Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Биіктікке секіру
  • 02.11.2016
  • 238 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19863

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (463.9Kb)

Өтілетін сыныбы: 7 «В»
Өтілетін мерзімі:15.04.2016 ж.
С А Б А Қ Т Ы Ң Ж О С П А Р Ы
Сабақтың тақырыбы: Биіктікке секіру.

Мақсаты:
а) Оқушыларға биіктікке секіру техникасын үйрету.
ә) Қауіпсіздік ережесін мұқият сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
б) Күш пен ептілікті дамыту.
Сабақ өтілетін орны: Мектеп спорт алаңы.
Сабақтың көрнекілігі: Ысқырық, секундомер,биіктікке секіруге арналған құрал-жабдықтар,құм.
Сабақтың барысы мен мазмұны:
Сабақ бөлімі Сабақтың мазмұны Өтілетін уақыт Сабақ барысында
Дайындық бөлімі І.Сапқа тұру, сәлемдесу,кезекшінің баяндамасын қабылдау.




Саптық жаттығулар:
- оңға бұрылу
- солға бұрылу
- айнала бұрылу

Жүру жаттығулары:
- аяқ ұшымен
- өкшемен
- табанның ішкі және сыртқы қырымен

Жүгіру жаттығулары:
- жәй жүгіріс
- оң жақ қыры
- сол жақ қыры
- тізе көтеріп жүгіру
-аяқты алға түзу көтеріу
- аяқты артқа сермеп жүгіру
Оң аяқты көтеріп жүгіру
Сол аяқты көтеріп жүгіру
- арқамен алға
-жылдам жүгіру
-Соңғы айналым жәй бір қалыпты жүгіру

Демді қалыпқа келтіру жаттығулары


Жалпы дамыту жаттығулары

1. Аяқ иық көлемінде қол белде.
Басымызды оң жаққа 1-2 рет, сол жаққа 3-4 айналдырып.
2.Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, екі қол иықта, оң қол оң иықта, сол қол сол иықта, 1-2 иықты алға айналдырамыз. 3-4 иықты артқа айналдырамыз.
3. Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, оң қол жоғарыда, сол қол төменде, қолды ауыстырып алға артқа сермейміз сермейміз.
4.Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, қол белде, белді оңға 1-2, солға 3-4 айналдырып, қайталаймыз.
5. Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, оң қол жоғырыда ,сол қол белде, қолды ауыстырып кезек-кезек екі жаққа иілеміз.
6. Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде,қол тізеде, ішке1-2, сыртқа 3-4 айналдырып.
7.Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, қолды алға созып отырып тұрамыз.
Жаттығуды аяқтау. 15 мин

5 – 6рет

4 – 5рет

3 – 4рет

5 – 6рет

5 – 6рет

5 – 6рет

10-15рет

Оқушылардың сабаққа қатысуын, спорт киімдеріне,оның тазалығын, денсаулығын тексеру. Сапқа тұруын қадағалау. Техника қауіпсіздігінің ережелерін сақтау.
Басты көтеріп денені тік ұстау.
Екі қол жанында
Арқа түзу

Екі қол жоғары, алақан ішке қарайды.
Шынтақ бүгілмейді қол белде
қол белде
Қол кеуде тұсында
иықты алға, артқа
айналдырып жүгіру
Екі қолға тізе тигізіп
қол белде
Алақанға өкшені тигізу
Оң аяқ жерге тимейді
Сол аяқ жерге тимейді
Басты сол иыққа қарай бұру бұрыштан-бұрышқа ара қашықтықты сақтау

Қолды көтеріп түсіріп терең тыныс алу

Жаттығудың бірдей жасалуына мән беру
Денені тік ұстаймыз, көзді жұмбаймыз

Денені тік ұстаймыз, қолдың иыққа толық тиюін және толық айналуын қадағалаймыз
Денені тік ұстаймыз қолдың жазылуын, қолдың бүгілмеуін қадағалаймыз
Қол белде, дұрыс еңкеюін қадағалаймыз

Толық еңкейеміз

Толық айналдырамыз


Дұрыс отырып тұруын қадағалаймыз
Негізгі бөлім ІІ. Оқушыларға жаңа сабақтың мақсатын, мазмұнын, қауіпсіздік ережесін түсіндіру.
Жаңа сабақ. Биіктікке секіру.
Биіктікке секіру 4 жаттығудан тұрады.
Олар: екпіндей жүгіру, серпілу, кермеден асу, жерге түсу.
Биіктікке секіруді «аттап секіру» де те атайды. Себебі көлденең кермеден секіргенде одан алдымен бір аяқты, содан кейін екінші аяқты аттап секіреді.
«Аттап секіруді» бастамас бұрын орындалатын жаттығулар:
1. Бір орында тұрып, белгілі бір биіктіктен жай аттап өту.
Белгілі бір биіктіктен аттап өту үшін алдымен сілтенген аяқ сол биіктіктен асып, жерге тигеннен кейін барып екінші аяқты асырады.
2. Бір орында тұрып биіктіктен секіру.
Серпілетін аяқтың өкшесі секіру сызығын басып, тізе сәл бүгілген қалыпта болады. ал сілтенген аяқ қолмен бірге жоғары сермей көтеріледі.
Серпілетін аяқ биіктен асқан кезде жерге түсетін бүйірге қарай сәл бұрылу керек.

«Аттап секіру» әдісімен секіргенде алдымен көлденең кермеге екпіндей жүгіріп келу керек. Әр адамның жүгіргендегі адымының ұзындығы әр түрлі болғандықтан, жүгіріп келетін қашықтығын әркім өзі белгілегені дұрыс. Егер оң аяқпен серпілетін болса, жүгіруді солаяқтан, ал сол аяқпен серпілсе, оң аяқтан бастайды.

Секіргенде серпілетін аяқ сәл бүгіліп, соңынан алға созылған қолмен бірге түзуленіп жазылады. Серпілген аяқ жерден көтерілгенде толық жазылуы тиіс. Сілтеген аяқ кермеден асқан соң сәл бүгіліп барып жерге түседі.

Биіктікке секіру түрлері:
Бір адым аттап секіру.
Жүгіріп келіп екі адым аттап секіру.
Жүгіріп келіп үш адым аттап секіру.
25 мин Оқушыларға қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
Биіктікке секіру құрал-жабдықтарын, секіріп түсетін жерді тексеріп алу, қалай орындау керектігін көрсету.

Оқушыларды биіктікке секіру жаттығуларымен таныстыру

.

Қауіпсіздік ережелрін сақтау

Оқушылардың жаттығуларды дұрыс орындауын қадағалау.

Оқушыларды секіру түрлерімен таныстыру.
Қорытынды бөлім ІІІ. Қорытындылау
Сапқа тұрғызу.
Бағалау.
Жеке және жалпы тапсырмалар беру
Қоштасу. 5 мин Жаттығуды жақсы орындаған, белсене қатысқан оқушыны мадақтау, бағалау. Сұрақтарына жауап беру. Тәрбие.орг сайтынан Биіктікке секіру Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Пашабеков Ербол Жумадиллаевич

Ордабасы ауданы Шұбарсу елді мекені "Ынтымақ" жалпы орта мектебі дене шынықтыру пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар | Логин: жони
Көрсетілім: 238 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar