"Ата-ана жауапкершілігі. Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті дегеніміз не?"

  • Жүктеулер: 12
  • Көрсетілім: 362
  • Ата-аналармен жұмыс
  • 18/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21085


Ата-аналарға жиналыста қолдануға арналған слайд-баяндама

Баяндама басында ата-аналармен сәлемдесіп, «Құдайым мен неге теледидар болмадым екен?» бейнефильмін көрсету.
Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Қоғамның алғашқы ұйтқысы отбасында бала үлкендермен араласады. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай, жақсыға да жаманға да бірдей бейімделгіш.
Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік іс - әрекетін дұрыс ұйымдастыру. Ол үшін баланың күн тәртібі, жеке басына қойылған талаптар, міндеттер, үй еңбегіне араласуы, білімі, қызығушылықтары, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруына көмектесіп ықпалын тигізу.
Мектеп партасында отырған баланың жан – жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеушісі – ата-ана. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс, оқу үлгеріміне күнделікті назар аударып, қадағалап отыру керек. Өкінішке орай, кейбір ата-аналар бұған жеткілікті мән бермейтіні бәрімізге белгілі. Қазіргі нтернет ресурстарының дамыған заманында балаңыз қандай сайттарға кіреді, қандай ақпараттарды санасына сіңіріп жатқандығын кей ата-ана байқамайтынымыз тағы бар. Оның орнына жастайынан өнерге баулып, интеллектуалдық мүмкіндік беретін бағдараламаларды қарауын және танымдық-білімдік ақпараттары мол газет-журналдарды, көркем әдебиеттерді оқуын, отандық кинолар мен бейнебаяндарды көруін қадағалап, бос уақыттарын баланың қызығушылығына қарай тиімді ұйымдастырғанымыз жөн.
Егер баламыздың жан-жақты болғанын қаласақ, өзіміз баламыз туралы жан-жақты білуіміз керек. Бұл білімдердің болмауы ата-аналардың тәрбие беру ісінің нәтижесін болжай алмаушылыққа алып келеді. Ал бұл өз кезегінде ертелі-кеш пе баланың дамуына, тәрбиелілік деңгейіне әсер етеді. Бала тәрбиелеудің өзі ата-аналардан үлкен шығармашылықты қажет етеді. Үнемі өзгеріс үстіндегі қоғамнан қалыс қалмау үшін ата-аналар өз шығармашылықтарын оятып, оны түрлендіріп отыруы қажет.Бала тәрбиесі - өте күрделі үрдіс және ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Баланың жақсысы әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы, жаманы – қайғысы, бақытсыздығы, азабы», - дейді халқымыз. Бала мектепте 6,7 сағат болса,18 сағат үйде болады, сол себепті ата-ана баласының оқуын, жүріс-тұрысын, жолдастарын сонымен қатар киетін киімін де қадағалап, аптаның соңғы күндері сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен байланыс жасап сабақ үлгерімі, тәртібі жайлы мәлімет алып отыруы қажет.
Осы сәтті пайдалана отырып, ата-аналардың назарына баланың негізгі құқықтары мен міндеттерін еске салып өткім келіп тұр.
8-бап. Баланың денсаулық сақтауға,
9-бап. Баланың даралық ерекшелікке және оны сақтауға құқығы,
10-бап. Баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы,
11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмірге араласуға құқығы,
12-бап. Баланың қажетті тұрмыс деңгейіне құқығы,
13-бап. Баланың мүліктік құқығы,
14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы,
15-бап. Баланың білім алу құқығы,
16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы,
17-бап. Баланың мемлекеттік көмекке құқығы бар.
20-бап. Баланың міндеттері: Әрбір бала Қазақстан Республикасын және Заңдарын, сақтауға, басқа адамдардың құқытарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадір-қасиетін, Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға міндетті.
Дүниенің ең тамаша туындысы – тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.
«Толы ыдыс» (тұлға психологиясы)
1л. ыдысқа таспен толтыру. Сұрақ: ыдыс толы ма?
Тастың үстіне бұршақ толтыру. Ыдыс толы ма?
Қалған жеріне қораптағы құмды құю? Енді ше?
Ал енді назар аударыңыз! Ыдыс – бұл сіздің өміріңіз. Тастар – бұл сіздің өміріңізде еш айрбастауға келмейтін ерекше құндылықтар: отбасы, денсаулық, бала-шаға, достар.
Бұршақ – бұл сіздің жеке басыңызға қажетті құндылықтар: жұмыс, үй, автокөлік, т.б.
Құм – өмірде кездесетін ұсақ-түйектер. Егер ыдысқа құмды бірінші толтырған болсақ, онда тас пен бұршаққа орын қалмас еді.
Онсыз да өміріңізде ұсақ-түйекке көп көңіл бөлеміз, өмірімізде маңызды істерге орын қалдырайық! Өзіңізге бақыт сыйлайтын істермен шұғылданыңыз. Отбасы, бала-шаға, достарға көп уақыт бөліңіз. Өз қажеттілігіңізді анықтаңыз, ал қалғаны құм екенін естен

Соңында ата-аналарға арналған жадынамалар тарату.

Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Қоғамның алғашқы ұйтқысы отбасында бала үлкендермен араласады. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай, жақсыға да жаманға да бірдей бейімделгіш. Халқымызда «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» немесе «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген нақыл сөздер тегін айтылмаған. Ата-ана өзінің мінезі, дағдысы, сөзі, іс - әрекеті арқылы баласына үлгі көрсетеді. «Сіздер баланы тек сөйлеген кезде ғана, оған ақыл айтқанда немесе бұйрық берген кезде ғана тәрбиелейміз деп ойламаңыздар, - деп жазады А.С. Макаренко – Сіздер оны өмірлеріңіздің әрбір минутында, тіпті өздеріңіз үйлеріңізде жоқ уақыттың өзінде тәрбиелейсіздер, сіздер қалай киінесіздер, сіздер басқалармен қалай сөйлесесіздер немесе басқа адамдар туралы қалай қуанасыздар және ренжисіздер, сіздер достарыңызбен қандай қарым-қатынаста боласыздар, сіздер қалай күлесіздер, газет-журнал оқисыздар – осылардың бәрінің бала үшін маңызды. Тіпті дауыс екпінінің өзгеруін де бала сезінеді,сіздің барлық ойыңыз баланың көкейіне беймәлім жолмен жетіп жатады,сіз оны байқамайсыз да.Ал отбасында сіз дөрекілік көрсетіп, жұбайыңызды жәбірлесеңіз, осы ісіңізбен сіз балаға жаман тәрбие бересіз». Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі деп санайды.
Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік іс - әрекетін дұрыс ұйымдастыру. Ол үшін баланың күн тәртібі, жеке басына қойылған талаптар, міндеттер, үй еңбегіне араласуы, білімі, қызығушылықтары, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруына көмектесіп ықпалын тигізу.
Мектеп партасында отырған баланың жан – жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеушісі – ата-ана. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс, оқу үлгеріміне күнделікті назар аударып, қадағалап отыру керек. Өкінішке орай, кейбір ата-аналар бұған жеткілікті мән бермейтіні бәрімізге белгілі.
Осы орайда 7-8-сынып оқушыларынан баламен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты анықтауға арналған тест алынды. Нәтижесімен тоқталатын болсақ:
Қатысқан оқушы саны – 68.
1-сұрақ: Сен өскенде кімге ұқсағың келеді? деген сауалға


2-сұрақ: Ата-анаң екеуіңіз бір-біріңізді түсіне аласыз ба? деген сауалға 58 оқушы «ия» деп, 2 оқушы «жоқ» деп, 8 оқушы «кейде» деп жауап берген.

3-сұрақ: Түсінбестік қандай жағдайларда болып жатады?



4-сұрақ: Анаңызбен немесе әкеңізбен оңаша сөйлесесіз бе?



5-сұрақ: Ата-анаң сенімен қалай сөйлеседі? деген сауалға «әлі кішкентай бала сияқты» - 16, бұйрық беріп -5 , тек бірдеңе бүлдіргенде ұрысады – 16, дос ретінде сөйлесіп түсінуге тырысады -21 оқушы жауап берген, бір оқушы ғана «сөйлеспейді» деп жауап берген. Бұл оқушыны анықтап келгенімде қазіргі уақытта ата-анасы ажырасқандығын білдім.

Сонымен қатар бастауыш сыныбының 3-4 сынып оқушыларынан анонимді түрді аты-жөнін көрсетпей сауалнама алынды. Нәтижесінде ата-аналардың көбі отбасы тәрбиесінің автолитарлық стилін қолданатынын байқауға болады. Яғни балаға барлығын түсіндіріп жатқаннан көрі, баланың жасаған қателігіне дауыс көтеріп, кейде қол көтеріп жататынымыз анықталды. Сауалнама соңында ата-анаң қандай болғанын қалалар едің дегенге оқушылардың көпшілігі «жақсы», «бақытты», «денсаулығы жақсы болсын» «тату» деген сияқты жақсы тілектермен қатар, «маған кішкене қаталдау», «менің әкем ұрысады, анамның жұмыс істегенін қалаймын» «ақша жетпейді», «арақ ішіп келсе ұрсады, ұрады», «арақ ішпесін», «ұрыспағанын, ұрмағанын, бақытты, бай, құралым түгел болса», «ата-анам жақсы жерде жұмыс істеп 400000 ақша алса» деген сияқты жауаптар болды. Бұдан не байқауға болады? Әрине отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды, бірақ осының бәрі баланың көз алдында болуы дұрыс па? Үлкендер кейде өз мәселемізбен әуреге түсіп жүріп, баланың көңіліне, сезіміне назар аудармай қалатынымыз өкінішті. Ал бұл жағдайды олар өздерінше қабылдап, өздерінше түсініп жатады. Халқымызда «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей баламыздың тәрбиесіне кішкентай күнінен көңіл бөлмесек, бірнеше уақыт өткеннен кейін «неге осындай болды екен?» деген сауалды өзімізге жиі қоятын боламыз. Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті олардың балалық шағынан бастау алады. Ересектерден алған тәрбиесі, білімі, оларға еліктеуі, достарымен қарым-қатынасы, тәрбиеші, ұстаздарының әсері, өзбетімен іс-әрекеттер жасап, өз пікірін білдіруі баланың болашақ өміріне өз әсерін тигізеді. Ғалымдар дәлелдеген адамның басқа адамдармен, кішкентай балалармен қарым-қатынасын сол адамның анасының қаншалықты мейірімді болғанын, кішкентай кезінде ата-ана махаббатын қаншалықты ала алғанына байланысты. Ата-аналарадың педагогикалық мәдениеті – бұл бүкіл адамзат мәдениетінің негізі, ғасырлар бойы отбасының бала тәрбиелеудегі жинаған тәжірибесі. Ата-аналарадың педагогикалық мәдениеті ана мен әкенің педагогикалық іс-әрекетінің негізі болып, оларға отбасылық тәрбиеде дәстүрлі қателіктерді жібермей, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылддауға көмектеседі. Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті ең негізгі төрт компонентті құрайды. Ата-аналар әлеуметтану, психология, педагогика және балалардың физиологиясын жақсы білуі керек. Егер баламыздың жан-жақты болғанын қаласақ, өзіміз баламыз туралы жан-жақты білуіміз керек. Бұл білімдердің болмауы ата-аналардың тәрбие беру ісінің нәтижесін болжай алмаушылыққа алып келеді. Ал бұл өз кезегінде ертелі-кеш пе баланың дамуына, тәрбиелілік деңгейіне әсер етеді. Бала тәрбиелеудің өзі ата-аналардың үлкен шығармашылықты қажет етеді. Үнемі өзгеріс үстіндегі қоғамнан қалыс қалмау үшін ата-аналар өз шығармашылықтарын оятып, оны түрлендіріп отыруы қажет.
Бала тәрбиесі - өте күрделі үрдіс және ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Баланың жақсысы әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы, жаманы – қайғысы, бақытсыздығы, азабы», - дейді халқымыз. Бала мектепте 6,7 сағат болса,18 сағат үйде болады, сол себепті ата-ана баласының оқуын, жүріс-тұрысын, жолдастарын сонымен қатар киетін киімін де қадағалап, аптаның соңғы күндері сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен байланыс жасап сабақ үлгерімі, тәртібі жайлы мәлімет алып отыруы қажет.
Дүниенің ең тамаша туындысы – тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.
«Толы ыдыс» (тұлға психологиясы)
1л. ыдысқа таспен толтыру. Сұрақ: ыдыс толы ма?
Тастың үстіне бұршақ толтыру. Ыдыс толы ма?
Қалған жеріне қораптағы құмды құю? Енді ше?
Ал енді назар аударыңыз! Ыдыс – бұл сіздің өміріңіз. Тастар – бұл сіздің өміріңізде еш айрбастауға келмейтін ерекше құндылықтар: отбасы, денсаулық, бала-шаға, достар.
Бұршақ – бұл сіздің жеке басыңызға қажетті құндылықтар: жұмыс, үй, автокөлік, т.б.
Құм – өмірде кездесетін ұсақ-түйектер. Егер ыдысқа құмды бірінші толтырған болсақ, онда тас пен бұршаққа орын қалмас еді.
Онсыз да өміріңізде ұсақ-түйекке көп көңіл бөлеміз, өмірімізде маңызды істерге орын қалдырайық! Өзіңізге бақыт сыйлайтын істермен шұғылданыңыз. Отбасы, бала-шаға, достарға көп уақыт бөліңіз. Өз қажеттілігіңізді анықтаңыз, ал қалғаны құм екенін естен шығармаңыз. Тәрбие.орг сайтынан "Ата-ана жауапкершілігі. Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті дегеніміз не?" Ата-аналармен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Асканбаева Жанат Ергалиевна

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы №1 орта мектеп Директордың тәрбие ісі жөнінде орынбасары

Пікірлер: 0

avatar