оқушыларды сапқа тұрғызу:
а)сәлемдесу;
б)сабақтың тақырыбы мен
мақсатын хабарлау.
Саптағы жаттығулар:
а) Оңға! Артқа! Солға! Солға!
Жүру және оның түрлері:
а) қолды жоғары тік көтеріп,
аяқтың ұшымен жүру
ә) қолды екі жаққа созып, өкшемен
жүру
б) қолды белге қойып, сыртқы
қырымен жүру
в) қолды белге қойып, ішкі
қырымен жүру
Арнайы жүгіру жаттығулары:
а) аяқты артқа бүгіп жүгіру
ә) тізені жоғары көтеріп жүгіру
б)оң (сол) жақ қырмен тіркеле
адымдап жүгіру
в)аяқтың ұшын созып, алдыға
қайшы тәріздес жүгіру
г) жылан тәріздес жүгіру
Жалпы дамыту жаттығулары:
а) бастапқы қалып: қолымыз белде
1,2,3,4- мойнымыз оңға (солға)
айналдыру
ә) б.қ. қолымыз белде
«1»- басымызды алдыға түсіру
«2»- басымызды артқа қою
«3»- оңға
«4»- солға қою
в) б.қ. екі қолмен гимнастикалық
ағашты ұстау
«1»- сол аяқпен алға кең қадам
жасап, екі қолды жоғары көтеру
«2»- б.қ. келу керек
«3»- оң аяқпен алға кең адым
жасап, екі қолды жоғары көтеру
ғ) б.қ. екі қолды жоғары көтеру,
аяқты алшақ ұстау
«1,2,3»-оң жаққа иілу
«4»- б.қ.
д) б.қ. қолды алдыға тік ұстау
«1»- оң аяқтың ұшымен сол
қолға тигізу
«2»- б.қ.
«3»-сол аяқтың ұшымен оң
қолға тигізу
«4»- б.қ.
4 қатардан 1 қатарға тұру
Жаттығу жасайтын орынға бару
Негізгі бөлім:
«Аш қасқыр» — кең жазықта ойналатын халықтың ең көне ойындарының бірі. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Алдымен ойынға жиылған жастар орталарынан біреуін «аш қасқыр» деп белгілейді. Сонан соң алаңның бір шетінен шеңбер сызып, оны қасқырдың апаны деп атайды. Осының бәрін орындап болған соң, ойыншылар өздеріне басқарушы (Түйе) етіп бір ойыншыны тағайындайды. Қалған ойыншылар басқарушының артынан тізіліп тұрады да бірінің белдігінен бірі ұстасады. Ойын басталады. «Аш қасқыр» шабуылға шығады. Ойын басқарушы екі қолын жайып, оның қарсы алдынан шығып, кес-кестеп, бөгет жасайды. «Қасқыр» қайтсе де «боталарды» ұстауға тырысады. Егер бұл «аң қасқырдың» қолынан келсе, ұстаған «қойларды» өзінің апанына «апарады», олар сол «апанда» ойын біткенше қала береді. Ойын соңғы ойыншыға дейін ойнала береді де, қайта басталады.
Қорытынды бөлім:
- жаттығу орнын жинастыру
- сапқа тұрғызу
- сабақты қортындылау
- оқушыларды бағалау
- тұрған сап арқылы залдан шығу Тәрбие.орг сайтынан "АШ ҚАСҚЫР" ОЙЫНЫ Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Лабакова Улболсун Мендибаевна

Ақтау қаласы, №21 жалпы білім беру орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar