«Кәсіптік білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік педагогтің, әлеуметтік көмекке мұқтаж колледж білім алушыларымен жұмыс істеу бағыттары»

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 1112
  • Мектеп әкімшілігі
  • 19/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19741


«Кәсіптік білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік педагогтің, әлеуметтік көмекке мұқтаж колледж білім алушыларымен жұмыс істеу бағыттары»

1991 жылдың мамыр айының 20-да КСРО халыққа Білім беру жөніндегі Мемлекеттік комитеті «Әлеуметтік педагог» мамандығын бекітті. Оқу орындарында әлеуметтік педагогтың білім беру жүйесіндегі алатын орны ерекше. Әлеуметтік педагог-ол тәрбиеші емес, сынып жетекшісі, тәлімгер емес, ол белгілі бір нормадағы қызметті үйлестіруші.
Негізгі қызметі – адамды өмірге, қоғамға бейімдеу. Әлеуметтік педагогтардың негізгі жұмыс нысаны балалар мен жасөспірімдер болып табылады.
Кәсіптік білім беру мекемесінде әлеуметтік педагог қызметін атқара отыра, мақсатты түрде қызмет ету басты міндетім деп ойлаймын. Әлеуметтік педагог ретінде колледж білім алушыларын әлеуметтік- педагогикалық қолдауды мақсат етіп алсам, төмендегідей міндеттерді орындау тағы бар.
- ата- ана қамқорлығынан айырылған және жетім, қамқоршысы бар балаларды қолдау және әлеуметтік көмек көрсету;
- өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға уақытылы көмек көрсету
-оқушылардың заңсыз әрекеттерінің алдын алу
- білім алушыларға колледжде оқуға бейімделу жағдайларына көмек көрсету
- консультациялар, семинарларлар арқылы топ жетекшілері мен пән мұғалімдеріне оқушылармен оқу- тәрбиелеу процесіндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы тиімді кеңестер беру
- әлеуметтік қорғалу сұрақтары бойынша бағытталған әлеуметтік ақпараттық көмек беру.
Аталып өткен мақсат- міндеттерді орындауда, әлеуметтік педагогтің атқаруға тиіс бірнеше жұмыстар бағыттары анықталады. Тәжірибе мен біліміме сүйене отырып, жинақталған маңызды, жас мамандарға көмек бола алатын әр бағыт бойынша атқарылған, атқарылуға тиіс жұмыстар қатарымен бөліскім келіп отыр.
Ең бірінші бағытта әлеуметтік педагог колледждегі ата- ана қамқорлығынан айырылған және жетім, қамқоршысы бар балаларға қолдау жасап, әлеуметтік көмек көрсету;
Екінші бағыты әлеуметтік көмекке мұқтаж, жан басына шаққандағы кіріс көзі төмен аз қамтылған немесе көп балалы отбасынан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсету.
Үшінші бағытта әлеуметтік педагогтің негізгі міндетіне тиесілі, «Қиын оқушылар» қатарына енген оқушыларды колледж психологі мен кәмелет жасқа толмаған балалармен жұмыс атқаратын колледж инспекторымен бірлесе отырып анықтап, қайта түзету немесе алдын алу шараларын ұйымдастыру;
Ең үлкен әрі күрделі бағыттың бірі «суицидтің алдын- алу» бойынша жұмыстар атқару;
Әлеуметтік педагог тәрбие бөлімі негізінде қызмет атқаратындықтан, тағыда бір бағыты «құқық бұзушылықтың алдын алдын алу»;
Бөлім меңгерушілер, топ жетекшілер сұранысы бойынша жекелеген оқушыларға, жатақхана тұрғындарына кеңес беру, әлеуметтік қолдау негізінде жұмыс жүргізу.
Бұл аталған бағыттар бойынша жұмыс атқарар алдында, әлеуметтік педагог колледждің әлеуметтік төлқұжатын жасап, әлеуметтік дәрежесін анықтауы қажет. Топ жетекшілерінің отырысында топтың әлеуметтік папкасын (топ туралы жалпы мәлімет, топ төлқұжаты, топ тізімі, топ картотекасы, әр оқушы туралы жеке мәлімет парағы) жасау жұмысы тапсырылып, папканың ішінде болуға қажет кұжаттар үлгісі берілуі тиіс. Қосымша №1 кесте
Жинақталған мағлұматтар бойынша:
-колледж білім алушылар ішіндегі мүгедектігі бар оқушылар тізімі; №2кесте
-аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар тізімі; №3кесте
-көп балалы отбасынан шыққан оқушылар тізімі; №4кесте
-ата- ана қамқорлығынан айырылған және жетім, қамқоршысы бар балалар тізімі жасалынады. №5кесте
Әлеуметтік педагогтің әр бағыт бойынша атқаратын жұмыстар қатарына тоқталып өтейік.
Ата- ана қамқорлығынан айырылған және жетім, қамқоршысы бар балаларды қолдау және әлеуметтік көмек көрсету бағыты бойынша, оқуға жаңадан түскен ата- ана қамқорлығынан айырылған және жетім, қамқоршысы бар балаларды тізімін құра отырып (№6 кесте), әр сатысы бойынша ортақ қорытындысын шығару керек. Яғни толық мемлекет қарамағындағы ата- ана қамқорлығынан айырылған, жетім балалар және ата- ана қамқорлығынан айырылған, жетім бірақ қамқоршысы бар балалар болып әлеуметтік дәрежелеріне байланысты бөлінуін, курс бойынша көрсету. (№7кесте)
Сонымен қатар:
-құжаттарын жеке ісі папкасына жинау;
-оқу орынының келісім шартына сай екінші дәрежелі банкінен есеп шот аштыру;
-жатақханаға тізімге отырғызу;
- ТҮКШ бөлімшісінде тіркелген тұрғын үйге кезегін анықтау;
-келісім шарт негізінде ауруханаға тіркеуге тұрғызып, денсаулығын тексерту;
- жеке бас куәлігі алынбаған білім алушының, жеке куәлігін рәсімдеуге көмектесу;
-жәрдемақы, зейнетақы, көмекақы мәселесін назарда ұстау;
-мемлекет тарапынан беріліп отырған «киіндіру» мен «тамақтандыру» мәселелесі бойынша, оқу орынының бас есепшісімен бірлескен жұмыстар атқару;
-«қамқоршысының есебі», «тұрғын үй жағдайы актісін» толтыру;
-білім беру басқармасының сұраныс құжаттарын толықтырып, есеп беріп отыру.
Екінші бағыты әлеуметтік көмекке мұқтаж, жан басына шаққандағы кіріс көзі төмен аз қамтылған немесе көп балалы отбасынан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсету.
-колледждің әлеуметтік төлқұжаты негізінде жинақталған ақпаратқа сай мағлұмат кестесін құру. №3, №4 кесте
-тізім бойынша ауылдың округ әкімдігінен берілген, әлеуметтік дәрежесін растайтын анықтамаларды жинақтау;
-отбасы құрамы анықтамасы, әр жан басына шыққандағы кірістің төмендігін растайтын құжаттарды жинау;
-анықтама негізінде жоғарыда аталған дәрежесіне сай білім алушыларға ҚР №320 қаулысының орындалуын қадағалау;
«Қиын оқушылар» тобына енген оқушылармен жұмыс
Қазіргі таңда тәрбие нормасынан алшақ, бұзақылық қасиеттерімен ерекшеленетін балаларды қиын бала, девианттық мінез-құлықты бала, ауытқушылығы бар бала және тағы басқа топтарға жатқызамыз. Осы анықтамаға сәйкес әр оқу орындарында қатерлі қауіпті топқа енген (қиын балалар) оқушылар қатары орын алатыны жасырын емес. Оларды
мінез-құлықтың 3 топқа жіктелген әлеуметтік ауытқу топтарына сай бөліп қарастырған жөн.
1. Пайдакүнемдік бағытта: құқық бұзушылық, материалдық, қаржылық, дүние-мүліктік пайда табуға ұмтылумен байланысты (ұрлау, тонау, алып сату, алаяқтық, және т.б) жасаған теріс әрекеттері.
2. Агрессиялық бағытта: адамға қарсы бағытталған әрекеттер (балағаттау, бұзақылық, ұрып-соғу, өлтіру, зорлау)
3. Әлеуметтік-енжар тип: белсенді өмір сүруден қашуға, азаматтық борыштарын өтеуден қашуға, жеке және әлеуметтік мәселелерді шешкісі келмеуге ұмтылу. Жұмыстан, оқудан бас тарту, кезбелік, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания, өзіне-өзі қол жұмсау)
Пайдакүнемдік бағытта көзге түсіп, бақылауды қажет еткен оқушылардың бар жоғын полиция бөлімшесінен ай сайын беріліп отыратын анықтама негізінде анықтап отыру керек.
Агрессиялық және әлеуметтік- енжар типі бағыты бойынша көзге түсіп, қадағалауды қажет еткен оқушылардың алдын алу, анықтау үшін, оқу жылының басында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының бекітуімен «қиын және құқық бұзуға бейім балаларға арналған бірлескен жұмыс жоспары» құрылып, жоспарға сай қызметтер қатарын орындаған дұрыс.
-топ жетекшілерінен 10 сұрақтан құралған сауалнама алу негізінде, қатер, қауіп танытқан балалар;
- пед консилиум қорытындысының шешімі бойынша, тізімге алу керек деп танылған балалар;
-топ жетекшілері мен бөлім меңгерушілерінің ұсынысы негізінде тізімге енген балалар.
Анықталған оқушылардың топқа енгізіліп, қадағалауда болуын растайтын директордың тәрбие ісі- жөніндегі орынбасарының бастамасымен, бөлім меңгерушілері, топ жетекшілері бірлескен «колледж ішілік кауіпті топ оқушыларын анықтау» отырысында талқыланып, хаттама қаулысы ретінде қабылданып, бектіледі. Әрі қарай жұмыстың тиімді орындалуы үшін, топқа енгізілген оқушылардың топ жетекшілерінен, оқушыға мінездеме жинақталады. Жеке ақпараттары мен мінездемелері, кейін атқарылатын жұмыстар қатарын растайтын хаттамаларды жинақтайтын папка жасалып, топқа енген оқушыларға қатысты барлық құжаттар сақталуы керек.
Жоспар бойынша сабақтар жүргізіліп хаттамалар жазылуы тиіс. Әр оқушыға топқа алыну себебі түсіндіріліп, қадағалауда болатындықтары ескертілгені жөн. Аптаның әр жұма күнінде, топ жетекшісі немесе топ белсендісі келіп, оқушының тәртібі мен сабаққа қатысуы туралы қысқаша мәліметтер беріп отырады. Апта ортасында да сырттай бақылау жасалынып отырылғаны дұрыс. Сонымен қатар ұялы телефон арқылы хабарласып, әлеуметтік желілер арқылыда (Whats app, VK, Инстаграм т.б) бақылауда ұстаған дұрыс. Яғни парақшасына жариялаған жаңалықтарын бақылаудыңда пайдасы зор.
- Сабақ реидін ұйымдастыру бойынша, себепсіз сабақ босатушы оқушылардың үйіне топ жеткшісі, колледж инспекторы және әлеуметтік педагогпен бірігіп жекелей зерттеу жүргізеді.
- «Өзіңнің және өзгенің ашуын қалай басу керек» тренингі, «Қақтығыс. Қақтығыстан шығу жолдары» топтық сабағы, «Сенімсіздік, сенімді болу үшін» әңгімелесу тақырыптарында т.б. жұмыстар жүргізілуі тиіс.
Жасөспірімдер ісі бойынша инспектормен бірлесе отырып, «Жасөспірім және заң» «Заң бәріне ортақ» т.б. тақырыптарында дөңгелек үстел, дәріс баяндар өткізіліп отырылуы керек. Жоспар бойынша, топ жетекшілеріне «қиын баланы тәрбиелеу қиын ба?» тақырыбында әзірленген әдістемелік кеңес беріліп, кітапша-жаднама таратылып берген абзал. Жыл соңында бақылаудаға балалардың тәртібі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, бөлімнің меңгерушілерінің, топқа енген оқушылардың жетекшілерімен бірлескен отырыс ұйымдастырылып, топқа енген күннен бастап өзгерістің бар жоғын, мінез- құлқын, сабаққа қатысуын анықтап, сараптама жүргізілуі керек.
Сараптама нәтижесі бойынша маусым айында қорытынды жасалып, топтан жақсы жағынан көрініп, қайта тәрбиелеу жұмыстары бойынша оң нәтижесін көрсете алған балаларды топтан шығару жұмыстары жүргізіледі.
Суицид пен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жыл басында құрылған жоспарға (сәйкес жұмыстар қатары орындалды.
Құқықбұзушылықтың алдын- алу үшін атқарылған жұмыстар қатары төмендегідей болуы мүмкін:
- заң қорғау органдарының қызметкерлерімен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша;
-дін істер басқармасымен: дін экстеримизімі т.б. бойынша;
- медициналық қызметкерлер (гинеколог, валеолог, нарколог т.б.)
-«Ана үйі» қоғамдық қорымен алдын –алу, кеңес-профилактикалық әңгімелер, кездесулер ұйымдастыру.
Құқықбұзушылықтың алдын алу отырыстарының барлығында хаттама жазылып отырылғаны дұрыс.
Суицидтің алдын- алу үшін, психологпен бірлескен жұмыстар орындалуы тиіс.
Студенттер арасында суицидтік ойдың пада болуы мен әрекеттерінің алдын алу үшін мобильді тобы құрылу керек. Психологпен бірлескен білім алушылармен:
- «Өмір сен маған қымбатсың»
-«Қандай тамаша, Әлем»
-«өмір тамаша, өткізбе бекер»
-«қақтығыссыз еркін өмір сүру заңы» тақырыптарында тренингтер, тәрбие сағаттары, дөңгелек үстел т.б. жұмыстар орындалғаны дұрыс.
Педагогикалық ұжыммен де зерттеу- семинарларын, кеңестер, тренингтер жүргізілуі керек.
Топ жетекшісінің сұранысы бойынша жекелеген оқушылармен әңгімелесу, кеңес беру жұмысы жүргізіледі. Әлеуметтік педагогтің суйцид мәселесіне келгендегі міндеті, психологпен бірлсесе жоспарға сай жұмыстар атқару.
Жатақхана меңгеруші, тәрбиешілері және кезекшілермен тиімді қарым- қатынас орната отырып, тұрғындардың қал жағдайларын анықтап, бөлме ішіндегі тұрғындардың бір- біріне деген қарым- қатынастарын қадағалап, ішкі тәртіптің сақталуын, тазалықты қадағалау жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар кезекші мұғалімдердің, кезекші өзге колледж мұғалімдерінің уақытылы кезекшілік атқаруын қадағалау жұмыстары орындалады.
Әр бағыт бойынша, жоспарланған жұмыстар талапқа сай орындалып отырған жағдайда ғана, әлеуметтік педагогтің қызметі жемісті болмақ. Шын мәнінде әлеуметтік педагог жоспарды қызметші ретінде ғана орындап қоймай, шынайы қамқор, жанашыр адам ретінде, жан-тәнімен әр баланы әлеуметік, педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қолдай білуі тиіс. Тәрбие.орг сайтынан «Кәсіптік білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік педагогтің, әлеуметтік көмекке мұқтаж колледж білім алушыларымен жұмыс істеу бағыттары» Мектеп әкімшілігі материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Чокубаева Маржан Куанышпековна

ШҚО Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі әлеуметтік педагог

Пікірлер: 0

avatar