Баскетбол-тарихы, ережесі, ҚР-баскетбол.

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 821
  • Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
  • 08/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19941


Тексерілді
Оқу ісінің меңгерушісі:
___________ Г.Тұралиева
«__» __________ 2016 ж
Пәні
Дене тәрбиесі ТАҚЫРЫБЫ
СЫНЫП: 5 б
Сабақтың тақырыбы: Баскетбол-тарихы,ережесі, ҚР-баскетбол.
Сабақтың мақсаты: Дамытушылық: өмірлік маңызы зор қажетті білім мен тәжірибелік дағдыларды оқушыларға үйрету;
Білімдік:икемділігін, күш - қуатын, жылдамдығын, төзімділігін жетілуіне жәрдемдесу
Тәрбиелік: баскетбол ойынына қызығушылығын тудыру, ақыл - ойын дамыту.
Күтілген нәтиже Ойын ережесін уйрену
Сілтеме Ғаламтормен жұмыс
Сабақта қолданылатын материалдар: Секундамир, ыскыргыш,
Оқыту әдістері : Жұппен жұмыс
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі Сапқа тұрғызу. Сынып түзел,тіктел!
Сәлеметсіздер ме, оқушылар !
Кезекшінің рапорты .
-- Оңға бұрыл, алаңда айналып жүр.
-- Қол белімізде, аяқтың сыртымен жүру.
-- Қол жоғарда, аяқтың сыртымен жүру.
-- Екі қол белде ішкі қырымен жүру .
-- Қолымыз артқа, өкшемізді қолымызға тигізіп жүру
-- Жылдамдықты өзгертіп жүгіру.
-- Қолымыз алда, тізені көтеріп жүгіру .
-- Екі жаққа кезекпен - кезек жүгіру.
- Бір орында қадам бас. – Тоқта!
-- Рет бойынша 1 - 2 – ге санал.
Жалпы дамыту жаттығулары:
а) Бастапқы қалып , аяқ иық көлемінде . Қолымыз белімізде, мойнымызды оңға қарай
4 рет, солға қарай 4 рет айналдырамыз (мойынға ) б) Б.қ. Қолымыз иығымызда оңға қарай 4 рет,
солға қарай 4 рет айналдырамыз. ( иыққа)
в) Б.қ. Қолымыз белімізде 1 – 2 – 3 - 4 оң
бағытқа айналдырамыз.( қолға)
г) Б.қ. Қолымызды алға созамыз қолдың басын 4 рет ішке, 4 - рет сыртқа айналдырамыз. ( тізеге)
д) Б.қ. Қолымыз тіземізде 1 – 2 – 3 - 4 ішке айналдырамыз, 1 – 2 – 3 - 4 сыртқа айналдырамыз (тізеге)
е) Б.қ. Секіру жаттығулары 1 сол аяқпен 5 рет секіреміз, 5 рет оң аяқпен секіреміз.
10 рет қос аяқпен секіреміз.
з) Б.қ. 1 қолымызды алға созамыз, 2 жоғары көтереміз, қолымызды аяқтың ұшына тигіземіз, 4 қолымызды созып отырамыз,б.қ.
ІІ.Жаңа сабақ

Баскетбол добы
Командадағы ойыншылар допты сақиналы торқалта себетке дөп түсіруі қажет. Қақпа жерден кем дегенде 3 метр биіктікте орнатылады. Тор қалтаны жақын жерден дәлдесе 2 ұпай беріледі. Ал, егер доп 6,25 метрден сәтті лақтырылса онда ұпай саны бірден 3-ке көбейеді. Бір матч 20 минуттық үш кезеңнен тұрады. Осы аралықта ойында есеп тең болып тұрса, төреші тарапынанқосымша уақыт қосылады. Кәсіби терминде мұны «Овертайм» деп атайды.
Тарихы
Баскетболдың отаны Америка Құрама Штаттары болып есептелінеді. Алғашқы ойын 1891 жылы Массачусетс штатының Спрингфилд қаласында құрылған Христиан жастар қауымдастығының оқу жаттығу орталығында ұйымдастырылған. Сол кезде Канададан қоныс тепкен жас мұғалім, доктор Дисеймс Нейсмит гимнастика түрін ары қарай жетілдіру мақсатындажаңа ойын түрін ойлап тауыпты деседі.
Баскетболдың этимологиясы (basket – себет, boll -доп) деп жіктеледі. Алғашында ойынды футбол добымен өткізген. Арада бір жыл өткен соң Дисеймс Нейсмит арнайы доппен қоса, баскетболдың алғашқы 13 ережесін ойлап тапқан.
1893 жылы баскетболға қызығушылар саны бірден көбейген. Ал, 1894 жылы жаңа ойынға қызығып, әуестенушілер айтарлықтай артқан.
Сол кездері АҚШ–таалғаш рет ресми ережелер тіркелімге алынды. АҚШ-тан бастау алған баскетбол ойыны бірте-бірте Шығыс елдеріне таралды. Атап айтар болсақ, Жапония, Қытай, Филиппин, солай-солай Еуропа елдеріне, Оңтүстік Америкаға бет алды. Араға он жыл салып АҚШ-тың Сент-Луис аумағында американдықтардың қолдауымен бірнеше қаладан құралған командааралық турнир өтті. Сондай-ақ баскетбол 1924, 1928 жылдары олимпиадабағдарламасынан орын алды.
Жиырмасыншы жылдары алғашқы халықаралық кездесулер ұйымдастыра бастаған ұлттық баскетбол федерациялары жұмыс жасады. Осылайша, 1919 жылы АҚШ, Италия мен Францияның әскери командалары арасында турнир өткізілді.Бұл ойын АҚШ - та бұдан 100 жылдам бұрын пайда болған. Ол кезде допты торға емес, тоқылған әдеттегі себетке (кәрзеңкеге) лақтырып түсірген. Осыдан барып ойынның аты шыққан екен: "баскет" — ағылшын тілінен аударғанда "себет" (кәрзеңке), "бол" — "доп".
Осы бір әлемге өте кең тараған ойынмен айналысу арқылы денсаулық нығаяды, жүректің қан тамырлары мен өкпенің жұмысы жақсарады, шыдамдылық пен икемділік дамиды. Баскетбол мен денсаулығында ақауы жоқ адамдардың бәрі де айналыса алады.
Бір команда екіншісінің торына доп салуға ұмтылады, ал екіншісі өз кезегінде бұған кедергі келтіреді. Допқа ие болған команда — шабуылдаушы, оның барлық бес ойыншысы — шабуалдаушылар болады.
Добы жоқ команда — қорғаушы, оның барлық бес ойыншысы осы кезде қорғаушылар деп аталады Баскебол ойыны екі 2 да болып оналады.

III.Тапсырма Доп лақтырып уйрену.
IY.Сергіту сәтті Ортаға түспек
V.Қорытынды Сапқа тұрғызу
YII .Бағалау Жалпы сабақтың барысы туралы ескертпелер, түзетулер жасау. Тәрбие.орг сайтынан Баскетбол-тарихы, ережесі, ҚР-баскетбол. Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сарсенова Санбиби Таганбердиевна

Маңғыстау облысы,Қарақия ауданы Құрық селосы"Құрық орта мектеп гимназиясы" дене тәрбиесі мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar