Ұлттық ойын Тоғызқұмалақ факультатив сағатының оқу – тақырыптық жоспары

  • Жүктеулер: 30
  • Көрсетілім: 1150
  • Дене шынықтыру пәнінен презентациялар
  • 29/Авг/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19379


«Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің
№2 Қамысты орта мектебі»ММ

БЕКІТЕМІН: КЕЛІСЕМІН:
Мектеп директор Тәрбие ісінің-меңгерушісі:
Ысқақова А.Б. Тәжібаева Р.Б.
___________ ___________
« __ » ______ 2015 ж « __ » ______ 2015 ж

Ұлттық ойын Тоғызқұмалақ

факультатив сағатының оқу – тақырыптық жоспары

5- сынып



Мұғалім: Рахметов Ж.Ж

2015-2016 оқу жылы

ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ

“Тоғызқұмалақ – ұлттық ойыны” бейіндік курсының бағдарламасы жалпы орта білім беретін мектептің 5 сынып оқушыларына арналып жасалған. Курс 64 сағаттан тұрады, яғни аптасына 1 сағаттан оқыту ұсынылады.
Аталған курстың басты мақсаты – еліміздің ертеңгі азаматтары, бүгінгі оқушыларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлеуге, шығармашылық-рухани және дене мүмкіндіктерін дамытуға бағыталған.
Курстың негізгі міндеттері:
оқушыларды туған халқының әдет-ғұрпы мен дәстүрін зерделеуге ынтасын ояту;
ұлттық спорт түрі – тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту;
тарихқа құрметпен қарауға, адамгершілік пен салауатты өмір салтының негіздерін берік қалыптастырған азаматты тәрбиелеу;
Курстың басты ерекшелігі сол, орта мектептің оқу бағдарламасында оқытылмайды.
Тоғызқұмалақ - әлемдік мәдениеттің озық үлгілері мен бой теңестіре алатын рухани ойын, қисындық ойлау өнері. Бұл өнердің басты қасиеті – адам санасын жетілдіруге, ақыл-ойын кемелдендіруге ерекше күш салады. Түркі халықтарының ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтыны осы ойынның өзі дәлел бола алады. Жасөспірімдердің дене күшінің мол болуымен қатар ақылды болуына да көп мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тапқан.
Бүгінгі таңда дүниежүзінде зияткерлік ойындарды дамыту, өркендету маңызды мәнге ие болып отыр. Өйткені, жеке тұлғаның біліктілік қасиеттері осындай ойындар арқылы шыңдала түседі. Зияткерлік ойындар дегеніміз – ой шығармашылығын дамытатын спорт түрі. Оның тағылымдық-тәрбиелік, танымдық құндылықтарының өзінде терапиялық сипаты қаншама. Тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, го, овари секілді ойындар жасөспірімдердің бойында сабырлылық, төзімділік, есептегіштік, ойшылдық қасиеттерді қалыптастырумен қатар, кең ақыл, жүйрік қиял иесі болуына да жағдай жасайды. Мысалы, Жапонияда го зияткерлік ойынын білу – қызметке қабылдау мен көтерілудің бір шарты ретінде тіркелген. Ал Англия мен Бельгияда тоғызқұмалаққа ұқсас овари ойыны сабақ ретінде оқытылады. Тіпті африкалықтар осы овариді төл математикамыз деп мақтан тұтады. Чехия мен Англияда жыл сайын зияткерлік ойындар олимпиадасын өткізіп, ел бюджетіне қыруар қаржы түсіреді. Сондықтан болар бүгінгі күні әрбір тәуелсіз ел ұлттық спорт түрлерін қарқынды түрде насихаттап, адамзаттың игілігіне айналуы үшін аянбай тер төгуде.
Пәнаралық байланыс. Бейіндік курстың тақырыптарын игеру барысында оқушылар тарих, валеология, дене тәрбиесі, т.б. пәндердің оқулықтарын пайдалана алады.
Күтілетін нәтижелер:
бағдарламаны оқыту барысында оқушылар келесі нәтижелерге қол жеткізуі тиіс:
тоғызқұмалақ ойынын толық меңгеру;
осы ойын түрінен аудандық, облыстық, қалалық жарыстарда жүлделі орындар алу;
оқушылардың ғылыми жоба жарыстарына қатысуы;
Курстың құрылымы мен мазмұны сабақты дәріс, жарыс, тәжірибелік т.б. түрінде өткізумен анықталады.
№ р/с Сабақтың тақырыбы Сағ. саны Өтк. күні
І-тарау. Тоғызқұмалақ ойынының тарихынан 9
1 Қазақстандағы спорттың даму жолы. 1
2 Тоғызқұмалақ ойынының тарихы. 1
3 Тоғызқұмалақ тақтасы. 1
4 Ойынның ережесі мен ерекшеліктері 1
5 Жарыс өткізу ережелері 1
6 Спорттық жаттығуларды жоспарлау 1
7 Ойынды жазып жүрудің тәртібі. 1
8 Тоғызқұмалақ ойынының мақсаты 1
9 Тоғызқұмалақ отауларының аттары. 1
ІІ-тарау. Іс-тәжірибе сабақтары 10
1 Ойынның басталуы – дебют 1
2 Ойынның ортасы – миттельшпиль 1
3 Ойынның аяқ шені – эндшпиль 1
4 Атсырау 1
5 Терең атсырау 1
6 Жүрістердің санын есептеу жолы. 1
7 Комбинация арқылы құмалақтар ұту 1
8 Психологиялық дайындық 1
9 Кесте арқылы жүріс санау 1
10 Тактикалық тәсілдер. 1
ІІІ-тарау. Тұздық ережесінің дүниетанымдық мәні 14
1 Тұздық ережесінің дүниетанымдық мәні 2
2 Тұздықтардың атқаратын қызметі. 1
3 Тұздықтар алмасуы 1
4 Амалсыз тұздық алу жолдары 1
5 Амалсыз тұздық байлықпен алу. 1
6 Амалсыз тұздық байлықсыз алу 1
7 Тұздықтар тартысы. 1
8 Тұздықтар тартысына құрылған этюдтер 1
9 Күрделі позицияларды есептеу жолдары. 1
10 Этюдтердің шешулері 1
11 Дене шынықтыру дайындығы, қимыл-қозғалыс ойындары. 2
12 Қабылдау-көшіру сынақтары (жарыстар) 2


Курстың мазмұны:
І-тарау. Тоғызқұмалақ ойынының тарихынан (9сағ).
Қазақстандағы спорттың даму жолы. Тоғызқұмалақ ойынының тарихы. Тоғызқұмалақ тақтасы. Ойынның ережесі мен ерекшеліктері. Жарыс өткізу ережелері. Спорттық жаттығуларды жоспарлау. Ойынды жазып жүрудің тәртібі. Тоғызқұмалақ ойынының мақсаты. Тоғызқұмалақ отауларының аттары.
ІІ-тарау. Іс-тәжірибе сабақтары (10сағ).
Ойынның басталуы – дебют. Ойынның ортасы – миттельшпиль. Ойынның аяқ шені – эндшпиль. Атсырау. Терең атсырау. Жүрістердің санын есептеу жолы. Комбинация арқылы құмалақтар ұту. Психологиялық дайындық. Кесте арқылы жүріс санау. Тактикалық тәсілдер.
ІІІ-тарау. Тұздық ережесінің дүниетанымдық мәні (15сағ).
Тұздық ережесінің дүниетанымдық мәні. Тұздықтардың атқаратын қызметі. Тұздықтар алмасуы. Амалсыз тұздық алу жолдары. Амалсыз тұздық байлықпен алу. Амалсыз тұздық байлықсыз алу. Тұздықтар тартысы. Тұздықтар тартысына құрылған этюдтер. Күрделі позицияларды есептеу жолдары. Этюдтердің шешулері. Дене шынықтыру дайындығы, қимыл-қозғалыс ойындары. Қабылдау-көшіру сынақтары




Әдебиеттер:
Төтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы, 1994.
Ақшораев Ә. Тоғызқұмалақ даналығы, Тараз, 2000.
Тілеубаев С., Бизақов С. Тоғызқұмалақ әліппесі, Алматы, 2000,
Ақшораев Ә. 60 сабақтық тоғызқұмалақ ойынының оқулығы, Тараз, 2001.
Есенов Қ. Қандықақпан бастамалары. Тараз, 2000.
Шотаев М., Жұмабаев Н., Ақназаров С. Таңғажайып тоғызқұмалақ. Түркістан, 2004.
Ақшораев Ә. Тоғызқұмалақ. Алматы, 1979.
Шотаев М., Абдужаппаров Ы. Тоғызқұмалақ ойынындағы тұздықтар тартысы, Кентау, 2006. Тәрбие.орг сайтынан Ұлттық ойын Тоғызқұмалақ факультатив сағатының оқу – тақырыптық жоспары Дене шынықтыру пәнінен презентациялар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Рахметов Жасұлан Жанабергенұлы

«Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің №2 Қамысты орта мектебі»ММ Физика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar