“Бала құқығы-адам құқығы” республикалық онкүндіктің іс-шара

  • Жүктеулер: 36
  • Көрсетілім: 457
  • Мектеп әкімшілігі
  • 21/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23358


Оңтүстік Қазақстан облысы.Қазығұрт ауданы “Қызылата” жалпы орта мектебі 2017-2018 оқу жылы 20-30 қараша аралығындағы дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы-адам құқығы» атты республикалық онкүндік аясында білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен ата-аналар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың мамандарының қатысуымен мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, мектеп психологтеріне, сынып жетекшілері мен ата-аналарға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды. Балаларға қатысты зорлық - зомбылық мәселесіне қоғамның назарын аудару мақсатын көздеген бұл шарада ертеңі жас ұрпақтың болашағына қатысты маңызды мәселелер қозғалды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен 1989 жылғы 20 қарашада Конвенциясының негізгі ережелері туралы мектептің ұйымдастырушы педагогы 5-11 сынып оқушыларына құқықтық сабақтар өткізілді.



“Балаға мейірімді Қазақстан” тақырыбында ата-аналар қатысуымен форум ұйымдастырылып, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Нұрлыбаев отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы толық мағлұмат берді.

Әлеуметтік педагог Б.Ақжолов қайырымдылық акциялар ұйымдастырып, мектептегі тұл,жартылай жетім және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына мектеп формасы,құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді.


Мектептің құқық пән мұғалімі А.Амалбаева және қыздар ұйымының жетекшісі Н.Мусабаева “Бала құқығы-адам құқығы” туралы 5-11 сыныптар арасында және «Ұл қыз – ұлт мақанышы» тақырыбында 8-11 сынып арасында пікір сайыс болып өтті.Мектеп психологі Г.Сарымсақова отбасындағы үйлесімді тәрбие және бала құқығын қорғауға қатысты әлеуметтік бейнероликтерді көрсете отырып, бала тәрбиесіне қатысты жиналған қауымды ойландырарлық мәселелерді көтерді.Ұйымдастырушылар «Зорлық – зомбылықсыз болашақ, біздің болашағымыз үшін, кейінгі ұрпақ үшін қажет, сол себепті баршаңызды бірігіп жұмыс атқаруға шақырамыз» деген ұран тастады. БАЛАЛАРЫМЫЗДЫ ҚОРҒАЙЫҚ, СЕБЕБІ БАЛА – ӨМІРДЕГІ ЕҢ ҚЫМБАТТЫ ЖАН! Тәрбие.орг сайтынан “Бала құқығы-адам құқығы” республикалық онкүндіктің іс-шара Мектеп әкімшілігі материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нұрлыбаев Еркебұлан Нурғалиұлы

ОҚО Қазығұрт ауданы Қызылата жалпы орта мектебі Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Пікірлер: 0

avatar