Ұлттық ойын Тоғызқұмалақ факультатив сағатының оқу – сабақ жоспары

  • Жүктеулер: 66
  • Көрсетілім: 1444
  • Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
  • 29/Авг/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19381


Мазмұны.
1. Кіріспе----------------------------------------------------------------------- 1. бет
2. «Тоғызқұмалақ» ойынының ережесі мен ерекшіліктері.---- 1. бет
3. Ойынның жүріс ережесі-----------------------------------------------2. бет
4.Тоғызқұмалақ ойынының ерекшілігі----------------------------4. бет
5.«Тоғызқұмалақ» ойынының мақсаты.----------------------------8. бет
6.Ойынның ережесі-------------------------------------------------------8. бет
7.Ойынды жазып жүру тәртібі. ---------------------------------------9. бет
8.Тоғызқұмалақ ойынының есептеу ережесі ---------------------9. бет
9.Жүрістін санын есептеу әдісі-----------------------------------------12. бет
10.Тоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдері:----------------12. бет
11.ХАТТАМА үлгісі--------------------------------------------------------------------13. бет
12. 5 сынып оқушыларына «Дене шынықтыру» бағдарламасы
бойынша «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойының
ұйретуге ұсыныс: -----------------------------------------------------14. бет
14.Пайдаланған әдебиеттер:---------------------------------------------14. Бет


Қазақ халқының ежелгі ұлттық спортының бірі – тоғызқұмалақ. Зерттеушілердің пайымдауынша, бұл ойынның пайда болуы шамамен
4 мың жылдық кезеңді қамтитын көрінеді.
Тоғызқұмалақты «Қойшылар алгебрасы» деп те атайды. Себебі бұл ойынды алғашында өрісте қойларын жусатып жіберген қойшылар ойнайтын болған. Жерден ұя-шұңқырлар қазылып, құмалақпен ойналған бұл ойын қазір он сегіз отаудан және екі қазаннан тұратын арнайы тақтада жүз алпыс екі таспен ойналады.
Ал Қазақстанда алғаш рет 1974 жылы тоғызқұмалақтан Республика біріншілігі өткен. Содан бері ел чемпионаты жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. 2001 жылы Қазақстан Республикасы тоғызқұмалақ федерациясы құрылған.
«Тоғызқұмалақ» ойыншының жылдам ойлауына, есептеудің түрлі тәсілдерін меңгеруіне ықпал етеді және бабаларымыздың осал адамдар болмағанына көз жеткізеді
Бүгінде тоғызқұмалақ ойынының әлемде әртүрлі үлгілері бар. Мәселен, Египетте осыған ұқсас ойынды «калах» деп атаса, Шри-Ланкада «олинда калия», қырғыздарда «тогузкоргоол», африкалықтарда «манкала», «габата», «абапа», «нам-нам», «бао», «тамподуо», «омвесо», «маработ» деп аталады екен. Сол сияқты америкалықтарда да тоғызқұмалақтың өз үлгілері бар. Олар оны «аджи-бото» немесе «варри роунд» деп атайды.

«Тоғызқұмалақ» ойынының ережесі мен ерекшіліктері.
« Тоғызқұмалақ» тақтасы.: ойынының арнаулы тақтасы болады, оны симметрия құрай, тең екіге бөліп, ағаштан ойып немесе пластмассадаң құйып жасайды. Әр жағында тоғыз-тоғыздан отаулары, бір- бірден көлденең орналасқан құмалақ жинайтын қазаны бар. Әр жағының отаулары солдан оңға, қарай бірден тоғызға дейінгі реттік сандармен белгіленіп, отаулар мен қазандардың көлбеу беттеріне жазылған. Әрбір ойыншының қазаны тақтаның өз бөлігінде емес, қарсыласы жағына орналасқан. Тақтаның екі жағындағы отаулар мен қазандар әр түрлі түске боялады
«Тоғызқұмалақ» тақтасының қағазға түскен суретін- диаграмма дейді. Номерлері қойылған торлар- отаулар. Олардың орта тұсында екі жақта тұрған екі тор- екі ойыншының қазаны
Бұдан былай төменгі қатардағы бірден тоғызға дейін рет сандары қойылған отаулар мен төмендегі жеке тұрған қазанды, яғни диаграмманың төменгі семетриясын (тең бөлігін)- ақ жағы, ал диаграмманың жоғарғы симметриясын –қара жағы деп түсіну керек(1-диаграмма)

9 8 7 6 5 4 3 2 1



о т а у л а р
қазаң

қазаң



о т а у л а р
1 2 3 4 5 6 7 8 9
1-диаграмма

Ойынның жүріс ережесі
«Тоғызқұмалақ » ойыны басталар кезде құмалақтардың орналасу позициясы мынадай болады: (2-диаграмма)
9 8 7 6 5 4 3 2 1
9
9


9 9 9 9 9 9 9




9
9 9


9 9 9 9 9 9
1 2 3 4 5 6 7 8 9
2-диаграмма
Ортадағы отаулар ішіндегі «9» цифры әрбір отаудағы жатқан құмалақтар санын білдіреді, әр ойыншының тоғыз отауында 81- құмалағы бар.
Ойынды солдан оңға қарай жүріспен кез келген отаудан бастауға болады. Ол үшін ойыншы жүріс жасалатын отауда бір құмалаққана қалдырып, басқаларын түгелімен қолына алады да, келесі отаудан бастап, әрбір отауға өз жағының да, қарсыласының да қолындағы құмалақтары біткенше бір-бірден салып шығады. Сонда ең соңғы салынған құмалақ қарсыласының ішінде тақ санды құмалағы баркез келген отауына түсіп, сол отаудағы құмалақтар саның жұп жасаса (2,4,6,8,10 т.с.с.) бұл жүріс табысты болып саналып сол отаудағы барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады
9 8 7 6 5 4 3 2 1
9


9 9 10 10 10 10 10

10



9


9 9 9 9 9 1 10
10

1 2 3 4 5 6 7 8 9
3-диаграмма

«Тоғызқұмалақ »ойынында қарсыластар алма-кезек жүріп отырады.
Міне 3-диаграммадан кейін жүріс қара жаққа беріледі.
Екі жақтын ойыншыларының мақсаты:- қарсыласының тақ санды бір отауына өзінің қолындағы соңғы құмалағын түсіріп, жүп жасап, сол отаудағы құмалақтарды ұтып алу болып табы-лады. Осы тәртіппен жүріс алма-кезек ауыстырылып отырады.
Егер жүріс кезінде ойыншылардың ең соңғы құмалағы қарсы жақтың кез келген бір отауына түсіп, сол отаудағы құмалақтар санын тақ жасаса (1,3,5,7,9,11,т.с.с.),немесе, өз жағының отауларының біреуіне тақ-жұбынақарамай келіп түсіп жатса, жай жүріс жасалды деп саналып, ол отаудағы құмалақтар ешбір қазанға алынбайды.
Бірінші мысал.(4-диаграмма) жұріс қара жақтан болғандықтан, ойыншы өзінің 9-отауында жатқан 3 құмалақты жүріп, ақ жағының
2- отауын шабуылдай бастаса,5-диаграммадай позиция пайда болады.
9 8 7 6 5 4 3 2 1
3


1 1 7 7 2 1 4

46

48

20


2 3 1 6 5 5

1 2 3 4 5 6 7 8 9 Тәрбие.орг сайтынан Ұлттық ойын Тоғызқұмалақ факультатив сағатының оқу – сабақ жоспары Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Рахметов Жасұлан Жанабергенұлы

«Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің №2 Қамысты орта мектебі»ММ Физика және информатика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar