Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Сынып жетекшілер ӘБ мәліметі
  • 25.02.2016
  • 2483 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 16682

«_____» жалпы орта мектебінің сынып жетекшілер бірлестігінің
2013- 2014 оқу жылындағы атқарған жұмыстары жайлы мәлімет.

Сынып жетекшілер бірлестігінің 2013-2014 оқу жылының жоспары бойынша бірлестік мүшелерінің бірінші отырысы болды. Отырыста жаңа оқу жылының міндеттері айқындалып, жоспары таныстырылды және бірлестік мүшелерінің атқаратын жұмыстары бөлінді. Сынып жетекшілердің жылдық тәрбие жұмыстары талқыланды.
Бірінші жарты жылдықта өткізілетін ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар кестесі жасалынды.
15-21 қыркүйек аралығында тілдер апталығы өтілді. Апталықта 9 – сынып жетекшісі Тұрсынбекова М. «Тіл – күре тамыр» ашық тәрбие сабағы мен сыныптан тыс жұмыстар көрсетіп, өздерін жақсы қырларынан көрсете білді. Атап айтқанда, Усербаева А. «Язык мой – друг мой» мерекелік концерт,
Б. Ашикбаева «Лидер» интелектуальды ойын – сабақтары өтілді, сөздік қорды меңгеруге бағытталған сабақтар «жақсыға» бағаланды. Оқушылар арасында «Үздік дәптер», «Ең сапалы қабырға газеті» байқауы өткізілді.
Қазан айында «Әнұран – елдігімнің жыры» 5-6 сыныптарда, «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы» баяндама 9-10 сыныптар, «Отаным – менің Қазақстаным» - 2-4 сыныптар, «Ұстазым- менің ұстазым»
7- сыныптарда өтілді.
Қараша айында 5-6 сыныптарды «Біздің Елтаңба», «Айгөлек» ұлттық ән байқауы. «Менің өлкемнің қайраткерлері» 7-8 сыныптар.
Желтоқсан айында «1- ші желтоқсан Тұңғыш Президент күніне», «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» апталығы өтті. Апталықта оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай «Елбасының бір күндік өмірі», «Балалық шағымның аспаны» және т.с.с бейне роликтермен кино –фильмдер көрсетілді.
16 –желтоқсан Тәуелсіздік күніне «Тәуелсіздік – тұғырым» апталығы өтті. Апталық салтанатты мерекелік концертпен ашылып, апталықтын жоспары таныстырылды. Оқушыларға тәуелсіздігіміздің қалай жеткендігі, қаншама аталардың қаны, аналарыдың жасымен, батырларымыздың білектерінің күшімен, данагөй саясаткер билермен, хандарымыздың еңбегінің жемісі екені түсіндірілді. «Көшпенділер», «Желтоқсан құрбандары» тақырыпта бейне фильмдер көрсетілді.
28-29 желтоқсан «Жасыл шырша жанында» тақырыпта мерекелік іс-шара өтілді. Мерекелік іс шараларды 5-7 сыныптар аралығында сыйлықтар таратылып, жоғары сыныптарда мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Қаңтар айында Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» халыққа жолдауын оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай түсіндіріліді.
Ақпан айындағы бірлестік отырысында «Оқушылардың үйірмеге тартылуы қозғалды». «Сен және сенің құқығың» апталығы өтілді. Апталықта тәрбие сағаттарының тақырыбы құқық саласында болды және оқушыларға заң саласында, өздерінің құқықтарымен міндеттері жайлы ақпараттар берілді. Құқық тақырыбындағы бейне роликтер көрсетілді.
Наурыз айында «Аналар асыл жандар», «Ана – өмір шуағы» 5-7 сыныптарда ашық тәрбие сағаттар өтілді. Тәрбие сағатындағы негізгі мақсат оқушыларға қоғамдағы аналармен қыз – келіншектердің ролі мен орын түсіндірілді және оларға деген жас ұрпақтың ыстық сезімімен махаббаты баяндалды.
22 – наурыз күніне «Қош келдің, Наурыз», «Наурыз – жыл басы» тәрбие сағаттары 6-8-9 сыныптарында өтілді. Бұл тәрбие сағаттарындағы мақсат ұлтымыздың саң ғасырлық салт-дәстүрлерімен, әдет –ғұрыптарын дәріптеу, адамзаттың бір-бірлеріне деген ыстық ықыласы, адамгершілік, сыйластық, мейірімділік, құрметтеу, үлкеннен бата алу, наурыз көже, және мерекенің т.б ерекшеліктері айтылып түсіндірілді.
Сәуір айында «Құстар – біздің досымыз» 3-4 сыныптарда, «Табиғат – тал бесігім» 1- сыныптарда тәрбие сағаты өткізілді.
Мамыр айында «1-мамыр бірлік пен ынтымақтастық күні» - тәрбие сағаты барлық сыныптарды өтті.
1- Мамыр күні оқушылар әртүрлі киімдер киіп шеруге көшеге шықты. Сол күні «Ұлттық тағамдар байқауы», көрмелер, мерекелік концерт, түрлі спорттық ойындар өткізілді.
Сынып жетекшілер әдіс бірлестігінің жалпы 9 семинар отырысы болды, осы отырыстардың күн тәртібіндегі негізгі мәселелер ретінде «Тәрбие сағатының өтілуі», «Тәрбиесі қиын оқушылармен жұмыс», «Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру», «Оқушылардың күнделікті дұрыс пайдалануы», «Жазғы сауықтыру лагері», - деген тақырыптар қаралып, баяндамалар тындалды.
29.05.2014 жылы сынып жетекшілер бірлестігінің №9 отырысы өтіп, 2013-2014 оқу жылындағы атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды.

Сынып жетекшілер әдіс
бірлестігінің жетекшісі:

«_____» жалпы орта мектебінің сынып жетекшілер бірлестігінің
2014- 2015 оқу жылындағы атқарған жұмыстары жайлы мәлімет.

Сынып жетекшілер бірлестігінің 2014-2015 оқу жылының жоспары бойынша бірлестік мүшелерінің бірінші отырысы болды. Отырыста сынып жетекшілердің жылдық тәрбие жұмыстары талқыланды. Бірінші жарты жылдықта өткізілетін ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар кестесі жасалынды. Жаңа оқу жылының міндеттері айқындалып, жоспары таныстырылды және бірлестік мүшелерінің атқаратын жұмыстары бөлінді.
Қазақстан Республикасының Нышандарын қастерлеу, құрметтеу және идеалогиялық маңызын түсіндіру іс-шаралар жоспары бойынша қыркүйек айында, әр дүйсенбі күні тәрбие сағаттарының тақырыбы «ҚР рәміздері – ұлт мақтанышы» бағытында өтілді.
Қазан айының үшінші жұлдызында «Ұлағатты ұстаздар» тақырыбында 8 «ә» сынып жетекшісі Г. Жүзеева, 06.10.2014ж «Қалдырған ізің мәңгілік» тақырыбында 5 «ә» сынып жетекшісі А. Жақыпбекова, 15.10.2014ж «Табиғатым- тал бесігім» тақырыбында 2- сынып жетекшісі Ә. Мейірманқұлов, 22.10.2014ж «Тіл – күретамыр» атты ашық тәрбие сағатын 10- сынып жетекшісі М. Тұрсынбекова және 27.10.2014ж «Жирен жаман әдеттен» тақырыбында 7- сынып жетекшісі Э. Жаналиева өткізді.
Қараша айында 11- сынып жетекшісі С. Байтөреев «Ғибратты ғалым» тақырыбында ашық тәрбие сабағын өтті. Сабақтын негізгі мақсаттарының бірі бітіруші түлектерге ғалым жайлы ой қозғай отырып, олардың бойында тұлғалық қасиетін қалыптастыру, мамандық таңдауда жанылыспау керектігін және өз кәсібінің білікті маманы болуы жайлы түсіндірілді.
Сынып жетекшілер арасында тәжірбие алмасу мақсатында «Үздік сынып жетекші» байқауы өткізілді.
Желтоқсан айында елімізде ерекше аталып өтілетін «1- ші желтоқсан Тұңғыш Президент күнін» мерекелеу барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай «Елбасының бір күндік өмірі», «Балалық шағымның аспаны» және т.с.с бейне роликтермен кино –фильмдер көрсетілді.
16 –желтоқсан Тәуелсіздік күніоне қушыларға тәуелсіздігіміздің қалай жеткендігі түсіндірме жасау барысында «Көшпенділер», «Желтоқсан құрбандары» тақырыпта бейне фильмдер көрсетілді және қабырға газеттерімен, бүктемелер, сурет көрмесі өтілді. «Көшбасшы – Н.Ә. Назарбаев» 6- сынып жетекшісі А. Усербаева, «Менің Отаным - Қазақстан» 4- сынып жетекшісі С. Жүнісов, «Менің елім - Қазақстан» тақырыбында 1- сынып жетекшісі Г. Сәтеева, «ҚР рәміздері – ұлт мақтанышы» 9-сынып жетекшісі Д. Дүйсебаева, «Желтоқсан желі» 3 «а» -сынып жетекшісі Н. Алтынбекова, «Желбіресін көк байрағым» 3 «ә» - сынып жетекшісі С. Тәжібай, 8 «а» - сынып жетекшісі Б. Ашикбаева «Мен қазақпын», 5 «а» - сынып жетекшісі Г. Төлегенова «Менің елімнің рәміздері» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары өтілді.
28-29 желтоқсан «Жасыл шырша жанында» тақырыпта мерекелік іс-шара өтілді. Мерекелік іс шараларды 5-7 сыныптар аралығында сыйлықтар таратылып, жоғары сыныптарда мерекелік кеш ұйымдастырылды.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халқына жолдауын жас ерекшелігіне сай түсіндіру жұмыстары қаңтарайында жүргізілді. Қаңтар айында «Бізге сеніңіз – сеніміңізді ақтаймыз» тақырыбында әр сыныптарда өзін-өзі басқару күні және де «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интелектуалды ойыны өткізілді.
«Сен және сенің құқығың» атты апталықпен басталған ақпан айы дөңгелек үстелмен, «Адам құқықтары» атты пікір сайыстармен және де «Толағай» отбасылық спорттық сайыстармен жалғасын тапты. 17 ақпан 2015жылы 8 «ә» - сынып жетекшісі Г. Жүзеева «Ешкім де, ешқашанда ұмытылмайды», 9 – сынып жетекшісі Д. Дүйсебаева «Ержүрек батыр - Бауыржан» тақырыптарында ашық сабақтар өтілді.
Бастауыш сынып жетекшілері арасында «Үздік сынып жетекші - 2015» байқауы өткізілді.
Көктемнің шуақты мерекелерінің бастауы 8- наурыз Халықаралық қыз- келіншектер күнімен, 22 – наурыз Ұлыстын ұлы күніне арналған іс- шараларды атап өтуді дәстүрге айналдырған мектеп ұжымы ашық сабақтармен мерекелік концерттер өткізді. Ашық сабақтарға тоқтала кететін болсақ Г. Сәтеева «Ана – өмір шуағы», Ә. Мейірманқұлов «Менің анам», Н.Алтынбекова «Аналар – асыл жандар», С. Тәжібай «8-наурыз мерекесі», С.Жунисов «Ардақтайық ананы», А.Жақыпбекова «Наурыз - жыл басы», Г.Тулегенова «Наурыз айы туғанда», А. Усербаева «Қош келдің, Әз -Наурыз» тақырыптарында өтілді. Мектебіміздегі жас мамандардың білім, біліктілігін, қабілеттерін, өнерлерін анықтау мақсатында «Жас мамандар» сайысы өткізілді.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуімен шымылдығы ашылған сәуір айында кітапханада «Даңқ бұрышы» көрмесін ашылу, 70 жылдыққа орай «Ардагерлер аллеясына» сәндік бұталы ағаш көшеттері отырғызылды, «Ұлы Жеңіске 70 жыл», «Менің ауылымның батырлары» тақырыбында баяндамалар, рефераттар, қабырға газеттері, бүктемелер байқауы, «Ақ көгершін» суреттер байқау, «Кестелі орамал» патриоттық әндер байқауы, «Айгөлек» жас өспірімдер байқауы, «Әрқашан күн сөнбесін!» сурет байқауы, «Өнерді үйрен де, жирен»шебер қолдар сайысы, «Ертегілер еліне саяхат», «Менің Қазақстаным» патриоттық әндер байқауы, «Ұлы Жеңіске 70 жыл» флешмоб, Тыл ардагері Әбдібеков Әлім атамен кездесу, «Ер есімі - ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым ету сынды көптеген іс-шаралармен бір қатар ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
Сынып жетекшілер әдіс бірлестігінің жалпы 9 семинар отырысы болды, осы отырыстардың күн тәртібіндегі негізгі мәселелер ретінде «Тәрбие сағатының өтілуі», «Тәрбиесі қиын оқушылармен жұмыс», «Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру», «Оқушылардың күнделікті дұрыс пайдалануы», «Жазғы сауықтыру лагері», - деген тақырыптар қаралып, баяндамалар тындалды.
29.05.2015 жылы сынып жетекшілер бірлестігінің №9 отырысы өтіп, 2014-2015 оқу жылындағы атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды.

Сынып жетекшілер әдіс
бірлестігінің жетекшісі:

«_____» жалпы орта мектебінің сынып жетекшілер бірлестігінің
2015- 2016 оқу жылындағы атқарған жұмыстары жайлы мәлімет.

Сынып жетекшілер бірлестігінің 2015-2016 оқу жылының жоспары бойынша бірлестік мүшелерінің бірінші отырысы болды. Отырыста жаңа оқу жылының міндеттері айқындалып, жоспары таныстырылды және бірлестік мүшелерінің атқаратын жұмыстары бөлінді. Сынып жетекшілердің жылдық тәрбие жұмыстары талқыланды.
Бірінші жарты жылдықта өткізілетін ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар кестесі жасалынды.
Оқу жылының алғашқы мерекесі «Білім күні» өз дәрежесінде аталып өтті. Сонымен қатар «Денсаулық фестивалі – 2015» акциясы өткізілді, онда ұстаздар және оқушылар арасында спорттың бірнеше түрінен, яғни валейболдан, футболдан, баскетболдан және де әр түрлі қашықтыққа жүгіруден жарыстар өткізілді.
«Отбасы күніне» орай сыныптар арасында қабырға газеттері мен суреттер байқауы болды, және «Менің Отбасым» тақырыбында 7-9 сыныптарда ашық тәрбие сағаттары өтілді.
«Тілдер күні» мерекесіне орай сынып оқушыларының арасында көркем сөз шеберлерінің байқауы, қазақтың ұлы тұлғаларына арналған әдеби кеш, оқушылар арасында шығармалар байқауы, қабырға газеттер байқауы өтілді.
Қазан айында «Ұлағатты ұстаздар» мерекелік апталықта «Ұстаз мектептің жүрегі» тақырыбында қабырға газеттер байқауы, «Ұстаз- ұлы тұлға» тақырыбында Б. Ашикбаева, Э. Жаналиева, Г. Сәтеева ашық тәрбие сағаттарын өтті.
«Күнделік- ол сенің айнаң» тақырыбында апталық өтілді, апталықта күнделікті ұқыпты толтырылуы және уақытылы бағаларының қойылуы, ата-анаға сынып жетекшілерінің ескертпелерінің болуы, баға қоры тексерілді.
Алтын күз мерекесі қабырға газеттерін сапалы әрі құнды болуына байланысты байқау өтілді және «Алтын күз» тақырыбындағы 7-10 сыныптар арасында байқау өтілді.
Қараша айында сынып жетекшілер арасында тәжірбие алмасу мақсатында «Үздік сынып жетекші» байқауы өткізілді.
1-желтоқсан Тұңғыш Президент күнін мерекелеу 24-30 қараша аралығында өтілді. «Менің елімнің Президенті» 1-7 сыныптар арасында, «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» 8-11 сыныптар арасында тәрбие сағаттары, «Жаса, жайна- Қазақстан» кітапханадағы көрме, Н.Ә. Назарбаев суреттерінен бүктемелер, қабырға газеттері байқауы өтілді.
1- желтоқсан бүкіл дүние жүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай кітапханаға саяхат, буклеттер мен қабырға газеттер сайысы, дөңгелек үстел өткізілді.
Желтоқсан айының 9-15 аралығында «Тәуелсіздік тұғырым» атты апталығы өткізілді. Апталықта бірнеше байқаулармен мерекелік бағдарламалар, ашық тәрбие сағаттар өткізілді.
28-29 желтоқсан «Жасыл шырша жанында» тақырыпта мерекелік іс-шара өтілді. Мерекелік іс шараларды 5-7 сыныптар аралығында сыйлықтар таратылып, жоғары сыныптарда мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Сынып жетекшілер әдіс
бірлестігінің жетекшісі:

1-7 қыркүйек аралығында «_____» жалпы орта мектебінде «Денсаулық апталығы» акциясы аясында өткен іс-шаралар туралы мәлімет

Еліміздің «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді даму стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі өскелең ұрпақтың денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты болып табылады. Осы мақсатта 1-7 қыркүйек аралығында гимназиямызда «Денсаулық апталығы» өткізілді. Апталықтың мақсаты: жеткілікті дене қимылы белсенділігінің , спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, тұрмыста және жолда жүріп-тұру қырларын және салауатты өмір салтының мәдениетін өскелең ұрпақ арасында қалыптастыру және әйгілендіру.
Денсаулық апталығы Білім күніне арналған салтанатты жиында хабарланды. Апта барысында 1-6сыныптарда «Мен-денсаулығымды сақтаймын-өз-өзіме көмектесемін», 7-11сыныптарда «Белсенді ұзақ өмір-жүз жасты тойлауға кепіл!» тақырыптарында денсаулық сабақтары өтті. Бұл сабақтарға мектеп медбикесі Асабаева Ләйлә апай қатысып, балаларға көптеген кеңестер берді. 1 қыркүйек күні 1сынып бүлдіршіндеріне қозғалыстың жас жол инспекторлары «Көлік, жол, өмір!» тақырыптарында әңгімелер айтып, жолда жүру ережесін мұқият сақтау керектігін ескертті. 2 қыркүйек күні мектеп медбикесі Асабаева Ләйлә бастауыш сынып білім алушылары үшін «Дұрыс тамақтану-ұзақ өмір сүрудің кепілі», 3 қыркүйек күні ауыл емханасының дәрігері Бекбосынова Арай 5- 11сынып білім алушылары үшін «Жаман әдеттер және олармен күрес» тақырыптарында дәрістер оқыды. Осы күні «Денсаулық қалпында – рахмет жаттығуға» ұранымен бастауыш сынып білім алушылары дене жаттығуларын жасап, «Көңілді мәре» эстафеталық ойындарын ойнады. 4 қыркүйек күні 5-8сыныптар арасында «Салауатты өмір жасасын!» ұранымен жаппай жүгіру болып өтті. Осы күні 5-8сынып білім алушылары арасында «Белсенді өмір-ұзақ ғұмыр!» ұранымен мини футболдан, волейбол ойындарынан жарыстар өткізілді. 5 қыркүйек күні «Дені сау балалар» атты акция болып өтті. Акцияда балалар салқын суға жуынды. 6 қыркүйек күні «Біз-зиянды заттарға қарсымыз!» ұранымен 9-11сыныптар арасында волейболдан жарыс өткізілді

Сынып жетекшілер бірлетігінің жетекшісі:

«_______» жалпы орта мектебінде Білім күніне байланысты өткізілген іс- шаралар туралы мәлімет 2014-2015 оқу жылы

Биылғы 2014-2015 оқу жылына арналған салтанатты жиын «Қазақстан- 2050» Стратегиясы: бір халық - бір мүдде - бір тағдыр» тақырыбында өтті.
Аталған шараға барлық ұстаздар, ата- аналар, қонақтар және білім алушылар қатысты. Салтанатты жиында құттықтау сөздер айтылып, бірінші сыныптың табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіндер арнау өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар дәстүр бойынша 1сынып бүлдіршіндері алғашқы қоңырауды соқты. Салтанатты жиыннан кейін барлық сыныптарда Білім күніне арналған ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
Мақсаты-білім алушылардың азаматтық позицияларын, әлеуметтік және шығармашылық белсенділіктерін дамыту жағдайлары мен жағдаяттарын жасау, тұлғаны жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтарда, еліміз және оның батырлары үшін мақтаныш сезімін, туған тілді және қазақ халқының мәдениетін, Қазақстан республикасының ұлыстары мен этникалық топтарды қадірлеуге тәрбиелеу. Бірінші және екінші сыныптарда «Мәңгілік ел-менің арманым!», үшінші сыныптарда «Ел тағдыры-менің тағдырым», төртінші сыныптарда «Қазақстан-мәңгілік ел!», бесінші, алтыншы сыныптарда «біз қазақстандықтар-бірегей халықпыз», жетінші сыныпта «Астана-бейбітшілік пен келісім қаласы», сегізінші және тоғызыншы сыныптарда «Мәңгілік ел- біздің ұлы және лайықты Қазақстан», онышы сыныпта «Мәңгілік ел-ата- бабаларымыздың арманы», он бірінші сыныпта «Стратегия -2050» тақырыптарында тәрбие сағаттары өтті.

Сынып жетекшілер бірлетігінің жетекшісі:

24.11-29.11.2014 жылы «______» жалпы орта мектебінде
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне
арналған апталық іс-шараларының мәліметі

24.11-29.11.2014жылы «______» жалпы орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Оған мектептің педагогикалық ұжымы, оқушылар және ата-аналар қатысты.
Шараның мақсаты – Елбасы Н.Назарбаевтың өмір жолы, қызмет еткен кезеңдері туралы мәлімет бере отырып, жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу.
Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік іс-шараның ашылу салтанатында сөз алған мектеп директоры Ахаев Сайын Ошақбайұлы жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтады.
- Тұңғыш Президент күнін атап өту - елді топтастырып, жұртты жұмылдырып, жастарды мемлекетшілдікке тәрбиелейтін тағылымы мол мереке. Себебі, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тәуелсіздігін нығайтудағы, халықаралық аренада мемлекет беделін көтерудегі, жалпы халық алдында сіңір¬ген еңбегі орасан. Оған халық әділ бағасын берді. Еліміз қарқындап дамып келе жатыр. Бұл - Елбасының ерен еңбегінің, сындарлы саясатының жемісі. Еліміздегі көпұлтты халықтың бірлігіне, дінаралық татулыққа, ынтымақтастыққа Президентіміздің салиқалы саясатының арқасында жеттік. Міне, Тұңғыш Президент күнінің мақсаты – Елбасының идеясы мен сарабдал саясатын қоғаммен байланыстыру, халқы үшін төккен тері мен еткен еңбегін халыққа насихаттау, – деді Сайын Ошақбайұлы.
Мерекелік шара аясында концерттік бағдарлама ұсынылды. Және де «Менің Елбасым» жас ақындар шығармашылығы, бастауыш сынып оқушыларына «Президенттің бір күні» бейне ролигі көрсетілді. Сонымен қатар «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында мектеп кітапханасында Елбасы еңбектерінің көрмесі ұйымдастырылып, қабырға газеттері ілінді. 27 қараша күні «Тұңғыш Президент – Н.Ә Назарбаев» тақырыбында 6-сынып жетекшісі Өсербаева Айша ашық тәрбие сағатын өтті. Апталықтың келесі күні 1-7 сынып оқушыларын «Жас қыран», «Жас ұлан» құрамына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті. 8-9-10 сынып оқушыларымен тарих пәнінің оқытушыларының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз Қазақстан бейбітшіліктің, келісімнің, жасампаздықтың 24 жылдығы» тақырыбында тарихи кеш өткізіліп апталыққа белсене қатысқан қатысушыларға алғыс хаттармен мадақтамалар үлестірілді.


Сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі:

10.02-20.02.2014 жылы «______» жалпы орта мектебінде
«Сен және сенің құқығың» атты
декаданың іс-шарасы жайлы мәлімет

Мектебімізде оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру және де адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру,
еліміздің Ата заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу, Патриоттық тәрбие беру мақсатында «Сен және сенің құқығың» атты декада өтілді.
«Сен және сенің құқығың» атты декаданың ашылу салтанатында осы декаданың іс-шаралары таныстырылып ,жауапты ұстаздар мен оқушыларға атсалысуы керектігі жайлы баяндалды. Декада 1-11 сыныптарда тәрбие сағаттармен жалғасын тапты.
11-13 ақпан күндері Жаналиева Э сынып оқушыларымен «Ер есімі – ел есінде» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті. Тәрбие сағатта ауған соғысының ардагерлерін қонаққа шақырып әнгімелесулер орын алды.. «Қоғам менің көз қарасыммен» қабырға газеттерімен сурет байқауы және ҚР Президентінің халыққа жолдауын насихаттау мақсатында ұстаздар мен мектебіміздің белсенді оқушыларының ұйымдастыруымен жолдау насихатталып, қызу пікір- алмасу орын алды.
14-17 ақпан күндері «Бізге сеніңіз, сеніміңізді ақтаймыз» деген ұранмен әр сынып өзін-өзі басқару күнін және де мектебімізде «Қылмыс неден туындайды?» пікір-сайыс өтіліп, сайыс қонағы құқық қорғау органының өкілі Мыңбаев Бектас мырзаға оқушылар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып құнды ақпараттармен қойылған сұрақтардың жауаптары толығымен қанағаттарылыды. Іс-шара А. Жақыпбекованың «Біз Ата заңымызды білеміз бе?» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымен жалғасын тауып, 18-20 ақпан күндері «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» тақырыбындағы 9-10-11 сыныптар арасында спорттың валейбол түрінен достық кездесулер орын алып, женімпаздар марапатталды. Д. Дүйсебаеваның «Сен өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты, «Балалар қылмысқа қарсы» акциясы аясында 7 «а» - 9 сыныптар арасында флешмоб ұйымдастырылып акция соңы декаданы қорытындылау шарасымен ұласып, белесене қатысқан оқушылармен ұстаздарға мадақтамалармен алғыс хаттар ұсынылды.

Сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі:

19.03.2014жылы «_______» жалпы орта мектебінде
«Наурыз – жыл басы» мерекелік іс –шараның мәліметі

Наурыз және қазақ халқының басқа да ұлттық мерекелері туралы жалпылама мәлімет бере отырып, мерекелердің маңызын ұғындыру. Қазақ халқының ауыз әдебиеті мен шешендік өнері туралы баяндау. Ұлттық мерекелердің қазақ халқының рухани және материалдық өміріндегі алатын орнын анықтау, оқушының ой өрісін, ойлау белсенділігін, тіл мәдениетін, сөйлеу шеберлігін дамыту.Ұлттық мерекелердің маңыздылығын түсіндіре отырып рухани тәрбие беру, имандылыққа тәрбиелеу, ұлтжандылық сезімдерін ояту, ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарауға үйрету. Елін, отанын қадірлей білуге еңбек сүйгіштікке баулу мақсатында «Наурыз – жыл басы» мерекелік іс шарасы аталып өтті.
Іс-шараның ашылу салтанатында сөз алған мектеп директоры Ахаев Сайын Ошақбайұлы келген қонақтарды, оқушылармен ұстаздарды мерекемен құттықтады.
- Наурыз - шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған.
Шығыстың данышпандары Махмұд Қашқари, Омар Хаямнан бастап қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин сынды ұлт қайраткерлері де Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, асыл сөздер жазып қалдырған- деп сөз соныңда ұлттық мерекемізді жоғары дәрежеде атап өтетініне сенім білдіріп сөзін көпшілікті құттықтаумен аяқтады.
Мерекелік іс-шара «Наурыз – жыл басы» 5-6 сыныптар, «Қазақтың салт-дәстүрлері» 7-8 сыныптар, «Наурыз – ұлыстың ұлы күні» 9-10-11 сыныптарда тәрбие сағаттары өтілді.
Салауатты өмір салтын берік ұстайтын мектеп оқушылары спорттың валейбол 10-11 сыныптар арасында, шахмат 7-9 сыныптар арасында жарыстар өтілді. Сонымен қатар қабырға газеттері ілініп «Қазақтың қол өнері» оқушылардың қолынан туған құнды заттардын көрмесі өтілді. Және «Қош келдің, Наурыз» атты мерекелік концерт өтіліп белсенді қатысушылар марапатталды.

Сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі:

01.04-28.04.2014 жылы «______» жалпы орта мектебінде
Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған айлық іс-шараның мәліметі

Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеруге, үлгі - өнеге тұту мақсатында Ұлы жеңістің 70 жылдығы мерекеленіп өтті.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу сәуір айын 01.04-28.04.2015жылы айлық іс шараның ашылуы кітапханада «Даңқ бұрышы» көрмесін ашылуы мен басталып, 70 жылдыққа орай «Ардагерлер аллеясына» сәндік бұталы ағаш көшеттері отырғызумен жалғасып, 02 сәуір «Ұлы Жеңіске 70 жыл», «Менің ауылымның батырлары» тақырыбында баяндамалар, рефераттар, қабырға газеттері, бүктемелер байқауы, 03 сәуір «Ақ көгершін» суреттер байқау, 10 сәуір«Кестелі орамал» патриоттық әндер байқауы, 11 сәуір «Айгөлек» жас өспірімдер байқауы, 23 сәуір «Әрқашан күн сөнбесін!» сурет байқауы, 27 сәуір «Өнерді үйрен де, жирен»шебер қолдар сайысы, 22 сәуір «Ертегілер еліне саяхат», 17 сәуір «Жігіт сұлтаны 2015»,
19 сәуір «Менің Қазақстаным» патриоттық әндер байқауы, 20 сәуір «Ұлы Жеңіске 70 жыл» флешмоб, 04 сәуір Тыл ардагері Әбдібеков Әлім атамен кездесу, «Ешкімде, ешқешанда ұмытылмайды» шығармалар сайысы, 24 сәуір «Ер есімі - ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым ету сынды көптеген іс-шаралармен қатар ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
13 сәуір кұні сынып жетекші, тәжірибиелі маман Ашикбаева Баянның мектепшілік және аудан көлемінде озық іс тәжірибесі таратылды.
06 сәуір күні 1-2 сыныптарда «Ұлы Жеңіске – 70 жыл», 3-4 сыныптарда «Отан үшін от кешкендер» тақырыптарында тәрбие жұмыстары жүргізілді. 07 сәуір күні 5- сынып жетекшілері Төлегенова Г, Мырзаева Д «Ерлікке тағзым», «Ерлік - естелік» тақырыптарында, 13 сәуір күні 6-сынып жетекшісі Усербаева А «Ер есімі – ел есінде» және 7- сынып жетекшісі Молдасапров А «Шығыстың қос шынары», 16 сәуір күні 9-сынып жетекшісі Дүйсебаева Д «Ұлы Жеңіске – 70 жыл», 14 сәуір күні 10- сынып жетекшісі Тұрсынбекова М «Ата- баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» тақырыптырында ашық тәрбие сағаттары өтілді.
Айлық іс-шара спорттық ойындардың бірнеше түрінен жарыстар өткізілді. 08 сәуір жоғарғы сыныптар арасында валейболдан және жалпы оқушылар ішінде шахматтан жарыс өтілсе, 5- сыныптар арасында «Мен чемпион» спорттық эстафеталық жарыс өткізілді
28 сәуір күні мерекелік қорытындылау концерті өткізілді онда белесене қатысқан сынптарға, оқушылар мен ұстаздарға мадақтамалар, алғыс хаттар, сертификаттар, естелік сыйлықтар табыс етілді

Сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі:

«______» жалпы орта мектебі бойынша 02.09.2014 жылы өткен отбасы күніне орай өткізілген іс-шараның мәліметі
Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрып, қанат қағар ошақ қасы, алтын бесігі ғана емес, ол – шағын мемлекет. ҚР Пезиденті Н.Ә.Назарбаев: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады»,- деді.
«Отбасы күнін» мерекелеу аясында мектебімізде бірталай іс-шаралар жоспарланып, өткізілді. Іс-шаралардың негізгі мақсаты- жасөспірімдер арасында отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағыттау, балалар мен жасөспірімдер арасында имандылықты, руханилықты нығайтуға, жауапкершілікті сезінуге негіздеу.
Екінші қыркүйек сағат 12:00 де «Отбасы- қоғамның бастапқы ұясы» тақырыбында фото суреттер конкурсы өтілді. «Менің отбасым» тақырыбында ата-аналармен бірігіп тәрбие сағаттары өтті. Мектеп директорының орынбасары Жунисова Г.Т «Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті. Отбасылық тәрбиелеу стильдері» тақырыбында ата-аналарға арналған сабақ- практикум өткізілді. Сабақтың рефлексивтік жағында барлық ата-аналар мұндай практикумдар барлық оқу барысы ішінде қажет деп бірауыздан өз пікірлерін айтты және олар келесі кездесуді асыға күтетін мәлімдеді. Апта бойында «Отбасыммен мақтанам» тақырыбында 5-11 сынып оқушылары арасында авторлық өлеңдер байқауы ұйымдастырылып, өткізілді. Үздік деп танылған өлең иелеріне мақтау дипломдары табыс етілді. Сондай-ақ, дене шынықтыру пәні мұғалімдерімен
8 «а» сынып жетекшісінің ұйымдастыруымен аталмыш мереке аясында «Менің отбасым» тақырыбында спорттық іс-шара өтілді.
Отбасы күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысқан барлық қатысушы ата-аналарға, оқушылармен ұстаздарға алғыс хаттар, мадақтамалар берілді.

Сынып жетекшілер бірлетігінің жетекшісі: Тәрбие.орг сайтынан Сынып жетекшілер ӘБ мәліметі Мектеп әкімшілігі материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Молдасапаров Айбек Мыктыбаевич

ОҚО, Қазығұрт ауданы, "Диқан" жалпы орта мектебі Орыс тілі және орыс әдебиеті

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Мектеп әкімшілігі | Логин: mister_abeke
Көрсетілім: 2483 | Жүктеулер: 115
Барлық пікірлер: 0
avatar