Баскетбол. Баскетбол ойынының жалпы ережелері.

  • Жүктеулер: 22
  • Көрсетілім: 2384
  • Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
  • 30/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18282


Сабақ тақырыбы: Баскетбол. Баскетбол ойынының жалпы ережелері.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың дене қасиеттерін дамыту.
Білімділік: Баскетбол ойынын шебер ойнау, доппен тиімді әрекет
ету әдістерін үйрену.
Дамытушылық: Оқушылардың дене бітімін дұрыс қалыптасуын
спорттық ойындар арқылы жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды жолдастыққа, адамгершілікке,
жасөспірім бойында спортқа деген сүйіспеншілікке
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа мағлұматты игеру
I. Оқушыларға баскетбол ойынының элементтерін үйрету.
II. Ойын арқылы оқушының ептілік, икемділік, күш және т. б. қасиеттерін дамыту.
III. Оқушыларды ұжымдылыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың өтетін орны: Мектеп спорт алаңында.
Сабақтың көрнекілігі: Баскетбол добы, ысқырғыш, шығыршық, кедергі, суреттер.
Сабақтың мазмұны
I. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды сапқа тұрғызу. Спорт секторынан мәлімдеме қабылдау. Сәлемдесу. Журнал бойынша тексеру. Бір қалыпты жәй жүгіру. Бой жазу жаттығулар. Үй тапсырмасын тексеру.
Дайындық бөлімі
1. Б. Қ. Аяқ иық көлемінде қол белде басты оңға екі рет, солға екі рет айналдырамыз.
2. Б. Қ. Аяқ иық көлемінде қолды иыққа қою. Бір, екі иықты алға айналдыру. Үш, төрт артқа айналдыру.
3. Б. Қ. Аяқ иық көлемінде оң қол жоғарыда, сол қол төменде. Бір, екі алға. Үш, төрт артқа қолды ауыстыра сілтеу.
4. Б. Қ. Аяқ иық көлемінде оң қол жоғарыда сол қол белде. Бір, екі солға иілу.
5. Б. Қ. Қолды белге қойып секірудің әр түрлі әдістерін жасаңыз.
II. Негізгі бөлім.
Жаңа сабақтың тақырыбы:«Баскетбол. Баскетбол ойынының жалпы ережелері»
Екі қолмен кеудеден беру. Допты кеудеде ұстайды , шынтақ төменде, қолды алға жылжытуға байланысты доп алға қарай ұшады, осылай беру қолдың толық түзелуімен аяқталады.
Бір қолмен иықтан беру Б.қ. доп иық деңгейіндегі екі қолдың біреуінің алақанында шантақтан бүгулі тұрған қолда ұстайды. Қолды алға қарай созу арқылы доп лақтырылады да, алақанның қимылымен аяқталады. Осылау берудегі жетілідіру мынадай жаттығулар арқылы жүзеге асырылады.:
- Екі қатарда тұрып, допты бір- біріне бір адым жасау арқылы беру;
- ортада бір оқушы, қалғандары шеңберді айналады ортадағы ойыншыға доп беріледі, ол басқа оқушыға беріп, соның орнына барып тұрады. Осылай ойынға қатусышылардың барлығы допты бір- бірден беріп шығады.
1. Баскетбол ойынының ережесін түсіндіру.
2. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
3. Ойын элементтерін үйрету.
- бір орында тұрып оң және сол қолмен допты жерге соғып, ыршытып жаттығу.
- допты бір қолмен жетелеп жүріп, жерге соғып ыршыту.
- екі қарама - қарсы тұрып, допты екі қолмен кезек жерге соғып ыршытып тоқтамай бір - біріне кеуде тұстан лақтырып жаттығу.

Оқушыларды екі топқа бөліп баскетбол ойын ойнату.
- кедергінің арасынан допты соғып алып өту
- допты жоғарыдан беру
- допты төменнен беру
- жерге қатар қойылған 5, 6 шығыршықтың ішіне соғып келе жатқан допты дәл түсіре ыршыту
- бірден алаңның ортасынан баскетбол қалқанына қарай допты ыршытып келіп, қалқанға жақындағанда тоқтай қалып, допты шығыршыққа екі қолмен лақтырып түсіруге тырысу.

III. Қорытынды бөлім:
Сыныпты сапқа тұрғызу.Жіберген қателіктерін айтып ескерту жасап.
Бағалау.
Үйге тапсырма беру:
Баскетбол добымен жаттығулар орындау. Тәрбие.орг сайтынан Баскетбол. Баскетбол ойынының жалпы ережелері. Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Дауылбаев Самат Серікбайұлы

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, С.Ешбаев атындағы орта мектебі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar