Жасөспірімдерді салауатты өмірге тәрбиелеу (баяндамаға презентация)

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 814
  • Дене шынықтыру пәнінен презентациялар
  • 23/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20661


БАЯНДАМА: Жасөспірімдерді салауатты өмірге тәрбиелеу
Мақсаты:
жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.
Жоспар:
І.Кіріспе
Жасөспірімдерді салауатты өмірге тәрбиелеу
ІІ.Негізгі бөлім
Жастар салауатты өмір салтын қолдайды
Денсаулық - адам бақытының бірінші байлығы
ІІІ.Қорытынды
Елдің болашағын салауатты өмірге тәрбиелеу
І.Кіріспе
Жасөспірімдерді салауатты өмірге тәрбиелеу

«Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген екен ұлы ғұлама, Әбу Насыр әл-Фараби. Қазақ – текті халық. Ұлттық тәрбие деген тіркестің өзі – қазақ халқы үшін қасиетті ұғым. Өйткені нағыз қазақ ол – тек қазақтың салт-дәстүрімен сусындаған, осы ұлттың тәрбиесімен жетіліп, туған тілімен санасы оянған азамат. Қазақ халқының бойында Жер жүзінде теңдесі жоқ адалдық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, қонақжайлылық сияқты адами қасиеттер бар.
«Баланы тәрбиешісінің дәл өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайық қылып шығару керек» дейді. Қазір ХХI ғасыр білім мен ғылым заманы екенін жұртшылық жақсы біледі. Бірақ бар күшімізді білім мен ғылымға салып, тәрбиені елеусіз қалдырсақ, ұтарымыздан ұтыларымыз көп болатындығын ортағасырлық бабамыз ғұлама әл-Фараби анықтап айтып кеткен.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі жөнінде мемлекет басшысы алға қойған міндетті жүзеге асыруда халықтың денсаулығы ең маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта әлеуметтік жағдай, өмір сүру ұзақтығының төмендеуі және адам экологиясының қолайсыздығы бүкіл өркениетті әлем үшін көкейтесті мәселе болып отыр.
3-слайд
Енді дүниежүзінде адамдардың өмір сүру ұзақтығына назар аударайық: мысалы: Адамдардың өмір сүру ұзақтығы
 Адамның орташа өмір сүру ұзақтығы 67,2 жыл. Біріккен Ұлттар Ұйымы көрсеткіші бойынша 67,2 (ерлер - 65, әйелдер - 69,5)
 Орташа жас көрсеткіш деңгейінде 223 елдің ішінде Монако көш бастап тұр. Орташа көрсеткіш — 89,57 жас.
Екінші орын — Макао және үшінші — Жапония. Ондықты Австралия аяқтап тұр — елдегі орташа өмір сүру жасы — 82,07 жас.
ТМД елдерінен ең ұзақ жасайтындар Грузияда екен — 75,72 жас.
Қазақстан бұл тізімде 150-орында. Орташа өмір сүру ұзақтығы — 70,24. Рейтинг бойынша еліміз Ресей, Қырғызстан мен Украинадан алда тұр.
Ұзақ өмір сүру үшін қолайсыз елдердің қатарына Оңтүстік Африка мен Чад елдері енген. Ондағы адамдардың орташа өмір сүру жасы — 49-50 жас.
"Саламатты Қазақстан" бағдарламасына сәйкес 2015 жылы халықтың орташа өмір сүру жасы 70 жасқа жетті. Ал қазірдің өзінде елімізде өмір сүру жасы ұлғайып келеді.
4-слайд
 Бұл көрсеткіштің әлі де төмен болуы:ол тұқымқуалаушылық,экологияның әсері,
дұрыс тамақтанбау,ағзаны зиянды әдеттермен улау және бүгін ерекше көңіл бөліп отырғаным салауатты өмір салтын ұстанбау болып отыр.
Салауаттылық - ішкіліктен, есірткі, темекіден аулақ болу, дене және жан тазалығын сақтау, тіпті қарапайым түрде айтсақ адамның киім киісі, тамақты қалыппен ішуі де кіретін игі іс-әрекет. Өмір заңдылығы салауатсыздықты кешірмейді, оғаш қылықтар түбінде опық жегізеді.
Жасөспірімдердің салауаттылық өмірге ұмтылысы, зиянды әдеттерді жек көрушілігі олардың өзге адамдармен қарым-қатынасына яғни әлеуметтік ортаға тығыз байланысты. Ұрпақты өмір заңдылықтарына, салауаттылық негіздеріне бейімдеу білім жүйесі жүктеген маңызды да жауапкершілігі мол міндет болып табылады.
6-слайд
 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде соның 4 негізгі күшін атап көрсетті. Оның бірі – жер үстіндегі байлық деп отырғанымыз – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы.
Салауатты өмір сүру салты 3 категорияға бөлінеді:
 1. Салауатты өмір сүру деңгейі;
 2. Салауатты өмір сүрудің сапасы;
 3. Салауатты өмір сүрудің стилі.
 Салауатты өмір сүру деңгейі – адамның материалдық және моральдық-рухани қажеттілігін толығымен қамтамасыз ету.
 Салауатты өмір сүру сапасы - үй-іші қызмет істейтін орындар (оқу орындар, мектептер) неше түрлі адам денсаулығын қамтамасыз ететін комфортты мебельдер мен лабороториялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі.
 Салауатты өмір сүру стилі – адамның қоғамдық орындарда өзін -өзі ұстап және көрсете білу деп салауаттықтың маңыздылығын көрсетіп отыр.
Осыған тағы бір дәлел:
7-слайд
Қазақстан Республикасының денсаулықты сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында ұйымдастырылатын «Денсаулық күндері».
ІІ.Негізгі бөлім
Денсаулық - адам бақытының бірінші байлығы
Денсаулық адам бақытының бірінші байлығы.Әрбір жасөспірімді сол бақытты уысынан шығармауға тәрбиелеуіміз керек. Денсаулықтың мықты болуы үшін қандай әдістерді қолдануды, жақсы жұмыс халін,күнделікті тұрмыс қиындықтарын жеңуі,белсенді өмір сүру жағдайларын білу қажет. Денсаулық - салауатты өмір кепілі. Осы салауатты өмір кепілін, оның қыр-сырын білу басты міндет. Қай заманда болсын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат, міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Салауатты өмір салты - адам үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелей
байланысты құнды форма. Ол адам мәдинетінің бір бөлігі. Ал денсаулық
адам бақытының негізгі бөлігі. Қоғамның болашағы әрбір адам денсаулығына байланысты. Денсаулыққа тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны организмнің жан-жақты дамуымен бүкіл қызметтердің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн.
8-слайд
Қазіргі уақытта денсаулық бірнеше түрлерге және құрамдас бөліктерге бөлінеді:
 1. Тән денсаулығы — бұл адам мүшелері мен организм жүйесінің ағымдағы күйі. Мұның негізі онтогенездік дамудың әр түрлі кезеңдерінде басымдық көрсететін, базалық қажеттіліктерге негізделген жеке дамудың биологиялық бағдарламасынан құралады.
 2. Дене денсаулығы — организм мен мүшелерінің өсуі мен дамуының деңгейі. Мұның негізі бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функциялық сақтамалардан құралады.
 3. Жан денсаулығы — адамнаң психикалық өріс күйі.
 Мұның негізі мінез-құлыққа бара-бар реакцияны қамтамасыз ететін жалпы рухани қолайлы күйден құралады.
Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты ұғымын құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет. Білім алушылар салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады.
9-слайд
Мен өз сабақтарымда:
-Ең алдымен бүгінгі сабақтағы білім алушының психологиялық дайындығына көңіл бөлемін.
-Сабаққа білім алушының физикалық жағдайының дайындығын тексеремін.(дене мүшелерінің зақымданбауы т.б.)
-Сабаққа білім алушының жас ерекшелігі мен қызығушылығын ескеремін;
10-слайд
Сонымен қатар,салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қандай жағдайларға назар аудару керек? деген сұрақты жиі қою арқылы білім алушылардың жауаптарының әр кезде әртүрлі болып келіп,сабақ сайын ойларының өзгеретіні байқалуда.
11-слайд
Олар: темекі шекпеу,есірткілік заттардан аулақ болу,алкогольдік бұйымдарға жол жоқ қағидасын ұстана отырып,оның орнына спортпен айналысу,дұрыс тамақтану,таза ауамен тыныс алу,дұрыс күн тәртібін қалыптастыру арқылы өздерінің денсаулықтарының нығаятынын түсінуде.
12-слайд
«Маған салауаттылық не береді?»дегенде жарқын болашақ деп жауап беруінде жасөспірімдерді салауатты өмірге тәрбиелеу барысында дене тәрбиесі пәні мұғалімнің орны ерекше екенін түсініп отырмын. Мұғалім басты тұлға. Қай кезде болсын нәтижелі, жемісті жұмыс істеуі түптеп келгенде сол білім ордасында еңбек ететін әр мұғалімнің өз міндетіне, көзқарасына тікелей байланысты. Әрбір ұстаз алдында отырған шәкірттері де сол болашаққа барар жол үстіндегі талапкерлер.
ІІІ.Қорытынды
«Сіздердің табыстарыңыз - ата-аналарыңыздың табысы, туғандарыңыз мен туыстарыңыздың табысы, отбасыларыңыздың табысы, барлық отандастарыңыздың табысы, біздің Отанымыздың табысы».
( «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты)
«Он екі мүшең сау болса - жарлымын деме»,- деп халқымыз денсаулықты адам өміріндегі орнын, тән сұлулығын,жан тазалығын еш нәрсемен айырбастауға, теңестіруге болмайтынын ұрпақтарына ескертіп отырған.
Жастарымыздың жүзінен күлкі, жүрегінен жалын, саналы сезім төгілсе онда ұрпағымыздың денінің саулығы. Еңселі егеменді еліміздің ертеңінен үлкен үміт күтеміз. Жастардың денсаулығы, жігері, қайраты, білімі егемендігіміздің беделі, еліміздің мақтанышы болмақ.

«Шаттық шеңбері...» тренингін жүргізу.

-Бүгінгі баяндамамды сіздердің тілектеріңізбен қорытындылағым келіп отыр.

Ей, адамзат!
Өмір керек соған да,
Маған да, оған да,
Есіңде сақта, осыны
Ұста жадыңда.
Жас өмірің ерте солсын демесең,
Тамырына ұрпағым, балта шаппа! Тәрбие.орг сайтынан Жасөспірімдерді салауатты өмірге тәрбиелеу (баяндамаға презентация) Дене шынықтыру пәнінен презентациялар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Утетляев Талгат Бакытович

АЛматы облысы,Талдықорған қаласы,ТӨИ және ЖТ колледжі дене шынықтыру пәнінің оқытушысы

Пікірлер: 2

avatar
#1. Талғат Утетляев в 00:20 (23/Дек/2016) Спам
презентациясы жүктелмей тұр
avatar
#2. Нартай Сембиев в 00:59 (23/Дек/2016)
Сәлеметсізбе. Презентация салынбаған. Біздің вк да редакторларға презентацияны жіберсеңіз сайтқа орналастырып береді.
avatar