Саппен жүру.

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 358
  • Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
  • 14/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21008


С А Б А Қ Ж О С П А Р Ы
Өтілетін мерзімі:__________
Өтілетін сыныбы: 2 «А».
Өтілетін орны: мектеп спортзалы.
Сабақтың тақырыбы: Саппен жүру.
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың қатарға тұру және саптық жаттығуларын меңгеруін бақылау, гимнастикаға қызығушылықтарын ояту.
Дамытушылық: оқушылардың қимыл-қозғалысын дамытып пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды тақырып бойынша жаттығуларды ұқыпты, өз мәнінде жасауға, ептілікке, күштілікке, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Құрал-саймандар: ысқырық.
Сабақтың мазмұны Өтілетін уақыт Әдістемелік нұсқау
Дайындық бөлімі 1. Сапқа тұру, сәлемдесу, баяндама қабылдау.

Саптық жаттығулар.
- оңға бұрылу
- солға бұрылу
- айнала бұрылу
Жүгіру:
- жәй жүгіріс
- оң жақ қыры
- сол жақ қыры
- аяқты артқа сермеп жүгіру
-Соңғы айналым жәй бір қалыпты жүгіру
Демді қалыпқа келтіру жаттығулары
-қолды алға, артқа айналдыру
- қолды қайшылау
- қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру.
- қолды екі жаққа тік созып, өкшемен жүру.
- отырып жүру.
Жалпы дамыту жаттығулары:

1.Б.қ қол белде, аяқ иық деңгейінде, 1-4 басты оңға 1-4 солға айналдыру.
2. Б. қ. қол иық үстінде
1-4 алға, 1-4 артқа айналдыру
3. Бір дегенде екі қолды алға созып, екі дегенде екі қолды жоғары көтеру. Үш дегенде қолды екі жаққа тік созу, төрт дегенде бастапқы қалыпқа қайту.
4. Б.қ . қол алда, оң қол сол қолдан сәл жоғары 1,2 оң қол жоғары 3,4 сол қол жоғары.
5.Б. қ екі қол кеуде тұсында 1-2 шынтақты бүге жазу 3-4 шынтақты аша жазу
6.Б.қ қол белде , оң қол жоғары 1-4 сол жаққа иілу Сол қол жоғары, 1-4 оң жаққа иілу.
7. Б.қ қол белде белді 1-4 оңға, 5-8 солға айналдыру
8. қол алда иық деңгейінде 1-оң аяқты, сол қолдың ұшына тигізу, 2-сол аяқты, оң қолдың ұшына тигізу 3-4 қайталау.
9. Он рет отырып тұру. 15 мин Оқушылардың сабаққа қатысуын, спорт киімін, денсаулығын тексеру.
Сапқа тұруын қадағалау.
Басты көтеріп денені тік ұстау.
Екі қол жанында
Арқа түзу

Алақанға өкшені тигізу

Қолды көтеріп түсіріп терең тыныс алу
Қолды түзу ұстау.

Екі қолды тізеге қойып жүру.

Жаттығуларды нақты, дәл, түзу жасау керек
Оң және сол иыққа қарай толық айналдыру

Шынтақ көтеріңкі
Алға артқа қатты сермеу
Аяқ иық деңгейінде

Ара қашықтықты сақтау.

Аяқты көтерген кезде тізені бүкпей, еңкеймей жасау
Бас қозғалмайды, аяқ қосулы
Негізгі бөлім Жаңа сабақ. Саппен жүру.
Сапқа және қатарға тұру кезінде қолданылатын команда түрлерін үйрету: «Сапқа тұрыңдар!» ,«Түзеліңдер!», «Түзу тұрыңдар!», «Еркін тұрыңдар!» және т.б. «Сапқа тұрыңдар!» деген команда естілісімен оқушылар жүгіріп барып, бойына қарай сапқа тұрады.
«Оңға бұрыл» немесе «солға бұрыл» дегенде оқушылар қатарға тұрады. Қатарға тұрған соң «Түзеліңдер!» командасы беріледі. Оқушылар аяқтарының ұшын бір сызық бойына қойып, бастарын оңға бұрады.
Егерде қатардағыларға бағыттаушының кеудесі көрініп қана тұрса, қатар дұрыс тұрғаны. «Түзу тұрыңдар!» команда берілген соң оқушылар екі аяқтың басын бір табан кеңдігінде ашып,екі өкшені бір-біріне тигізіп, денесін тік ұстап тура алға қарап тұрады. Қолдарын төмен түсіріп, саусақтарын жартылай бүгіп ұстайды.
Саппен жүру.
Сап бір қатарлы сап, екі қатарлы сап, үш қатарлы сап, төрт қатарлы сап және т.б.бола береді.
Саппен тура, көлденең, ирек жол жасап та жүруге болады.Саппен жүру мұғалімнің берген командасын орындау арқылы іске асады. Жүру міндетті түрде сол аяқтан басталады. Сол аяқты ілгері аттағанда, оң қол сермеледі.
Екі,үш, төрт қатарлы саппен жүргенде әр оқушы өзінің жүру қадамын оң не сол тұсындағы оқушының қадамымен сәйкес, сонымен бірдей алып жүруі қажет. Егер саппен келе жатқанда кез келген оқушының жүрісі оң не сол жақтағы оқушының аяқ алысымен бірдей болмаса, онда тұтас саптың жүрісі бұзылады. Сондықтан саппен жүргенде, барлық оқушы аяғын бірдей алып жүруі керек. 25 мин Оқушылар сабақ түсіндіргенде зейін салып тыңдау.

Оқушыларды жеке-жеке орындатып көрсету

Оқушылардың дұрыс орындауын қадағалау

Оқушыларды саппен жүргізу
Қорытынды бөлім Оқушыларды сапқа тұрғызу.
Оқушылардың кемшіліктерін айту.
Оқушыларды бағалау.
Қоштасу. 5 мин Ойынға белсене қатысқан оқушыны мадақтау, бағалау.
Сұрақтарына жауап беру Тәрбие.орг сайтынан Саппен жүру. Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Давлетов Жаркынбек Калдашович

ОҚО. Ордабасы ауданы Шұбарсу елді мекені "Ынтымақ" жалпы орта мектебі дене шынықтыру пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar