Қатарға тұру жаттығулары

  • Жүктеулер: 7
  • Көрсетілім: 915
  • Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
  • 13/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20010


С А Б А Қ Т Ы Ң Ж О С П А Р Ы
Сабақтың тақырыбы: Қатарға тұру жаттығулары.

Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың саптық жаттығу, қатарға тұру жаттығуларының меңгеруін бақылау және гимнастикаға қызығушылығын ояту.
Дамытушылық: оқушылардың қимыл-қозғалысын дамытып пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды тақырып бойынша жаттығуларды ұқыпты, өз мәнінде жасауға, ептілікке, күштілікке, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Құрал-саймандар: ысқырық.

Сабақтың мазмұны Өтілетін уақыт Әдістемелік нұсқау
Дайындық бөлімі І. Сапқа тұру, сәлемдесу, түгендеу.
ІІ. Жалпы дамыту жаттығуларын жасау.
1. Қолды «1» дегенде алға созу, «2» дегенде жоғары көтеру, «3» дегенде жанына тіке созу, «4» дегенде бастапқы қалыпқа келу.
2. Қолды иыққа қойып «1-2» дегенде алға қарай, «3-4» дегенде артқа қарай қозғалту.
3. Қолды алға тіке созып, кезек-кезек айқастыру.
4. «1» дегенде қолды иыққа қою.
«2» дегенде жоғары көтеру.
«3» дегенде қайта иыққа қою.
«4» дегенде бастапқы қалыпқа келу.
5. Қолды белге қойып, аяқты алшақ ұстап «1-2» дегенде оңға қарай иілу, «3-4» дегенде солға қарай иілу. т.б. жаттығулар
15 мин

Денені дұрыс ұстау.

Қолды дұрыс қозғалту.

Оңға, солға иіле білу.
Негізгі бөлім Сапқа және қатарға тұру кезінде қолданылатын команда түрлерін үйрету: «Сапқа тұрыңдар!» ,«Түзеліңдер!», «Түзу тұрыңдар!», «Еркін тұрыңдар!» және т.б. «Сапқа тұрыңдар!» деген команда естілісімен оқушылар жүгіріп барып, бойына қарай сапқа тұрады.

«Оңға бұрыл» немесе «солға бұрыл» дегенде оқушылар қатарға тұрады. Қатарға тұрған соң «Түзеліңдер!» командасы беріледі. Оқушылар аяқтарының ұшын бір сызық бойына қойып, бастарын оңға бұрады.

Егерде қатардағыларға бағыттаушының кеудесі көрініп қана тұрса, қатар дұрыс тұрғаны. «Түзу тұрыңдар!» команда берілген соң оқушылар екі аяқтың басын бір табан кеңдігінде ашып,екі өкшені бір-біріне тигізіп, денсін тік ұстап тура алға қарап тұрады. Қолдарын төмен түсіріп, саусақтарын жартылай бүгіп ұстайды.

25 мин Оқушылар сабақ түсіндіргенде зейін салып тыңдау.

Оқушыларды жеке-жеке орындатып көрсету

Оқушылардың дұрыс орындауын қадағалау

Қорытынды бөлім Оқушыларды сапқа тұрғызу.
Оқушылардың кемшіліктерін айту.
Оқушыларды бағалау.
Үй тапсырмасы: Үйде жаттығуларды қайталау.Қоштасу 5 мин Тәрбие.орг сайтынан Қатарға тұру жаттығулары Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Пашабеков Ербол Жумадиллаевич

Ордабасы ауданы Шұбарсу елді мекені "Ынтымақ" жалпы орта мектебі дене шынықтыру пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar