Гимнастика. Кіші ағаш аттан секіру

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 587
  • Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
  • 03/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21486


Мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі Тоқмұхамедов.Қ.Х атындағы №14 жалпы білім беретін орта мектеп

Ашық сабақ
Гимнастика
Кіші ағаш аттан секіру

Пән мұғалімі: Қалниязов. Б

Байқоңыр

Сабақтың тақырыбы: Гимнастика.Кіші ағаш аттан секіру

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша
білімін жетілдіріп,кіші ағаш аттан
секіру әдіс тәсілдерін үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылардың денсаулығын нығайту,
пәнге қызығушылығын арттыру,
қимыл-қозғалыс дағдысын дамыту.

3. Тәрбиелік мәні: Оқушылардың берілген тапсырма
бойынша жаттығуларды ұқыпты, өз
мәнінде жасауға, шыдамдылыққа,
ептілікке, жылдамдыққа күш қабілеттері
арқылы салауаттты өмірге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білімді бекіту сабағы.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ .

Сабақтың әдісі: Практикалық , түсіндірмелі.

Спорттық құрал-жабдықтар: Секундомер, ысқырық, төсніш,
гимнастикалық кіші ағаш ат,
көпірше,гимнастикалық орындық,
баскетбол добы


Өтілетін орыны: № 14 мектеп спорт алаңы.
Өтілетін күні: 8 «в»сыныбы, 10 20 02.12.13

Сабақтың барысы: 1. Дайындық бөлім.
2. Негізгі бөлім.
3. Қорытынды бөлім.

Дене тәрбиесі пәні мұғалімі: Қалниязов.Б


Сабақтың мазмұны

Уақыты
Әдістемелік нұскаулар

1

2
I Дайындық бөлім

Сапқа тұру, сәлемдесу, ақпар беру, түгелдеу,
Сабақтың тақырыбын айту, мақсатын түсіндіру.
Бұрылу элементтері:
Оңға, солға, кері бұрылу.

Жүріп келе жатқанда орындалатын жаттығулар

а) қол жоғарыда, аяқтың ұшымен
ә) қол белде, өкшемен
б) қол алда, жартылай отырып
в) қол тізеде, толық отырып секіру

15 мин

2 мин
30 сек

2 мин
30 сек

Түзу тұру.

Т. Қ. Е

Ара қашықтықты сақтау, дұрыс бұрылуына назар аудару.

Шынтақты бүкпеу.
Денені түзу ұстау.
Кеудені көтеру
Тура алға қарау, басты көтеру.

3
III Жүгіріп келе жатқанда орындалатын жаттығулар

а) қол белде, оң және сол
жақпен, арқамен алдыға карап
ә) тізені жоғары көтеріп секіру
б) қол белде, тізені артқа бүгіп

в) қол белде, аяқты алға сермеп
г) қол желкеде аяқты артқа сермеп


д) бар екпінмен жүгіру

е) демді басып жүру


4 мин
30 сек

Ара қашықтық сақтау.
Сол иықпен алдыға қарау.
Барынша жоғары секіру.
Өкшені алақанға тигіземіз.


Кеудені тік ұстау.
Қолдың арасын қоспау.

Ара қашықтық сақтау.

Ара қашықтық сақтау.

4 IV Бір орында орындалатын жаттығулар

1. Б.Қ. аяқ иық деңгейінде, қол белде, санақ бойынша, басты 1-4 оңға,1- 4солға айналдырамыз.

2. Б.Қ. аяқ иық деңгейінде, оң қол жоғарыда, сол төменде с.б. 1-2 қолымызды артқа кереміз, 3-4 қолымызды ауыстырамыз.

3. Б.Қ. аяқ иық деңгейінде қол иықта с.б. 1-4 иықтарымызды алдыға, 1-4 артка айналдыру.

4 Б.Қ. аяқ иық деңгейінде қол желкеде денемізді с.б. 1-2 оң жаққа
3-4 сол жаққа бұрамыз.

5 Б.Қ. аяқ иық деңгейінде оң қол жоғарыда, сол қол белде с.б. 1-2 оң жағымызға, 3-4 сол жағымызға иілеміз.

6. Б.Қ. аяқтың арасы иықтың деңгейінде, қол белде с.б 1-4 белімізді оңнан солға қарай, 1-4 солдан оңға қарай айналдыру.

7. Б.Қ. аяқтың арасы иықтың деңгейінен алшақ, кол белде 1-еңкейіп қолдарымызды оң аяққа жеткізу, 2-ортаға,3- сол аяққа, 4- Б.Қ.

8 Б.Қ. аяқ иық деңгейінен алшақ
қол белде с.б. 1-оң аяққа отыру,
2- Б.Қ. 3-сол аяққа отыру,
4- Б.Қ.

9. Б.Қ. Н.Т. қол желкеде 10 рет
отырып тұру.

10. Б.Қ. Н.Т. 1-8 оң аяқпен,1-8
сол аяқпен, 1-8 қос аякпен
секіру.


5 мин
30 сек

Денені түзу ұстау. Аяқты иық белдеуімен бірдей алшақ қою.

Қолды түзу ұстау. Шынтақты бүкпеу.

Денені түзу ұстау. Аяқты иық белдеуімен бірдей алшақ қою.

Денені түзу ұстау.

Қолды түзу ұстау. Шынтақты бүкпеу.

Аяқты алшақ ұстау.

Тізе бүкпеу.
Денені түзу ұстау.

Қолды түзу ұстау
Тізені бүкпеу
Денені түзу ұстау.

Аяқты алшақ ұстау.

Барлығы бірдей жасау.

Тізені жартылай бүгіп жоғары секіру

5
ІІ Негізгі бөлім

Гимнастика .Ағаш аттан секіру.

Қауіпсіздік ережесін айтып түсіндіру

І-топ
Секіруді және түсу әдісін баскетбол добы арқылы үйрену.

ІІ-топ
Кіші ағаш атқа қол тіреп, аяқ арасын ашу әдісін үйрену.

ІІІ-топ
Қолды тіреп жоғары секіру,ұшу және қонудың әдісін үйрету.



Қимыл-қозғалыс ойыны.

26 мин



Мұғалімнің айтқанын мұқият тыңдап алу.
Сабақтың негізгі бөлімін түсініп алу.
Жолға қойылған заттардан аттау арқылы жүгіру. 40 – 50 см.
Заттың үстіне секіріп, екі аяқпен қону,гимнастикалық орындықтардан екі аяқпен серпілу арқылы секіріп өту.

Аяқты артқа сермеу.

6

III Қорытынды бөлім

Сапқа тұру .Өтілген сабақты қысқаша шолып өту.
Оқушыларды бағалау.
Сабақты аяқтау. Үйге тапсырма беру.


4 мин

Оқушылардың шаршағанын басып келесі сабаққа ынтасын арттыру.
Скіртпемен секіру Тәрбие.орг сайтынан Гимнастика. Кіші ағаш аттан секіру Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Калниязов Балкожа

Қызыл Орда обылысы. Байқоңыр қаласы №277 орта мектебі дене шынықтыру пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar