Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Ұлттық ойындар
  • 16.02.2016
  • 403 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 16295

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (46.5Kb)

Ораз Жандосов атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі
Мапаев Ермұраттың Қарасай аудандық тәжірибе алмасу семинарында корсеткен
сабағының жоспар-конспектісі

Тақырыбы: Ұлттық ойындар
Сабақтың міндеті:
1. «Көкпар» ойынын үйрету
2. Жылдамдық, ептілік, қырағылық қабілеттерін дамыту
3. Ұлттық ойындарды кеңінен ұрпақтан-ұрпаққа насихаттау. Ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Өтетін орны: Спортзал
Сабақ түрі: Ойын түрінде
Қажетті құралдар: Ысқырық, нығыз доп
Сабақ бөлімі Мазмұны Жүктеме мөлшері Әдістемелік нұсқаулар
I. Кіріспе бөлімі
1.Сапқа тұрғызу, рапорт беру, сәлемдесу 1 мин Зейін қоюын қадағалау
2.Сабақ міндетін хабарлау 1 мин
3.Орында, қозғалыста орындалатын саптық жаттығулар 1-2 мин Нақты орындалуын қадағалау
4.Жүру жаттығулары:
а) аяқтың ұшына көтеріліп жүру
б) өкшемен жүру т.б. 2 мин


5.Жүгіру жаттығулары:
а) тізені көтере жүгіру
ә) аяқты артқа латыра жүгіру
б) аяқты сыртқа лақтыра жүгіру
в) оң және сол қапталмен тіркеме адыммен иықты айналдыра жүгіру
г) оң және сол қапталмен аяқты қайшылай жүгіру 3 мин Демді мұрынмен бірқалыпты алуын айтып отыру

6. жүру, тынысты қалпына келтіру жаттығулары 2 мин Еркін дем алу
7. орында тұрып орындалатын жалпы дамыту жаттығулары 2 мин Нақты орындалуын қадағалау
II.Негізгі бөлім.
Ұлттық ойын «көкпар» туралы түсініктеме беру.
Көкпар ойынының ережесімен таныстыру:
Оқушыларды екі топқа бөліп, әр команданы залдың екі шетіне қарама қарсы тұрғызу. Екі команданың бірінші номерлі ойыншылары өз алаңында белгіленген сөреге келеді. Берілген белгі бойынша екеуі ортадағы нығыз допты өз алаңындағы қазандыққа әкеп, үш секунтқа қозғалтпай қою керек
28-30 мин Нығыз допты аяқтың ішімен тебуге болады.
Қарсылас ойыншыны шалуға итеруге болмайды, доп қолында тұрғанда арқадан көтеріп доппен бірге қазандыққа қоюға болады.
III.Қорытынды бөлім Сапқа тұрғызып ықыласқа арналған «уақытты сезіну» ойынын ойнау

3 мин Ойша 1 мин. болды деген оқушы бір адым алға аттайды, дәл уақытында шыққан оқушыны анықтау.
Сабақты қорытындылау 1 мин Жақсы ойнаған балаларды атау
Үйге тапсырма беру 1 мин Аяқ, қол күшін дамытуға арналған жаттығулар Тәрбие.орг сайтынан Ұлттық ойындар Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мапаев Ермұрат Көшкінбайұлы

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жандосов ауылы "О.Жандосов атындағы орта мектеп Дене шынықтыру пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Көрсетілім: 403 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar