Жаңашыл биология сабағы қандай болуы тиіс

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 830
  • Мектеп әкімшілігі
  • 30/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20292


Жаңашыл биология сабағы қандай болуы тиіс?
Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,өйткені мұғалім -мектептің жүрегі.(Ы.Алтынсарин)
Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің ,келешек ел болашағы-жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ.Ендеше саналы салауатты ұғымды,халқымыздың барлық дәстүріне де,әлем мәдениетіне де қанық ,ел тізгінін берік ұстай білетін ұрпақ тәрбиелеу бізге тапсырылып отыр.Қазіргі заманғы білім беруге қойылатын басты талап –оның сапасын арттыру.
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып ,әлемдік білім беру кеңістігіне ене бастағанда, біздер,пән мұғалімдері де заман талабына сай педагогика теориясымен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерді қабылдай отырып, өз сабағымызда жаңа педагогикалық технологияларды пайдалануымыз керек. Биология пәні көп ізденісті талап ететін күрделі ғылым. Табиғат заңдылықтарын танып білуге үйрететін қызықты пәндердің бірі болып саналады. .
Қазіргі кезде білім беру саласында оқытуда ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселердің бірі оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үдерісінде ақпараттық – технологияларды пайдалану болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны келешек ұрпақ жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, дамуына жол ашатын педагогикалық үрдіс. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. ХХІ ғасыр биология ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан – жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Биология пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары көп, соның бірі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үнемі сабақта пайдалану. Жаңа ақпараттық – технологиялық құралдарды биология пәнін оқыту кезінде үнемі пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады
Ақпараттық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі болып есептеледі.Ақпараттық коммуникациялар заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электронды оқулық, интербелсенді тақтаны қолдану айтарлықтай нәтиже беруде.Электронды оқулықтар оқушының уақытын үнемдеуіне,бұрынан алған білімін кеңейтуіне ,қалаған тапсырмаларын орындап,тест сұрақтарына жауап беріп,зертханалық жұмыстар мен деңгейлік тапсырмаларды орындауына мүмкіндік алады.Электрондық оқулықтарда берілген тест тапсырмаларын орындаған кезде оқушының жинаған ұпайы бірден шығарылады.Бұл бір жағынан оқушының уақытын үнемдесе,екінші жағынан оқушының өз көрсеткіші көре отырып,қатемен жұмыс жасауына ықпалын тигізеді.Тест көрсеткішін жоғарылату үшін оқушының тапсырмаларды орындауға деген қызығушылығы артады.Сонымен қатар бейнелік есте сақтау қабілеттері қалыптасады. Мұғалімдер үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
• оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне
• уақытын үнемдеуіне
• білім,білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексереді
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігі туындайды
• қажетті ақпратты жедел алуға мүмкіндік береді
• іс-әрекет,қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде
көп көмегі бар
Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді.
Оқытудың әр сатысында компютерлік тестер арқылы оқушыны жекелей бақылауды,графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде мультимедиялық бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді.Электронды оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін-өзі тексеру жүйесі бар.Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып саналады.
Жаңашыл биология сабағы-қандай болуы тиіс?
«Баланы оқытудың мақсаты-оны әрі қарай мұғалімнің көмегінсіз-ақ дамуға қабілетті ету», дей отырып Эдгард Хабард бүгінгі таңдағы білім берудің мүмкіндіктерін айқындайды.Өзгермелі қоғамдағы білім жүйесінің ерекшелігі –тек біліммен қаруландырып қана қоймай,өздігінен білім алуды дамыта отырып,үздіксіз өз бетінше өрлеуіне мүмкіндік тудыру екенінен көз жеткізудеміз.
Мұғалімнің жұмысы-көп ізденісті талап ететін қажырлы еңбек. . Қазіргі кезде балалардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру үшін мұғалім үнемі білімін жетілдіріп, жаңа нәрсені ойлап табуға ұмтылып , өмірмен байланыстырып,көптеген технологиялар мен тәсілдерді қолдануы қажет.Өйткені қазіргі балаларды бір нәрсені білуге ,оқытуға , қызықтыру өте қиын.
Сабақ-шығармашылықты қажет ететін күрделі процесс, сабақ қызықты болуы үшін мұғалімнің шеберлігі қажет.Биология пәні қоршаған ортамен байланысты болғандықтан өз сабағымда пәнаралық байланыста жүргіземін.Оқушының психологиялық ахуалын анықтау үшін тренинг өткіземін.
Эссе жазу.Оқушылардың әр сабақта өзінің ойы туралы жазуын сұраймын,ережелер мен шектеулер қоймаймын, тақырыптарын өздері қояды, Мысалы эссе кез-келген ағза мен мүше туралы болуы мүмкін« Мен бактериямын «Мен көбелекпін, «Мен өсімдікпін» т.б)Оқушы сол ағзаның ролінде болғанда оның құрылысын ,қоршаған ортадағы маңызын түсіне бастайды кеңінен анықтап, зерттей бастайды, өздігінен іздену арқылы білуге талпынады.Оқығаны есінде қалады,және оқушының қызығушылығы арта бастайды.
Сұхбат алу.Оқушыларға сұхбат алу тапсырмамен беріледі,мысалы тапсырма қандай да бір ағза мен оның құрылымымен танысу үшін сезім мүшелерімен жануарлармен немесе атақты ғалымдармен,олардың еңбектерімен танысу үшін сұхбат жасайды.
Жарнамалық проект.Оқушылар биология сабағында кез келген тақырып видеоролик,жарнамлық плакат,буклет,жасап,көрсетілім жасап таныстырады,кез-келген тіршілік иесінің қоршаған ортадағы маңызын түсіне бастайды.Осылайша оқушылар шығармашылық жұмыспен айналыса бастайды.
Видеофильмдер.Оқушылар өздерінің қатысуымен қысқаметражды фильмдер түсіреді.Олардың қызығушылықтары артып,ізденісте болады. Мысалы қоршаған ортаның ластануы,судың ластануы,құстар экологиясы.т.б. Оқушылар экологиялық проблемаларды шешу жолдарын іздей бастайды,басқа да қабілеттіліктерін дамытады.
Зертханалық жұмыстар.Биология сабағында зертханалық жұмыстар жасау арқылы оқушылардың білімдерін пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, дамытуға болады.Өз тәжирбем бойынша зертханалық жұмыстарды мектеп бағында, ботаникалық бақта,хайуанаттар паркінде жүргізіп көрдім.Оқушылар әр тақырып бойынша зертханалық жұмыстарды жасап,зерттеулерді жүргізуге, бақылауға үйренді.Микроскоппен жұмыс істеу,тәжирибелер жасау,нәтижесін талқылау дағдылары қалыптасты.
Электрондық оқулықтарда берілетін зертханалық жұмыстардың мұғалімге тигізер көмегі көп,сабақ процесінде уақытты үнемдеп,қажетті құрал жабдықтар дайын күйінде жасалады.
Биология сабағы мұғалімнің шығармашылығы мен оқушының танымын кеңейтетін,қызықтыратын,табиғатпен үнемі байланысты қажет ететін табиғат құбылыстарын түсіндіретін, ерекше пәндердің бірі болып саналады.
.

Алматы қаласы Әуезов ауданы
№158 жалпы білім беретін мектептің
Биология пәні мұғалімі Балақойшиева Эльмира Еркінқызы Тәрбие.орг сайтынан Жаңашыл биология сабағы қандай болуы тиіс Мектеп әкімшілігі материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Балақойшиева Эльмира Еркиновна

Алматы қаласы Әуезов ауданы № 158 жалпы білім беретін мектеп Биология пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar